Статья:

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихының ғылыми зерттеулері

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №24(75)

Рубрика: Филология

Выходные данные
Базылева А.С. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихының ғылыми зерттеулері // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2019. № 24(75). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/75/55868 (дата обращения: 23.12.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихының ғылыми зерттеулері

Базылева Алина Сергеевна
студент, Иннвационный Евразийский Университет, Казахстан, Павлодар

 

Аннотация. Кeз-кeлгeн xaлықтың ұлттық pуxани мәдeниeтi мeн таpиxындa тілдік қазына мeн сөздік қордың айрықша opын aлaтыны бeлгiлi. Ұзақ мерзімді тарихи үдерістер нәтижесінде қалыптасып, материалдық және рухани құндылықтарды бейнелеуші және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ата мұрасы ретіндегі сөздік қордың өзгеру тарихы назар аударатын өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

 

Зерттелген мәліметтерге қарай түркі тілдері жазуы таңбалы (руникалық) жазу немесе табылған аймақтарына байланысты «Орхон-Енисей» жазуы деп аталып келеді. Бұл да әріп жазуына жатады. «Орхон-Енисей» және түркі жазуы – қазақ жазуының алғашқы түрі. Сол жазумен жеткен ескерткіштердің түркі туыстас халықтардың ру-тайпа кезінде бір орталыққа бағынған, жазу-сызу мәдениеті ортақ, тіршілік тұрмыс жағдайы ортақ замандағы жазба мұралары, олардың қазақ халқына тікелей қатысы бар көне мұралар.

Көне түркі ру-тайпалары руникалық жазудың заңды жалғасы ретінде көне ұйғыр әліпбиін қолданды. Бұл жөнінде әр ру-тайпалық топтар бұл жазуды VIII-XIII ғ.ғ қолданған, ұйғыр әліпбиінің шығуына «Манихей» әліпбиі, соғды/орта парсы/жазуы/графикасы негіз болады деген көзқарас бар. Ұйғыр жазуы дегенде қазіргі ұйғырлардың жазуы деген ұғым емес, сол кездегі «Тоғыз оғыз» /ұйғыр/ немесе «тоғыз тайпалық ұйғыр» деген ұғымында түсінген жоқ. Манихей әліпбиі жазуы – Орта Азия, Шығыс Түркістан аймақтарын мекендеген түркі тайпаларына кең тараған жазу. Сол жазу арқылы соғды, қытай, тибет тілдерінен әр түрлі мазмұндағы дінге, құдайға жалбарыну дұғалары, заң құжаттары, жылнамалар, діни ішірткі т.б. ата түркі тілдеріне аударылған. Ұйғыр жазуын XIY-XY ғасырларда атақты Ақсақ Темір, оның қол астындағылар, Алтын Орда хандығы да пайдаланғандығы туралы деректер бар. Бұл жөнінде академик Қ.И.Сатбаев тау-тас қойнауынан тапқан жазбалар арқылы көп мағлұмат берген болатын.

Сол сияқты X ғасыр Ю. Баласағұнның «Құтадғу біліг» (Құтты, бақытты болу жолындағы білім) дастанының ұйғыр вариантымен жетуінің де, «Алмай Ярух» (Алтын жарық) атты дидактикалық шығармасының да тілдік мән-мағынасы зор. Бұлардың оқылуына, зерттелуіне еңбек сіңірген А.Вамберидің, В.В.Радловтың, В.Томсеннің т.б. есімдерімен, еңбектерімен танысудың орны бөлек.

XI ғасырда арабтардың Орта Азия, Қазақстан жеріне келуіне байланысты бұл жерлерді мекендеген халықтар өмір талабына орай араб жазуына көше бастады. Бұл сияқты қоғам тарихында болып жатқан өзгерістер тілге де өзіндік әсерін тигізбей қоймады, халықтардың жазу мәдениетіне де елеулі өзгерістер енгізді. Олар (өзгерістер) халқымыздың тілі, әдебиеті, жазба мәдениеті бұлағының әріде, түп негізі тереңде жатқандығынан хабар береді. Туған халқымыздың ттүркі туыстас халықтармен өзектес, тағдырлас, тарихи даму жолының тектес екендігін түсіндіреді. Тілдік қоғаммен тығыз байланысты еенін, тіл тарихы, қала берді адамзаттың бастан кешірген тарих екендігіне көз жеркіземіз.

