Статья:

МАЙЛЫ БОЯУЛАРДЫҢ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ АНАЛИЗІ

Конференция: LXXXIII Международная научно-практическая конференция «Научный форум: инновационная наука»

Секция: Химия

Выходные данные
Ринатов С.Р. МАЙЛЫ БОЯУЛАРДЫҢ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ АНАЛИЗІ // Научный форум: Инновационная наука: сб. ст. по материалам LXXXIII междунар. науч.-практ. конф. — № 4(83). — М., Изд. «МЦНО», 2025.
Конференция завершена
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

МАЙЛЫ БОЯУЛАРДЫҢ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ АНАЛИЗІ

Ринатов Санжар Ринатұлы
студенті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

 

PHYSICO-CHEMICAL ANALYSIS OF OIL PAINTS

 

Sanjar Rinatov

Student, Abai Kazakh National Pedogogical University, Kazakhstan, Almaty

 

Аңдатпа. Майлы бояулармен кескіндеу өнері әлем мәдениетінде маңызды орын алады, бірақ соңғы зерттеулер майлы бояулардың коммерциалану себептері үшін физикалық-химиялық қасиеттері деградацияға ұшырағанын көрсетеді. Сондықтан майлы бояулардың физикалық-химиялық анализін жүргізу мәдени мұраны сақтап қалуға маңызды. Бұл жұмыста майлы бояулардың физико-химиялық қасиеттері мен құрамына талдау жасалды. Зерттеу барысында майлы бояулардың  негізгі компоненттері, сондай-ақ олардың өзара әрекеттесуі мен құрғау процесі қарастырылды. Сонымен қатар, майлы бояулардың артықшылықтары мен кемшіліктері талданып, бояу құрамының ұзақ мерзімді тұрақтылығына, түс өзгеруіне және сыртқы орта факторларына төзімділігіне әсер ететін факторлар анықталды. Физико-химиялық анализ арқылы олардың құрылымы, кебу уақыты және сақтау жағдайлары бойынша салыстырма жүргізілді.

Аннотация. Искусство живописи масляными красками занимает важное место в мировой культуре, однако последние исследования показывают, что в результате коммерциализации масляных красок их физико-химические свойства подверглись деградации. Поэтому проведение физико-химического анализа масляных красок имеет большое значение для сохранения культурного наследия. В данной работе был проведён анализ физико-химических свойств и состава масляных красок. В ходе исследования рассмотрены основные компоненты масляных красок, а также их взаимодействие и процесс высыхания. Кроме того, были проанализированы преимущества и недостатки масляных красок, выявлены факторы, влияющие на их долговечность, изменение цвета и устойчивость к внешним воздействиям. При помощи физико-химический анализа была проведена сравнительная оценку их структуры, времени высыхания и условий хранения.

Abstract. The art of painting with oil paints holds an important place in world culture. However, recent studies show that due to the commercialization of oil paints, their physical and chemical properties have degraded. Therefore, conducting a physico-chemical analysis of oil paints is crucial for preserving cultural heritage. This study analyzes the physico-chemical properties and composition of oil paints. The research examines the main components of oil paints, their interactions, and the drying process. In addition, the advantages and disadvantages of oil paints are analyzed, and factors affecting their long-term stability, color changes, and resistance to environmental influences are identified. Using physico-chemical analysis, a comparative assessment of their structure, drying time, and storage conditions was conducted

 

Кілт сөздер: Майлы бояу; анализ; қатырғыш май; сиккактив; органикалық еріткіш.

Ключевые слова: Масляная краска; анализ; пленкообразующее масло; сиккатив; органический растворитель.

Keywords: oil paint, analysis; drying oil; siccative; organic solvent.

 

Кіріспе

Майлы бояулар – көркем өнердің маңызды құралы. Уақыт өте олардың құрамдары өзгеріп, қасиеттері де әртүрлі бола бастады. Бұл бояулардың тұрақтылығы мен сапасына әсер етеді. Сондықтан олардың физико-химиялық қасиеттерін зерттеу – өзекті мәселе. Бұл жұмыста қазіргі майлы бояулардың құрамындағы өзгерістер мен олардың сапасына әсер ететін негізгі факторлар қарастырылады. Зерттеу нәтижелері бояуларды тиімді қолдануға және ұзақ сақтауға жол ашады.

Жұмыстың мақсаты: Майлы бояулардың физико-химиялық анализін жүргізіп, бояулардың негізгі қасиеттерін оның негізгі құрамымен корреляциялау жұмысын жүргізу.

Зерттеу обьектісі: Әртүрлі құрамға ие майлы бояулар және оның негізгі кұрамындағы заттар.

