Статья:

ДСҰ-ның ҚР экономикасының бәсеке қабілеттілігіне әсері

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №17(153)

Рубрика: Экономика

Выходные данные
Турганбаева Г.Б. ДСҰ-ның ҚР экономикасының бәсеке қабілеттілігіне әсері // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2021. № 17(153). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/153/91552 (дата обращения: 27.12.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ДСҰ-ның ҚР экономикасының бәсеке қабілеттілігіне әсері

Турганбаева Газиза Бауыржанкызы
магистрант, Университет Международного Бизнеса, Казахстан, г. Алматы
Ермекбаева Динара Джасузаковна
научный руководитель, PhD, доцент Университета Международного Бизнеса, Казахстан, г. Алматы

 

Түйін. Мақалада авторлардың Қазақстанның Дүниежүзілік СаудаҰйымына кіруі мен қатысуы мәселесіне қатысты ұстанымы сипатталған. Қазақстан жаһандық экономикада өзінің әлеуетіне сәйкес келетін позицияны алуға тырысады. ҚР тәуелсіздігіне 29 жыл толды. Осы мерзім ішінде республика белгілі бір жетістіктерге қол жеткізді, бұл таңдалған бағыттың дұрыстығын айғақтайды. Осы кезеңде Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымының мүшесі болды. Сонымен қатар, біз Қазақстанның сыртқы сауда және сауда саясаты мәселелері бойынша көптеген маңызды позицияларды қорғадық. Мақалада Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің салдары қарастырылған. Ұзақ мерзімді келешектегі жағымды және жағымсыз жақтары анықталды. ДСҰ-ға кіру жағдайында ұлттық экономиканың даму перспективаларына баға беріледі.

Аннотация. В статье изложена позиция авторов по вопросу присоединения и участия Казахстана во Всемирной торговой организации. Казахстан стремится занять в глобальной экономике положение, адекватное его потенциалу. За 29 лет независимости республика успела достичь определенных успехов, что свидетельствует о правильности выбранного курса. За данный промежуток было осуществлено членство Казахстана в Всемирной торговой организации. При этом, мы отстояли многие важные позиции по вопросам внешней торговли и торговой политики Казахстана. В статье рассматриваются последствия вступления Казахстана в ВТО. Выявлены возможные положительные и отрицательные стороны в долгосроочной перспективе. Дана оценка о перспективах развития национальной экономики в условиях вступения ВТО.

Abstract. The article describes the position of the authors on the issue of accession and participation of Kazakhstan in the World Trade Organization. Kazakhstan seeks to occupy a position in the global economy that is adequate to its potential. For 29 years of independence, the republic has managed to achieve certain successes, which testifies to the correctness of the chosencourse. During this period, Kazakhstan became a member of theWorld Trade Organization. At the same time, we have defended many important positions on the issues of foreign trade and trade policy of Kazakhstan. The article examines the consequences of Kazakhstan's accession to the WTO.  Possible positive and negative sides in the long term are identified. An assessment of the prospects for the development of the national economy in the context of the WTO accession is given.

 

Кілт сөздер: Дүниежүзілік сауда ұйымы, бәсекеқабілеттілік, ұлттық экономика, халықаралық сауда, экспорт, импорт.

Ключевые слова: Всемирная торговая организация, конкурентоспособность; национальная экономика; международная торговля, экспорт, импорт.

Keywords: World Trade Organization, competitiveness; National economy; international trade, export, import.

 

Соңғы уақытта Қазақстан жаһандану бағытында белсенді дамып келеді – біз әлемнің көптеген мемлекеттерімен кең байланыс орната отырып, либералды экономикалық жүйені қалыптастыра отырып, ашық демократиялық қоғам құрып жатырмыз[1].

