Статья:

Жүгеріні тамшылатып суару әдісімен өсіргенде ашық-қоңыр топырақ құнарлығының өзгеруі

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №17(110)

Рубрика: Сельскохозяйственные науки

Выходные данные
Болатбекова Н.Б., Оспанбаев Ж.О., Нурмуқанбет Т.Н. Жүгеріні тамшылатып суару әдісімен өсіргенде ашық-қоңыр топырақ құнарлығының өзгеруі // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2020. № 17(110). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/110/70642 (дата обращения: 22.11.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

Жүгеріні тамшылатып суару әдісімен өсіргенде ашық-қоңыр топырақ құнарлығының өзгеруі

Болатбекова Назерке Болатбекқызы
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің магистранты, ҚР, Алматы қаласы
Оспанбаев Жумагали Оспанбаевич
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, ҚР, Алматы қаласы
Нурмуқанбет Торғын Нұрғабылқызы
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің магистранты, ҚР, Алматы қаласы

 

Кіріспе. Агроөнеркәсіп комплексі халық шаруашылыгының ең басты салаларының бірі болып есептеледі, сондықтан да елімізде, әсіресе біздің республикада оны әрі қарай дамыту мәселесіне зор назар аударылып келді және келе де бермек. Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған басты міндеттер болып халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, ал  мал шаруашылығына  тиісті жем-шөп қорын жасау болып табылады [1].

Жүгері дақылы қазір кездегі дүниежүзінде жиналатын жүгері дәні өнімінің 20-25 %-ы азық-түлік  ретінде  қолданылады , соның  өзінде ол осы мақсатта ең көп пайдаланатын дақыл болып  есептеледі. Өнімділігі жөнінен жүгеріге тең келетін дақыл жоқ, әрі егістік жердің бір өлшемінен адамға беретін осыншама мол дән мен көк балаусана ешқандай дақыл бере алмайды [2].

Жүгері егістіктері негізінен Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облысының суармалы жерлерінде орналасқан. Ауа райының қолайлы болуы бұл жерлерде жүгерінің кеш пісетін сорттары мен будандарын егуге мүмкіндік береді. Осыған орай бұл аймақ республиканың терістік аудандары үшін сүрлемдік жүгері үшін жүгерінің сорттары мен будандарының сапалы тұқымын өсіреді. Қазіргі кезде Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚЕӨШҒЗИ) өзінің көп жылғы зерттеулеріне және озат шаруашылықтардың іс -тәжірибелеріне сүйене отырып, жүгері өсірудің тиімді технологиясын ұсынуда. Жүгері өсіруден келетін пайда көп. Ол ең алдымен егіншілік  мәдениетін жақсартады, атқарылатын жұмыстардың бәрін бүгінгі күннің өскелең талабына сай жүргізуге мүмкіндік береді [3].

Зерттеу нәтижелері

Зерттеу жұмыстары Қазақ егіншілік және өсімдік шаркашылығы ҒЗИ-ның Суармалы егіншілік бөлімінің тәжірибелік стационарында жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде жүгерінің Туран-480 СВ буданы алынды.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының топырағы жөнінде еліміздің көрнекті топырақ зерттеуші ғалымдарының еңбектерінен толық мағлұмат алуға болады. Олардың зерттеулері бойынша біздің аймақтың топырақ қыртысын түзуші жыныстары – жеңіл құмдақ пен саздаққа айналған кәдімгі сұр топырақ. Бұл топырақ түрінің жазықтағы таралу шекарасы теңіз деңгейінен 200-800 м биіктікте орналасқан.

Карбонаты аз кәдімгі сұр топырақтың қарашірігі жұқа және тектік қабаттарға жіктелуі аса байқалмайды, көп жағдайда қыртысы сарғылт топырақ тектес құмдақ болады (кесте 1).

Кесте 1.

Топырақтың механикалық құрамы

Топырақ

қабаты,см

Фракциялардың мөлшері, %

0,25-

0,05

0,05-

0,01

0,01

0,005

0,005-0,001

< 0,001

< 0,01

010

29,12

43,25

12,57

7,87

7,19

27,63

10-20

29,38

42,76

10,15

6,86

10,85

27,86

30-40

19,8

51,08

7,13

11,25

10,73

29,11

60-70

17,41

52,02

9,85

9,27

11,45

30,57

90-100

15,29

51,85

31,34

9,50

12,02

32,86

 

Тәжірибе танабының агрохимиялық сипаттамасы 2-кестеде келтірілген. Зертханалық талдау барысында анықталғандай, топырақтың жыртылмалы қабатында 1,02-1,11% қарашірігі, 0,073-0,080% азоты, 0,14 пайызға жуық жалпы фосфоры бар екендігін көрсетеді. Жылжымалы фосфоры 16,9-20,8 мг/кг. Топырақ қабаты тереңдеген сайын олардың мөлшері біртіндеп азая береді.

