Статья:

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №39(175)

Рубрика: Биология

Выходные данные
Таласбай Н.К. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2021. № 39(175). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/175/100754 (дата обращения: 26.04.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

Таласбай Нурзат Каликызы
студент, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Өскемен қаласы
Сулейменова Назерке Мараткызы
научный руководитель, Педагогика ғылымдарының магистры, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Өскемен қаласы

 

INNOVATIVE TEACHING METHODS OF MODERN BIOLOGY

 

Nurzat Talasbay

student, S. Amanzholov East Kazakhstan State University, Kazakhstan, Ust-Kamenogorsk

Nazerke Suleimenova

Master of Pedagogical Sciences, S. Amanzholov East Kazakhstan State University, Kazakhstan, Ust-Kamenogorsk

 

Аннотация. Бұл мақалада жаңа инновациялық әдістерді қолданып биологияны оқыту туралы айтылған. Инновациялық әдіс бойынша  оқыту баланың басқа адамдармен қарым-қатынас барысында өзінің белсенділігін және құзіреттілігін қалыптастырады. Мектептегі оқу процесінде инновациялық әдістер балалардың қызығушылықтарын дамытып, материалды зерттеуде және жүйелеуге көмектеседі.

Abstract.  This article is about teaching biology using innovative new methods. Innovative learning develops the child's activity and ability to communicate with other people. Innovative methods in the school educational process help develop the interests of children, research and organize material.

 

Түйін сөз: .технология, әдіс- тәсілдер, инновация, модельдеу, интерактив.

Keywords: technologies, methods, innovations, modeling, interactive.

                         

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуді мақсат етуде. Бұл білім беру жүйесінде елеулі өзгерістерге, яғни, оқытудың инновациялық әдістерінің қалыптасуына әкелді. Инновация сөзі жаңашылдық пен өзгеріс деген мағынаны білдіреді. Жаңашылдықтың арқасында мектептерде, колледждер мен университеттерде оқытудың барлық жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл анықтама бойынша, яғни, белгілі бір салада жаңа тенденцияларды құру, оларды таратуды білдіреді.

Мектепте оқу барысында балалар ақпаратпен жұмыс істеуге және оны тез өңдеуге үйренеді. Осылайша, бұрынғы түсіндірме иллюстрациялық процестерді алмастыра отырып, белсенді оқу процесіне көшу жүзеге асырылады. Жаңа тәсіл – бұл жердегі ерекшелік студент оқу процесінің субьектісі ретінде әрекет етеді.

Оқытудың интерактивті әдістері негізінде мұғалімнің рөлі айтарлықтай өзгереді, яғни, ол негізігі рөлді атқармайды. Оқытушының негізгі міндеті – интерактивті тапсырмалар мен тақырыптарды талдауға дайындалу, кеңес беру және оқу жоспарын орындалу бақылау болып табылады.

Қазіргі заманғы ғалымдар оқытуда қолданылатын инновациялық әдістерді бөліп көрсетеді, олар белсенді және интерактивті әдістерге бөлді. Белсенді әдістер оқушылардың шығармашылық әлеуетін қалыптастырып, өз пікірін қалыптастыруға және оны негіздей білуге бағыталынады. Бұл әдістеме Л.В.Леонтьевтің тұжырымдамасына негізделіп алғаш рет 60-70 жылдары қолданылып бастады. Интерактивті әдістерге келетін болсақ, бұл әдістің нәтижесінде алынған білім оқушылардың бір – бірімен өзара әрекеттесуі арқылы игеріледі. Әдістер негізінен оқытудың ұжымдық формасы болып табылады, оның барысында оқушылар бірге жұмыс істейді және жеке жауапкершілік алады.

Оқытуда көптеген инновациялық әдістер бар, оларды мұғалімдер жұмыста белсенді қолданады, олардың ішіндегі ең танымалдары:

-Топтық сабақтар;

-Экскурсиялар;

-Рөлдік және іскерлік ойындар;

-Интернетті, бейнелерді және басқа да көрнекі мысалдарды қолдану;

-Шығармашылық тапсырмалар мен жаттығулар және т.б.

Мектептегі оқу процесінде инновациялық әдістер балалардың қызығушылықтарын дамытып, материалды зерттеуде және жүйелеуге көмектеседі, пікірталас барысында өз көзқарасын қалыптастырып және оны білдіруге мүмкіндік туғызады.

