Статья:

Қант қызылшасын тамшылатып суару әдісімен өсіргенде ашық-қоңыр топырақ құнарлығының өзгеруі мен өнімділігі

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №17(110)

Рубрика: Сельскохозяйственные науки

Выходные данные
Нурмуқанбет Т.Н., Оспанбаев Ж.О., Сапарбаева Н.О. Қант қызылшасын тамшылатып суару әдісімен өсіргенде ашық-қоңыр топырақ құнарлығының өзгеруі мен өнімділігі // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2020. № 17(110). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/110/70635 (дата обращения: 26.12.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

Қант қызылшасын тамшылатып суару әдісімен өсіргенде ашық-қоңыр топырақ құнарлығының өзгеруі мен өнімділігі

Нурмуқанбет Торғын Нұрғабылқызы
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің магистранты, ҚР, Алматы облысы
Оспанбаев Жумагали Оспанбаевич
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, ҚР, Алматы облысы
Сапарбаева Нургуль Оразбайқызы
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің магистранты, ҚР, Алматы қаласы

 

Drip irrigation has a significant impact on growth and development, the formation of the harvest of sugar beet. Sugar beet plants with drip irrigation were distinguished by the friendly emergence of seedlings, advanced growth and development, more intensive accumulation of plant biomass and, ultimately, the formation of very high yield of roots. The use of drip irrigation contributes to increasing the yield of sugar beet roots from 665 to 883 c / ha

 

Кіріспе. Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенінің алдында тұрған басты міндеттерінің біріне елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жатады. Еліміздің оңтүстік-шығысында негізгі тамақ өнімдерін өндіруді ынталандыруда маңызды стратегиялық дақыл қант қызылшасына ерекше мән беріледі. Себебі қант өндірісіне пайдаланатын негізгі шикізат қант қызылшасы болып табылады [1].

Әлемдегі халықтың өсуі және климаттың өзгеруі азық-түлік қауіпсіздігіне қатерді арттыруда. Қазақстан дүние жүзінде жер көлемі бойынша тоғызыншы орында болғандықтан, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру мүмкіндігін 3 есе арттыра алады, бұл көрсеткіш  елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етуден әлденеше рет артық және суару суымен тікелей байланысты. Бірақ, республикадағы суармалы судың 1 текше метрінің өнімділігі 0,4-0,8 кг ауыл шаруашылығы өнімдерін құраса, ал дамыған елде бұл көрсеткіш 2,5-6,0 кг тең. Мұндай жағдай еліміздің сумен қамтамасыз етілуіне үлкен қатер туғызады және жарамды жерлердің шөлге айналу үрдісін күшейтеді [2,3].

Зерттеу нәтижелері. Суғару әдістері тау етегіндегі ашық-каштан топырақтардың агрохимиялық қасиеттеріне белгілі бір әсерін тигізді (кесте 1): зерттеліп отырған нұсқалардың топырағының егістік қабатындағы жалпы қарашіріктің мөлшері 1,78-2,22 %, тұрақсыз қарашіріктің мөлшері – 0,098-0,266%, жеңіл гидролизденетін азоттың мөлшері – 101-137 мг/кг, нитраттардың мөлшері –15,1-31,6 мг/кг, жылжымалы фосфордың мөлшері – 14,9-24,6 мг/кг және алмасатын калидің мөлшері – 298-417 мг/кг шамасында ауытқыды.

Кесте 1.

Әртүрлі суғару тәсілдері кезінде қант қызылшасы егістігінің топырағының құнарлығының негізгі көрсеткіштері

Суғару тәсілдері

Тереңдік, см

Жалпы қарашірік, %

Тұрақсыз қарашірік

%

Жеңіл гидролиз-денетін азот, мг/кг

NO3,

мг/кг

P2O5, мг/кг

K2O, мг/кг

Қарықпен  суғару

 

0-20

2,02

0,210

126

28,2

24,6

384

20-40

1,18

0,056

104

17,4

9,0

261

Тамшылатып суғару

0-20

1,78

0,098

101

17,8

14,9

298

20-40

1,18

0,070

95

15,1

9,3

222

Жамылғы пленка астында  тамшылатып суғару

0-20

2,08

0,252

137

15,1

19,7

341

20-40

1,58

0,126

123

28,2

10,0

252

 

Келтірілген көрсеткіштер зерттеліп отырған топырақтағы органикалық зат мөлшерінің көп еместігін, оның азотпен және фосформен нашар, калиймен – орташа қамтамасыз етілгендігін куәлендіреді. Тереңдік өсе келе, топырақтағы зерттелетін элементтердің мөлшері заңға сай төмендейді. Бұл кезде зерттеліп отырған көрсеткіштердің суландыру тәсілдеріне байланысты сенімді өзгеруі байқалмайды.

Қант қызылшасының дражирленген тұқымын мамыр айының 16-18 аралығында себілді. Топырақтың жоғарғы қабатын жамылғы плекасымен тамшылатып суғару нұсқаларында мамыр айының 26 күні қант қызылшасының тұқымының көктеуі басталды. Ал топырақтың төменгі қабатын тамшылатып суару әдісінде 7-8 күнге кешіккені байқалды. Қант қызылшасының көгінің ерте шығуына топырақтың жоғарғы қабатын жамылғы пленкасымен жауып астымен  тамшылатып сурау болса,  қант қызылшасының техникалық пісуіне кезінде ең тиімдісі топырақтың төменгі қабатын тамшылатып суару әдісі болып табылады.