2015 жылғы 27 шілде Қазақстан үшін тарихи маңызды күн болды. Бұл күні Женева қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы хаттамаға қол қойды. «Біз жаһандық коммуникацияның бір бөлігі болу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Осы мақсатта ірі нарықтарды байланыстыратын стратегиялық дәліздер қалыптасуда. Біздің инфрақұрылымдық жобалар отандық экономика мен халықаралық нарықтардың игілігі үшін бірегей әлеуетті ашуға мүмкіндік береді. Реформалардың тиімді жүзеге асырылуы – сапалы жаңа институционалды ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді» - деп атап өтті мемлекет басшысы[2-8].

Үш жыл өткен соң, Қазақстан ДСҰ мүшелерімен келіссөздер кезінде қабылдаған тарифтеу шарттары орындалатын болады, ЕАЭО аясында тарифті кейінгі унификациялаумен қоса баж салығының деңгейін үйлестіру туралы келіссөздердің жаңа кезеңі басталады.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі отандық өндірушілер үшін үлкен мүмкіншіліктерді туғызды. Аталған оқиға ел экономикасы үшін өте маңызды екенін атап өту керек, өйткені Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының 90%-дан астамы ДСҰ-ға мүше елдермен өзара сауда жүргізуден тұрады. Бұл әсіресе экспортқа бағдарланған отандық кәсіпорындар үшін өте маңызды, өйткені халықаралық нарыққа шығу кезінде бұдан былай ешқандай кедергілер болмайды. Көптеген сарапшылар атап өткендей, елдің ДСҰ-ға мүше болуы халықаралық қоғамдастық үшін Қазақстан өркениетті, көпшілік мақұлдаған сауда ережелерін сақтайтындығын, сауда даулары туындаған жағдайда отандық компаниялар халықаралық механизмдер мен институттарды қолданатындығын көрсететін белгілі бір көрсеткіші болып табылады. Бұл ереже шетелдік және отандық инвестициялар көлемін ұлғайтудың маңызды көрсеткіші болып табылады, бұл өз кезегінде жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді[5].

ДСҰ-ға кіру туралы келіссөздер барысында ауыл шаруашылығын қолдау шарттары мұқият келісілген болатын. Қазақстан ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 8,5% деңгейінде тікелей субсидия түрінде пайдалану құқығын қорғады. ДСҰ басқа елдердегі мүшелері үшін бұл шектеу әлдеқайда төмен екенін айта кету керек, осылайша Ресейде, Украинада, Қырғызстанда, Грузияда ауыл шаруашылығына субсидиялаудың ең көп мөлшері 5% құрайды. Сонымен бірге, ДСҰ ережелеріне сәйкес, ауылшаруашылық субсидияларының 8,5% екі рет берудің теориялық мүмкіндігі бар. Бірінші жағдайда, өнімге сілтеме жасамай, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі құнының 8,5% -на тең мөлшерде (мысалы, су, жанар-жағармай материалдарына субсидиялар, арзан пайыздық мөлшерлемелер). Екінші жағдайда, нақты өнімге қатысты, бұл өнімнің жалпы құнының 8,5% -на тең сома (яғни бидай, ет, сүт жалпы өндірісінің 8,5%).

ДСҰ-ға кіру ауылшаруашылық импорттаушыларының мүмкіндіктерін арттырып, осы саладағы бәсекелестік деңгейін жоғарылатты, өйткені шарттардың бірі тауарлардың кейбір түрлеріне (қозы, жылқы еті, күріш, зәйтүн майы, шоколад және басқалар) импорттық кедендік баж салығын төмендету болды. Отандық кәсіпорындар нарықтағы бәсекелестікке дайын болуы тиіс және ДСҰ мүшелеріне берілген барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылуы тиіс. Сондай-ақ, еліміздегі автомобиль өнеркәсібінде туындайтын өзгерістері де аса маңызды болып табылады. Автокөлік өнеркәсібі – ел экономикасы үшін маңызды аспект. Қазақстан инвесторларға, сонымен қоса автокөлік бөлшек саудасы үшін де, жергілікті өндірісті кеңейту үшін де тартымды нарық болып табылады, өйткені ол жыл сайын өсудің үлкен әлеуетін сақтап келеді. Қазақстанның автокөлік өнеркәсібі – экономиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Елімізде 20-ға жуық автокөлік маркалары шығарылады – бұл жүк көліктері мен жеңіл автомобильдер, автобустар және т.б. Маңызды артықшылығы – отандық өндірушілер өз өнімдерін сапалы авто компоненттермен жабдықтай алатындығы болады[6; 7].