Ендігі кезекте,оқытудың инновациялық әдістерінің жіктелуін егжей-тегжейлі қарастарайық.

Міндеттер мен мақсаттардың жүйеленіп бақылау нысандарын өзгерту нәтижесінде дәстүрлі сабақ тәсілдерінің өзгеруі бағдарламалық оқыту әдістемесі негізінде қаралады. Бағдарламалы оқыту оқушылардың өзіндік жұмыс қабілеті мен белсенділігін дамытуға қолайлы әдістердің бірі. Негізінен  жаңа тақырыпты түсіндіру барсында қолданылатын әдіс, бірақ та тақырыпты бұл әдіспен оқыту барысында мағынасын жан–жақты түсіндіру қажет.

Оқушы берілген мәселені шешу арқылы, одан шығудың жолын қарастырады бұл әдіс проблемалық оқыту әдісі деп аталынады. Оқушы болған жағдайға,  яғни , проблемаға сүйенеді.  Ол проблемадан шығу үшін гипотезалар іздеп, берілген құбылыстың қарама-қайшылықтарын қарастырады. Бұл әдістің негізгі тиімділігі оқушылардың ойлау қабілетін дамытады, тосыннан келген тапсырмаға жауап беру арқылы шығармашылық қабілеті мен қиялы жақсы дамиды.

Мұғалім ғылыми негізделген терминге сүйене отырып, осы проблемаға деген өзіндік көзқарасын білдіреді және өзіндік көзқарасын дәлелдейді. Бұл әдіс бізде интерактивті оқыту дейді, оларға мыналар жатады: эвристикалық әңгіме, дөңгелек үстел, дебаттар, тренинг, брейнсторминг, креативті оқыту, іскерлік ойын.

Сократ жасаған ежелгі іліммен ұштастыратын әдісті эвристикалық әңгіме әдісі. Содан кейін бұл әдіс оқушылардың өз бетінше жауап табуға итермелейтін жетекші сұрақтарды қамтиды. Бұл әдістің заманауи вариациясы ежелгі түсінікті сақтап қалды. Шебер тұжырымдалған сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін іске қоса алады. Осылайша, эвристикалық әңгіме ұжымдық әңгіме ретінде қарастырылады, өйткені шешімдерді талқылау барысында балалар өз пікірлерімен, гипотезаларымен алмасады.

Қатысушылар тобын айырмашылықсыз, белгілі бір мәселе бойынша өз пікірлері мен көзқарастарын ұсынуға және оны дамытуға шақыратын пікірсайыстың динамикасы дөңгелек үстел әдісінде қолданылады. Дөңгелек үстел кезінде модератордың жүргізуімен, аудиторияның қатысуымен жүзеге асырылатын әрекет. Яғни, теория түріндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан қарастыру барысында зерттеу мен тақырыпты игеруді жақсартуға арналған.

Инновациялық әдістер бойынша жаңа қалыптасып келе жатқан әдіс тренинг деп аталады. Бұл әдіс бойынша  оқыту баланың басқа адамдармен қарым-қатынас барысында өзінің белсенділігін және құзіреттілігін қалыптастырады. Ұжым арасында өзін еркін ұстай білуге, өзінің артықшылықтарын көрсете білуге тиімді әдіс. Оқушылардың көпшіліктің алдында өз ойын қысылмай нақты және дәлелдемелермен жеткізуге көмек көрсетеді. Тренингтің артықшылығы-мәселені әртүрлі тұрғыдан зерттеу және оның нәзіктіктері мен нюанстарын түсіну, студенттерді өмірлік жағдайдағы іс-әрекеттерге дайындау, сонымен қатар олардың мотивациясын арттыру және жағымды эмоционалды климат құру мүмкіндігі.

Негізгі мәселе брейнсторминг яғни миға шабуыл әдісінде идеяларды, анықтау болып табылады. Балаларды генераторлар және сыншылар деп екіге бөледі. Осының нәтижесінде балалардың бойынан бірлікте жұмыс жасай білу, бір-бірін түсініп және тыңдай білу қасиеттерін қалыптастырады. Оларға берілген тапсырма жетегінде тек қана «Бұл керемет идея екен!», деген пікір айта аласыз. Айтылған идеяны сынауға, бағалауға, талқылауға және қорғауға болмайды. Осының нәтижесінде балалардың бойындағы комплекстерден арылуына көмек бере аласыз.