Тамшылатып суландыру кезінде қолданылған нұсқаларда өсімдіктердің өсуі мен дамуының басып озған қарқындары қант қызылшасының техникалық пісіп-жетілуіне дейін сақталады.

Өсімдіктің жекелей өсу дәуірі, дамуы оның өзіне тән ерекше болып өтеді. Дамуында өсімдіктің пішіні мен өсуі өзгеріп отырады. Даму процесі тұтасымен алғанда бірінен соң бірі келіп отыратын, бір-бірінен жақсы ажыратылатын және көзге байқалатын бірқатар кезеңдерден немесе сатылардан тұрады.

Фенологиялық бақылаудың басқа да көрсеткіштері: өсу динамикасы, жапырақ көлемі және т.б. біріктірсе, сол тыңайтқышты алсақ одан вегетацияның басында алынған пайдалы әсері егінді орып жинағанға дейі жоқ болу себебін анықтауға мүмкіндік береді. Қант қызылщасы- тұқымның көктеуі, «қосқұлақ кезеңі», үшінші жапырақ, қатараралығын және жапырақтармен жабуы, жапырақтарының тарқатулары, техникалық пісуі.

Қант қызылшасының өніп шығуының басталуы мульчирленген пленка астында тамшылатып суарылатын нұсқада 26 мамырда белгеленген, яғни, пленкасыз өсірілген нұсқадан 1-2 күнге ертерек өніп шыққан. Мульчирленген пленканы пайдаланғанда өсімдіктердің біркелкі өніп шыққандығының да маңызы зор. Пленкасыз өсірілген нұсқалардағы өсімдіктердің толық өніп шығуы 4 күнге кешігіп, сонымен бірге біркелкілігі мульчирленген пленкамен өсірілген өсімдіктерге қарағанда төмен болды.

Тау етегіндегі ашық-қоңыр топырақта қант қызылшасын әр түрлі суару тәсілдерімен өсірудің бірінші жылдық зерттеу нәтижелері бойынша тамшылатып суаруды пайдалану өсімдіктің өнімділігінің жоғарылауына айтарлықтай әсер ететіндігін айқын көрсетті. 10-шы кестеде көрсетілгендей тамшылатып суаруда қант қызылшасының тамыржемісінің өнімділігі қарықпен суарылған нұсқаға қарағанда 196 ц/га артқандығы көрсетілген, қарықпен суарылған нұсқадағы  өнімділік көрсеткіші 464 ц/га құрады (кесте 2).

Кесте 2.

Қант қызылшасының тауалды ашық-қоңыр топырақтағы әр түрлі суару тәсілдері мен тыңайтқыштарға байланысты өнімділігі, ц/га

Суғару тәсілдері

Тыңайтқыш

тыңайтқышсыз

N30+30+30 P60

Қарықпен суғару

422

464

Тамшылатып суғару

442

665

Жамылғы пленка астында тамшылатып суғару

660

883

Р= 4,3%, НСР0,95 =86 ц/га

 

Азот тыңайтқыштарын 60 кг/га фосфордың фонында 90 кг/га есеппен суаратын сумен үш рет енгізе отырып, жамылғы пленка астында тамшылатып суландыру нұсқасында вегетация бойында қант қызылшасының  өсімдіктерінің қарқынды өсуі мен дамуы алдынғы екі нұсқаға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болып, өнімділігі жағынан да тамыржемістері 883 ц/га максималды өнімінің қалыптасуына алып келді.

Қорытынды. Егістік тәжірибе жүргізілген жердің топырақ-климат жағдайлары бағалы техникалық дақыл қант қызылшасын өсіруге және одан сапалы жоғары тамыржеміс өнімін алуға  қолайлы. Зерттеу нәтижелерімен дәлелденгендей, қант қызылшасын суарудың ең қолайлы тәсілі жер үстінде үлбір жамылғы астында суару болып табылады. Қарықпен суару нұсқасымен салыстырғанда 400-500 ц/га тамыржеміс өнімі артық алынды.

Резюме

Капельное орошение оказывает существенное влияние на рост и развитие, формирование урожая сахарной свеклы. Растения сахарной свеклы при капельном орошении отличались дружным появлением всходов, опережением в росте и развитии, более интенсивным накоплением биомассы растений и, в конечном счете, формированием очень высокого урожая корней. Применение капельного орошения способствует повышению урожайности корней сахарной свеклы от 200 до 883 ц/га. Из изучаемых способов капельного орошения, наиболее эффективным оказался способ капельного орошения с использованием мульчирующей пленки, где урожайность корней достигает 883 ц/га.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Әлдеков Н.А. Топырақты негізгі өңдеудің қант қызылшасы өніміне және шірік ауруына әсері  // Жаршы. – 2004.- №6.- Б. 26-28.
2. Мусагоджаев Н.Т. Қант қызылшасының егістік өнгіштігі мен өсімдіктердің сақталу көрсеткіштерінің суару тәсілдерімен байланыстылығы. – Алматы: Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, 2016, мамыр 20. – Б. 264 – 267.
3. Мусагоджаев Н.Т., Оспанбаев Ж., Кененбаев С.Б, Сембаева А.С., Кыдыров А.К. Возделывание сахарной свеклы при капельном орошении //  Научный поиск в современном мире.  – 2016, май – 29. - С. 34 – 40.