Алайда, Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін автокөліктерге арналған кедендік төлемдер азая бастады. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру кезінде Қазақстанға жаңа автокөліктер импортына салынатын кедендік баж мөлшерлемелері 27,9%-ға тең болды. ДСҰ-ға кіргеннен кейін бұл көрсеткіш бірнеше есеге төмендеп, 13,3%-ды құрады және жыл сайын 0,5–06%-ға төмендейтін болады. Бұл жағдай елдің автоөндіріс нарығына әсер ететіні сөзсіз.Сарапшылар Еуропа елдерінен пайдаланылған автокөліктер ағыны артып, сол арқылы автокөлік нарығында бәсекелестікті арттырады деп есептейді. Отандық автокөлік өндірушілері бәсекеге қабілеттілігін қолдау және нығайту бойынша жаңа және жетілдірілген әдістер қажет болған кезде қиын жағдайға ұшырайды. Үкімет отандық автоөндірушіні қорғау бойынша шаралар кешенін әзірлеуде. Автокөлік саласын қолдау мақсатында салықтық жеңілдіктер қосылып, ескі көліктердің әкелінуіне жол бермейтін басқа да шектеу шаралары қарастырылатын болады[8].

Бұл шаралар кешені отандық автокөлік өндірушілеріне келешекте дамуына және импорттаушылармен бәсеке қабілеттілігін бақылауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы атап өткендей, келіссөздер барысында ел үшін маңызды экономикалық мәселелер бойынша ұстанымдар келісілді. Бұл «қазақстандық қамту» және қаржылық қызметтер мен телекоммуникация нарығының мәселелері болып табылды. ДСҰ-ға кіру отандық кәсіпорындарға көмек көрсетуден бас тартқызбайды, дегенмен мемлекеттік қолдау шаралары халықаралық ережелерге сәйкес келетін болады. Маңызды артықшылығы болып Қазақстанда өндірушілерді қолдау жөніндегі қорғаныс шаралары бірнеше жылға ұзартылу фактісі болып табылады. Республика экономикасының бәсекеге қабілеттілігі төмен салалары үшін мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады. Бес жылға тең демеуқаржы кезеңі ауыл шаруашылығына немесе машина жасауға өз позицияларын жақсартып, бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді[9-12].

Дегенмен, бірқатар ғалым экономисттер арасында  Дүниежүзілік сауда ұйымын кіруден туындайтын оңтайлы әсерлері жөнінде сын пікірлер атйылуда. Атап айтсақ:

Біріншіден, «ұлттық кәсіпорындардың арзан қажетті шикізатқа және қосалқы бөлшектерге, ал қазақстан халқы арзан тауарлар мен қызметттерге қол жеткізеді. Бұл халықтың тұрмысын жоғарлатады». Бұл иллюзия. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірмей тұрып Қазақстан Республикасына арзан қосалқы бөлшектердің кіруіне және шикізат импортына ешқандай кедергі болмаған. Барлығы серіктеске және өнім өндірілетін елге, сонымен қатар, тауар сапасына байланысты. Шынайы шектеулер алдыңғы қатарлы технологияларға бар. Алайда ДСҰ кіру алдыңғы қатарлы технологиялардың келуіне ешқандай кепілдік бермейді. Қандай мемлекет, немесе трансұлттық корпорация  жоғары технологияларды бізге бере отырып өзіне болашақта бәсекелесті туғызады. Дамыған елдер де, трансұлттық корпорациялар да бұл жағдайдың болуына қызығушылық танытпайды[13].

