Статья:

Лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №18(154)

Рубрика: Филология

Выходные данные
Өтеулинова А.Б. Лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2021. № 18(154). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/154/92582 (дата обращения: 25.04.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

Лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері

Өтеулинова Аңсаған Бақыткелдіқызы
магистрант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚР, Алматы қ.
Берікбай Сағындықұлы
научный руководитель,

 

Тіл білімінде сөз мағынасын түрлі аспектіден топтау қалыптасқан. Мысалы, өткен ғасырдың жартысында сөздің мағынасын семантикалық тұрғыдан топтастыру негізге алынған болатын. Яғни, сөздерді туыстық, тұрмыстық мағыналарына, адамзат, жануарға қатыстылығына, адамдардың мәдени, шаруашылық өмірлеріне байланысты семантикалық топтастыру – мағыналық типтерді анықтауға негіз болған.

Қазақ тіл білімінде сөз мағынасын топтастыруда В.В.Виноградовдың бөлінісі басшылыққа алынып келеді. Ол сөзді мағынасына қарай тура, номинативті мағына; фразеологиялық байлаулы мағына және синтаксистік шартты мағына деп үш типке жіктеген болатын [1, 9 б.]. Осыны негізге ала отырып,  І.Кеңесбаев пен Ғ.Ғ.Мұсабаев сөз мағынасын негізгі мағына, тұрақты мағына, сөздің конкретті(нақты) мағынасы, сөздің көпмағыналылығы және оның контекстік мағынасы, абстакті, тура, және ауыспалы мағынасы, сондай-ақ сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы деп жіктейді [4, 35 б.].

Профессор Ғ.Қалиев және Ә.Болғанбаев сөз мағынасын сөздердің шығу тегіне, пайда болуына, тарихына, бір-бірімен тіркесе алу қабілетіне, өмірдегі түрлі құбылыстар мен заттарды білдіруіне байланысты топтастыра келе, мынадай мағыналық түрлерге жіктейді:  ссөздің атауыштық мағынасы(тура мағынасы), сөздің ауыспалы мағынасы, нақты және дерексіз мағынасы, сөздің түпкі мағынасы, сөздің байлаулы мағынасы, сөздің кәсіби(терминдік) және бейтарап мағынасы. Авторлардың сөз мағынасын семантикалық топтарға жіктеуінде бұдан басқа да түрлері бар. Оны олар өз еңбектерінде  ашып айтқан болатын [3, 75 б.].

Бұл мағыналардан басқа тіл біліміндегі ғалымдар сөз мағынасын денотаттық мағына және сигнификаттық мағына деп екіге жіктейді. Олардың арасындағы айырмашылық ретінде денотаттық мағынаны нақты, сөздіктегі тура мағына деп атаса, сигнификаттық мағынаны санамен, түйсікпен байланысқан, белгілі-бір заттың қоршаған ортамен байланысқа түскенегі, адам санасында қабылданған түсінік ретінегі мағынасы сипатталады. Оларға қатысты орыс жіне қазақ тіл білімінде бірақ зерттеулер жүргізілген, сондықтан қазір денотаттық және сигнификаттық мағынаның жалпы ұлттық ерекшеліктерге байланыстылығына тоқталып көрейік.

Қазақ тіліндегі денотаттық және сигнификаттық мағыналардың рөлінің тіл тарихында зор екендігін аударматану мәселесінен көруге болады. Себебі қазақ сөзінің бойынан ұлттық кодты байқаймыз. Барлық сөздің бойындағы денотаттық мағына мен сигнификаттық мағына барлық тілде бірдей бола бермейді. Әрине, дүниедегі заттар бірдей, олардың түр-түсі, қызметі ұқсас болғанмен, ір халықтың тұрмыс-тіршілігі, дүниені қабылдау, көзқарасы тұрғысындағы қызметі әр түрлі. Кейде бір ұлтты бар бір зат басқа ұлтта болмауы мүмкінМына мысалға назар аударып көрейік:

Э.М.Ремарктың «Три товарища» романындағы екі басты кейіпкер Пат Хольман мен Роберт Локомптың қысқаша диалогы бар. Оны қазақ тліне былайша аударуға болады.

- Ал, не қалайтыныңды айт, шай әле кофе?

- Кофе, жай ғана кофе, Пат. Мен ауыл баласымын ғой. Ал сен ше?

- Мен де сені қолдап кофе ішейін.

- Ал сен негізі шай ішетін бе едің?

- Иә.

- Өзім де солай ойлап едім.

