ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КӨМЕГІМЕН БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН АВТОМАТТАНДЫРУ
Конференция: LXXXIII Международная научно-практическая конференция «Научный форум: инновационная наука»
Секция: Технические науки

LXXXIII Международная научно-практическая конференция «Научный форум: инновационная наука»
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КӨМЕГІМЕН БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН АВТОМАТТАНДЫРУ
Цифрландыру – бұл цифрлық технологияларды өмірдің әртүрлі салаларына енгізу процесі. Оның ішінде білім беру саласында цифрлық технологияларды қолдану маңызды орын алады. Қазіргі уақытта онлайн-курстар білім алудың негізгі құралдарының біріне айналды. Олар әртүрлі салаларда білім алуға мүмкіндік береді: бағдарламалау, бизнес, тіл үйрену, дизайн, медицина және басқа да көптеген бағыттар.
Онлайн-курстардың танымалдығы ақпараттық технологиялардың, интернеттің және мультимедиалық құралдардың қарқынды дамуына байланысты артып келеді. Онлайн-білім беру платформалары білім алушыларға икемділік пен қолжетімділік ұсынады, өйткені олар әлемнің кез келген нүктесінен қолжетімді. Сонымен қатар, онлайн-курстар білім алушылардың өз бетімен оқып, өзіне ыңғайлы уақытта материалдарды меңгеруіне жағдай жасайды.
Онлайн-курстарды әзірлеу және енгізу бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен, білім беру бағдарламасын жасау үшін қажетті мәліметтер жиналады. Осыдан кейін арнайы бағдарламалар арқылы курстың құрылымы анықталып, видео-дәрістер, тесттер және практикалық тапсырмалар дайындалады. Ақпараттық жүйелер курсты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі және оқытушылар мен студенттер арасындағы өзара байланысты жақсартады.
Ақпараттық технологиялардың көмегімен онлайн-курстар интерактивті болуы мүмкін. Бұл жасанды интеллекттің, виртуалды шындықтың, машиналық оқытудың мүмкіндіктерін қолдану арқылы жүзеге асады. Мысалы, білім беру платформаларында пайдаланушының үлгерімін бақылайтын алгоритмдер бар, олар студенттің әлсіз жақтарын анықтап, жеке ұсыныстар береді.
Онлайн курс веб-сайтының жұмысының логикалық диаграммасы
Бұл диаграмма онлайн курс веб-сайтының жұмысының логикалық ағыны диаграммасы.(1-Сурет.)
Сурет 1. Сайттың логикалық структурасы
Веб-сайттың құрылымы. Visual Studio бағдарламасын орнатып, жергілікті серверді іске қосқаннан кейін компьютерде орнатылған шолғышты ашып, іздеу жолағына өзіміздін веб-сайтымыздың атын енгіземіз. 2 суретте көрсетілген.
Сурет 2. Веб сайтымыздың жеке парақша беті
Сурет 3. Курстар жайлы мәліметтер
Сурет 4. Курстарға анықтама
Сурет 5. Пайдаланушыға мотивация
Сурет 6. Байланыс формасы
7-суретте біз туралы батырмасын басқанда ашылатын біздің онлайн курс жайлы мәліметтер көруге болады.
Сурет 7. POWERGroup курсы жайлы мәліметтер
Бұл мақалада онлайн курстарды басқаруға арналған заманауи ақпараттық жүйе жасалды. Жүйенің құрылымында PHP, JavaScript, CSS және MySQL технологиялары қолданылды. Жобаның негізгі ерекшелігі — жасанды интеллект элементтері арқылы оқу барысын жеке даралау және автоматтандыру.
Ақпараттық жүйе білім алушыларға ыңғайлы интерфейс пен жеке оқу траекториясын ұсынып, олардың үлгеріміне байланысты бейімделіп отырады. Сонымен қатар, оқытушылар үшін студенттердің белсенділігі мен жетістіктерін бақылауға арналған құралдар қарастырылған.
Жасанды интеллект көмегімен білім беру сапасы мен тиімділігін арттыруға, сонымен қатар білім алушы мен оқытушы арасындағы байланысты нығайтуға қол жеткізілді. Бұл жоба Қазақстандағы цифрлық білім беру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі бола алады.