Кесте 2.

Топырақтың бастапқы агрохимиялық сипаттамасы, 10.04.2019ж.

Топырақ

қабаты,см

Мөлшері, г

Жылжымалы

фосфор,

мг/кг

қарашірік

жалпы азот

жалпы фосфор

көмір қышқылы

0-10

1,11

0,080

0,138

2,59

20,8

10-20

1,02

0,073

0,37

3,14

16,9

30-40

0,66

0,058

0,124

5,82

9,2

60-70

0,31

0,033

0,117

6,17

5,0

90-100

0,26

0,020

0,112

6,85

3,1

 

Топырақтың жоғарғы қабатында көмір қышқылының мөлшері 2,59 пайыздан көп емес, бірақ тереңдеген сайын (60-100 см қабаты) ол 6,17-6,85 пайызға арта түседі. Суда еритін тұздардың тығыз қалдығы бар болғаны 0,04-0,06%, сіңірілген негіздер құрамында кальцийдің үлесі басым. Топырақтың жалпы сілтілігі біршама төмен, ол негізінен кальций бикарбонатына байланысты өзгереді. Хлорлы тұздардың үлес салмағы пайыздың мыңдық бөлігіндей ғана, ал күкірт қышқылды тұздар мүлдем кездеспейді.

Жалпы айтқанда, зерттеу жүргізілген ауданның топырағы тұзды не сортаң жерлерге жатпайды, сондықтан да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің жетік технологиясын қолданып, тұрақты өнім алуға толық мүмкіндіктер бар.

Топырақтың тығыздығы мен орналасуын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – оның көлемдік салмағы. Ол жыртылмалы қабатта 1,13, ал 140-150 см тереңдікте 1,30 г/см3 шамасына артады. Меншікті салмағы 2,51-2,62 г/см3, жалпы кеуектілігі 50,4-55,8%, ең жоғарғы ылғал тартқыштығы 5,02-5,84%, солу ылғалдылығы 5,52-6,42%, ең төменгі ылғал сыйымдылығы 15,1-20,9% аралығында (кесте 3).

Кесте 3.

Топырақтың бастапқы су-физикалық қасиеттері

Топырақ

қабаты,

см

Көлем-дік салмағы,

г/см³

Меншікті салмағы,

г/см³

 

Жалпы кеуектілігі,

%

Ең жоғарғы

ылғал тартқыштығы,

%

 

Солу

ылғал-

дылығы,

%

Ең төменгі ылғал

сыйым-

дылығы,

%

0-10

1,13

2,51

55,8

5,84

6,42

20,9

10-20

1,16

2,53

54,2

5,77

6,35

20,1

30-40

1,20

2,55

53,0

5,60

6,16

18,6

60-70

1,21

2,55

52,6

5,54

6,09

17,2

90-100

1,24

2,58

51,9

5,40

5,94

16,9

120-130

1,28

2,60

50,8

5,13

5,64

16,0

140-150

1,30

2,62

50,4

5,02

5,52

15,1

 

Қорыта келгенде, зерттеу жұмысы жүргізілген жерлердің топырақ-климаттық жағдайларының сипаттамасы дәнді дақылдарды өсіруде қолданылатын агротехникалық шаралардың осы аймаққа тән ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілуін қатаң талап етеді.

Суғару әдістері тау етегіндегі ашық-каштан топырақтардың агрохимиялық қасиеттеріне белгілі бір әсерін тигізді. Зерттеліп отырған нұсқалардың топырағының егістік қабатындағы жалпы қарашіріктің мөлшері 1,78-2,02 %, тұрақсыз қарашіріктің мөлшері – 0,070-0,252%, жеңіл гидролизденетін азоттың мөлшері – 101-137 мг/кг, нитраттардың мөлшері –15,1-28,2 мг/кг, жылжымалы фосфордың мөлшері – 9,0-24,6 мг/кг және алмасатын калидің мөлшері – 298-384 мг/кг шамасында ауытқыды (кесте 4).

Кесте 4.

Әртүрлі суғару тәсілдері кезінде жүгері егістігі топырағының құнарлығының негізгі көрсеткіштері

Суғару тәсілдері

Тереңдік, см

Жалпы қарашірік, %

Тұрақсыз қарашірік

%

Жеңіл гидролиз-денетін азот, мг/кг

NO3,

мг/кг

P2O5, мг/кг

K2O, мг/кг

Қарықпен суғару

 

0-20

1,78

0,098

101

17,8

14,9

298

20-40

1,18

0,056

104

17,4

9,0

261

Тамшылатып суғару

0-20

2,02

0,210

126

28,2

24,6

384

20-40

1,18

0,070

95

15,1

    9,3

222

Жамылғы пленка астында тамшылатып суғару

0-20

2,08

0,252

137

15,1

19,7

341

20-40

1,58

0,126

123

28,2

10,0

252

 

Келтірілген көрсеткіштер зерттеліп отырған топырақтағы органикалық зат мөлшерінің көп еместігін, оның азотпен және фосформен нашар, калиймен – орташа қамтамасыз етілгендігін куәлендіреді. Тереңдік өсе келе, топырақтағы зерттелетін элементтердің мөлшері заңға сай төмендейді.