- Бірақ мен де кофеге үйреніп келе жатырмын. Кофеге бәліш қалайсың ба? Әлде тоқаш па?

- Екеуі де, Пат. Ал сосын мен шай да ішемін.

Оқырман үшін бұл диалог бас кейіпкер мен қыз арасындағы жай ғана әңгіме болуы мүмкін. Себебі, шай мен кофені жай ғана  сусын ретінде қабылдауы мүмкін. Ал шын мәнінде бұл диалогтағы шай мен кофе сол кездегі неміс қоғамынының белгілі-бір әлеуметтік жағдайын көрсеткен. Кофені қарапайым адамдар ішетін болса, шай – қоғамдағы жоғары  қатардағы адамдар ішетін сусын болған. Егер романдағы оқып отырған адамның санасында осы халық, оның айтылған сусындар жайлы ақпарат болмаса, онда оның бұл диалогқа мән бермеуі заңдылық. Ал егер оның білімі болса, оған бұл жердегі әңгіме түсінікті болар еді. Осы ситуацияны тіл білімі ғылымында ғалымдар мынадай анықтама берген:

М.В.Никитин денотаттық және сигнификаттық мағынаны жалқылық пен жалпылыққа қатысты анықтайды: «Пікір алысуда сөздер(имя) жеке зат туралы пікір білдірсе, біз оны денотаттық мағына деп атаймыз. Ал пікір білдіруде сөз жалпылық ойды білдірсе, біз оны сигнификаттық мағына деп атаймыз» [5, 69 б.] дейді. Осы пікірден біз сигнификаттық мағынаның жеке ұлтқа, ұлтты менталдық ерекшеліктеріне байланысты екенін байқауға болады. Денотат бәріне ортақ: шай – жапырақ,  су қосып қайнатудан пайда болған сусын, ал сигнификат оның дәмі, түрі, түсі ғана емес, сондай-ақ адамның санасында қалыптасқан осы сусын туралы ойы.

Екі тілдің денотаттық жне сигнификаттық мағыналары барлық жағдайда бірдей бола бермейді. Мысалы Ә.Нұрпейісовтың «Қан мер тер» трилогиясын алайық. Оны орыс тіліне Юрий Казаков деген жазушы аударған, бірақ ұсынған аудармасын сәтті деп бағалау қиын. Оның бірнеше себебі болуы  мүмкін. Аудармашының тілді жетік білмеуі, немесе оның тілінің жайдақыңы, ссондай-ақ, ең басты себептердің бірі – екі тілдік ұғымындағы сигнификаттық мағыналардың бір-бірімен сәйкес келмеуі. Өйткені әрбір халықтың өз түсінігі, өз ұғымдары болады. Ол сол халықтың тұрмыс-тіршілігіне, өмір сүру ерекшелігіне, мәдениеті, дүниеге көзқарасына байланысты болады. Мысалы, күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздерде ұлттық код болады, ал оларды басқа халық мүлде түсінбеуі немесе басқаша тәпсірлеуі мүмкін. Мысалы, сәукеле, алаша, құман т.б. Қазір осы сөздерді мысалға келтіріп, олардың денотаттық және сигнификаттық мағыналарын табуға тырысып көрейік:

«Табақ:

Денотаттық мағынасы: дөңгелек жайпақ ыдыстың бір түрі.

Сигнификаттық мағынасы: пәскен ет, т.б тамақтарды салатын, металдан не ағаштан неше түрлі етіп безендіріп жасалатын зат. Сөздікте бұл сөзге байланысты мынадай тіркестер бар:

Табақ тартар – күйеу ігітке төс алып ұсынылған табаққа сый беру кәдесі; Табақ тартты – табаққа ет салып әкелді» [2, 254 б.].

Әрбір табиғи тіл ақиқат дүниені өзінше қабылдайды. Сөйтіп  сөйлеушілердің барлығына ортақ түсінік қалыптастырады.

Осылайша тілдік ұжымның танымдық санасында мағыналар кеңістігі, яғни қоршаған орта туралы  бекітілген дәстүрлі білімдер түрі пайда болады.

 

Әдебиеттер тізімі:
1. Қалиев Б., Жылқыбаева А. Сөз мағыналарының негіздері.  – Алматы, 2002.
2. Қазақ сөздігі. Қазақ тілінің біртомдық түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2013.
3. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І-бөлім. – Алматы: Қазақ университеті, 2003.
4. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы: Рауан, 1991.
5. Хасанов Ғ. Лексикалық мағына. – Орал, 2005.