Статья:

ТЕЛЕФОН СӘУЛЕЛЕНУІНІҢ МИ ІСІГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ӘСЕРІ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №9(318)

Рубрика: Медицина и фармацевтика

Выходные данные
Қыздарбекова А.С., Нұрмашева А.Р. ТЕЛЕФОН СӘУЛЕЛЕНУІНІҢ МИ ІСІГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ӘСЕРІ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2025. № 9(318). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/318/159860 (дата обращения: 06.06.2025).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ТЕЛЕФОН СӘУЛЕЛЕНУІНІҢ МИ ІСІГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ӘСЕРІ

Қыздарбекова Ақбота Сәбитқызы
Студенттері, Астана медицина университеті, Қазақстан, Астана
Нұрмашева Айша Рүстемқызы
Студенттері, Астана медицина университеті, Қазақстан, Астана
Байгенжеева Раушан Кужатовна
научный руководитель, Ғылыми жетекші, магистрі, клиникалық эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы, денсаулық сақтау Астана медицина университеті, Қазақстан, Астана

 

Тақырыбы: Телефон сәулеленуінің ми ісігінің пайда болуына әсері

Кіріспе: Ұялы телефондар қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Халықаралық электр байланысы одағының (ITU) деректері бойынша әлемде ұялы байланыс пайдаланушыларының саны 5 миллиардтан асты (ITU, 2023). Адамдардың ұялы құрылғыларды ұзақ пайдалануына байланысты радиожиілікті (РЖ) сәулеленудің денсаулыққа, әсіресе ми ісігінің даму қаупіне әсері туралы алаңдаушылықтар көбейді (Hardell et al., 2021).

Өзектілігі: Ми ісіктері онкологиялық аурулардың ішіндегі ең күрделі және қауіпті түрлерінің бірі болып табылады. Басқа ісіктерден айырмашылығы, ми ісіктерін емдеу қиынға соғады және олардың себептері әрдайым анық емес (Ostrom et al., 2021). Ұялы телефондарды пайдаланушылар санының көбеюіне және сәулеленудің ағзаға әсер ету ықтималдығына байланысты радиожиілікті сәулелену мен ми ісіктерінің байланысын түсіну маңызды. Бұл зерттеу тек медицина саласы үшін ғана емес, қоғамдық денсаулық сақтау саласы үшін де өзекті, себебі ол ұялы құрылғыларды қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты:

Бұл зерттеудің мақсаты – мобильді телефондардан тарайтын радиожиілікті сәулеленудің ми ісіктерінің пайда болуына тигізетін әсеріне анализ жасау.

Ғылыми зерттеулердің талдауы

Interphone – әлемнің 13 елінде 5000-нан астам ми ісігі бар науқастарды қамтыған ірі халықаралық зерттеу (IARC, 2011). Зерттеу нәтижелері бойынша күніне 30 минуттан астам уақыт бойы 10 жыл ұялы телефон қолданған адамдарда глиома қаупі 40%-ға артқан. Дегенмен, зерттеушілер бұл деректердің дәлдігін растайтын нақты дәлелдер жоқ екенін атап өтті (WHO, 2014). COSMOS зерттеуі уропадағы COSMOS зерттеуіне 290 000-нан астам адам қатысты. Бұл зерттеу белсенді ұялы телефон қолданушылар арасында ми ісіктерінің даму қаупі жоғарыламағанын көрсетті (Schüz et al., 2022). ДДҰ радиожиілікті сәулеленуді адам үшін «мүмкін канцерогенді» деп санайды (2B тобы) (IARC, 2011). Бұл шектеулі дәлелдер бар дегенді білдіреді. АҚШ-тың Ұлттық қатерлі ісік институты (NCI) мен Азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігі (FDA) де ұялы телефондар мен ми ісіктерінің байланысы туралы нақты дәлелдердің жоқ екенін айтады (NCI, 2022). Электромагниттік толқындар (ЭМТ) радиотолқындардан бастап гамма-сәулелерге дейінгі кең диапазонды қамтиды. Ұялы телефондар радиожиілік диапазонында (300 МГц – 3 ГГц) жұмыс істейді, бұл иондалмайтын сәулелену түріне жатады (WHO, 2014). Иондалмайтын сәулелену ДНҚ-ны тікелей зақымдамайды, бірақ ұзақ әсер ету кезінде жылулық әсер беруі мүмкін (IARC, 2011). SAR (Specific Absorption Rate) көрсеткіші бойынша ағза тіндерінің электромагниттік энергияны сіңіру көрсеткіші, өлшем бірлігі Вт/кг. Иондалмайтын сәулеленуден қорғаныс жөніндегі халықаралық комиссия (ICNIRP) ұялы телефондар үшін SAR деңгейін 2 Вт/кг-нан аспауы керек деп бекітті (ICNIRP, 2020). Қазіргі телефондар осы стандарттарға сәйкес келеді, бұл ми тіндерінің қызып кету қаупін азайтады. Ми ісіктері әр түрлі болады: Глиомалар (глиобластома, астроцитома) – орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері. Менингиомалар – ми қабықтарынан шығатын, көбінесе қатерсіз ісіктер. Вестибулярлы шванномалар – есту жүйкесінен дамитын қатерсіз ісіктер (Louis et al., 2021). Негізгі қауіп факторлары ретінде Иондаушы радиацияның әсері (мысалы, онкологиялық ауруларды емдеу кезінде) (NCI, 2022). Генетикалық синдромдар (мысалы, нейрофиброматоз). Ұялы телефонның радиожиілікті сәулеленуі – бұл фактор әлі де қосымша зерттеулерді қажет етеді (IARC, 2011).

Қорытынды: Қазіргі ғылыми зерттеулер ұялы телефон қолданудың ми ісігінің даму қаупін айтарлықтай арттырмайтынын көрсетеді. Дегенмен, ұзақ мерзімді әсерлерін ескере отырып, келесі сақтық шараларын ұстанған жөн: Құлаққап немесе громкоговоритель пайдалану. Қоңырауларды мүмкіндігінше қысқа ұстау. Желі сигналы әлсіз кезде телефонды қолданудан аулақ болу. Жаңа технологиялардың, әсіресе 5G желілерінің, денсаулыққа әсерін бағалау үшін қосымша зерттеулер қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. IARC, WHO. (2011). IARC classifies radiofrequency electromagnetic fields as possibly carcinogenic to humans. IARC Press Release No. 208.
2. National Cancer Institute (NCI). (2022). Cell Phones and Cancer Risk. NCI Fact Sheet.
3. Schüz, J., et al. (2022). COSMOS study: Mobile phone use and brain tumor risk. Environmental Research, 203, 111890.
4. WHO. (2014). Electromagnetic fields and public health: mobile phones. WHO Fact Sheet N°193.
5. Louis, D.N., et al. (2021). WHO Classification of Tumors of the Central Nervous System. International Agency for Research on Cancer.
6. ICNIRP. (2020). Guidelines for limiting exposure to electromagnetic fields (100 kHz to 300 GHz).