Оқушылардың бойынан қоғамда және күнделікті тіршілікте болып жатқан  оқиғаларға көзқарастарын, жоғарғы адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы ретінде қарастырылатын әдіс дебат болып табылады. Бұл әдісті пайдалану нәтижесінде оқушылар өзге пікірді құрметтеп, онымен санаспаған күннің өзінде нақты дәлелдемелер аясында сұрақ қою арқылы наразылық  білдіруге болады. Дебат оқушыға өзіндік көзқарасын нақты дәлелдемелер арқылы жеткізуге көмектесетін әдістердің ең тиімдісі.

Оқытудың сюжетті-рөлдік ойындарды модельдеу әдісі қажетті кәсіби дайындық дағдыларын алудың маңызды шарты болып табылады. Білім беру процесі әдістерінің әртүрлілігі оқуға деген қызығушылықтың артуына ықпал етеді, шығармашылық дағдыларды дамытуға көмектеседі, педагогикалық және тәрбиелік міндеттердің тұтас кешенін шешеді. Оқушылар рөлдік ойындар арқылы өтілген материалды тек қана теориямен түсінік қоймай, өздерінің шығармашылық ойлау дәрежесінің жоғарылауына ықпал етеді. Мысал ретінде Фотосинтез процесі  сабағын алып қарастырайық. Онда, балалардың бірі жарық, су, тамыр, жапырақ ретінде рөлдер беріледі. Балалар өздеріне берілген рөлдің қызметін, сипатын және пайдасын атап келтіреді. Яғни, бұл әдіс оқушыларға өзіндік ізденіске, қиялының дамуына ықпал етеді.

Қорыта келе қазіргі заманғы серпінді әлемнің даму ерекшеліктері мұғалім қызметінің жаңа мән мәтінін талап етеді. Жаңа факторлардың пайда болуының әсерінен оқыту моделінің өзі де өзгереді. Оқыту моделі қоғамның білім беру мақсаттарына сәйкес функциялар, құрылым, оны ұйымдастыру әдістері, формалары, технологиялары мен нәтижелерін динамикалық бірлікте көрсететін оқу процесінің схемалық бейнесі. Бұл  әдістердің барлығы дерлік аралас түрде жүзеге асырылады. Бастапқыда белсенді тәсілдер мектеп біліміне енгізілді, өйткені олар әлі университет жүйесіне бейімделмеген. Яғни, инновациялық әдістер-оқушыларға алынатын мәліметті өздігінен қабылдап, жаңа білімге деген ізденіс арқылы игеру, нәтижесінде өмірге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру. Технологиялық жүйелілікті сақтау нәтижесінде мұғалім оқушыларға шығармашылық деңгейін жоғарылауына, білім бәсекелестігінде дұрыс бағдар беру және деңгейлеп оқыту нәтижесінде оқушылардың білімдерін жүйелеуге әсер етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Гусеев В.В. Методы и организационные формы обучения. М: Народное образования, 2001.
2. Никишина И.В. Инновационные педагогические технологии и организация учебно-воспитательного и методического процессов в школе. Волгоград6 2007.
3. Полат Е.С., Моисеева М.В., Петров Е.А. Педогогические технологии дистанционного обучения / Под ред.Е.С.Полат.-М. Академия, 2004.
4. Профессиональное образование, № 1, 2005.
5. Профессиональное образование, № 2, 2005.
6. https://wiki.fenix.help/pedagogika/innovacionnye-metody.
7. Жас ұрпақты әлеуметтендіру-заман талабы / М.Е. Демеуова // Педагогикалық кеңес-Педагогический совет. 2009. - №2. – С. 5-7
8. Оқыту технологияларын топтастыру / Д.К.Қалиакпар // Қазақ тілі. 2007. - №4. – С. 31-33
9. Инновационное обучение: стратегия и практика. /Под. Рек. В.Я.Ляудис. –М.: Издово МГУ, 1994.
10. Тархов С.В. Модели и механизмы управления адаптивным электронным обучением. Системы управления и информационные технологии. 2005.