Әлеуетті өнімділіктің жоғарылауына аймақтың ауа-райы жағдайларына сәйкес себу мерзімдерін іріктеумен; топырақ ылғалының қорына және дақылдың вегетациясы кезеңіндегі жауын-шашынның мөлшеріне сәйкес себу нормалары мен тәсілдерін іріктеумен және т.б. себу жылдың ауа-райы жағдайларына байланысты 24 сәуірде топырақ температурасы 8-10оС болғанда жүргізілді. Өсімдіктердің толық өніп шығуы 09.05-дан 10.05 дейін болды. Жүгері аязға сезімтал, бірақ өскіндер 2-3оС -қа дейін суыққа шыдайды, сондықтан 06.05 болған үсікті өскіндер қанағаттанарлықтай төзді. Будандардың тұқымдары ауру зиянкестерге қарсы флудиоксонил+металаксил М+тирам препараттарымен өңделген. Тұқымдары Р52325-2005 ДСТУ 2240-93 Мемлекеттік стандартқа сай. Тұқымдардың себу нормасы 22 кг/га немесе 80 мың дана/га.

Есепті жылы салқын, ұзаққа созылған көктемнің салдарынан жүгеріні себу кешірек жүргізілді. Белгілі болғандай, жүгері жылу сүйгіш дақылдар қатарына жатады, сондықтан өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін оған белгілі бір температуралық режим қажет. Сәуірде атмосфералық жауын-шашынның көп түсуіне байланысты (183 мм) жүгері орташа тәуліктік 9,6°С жеткенде егілді.

Жүгері дақылын әр түрлі суару тәсілдерімен өсірудің бірінші жылдық зерттеу нәтижелері бойынша тамшылатып суаруды пайдалану өсімдіктің өнімділігінің жоғарылауына айтарлықтай әсер ететіндігін айқын көрсетті. 5-ші кестеде көрсетілгендей тамшылатып суаруда жүгерінің өнімділігі қарықпен суарылған нұсқағада 98 ц/га құраса, тамшылатып суаруда 120 ц/га құрады.

Кесте 5.

Жүгері дақылының әр түрлі суару тәсілдеріне байланысты өнімділігі мен фотосинтетикалық қасиеті

Нұсқалар

Жапырақ аппаратының ауданы, мың.м²/га

ФАР түсуі, МДж/м²

ФАР пайдалану коэффициенті, %

Құрғақ биомассаның жинақталуы, ц/га

Өнімділігі, ц/га

Қарықпен суғару

 

37,23

1485

2,06

151,62

98

Тамшылатып суғару

43,28

1485

2,12

169,45

120,0

Жамылғы пленка астында тамшылатып суғару

48,91

1485

2,45

216,73

123,5

 

Әр түрлі суару танаптарда өсірілген дәндік жүгері будандарының фотосинтетикалық қызметтерін зерттеуде өсімдіктердің өсуі мен дамуындағы мынадай ерекшеліктерді белгілеуге мүмкіндік берді. Мәселен, орташа кеш пісетін жүгерінің Туран-480 СВ буданының вегетациялық кезеңде күн энергиясы 1485 МДж/м2 дейін келіп түсті. Күн энергиясының мұндай ағынының жапырақ аппаратының бетіне 37,23 мың м2/га және 48,91 мың м2/га түсуі 2,06% және 2,45% - ға дейін ФАР пайдалану коэффициенті игеруді қамтамасыз етті.

Резюме

В условиях предгорной зоны Илийского Алатау урожайность кукурузы при капельном орошении и капельном орошении под пленкой была примерно равной и составила соответственно 120,0 и 123,5 ц/га. Динамика содержания основных элементов плодородия почв в пахотном 0-20 см слое под посевом кукурузы свидетельствует, что после капельного полива содержание общего и лабильного гумуса повысилось соответственно на 1,55% и 0,174%.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Послание РК Н.А.Назарбаева «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее»: утв. 17 января 2016 г. 
2. Омарова А.Ш. Экологическая селекция кукурузы на ультраскороспелость и продуктивность. - Материалы V Международной конференции «Проблемы АПК и охрана окружающей среды». Кызылорда, 10-12 апреля, 2008 г. - С.187-189.
3. Оспанбаев Ж. Перспективные технологии эффективного использования орошаемых земель// Сборник пленарных докладов международной научно-практической конференции «Достижения и перспективы развития аграрной науки в области земледелия и растениеводства», посвященной 80-летию Казахского НИИ земледелия и растениеводства// Алмалыбак: ТОО «Асыл Кітап» (Баспа үйі), 2014. – С. 222-231.