Екіншіден, «ДСҰ Қазақстан Республикасының экспорттық тауарларына әлемдік нарықтарға еркін қол жетемділік береді». Бұл да иллюзия. Қазіргі таңда қазақстандық экспортқа қойылатын ешқандай шектеулер жоқ. Ең алдымен, Төлем балансының мәліметтері бойыншаэкспорттың басым бөлігі шикізаттық тауарларға келеді екен. Кедендік статистика мәліметтері бойынша 2019 жылы экспорттың басым бөлігінминералдық өнімдер құрады . Минералды өнімнің ішінде үлкен үлесті отын-энергетикалықөнімдер құрайды.Отын энергетикалық өнімнің үлесіне қазақстандық экспорттың 61% келеді екен. Сонымен қатар металл және металлдан жасалған бұйымдаға 16,7% келеді екен. Дайын өнімдердің пайыздық үлесі өте аз[14].

Және ушіншіден, «ДСҰ қазақстандық экспортерларды сыртқы нарықта қорғауға мүмкіндің береді». Бұл да қазақстандық экспортқа қарсы антидемпингтік саясатты қозғайтын иллюзиялық пікір деп санаймыз. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерзімінде отандық өндірушілерге қатысты антидемпингтік саясат көп өолданған жоқ. Олар негізінен шектеулі экспортқа шығарылатын тауарларды ғана қамтыды. Оларға болат пен алюмминийдің оксиді кіреді. Бастысы, сол ДСҰ мүше болу біздің экспортерларды антидемпингтік іс-шаралардан қорғамайды. Оған дәлел, АҚШ антидемпингтік саясатты Қазақстан мен қоса, ДСҰ мүше елдерге де қолданды. Мысалы, ЕО, Бразилия, Жапония және т.б. АҚШ антидемпингтік саясатты қолдануы американдық нарыққа келіп жатқан арзан импорттық болатты шектеу және әділетсіз бәсекені тоқтату болып табылды. Тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Алайда ДСҰ қосылудан  туындайтын шынайы ақиқатты да ескеруіміз қажет[15].

Келесі біздің жасайтын амалымыз, Дүние жүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін, сыртқы сауда көрсеткіштері бойынша өзгерістерді талқылап көрейік. Біз өзіміздің талдауымызда 2014-2019 жылдар бойынша мәліметтерді қарастырдық (кесте 1). Кестеге сәйкес сыртқы сауда айналымы 2014 жылы ең жоғары мәнге ие болған екен және 120,8 млрд. АҚШ долларын құраған екен. 2014 жылы экспорт және импорт жоғары көрсеткіштерге ие болып отыр. Соның ішінде сыртқы сауданың негізгі бөлігі сәйкесінше Европа, ТМД, Азия елдеріне тиесілі болған екен. Европа елдерінің ішінде сауданың басым бөлігі Европалық Одақ елдеріне келеді. ТМД елдерінің ішінде Ресей мемлекетін атап кету керек. Біздің негізгі сауда-саттық серіктесіміз Ресей Федерациясы болып табылады. Ресей Федерациясына 2014 жылы 25 млрд. АҚШ доллары шамасында сауда айналымы келіп түскен екен. Азия елдерінің ішінде 2014 жылы сыртқы сауданың негізгі бөлігі Қытай Халық Республикасына (бұдан былай - ҚХР) келген екен.  ҚХР 2014 жылы шамамен 18 млрд. АҚШ долларындай сауда саттық келген екен. Енді жылдар арасында сыртқы сауда көрсеткіштерін талдап көрейік. 2014-2019 жылдарды тлдай отырып сыртқы сауда көрсеткіштері 2014-2016 жылдар аралығында төмендегенін байқаймыз. 2014 жыл сыртқы сауда айналымы 120,8 млрд. АҚШ долларын құраса, 2016 жылы ол не бары 62,1 млрд АҚШ долларын құрады. Біздің пікірімзше сауда саттықтың төмендеуі әлемдік нарықта мұнай және газ бағасының тұрақсыздығымен байланыстыруға болады. Мәселен, 2014 жылы отын-энергетикалық таурлар бүкіл экспортқа шығарылатын тауарлардың 80% пайызын құрады. Дегенмен, біздің пікірімізше Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстанның кіруі, уақыт өте өзінің оңтайлы әсерін тигізе бастады. 2016-2019 жылдар аралығында сыртқы сауда көрсеткіштері өсе бастады. Мәселен, 2019 жылы сыртқы сауда айналымы 97,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Яғни, 2016 жылмен салыстырғанда 57,4% өсті.