Зерттеу әдістері: 1. Майлы бояуларды органикалық ерітіндіде еріту әдісі: Үш сынауыққа 10 мл органикалық еріткішті (скипидар, ацетон, т.б.) құямыз. Әр сынауыққа бір-бірден бір  тамшы бояуларды қосып, араластырамыз. Бояуларда пигменттің түскенін күту қажет. Бұл үшін бояуды 15-30 минутқа қалдырамыз. Бұл уақыт аралығында штативке воронка мен фильтр қағазын орнатамыз. Пигмент түскеннен кейін, ерітінділерді сүземіз. Сүзуді абайлап өткізу қажет, пигментті араластырып алуға болмайды. Сүзу аяқталғаннан соң фильтр қағазын тигельге орнатып, ол толық кеппегенше муфель пешіне тигельді саламыз. Сонымен қатар фильтрациядан қалған ерітінді, яғни қатырушы май және органикалық еріткіштің ерітіндісін сақтап, бірнеше уақытқа қалтырамыз. Ерітінді уақыт өте өзгереді, бұл арқылы біз қатырушы майдың түрін анықтаймыз. Мысалы: Ерітінді сарғаюы және иіс бөлуі мүмкін. Енді кептірілген фильтр қағаздардың үстіндегі пигментті бақылап зерттейміз. Осылай пигменттің түрін анықтауға мүмкіндік аламыз.

2. Майлы бояулардың еріткіштерге әсері: Майлы бояулардың дұрыс консервациясы үшін, бояулардың түрлі еріткіштерге әсерін білу қажет. Бұл әдіс майлы бояулардың сыртқы қорғаныс қабатын (қатырғыш майдың қабығы) изоляциялық қасиеттерін анықтауға және бұл қасиетке түрлі факторлардың әсерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Нәтижелер: Бояулардың физикалық қасиеттері мен олардың қату мерзімдері, құрамындағы пигмент түрі, байланыстырғыш май және сиккативтердің әсері зерттеліп, келесі нәтижелер мен теориялық тұжырымдар жасалды:

Пигмент түрі мен бояу қасиеттері арасындағы байланыс: Органикалық пигменттер (мысалы, күйдірілген умбра, титан оксиді) бояулардың қатты, сынғыш және жылтыр немесе күңгірт сипатқа ие болуына әсер етеді. Синтетикалық пигмент (мовин) бояуға иілгіштік және жартылай жылтыр түс береді. Пигменттің табиғаты қату уақытын ғана емес, сонымен қатар бояудың құрылымдық сипаттарын (қалыңдық, сынғыштық, беткі көрініс) айқындайды.

Қатушы майдың түрі: Зығыр майы қолданылған бояулар (умбра, титан оксиді)салыстырмалы түрде тез қатып, қатты және мықты қабат береді. Сафлор майымен дайындалған Мовин баяу қатады және қабаты иілгіш келеді. Бұл көрсеткіш қатырғыш майдың құрамындағы қанықпаған май қышқылдарының мөлшеріне байланысты, зығыр майында ол көбірек болғандықтан, қату процесі жылдамырақ жүреді.

Сиккативтердің әсері: Сиккативтер бояудың қату мерзімін айтарлықтай қысқартады. Орта есеппен қату мерзімі 43,3 сағатқа немесе 15–50% аралығында қысқарғаны байқалады. Бұл заттар оттегіні сіңіріп, майлы бояудың тотығу арқылы қату реакциясын тездететінін көрсетеді.

Зерттеуде алынған мәліметтер мен зерттеу нәтижелері 1-2 кестелерде ұсынылды.

Кесте 1.

Бояулардың сыртқы физикалық анализ нәтижесі

Бояулардың пигменті

Пигменттердің

түрлері

Қатырғыш майлар

Қату мерзімі

Қатқан бояулардың сипаты

Күйдірілген

Умбра

органикалық

Зығыр майы

1 күн 4 сағат

Қатты, қалың қабатты, иілгіш емес,  сынғыш, түсі күңгірт

Титан оксиді

органикалық

Зығыр майы

6 күн 12 сағат

Қатты, жұқа қабатты, иілгіш емес, өте сынғыш, түсі жылтырлау, түйіршікті

Мовин

синтетикалық

Сафлор майы

13 күн 18 сағат

Жұқа қабатты, иілгіштігі жақсы, өте сынғыш, жартылай жылтыр түсті

 

Бұл кестеде бояулардың негізгі қасиеттерін толық сипаттайды. Бұл қасиеттер арқылы майлы бояуды қолданушы өзіне қажет негізгі қасиеттерді біледі және бұл кесте арқылы бояудың қолдану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.  Зығыр майы қолданылған бояулардың қату мерзімі жылдамырақ және ол бояулар сафлор майы қолданылған бояуларға қарағанда  тұнық , күңгірт түске ие болады. Сонымен қатар зығыр май қолданылған бояудың қабаты қалың және анық. Ал сафлор майы қолданылған бояуларда қабаты жұқа, иілгіш және түйіршіктелген.

