ТЕМІРЖОЛ ЖОЛЫНЫҢ ЖЕР ТӨСЕМІНІҢ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН НЫҒАЙТУ ҮШІН ГЕОТЕКСТИЛЬДІ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №2(353)
Рубрика: Технические науки

Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №2(353)
ТЕМІРЖОЛ ЖОЛЫНЫҢ ЖЕР ТӨСЕМІНІҢ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН НЫҒАЙТУ ҮШІН ГЕОТЕКСТИЛЬДІ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ
Теміржолдың тұрақты жұмыс істеүіне маңызды элементтердің конструкциалардың бірі жер төсемесі болып табылады, сондықтан жер төсемесінің әртүрлі күштердің әсеріне төзіп беру үшін және қазіргі таңдағы логистикалық тасымалдардың, жүктемелердің әсеріне беріктігі мен пішініне шыдамды беріктеп нығайту қажет.
Жер төсемесінің конструкциясына әртүрлі атмосфералық құбылыстар әсер етеді. Солардың бірі жауын шашын, қыс пен көктемгі құбылыстарындағы әсерлі факторлардың жағдайына байланысты жер төсемесінде деформациялық ақаулар пайда болады [1].
Қазіргі таңда темір жолдардың көп аймақтарында магистральдік желілерде және кейбір учаскелерде жер төсемесінің жай күйіне, пішініне байланысты оның әсерінен жоғарғы қабаттың конструкцияларына ақау тұғызып жатыр және поезд қозғалысына шектеулер қойылып жатыр, сол шектеулердің бірі ұзақ және тұрақты ескертулердің бірі болып саналады. Темір жолдағы поезд жылдамдығының шектеулері негізінен ақаулы жолдарға байланысты болады, солардың бірі рельс аралығының кеңейүі, рельс деңгейінің төмендеүі, балласт қабатының жай күйі төмендеүі, балласт қабатының ұзына бойлық жолдың шөгүі жәнеде жер төсемесінің негізгі алаңының деформациясына байланысты, балласт қабатында шалшықты сулардың пайда болуына байланысты. Негізгі ақаулы жер төсемдерінің түрлері мына 1- суретте көрсетілген.

Сурет 1. Жер төсемдерінің деформациаларының түрлері
1-ақаулы балласт қабатының шөгуі, 2-балласт қабатының қиыршық тастары, 3-қиыршық тастардың үйіндісі жер төсемесіне жылжу процессінде, 4-жер төсемесінің үйінді топырағы, 5-жер төсемесінің балшықты сөмкелерінің түйісу қабаты.
Соңғы жылдары жер төсемесінің негізгі ақауларының ұлғайуына байланысты, балласт қабатының қалындығыда ұлғайып жатыр. Сондықтан балласт қабатын тазарту шараларына жаңа жол техникаларын теміржол саласында енгізүлүде, негізгі алаңдарды күшейту іс шараларын қарастырлып жүргізулуде. Сондада баласт қабатының жоғарғы конструкциялық элементтеріне пойыз жүктемелерінің әсерінен, жер төсемесіне салмақтың және ауырлық күші әсерін тигізіп, қалдықтық деформациялардың туындағаны көп саны байқалуда [2].
Қазіргі таңда жүк поездардың салмағының артуы және келешектегі локомотивтермен вагондардың осьтік салмақтардың артуына байланысты, жылжымалы пездардың қозғалыс жылдамдықтарының әсері, алты жіне сегіз өсьті жылжымалы вагондардың жүк кернеулері ұлғайуы кезеңдеріндегі жол мен жылымалы поездарға талаптар күшейтіліп жатыр. Осы мәселелерді шешуге және қауыпсіздікті қамтамасыз шараларын қолдану үшін, жөндеуге шығын материалдарының қаражаты ұлғайады. Сондықтан қазіргі таңда ыңғайлы және қаражаты үнемді қолодану үшін геосинтетикалық, геотекстильді материалдар қолдануда [3].
Геотекстильді материалдар дегеніміз – жер төсемесінің ылғалды аралығының топырақтарының дренаждау мақсатында бөлу, сүзу немесе басқа материалдармен өткізгіштік синтетикалық немесе табиғи тоқыма материалдарын, жалғыз қабатты бөлігі ретінде қолданылады [4].
Геосинтетикалық материалдар негізінде синтетикалық полимерден жасалған, қазіргі таңда бір компонентті кенеп, жолақ үш өлшемді құрылым ретінде шығарылып жатыр.
Геотекстильді тоқыма емес материалдар негізінен макроклиматында қоңыржай және суық климаты бар жерлерде қолданылады, температуралық режимінде пайдалануы минус 60 – тан, плюс 55 оС – қа дейін. Жер асты сұларынан қорғау үшін қолданылады [5-6].
Геотекстильдер:
- геотекстильді қолдануы құрылыс саласына қолдану шығындарын азайтып құрылымдық материалдық беріктіктерін, қызмет ету мерзімдерін ұлғайтып геотекстильдің қолдануға болатын климаттық жағдайларға байланысты: мұзды аймақтарда және сондай-ақ климаты ыстық аймақтарда қолданады;
- жер төсемесінің топырағының негізгі алаңымен балласт қабатының аралығын бөлу іс-шаралар ретінде қолданады және төмендегі дренажды судың көтерүліуне тосқауыл ретінде қолданады;
- жер төсемесінің үйінді топырағының денесіндегі созылу кернеуі мен топырағын жууға жол бермейді, тұрақтылығын арттырып арматура нұсқасында биік қорғандарды салуға болады.