Кесте 1.

Қазақстан Республикасының 2014-2019 жж. сыртқы сауда бойынша көрсеткіштер

Көрсеткіштер

2014

2015

2016

2017

2018

2019

Экспорт, мың АҚШ долл.

79 459 858,0

 

45955776,5

 

36 736 906,5

 

48 503260,1

 

61 111 221,4

 

58 065 588,7

 

Импорт, мың АҚШ долл.

41 295 479,9

 

30567754,3

 

25 376 744,5

 

29 599 628,5

 

33 658 519,4

 

39 709 305,9

 

Сыртқы сауда айналымы, мың АҚШ долл.

120755337,9

 

76523530,8

 

62 113 651,0

 

78 102 888,6

 

94 769 740,8

 

97 774 894,6

 

Соның ішінде сыртқы сауда айналымы:

 

СНГ, мың АҚШ долл.

28 599 545,9

 

20 970 333,2

 

17 691 221,0

 

22 430 850,5

 

25 602 226,8

 

27 374 260,5

 

Европа, мың АҚШ долл.

58 170069,2

 

34 215 009,9

 

27 034 681,2

 

33 364 725,2

 

40 846 222,2

 

34 483 612,2

 

Азия, мың АҚШ долл.

29 664 934,1

 

18 234 982,0

 

14 482 151,1

 

19 570 983,3

 

24 872 214,5

 

32 106 948,1

 

Америка, мың АҚШ долл.

3 886 092,0

 

2 811 636,9

 

2 617 341,0

 

2 352 286,9

 

2 826 033,3

 

3 239 773,7

 

Африка, мың АҚШ долл.

335 889,7

 

215 574,8

 

249 618,0

 

353 684,8

 

583 130,2

 

491 835,7

 

Австралия и Океания, мың АҚШ долл.

98 807,0

 

75 993,9

 

38 638,7

 

30 357,8

 

39 913,8

 

78 464,4

 

Ескерту: Кесте [16-20] мәліметтер негізінде жасалған.

 

Қорытындылай келе, Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруінің барлық ықтимал салдарын терең талдау қажет. Бұған Ресейде жасалып келгендей ғалымдар мен мамандарды тарту керек, халықты ДСҰ-дағы келіссөздер барысы мен нәтижелері туралы, туындауы мүмкін мәселелер туралы хабардар ету керек. ДСҰ ережелері әрқайсымызға: тұтынушы мен өндірушіге, экспорттаушы және импорттаушыға тікелей әсер етеді.