 Кесте 2.

Бояулардың қату мерзіміне сиккактивтердің әсері

Бояулар

Сиккактив

қатысуы

Суға

әрекеті

Ацетонға

әрекеті

Органикалық еріткішке әсері

(Уайт-спирит)

Күйдірілген

Умбра

жоқ

Ерімейді

Ерімейді

Ериді

бар

Ерімейді

Ериді

Ериді

Титан оксиді

жоқ

Ерімейді

Ериді

Ериді

бар

Ериді

Ериді

Ериді

Мовин

жоқ

Ериді

Ериді

Ериді

бар

Ериді

Ериді

Ериді

 

Кесте 3.

Бояулардың еріткіштерге әсері

Бояулар

Сиккактивтердің

қатысуы

Бояулардың қату мерзімі

Күйдірілген

Умбра

         бар

1 күн 4 сағат

         жоқ

2 күн 6 сағат

Титан оксиді

          бар

6 күн 12 сағат

         жоқ

 9 күн 6 сағат

Мовин

          бар

13 күн 18 сағат

         жоқ

15 күн 2 сағат

 

Бояулардың қату мерзімін сипаттайды. Біз осы кесте арқылы сиккактивтирдің қату мерзіміне әсерін зерттей аламыз және бояулардың қату мерзімін олардың қасиеттерімен корреляциясын байқаймыз. Сиккактивтер орташа шамамен қату мерзімін 43,3 сағатқа азайтқан. Бұл шамамен  15-50% жылдам.

Сиккактивтер майлы бояулардың ерігіштігін күрт жоғарылатады. Суда ерімейтін умбра пигменті қолданылған майлы бояу сиккактивтердің қосылуында ерігіштігін ацетонда еруге дейін арттырды. Ерігіштік қасиеттері:  

Суға қатысты: Күйдірілген умбра мен титан оксиді суға төзімді (ерімейді), ал Мовин – суда ериді. Бұл Мовиннің құрамындағы синтетикалық байланыстардың ерекшелігін көрсетеді.

Ацетон мен органикалық еріткіштерге (уайт-спирит) қатысты: Барлық зерттелген бояулар ацетонда және органикалық еріткіште ериді. Сиккативтердің болуы бояулардың ерігіштігіне әсер етпейді, яғни ерігіштік негізінен бояу құрамындағы пигмент пен байланыстырғыш майға байланысты.

Қорытынды: Майлы бояулар – өнерде кеңінен қолданылатын, күрделі физико-химиялық қасиеттерге ие материал. Олардың негізін майлы қатырғыштар, пигменттер және қосымша қоспалар құрайды. Зерттеу барысында майлы бояулардың физикалық қасиеттері (қоюлығы, жарықтылығы, кебу уақыты) мен химиялық өзгерістері (полимерлену, тотығу, пигменттердің тұрақтылығы) қарастырылды. Майлы бояулардың негізгі ерекшелігі – олардың уақыт өте келе кебу және қату процестеріне ұшырауы. Бұл құбылыс байланыстырғыш майлардың ауадағы оттегімен әрекеттесуі нәтижесінде жүретін полимерлену процесімен түсіндіріледі. Алайда, сыртқы орта факторларының (жарық, ылғалдылық, температура) әсері бояу қабатының беріктігі мен түс тұрақтылығына ықпал етеді. Жүргізілген талдау нәтижесінде майлы бояулардың сапасын арттыру үшін арнайы құрамдас бөліктерді қолдану, қорғаныс лактарын пайдалану және сақтау шарттарын қатаң бақылау қажеттілігі анықталды. Осылайша, майлы бояулардың физико-химиялық қасиеттерін зерттеу олардың өнерде, реставрацияда және материалтану саласында кеңінен қолданылуына мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде майлы бояулардың негізгі қасиеттері мен компоненттері зерттеліп, олардың корреляциясы жургізіліп, бояуларды тиімді қолдану бойынша ұсыныстар берілді.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Oil Paints: The Chemistry of Drying Oils and the Potential for Solvent Disruption // 2013. С. 5-13.
2. Conservation Issues of Modern Oil Paintings: A Molecular Model on Paint Curing // 2019. С. 3397-3404.
3. Study of the Chemical Composition and the Mechanical Behaviour of 20th Century Commercial Artists' Oil Paints Containing Manganese-Based Pigments // 2015. С. 12-30.
4. The Stability of Paintings and the Molecular Structure of the Oil Paint Polymeric Network // 2021. С. 5-18.
5. 20th Century Artist's Oil Paints: A Chemical-Physical Survey / F. Izzo // 2013. С. 15-43, 90-105.
6. Кондратьев, В. А. Химия и технология лакокрасочных материалов. – Москва: Химия, 2016. С. 45-78; С. 150-165.