Жалпы, ДСҰ мүшелігі отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің артуына және халықтың өмір сүру сапасының артуына әкеледі деп болжауға болады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Что ждет казахстанский автопром после вступления страны в ВТО // Медиа портал «Gazeta.kz» [Электронный ресурс]. – Режим доступа: – URL: http://www.inform.kz/rus/partners/item/30022  
2. Аскаров Т. 20 лет на пути в ВТО: все только начинается? // CentralAsiaMonitor [Электронный ресурс]. – Режим доступа: – URL: http://camonitor.com/16877-20-let-na-puti-v-vto-vse-tolko-nachinaetsya.html
3. КамшибаевР. А., ЗаманбековШ. З., ЗаманбековД. Ш. Членство Казахстана в ВТО и ЕАЭС — важный фактор повышения эффективности использования его стратегического потенциала и конкурентоспособности // Вестник университета Туран. 2016. № 2 (70). С. 9–17.
4. Ошакбаев Р. Членство Казахстана в ВТО – важный сигнал для зарубежных инвесторов // Национальная палата предпринимателей РК «Атамекен» [Электронный ресурс]. – Режим доступа: – URL: http://palata.kz/ru/articles/18803-chlenstvo-kazahstana-v-vto-vazhnyj-signaldlya-zarubezhnyh-investorov  
5. Новости – Казахстан [Электронный ресурс]. – Режим доступа: – URL:http://newskaz.ru/economy/0150714/9141129.html#ixzz3iWqSqIeh  
6. Елдес Д. Зачем Казахстану такой ЕАЭС?! [Электронный ресурс] // Qazaq uni. 2020. 21 мая. URL: https://qazaquni.kz/2020/05/21/146944.html  (датаобращения: 23.03.2021). 
7. Мигранян А.А. Казахстан в ЕАЭС: торгово-экономические эффекты // Вестник Института экономики Российской академии наук. 2019. № 4. С. 134–153. 
8. Додонов В.Ю. Основные факторы интеграционной динамики ЕЭП// Евразийскийэ кономический союз: от идеи к реализации (к 20-летию выступления Президента РК Н.А.Назарбаева в МГУ им. М. В. Ломоносова) / под общ. ред. Б. К. Султанова. Алматы : КИСИ при Президенте РК, 2018. 
9. Об итогах взаимной торговли товарами Евразийского экономического союза. Январь — декабрь 2019 г. Аналитический обзор [Электронный ресурс] // Евразийская экономическая комиссия. URL: http://www.eurasiancommission.org/ru/act/integr_i_makroec/dep_stat/tradestat/analytics/Documents/2020/Analytics_I_201912_180.pdf  (дата обращения: 24.03.2021). 
10. Расширение перечня изъятий Казахстана в рамках ВТО [Электронныйресурс] // Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен». URL: https://atameken.kz/ru/news/34346-rasshirenie-perechnya-iz-yatij-kazahstana-v-ramkah-vto1  (дата обращения: 24.03.2021). 
11. Тайбекулы А. ЕАЭС: взаимная торговля без изменений? [Электронныйресурс] // Капитал, 01.04.2020. URL: https://kapital.kz/economic/85740/yeaes-vzaimnaya-torgovlya-bez-izmeneniy.html  (дата обращения: 02.04.2021). 
12. Тун В., Уржумцева Т.Б. Анализ внешней торговли и ее экономическое влияние на страны Центральной Азии // Евразийская интеграция: экономика, право, политика. 2019. № 4. С. 62–67. 
13. Хусаинов Б.Д., Бахытжанова Ж.М. Казахстан и ВТО: стереотипы и реальность// Экономика: стратегия и практика. 2008. №1.
14. Лаумулин М.Т. Проблемы и противоречия внутри ЕАЭС (на примере Казахстана и Беларуси) [Электронный ресурс] // Международный научный комплекс «Астана». URL: https://isca.kz/ru/analytics-ru/2244  (датаобращения: 01.04.2021). 
15. Mukhamediyev B.M., Temerbulatova Zh.S., Ilyashova G.K. The Effect of Eurasian Economic Union on Trade of Kazakhstan: Impact Evaluation Using the Synthetic Control Method // Экономика: стратегия и практика. 2020. № 2. С. 55–64.
16. Внешняя торговля Республики Казахстан за 2011–2019 гг. / Статистический  сборник (на казах.и рус. яз.). Агентство Республики Казахстан по статистике. 176 с.;