Бұл жазумен жеткен деректер «Құтадғу біліг» - 1069 ж. (дастаны) шамамен XII-XIII ғ. көшірілген делініп жүр). Махмұт Қашқаридың XI ғ. жазуы деп жүрген «Дивани луғати ат-түрік» сөздігі (түркі тілдеріне қатысты арабша жазылған атақты 3 томдық-тарихи сөздігі), XII-XIY ғ.ғ. араб графикасымен жазылған түркі халықтарының көне ескерткіштері – Ахмед Югнакидің «Хабат алхақаиқ» («Ақиқаттар тартуы»), Рабғұзидың «Қиса ал-анбия» («Әулие-әнбиелер қиссасы») еңбектері. Бұлар тілі жағынан V-VIII, XI ғ.ғ. жататын ескерткіштердің жалғасы болып есептеледі.

Олардың тілін зерттеу (XII-XIYғ.) бір ғана тілдің емес, бүкіл түркологияның алдында тұрған күрделі, ортақ міндет екенін профессор А.К. Боровков айтып кеткен болатын. Себебі, бұл көне түркі ескерткіштері – түркі тектес халықтардың ерте кездегі ортақ мұрасы. Сондықтан да Орта Азия халықтарының, қазақтардың қазіргі әдеби тілі мен сөйлеу тілінің арасында байланыс бола тұра, елеулі айырмашылықтар да бар. Ол түптей келгенде, сонау көне дәуірден келе жатқан «кітаби тіл» (жазба тіл) мен «шағатай» әдеби тілі (орта түркі) бір-бірінің жалғасы екенін дұрыс түсінуді қажет етеді. Тіпті сонау ру-тайпа тілі, халық тілі, ұлт тілі, сөйлеу тілі, жазба тілі, әдеби тіл деген ұғымдарды дұрыс түсінудің негізгі соларда жатқандығын аңғартады.

Бұл ретте белгілі түркологтар С.К.Малов, В.В.Радлов, А.Н.Самойлович, А.К. Боровков, А.М.Щербак т.б., қазақ түркологтары Ә.Құрысжанұлы, Ғ.Айдаров, А.С.Аманжолов, Қ.Өмірәлиев т.б. зерттеулеріне көңіл аудару қажет.

Түркі туыстас тілдердің көне мұралары біздің заманымызға ескі латын (гот) жазуымен де жеткен. Олай болса, қазақ халқының мәдени дамуына, тілін дамытуда латын жазуы да белгілі дәрежеде қызмет еткен. Бұл жазумен жеткен ірі ескерткіштің бірі – XIY ғасыр ескерткіші болып саналатын «Кодекс Куманикус» (Kodekus Kumanikus). Ескерткіштің атауы Кумандардың заңы деген ұғымды береді. Кумандар, половецтер деп сол кезде түркі халықтарын (қыпшақтарды) атаған. Олай болса, көне жазба мәдениетімізді уағыздауда көне латын (гот) жазуын оқып-үйренудің, ескерткішке тілдік талдау жасаудың мәні зор. Араб және латын алфавиттері Кеңес дәуірінің алғашқы кезінде жаппай сауаттандыру ісін жолға қоюда, мәдениетіміз бен әдебиетімізді, тілімізді дамытуда зор роль атқарады.

Жабайы аңдардың, адамдардың, табиғи құбылыстардың т.б. тасқа қашалған бейнелері пиктографиялық және оның дами түскен түрі – идеографиялық жазулар граматикалық жағынан бөлінбейтін, өнер мен жазудың бір болғандығын дәләдейтін көне заман фактілері. Қазақстан жерінен де табылған бұл жазу үлгілері кезінде әр ру-тайпаның өзіндік белгісі – таңбасы ретінде қолданған.

Бұл таңбалы-руникалық «құпия» жазуларды зерттеудің, іздеп-табудың тудырған қиындықтары, қолданған кезі мен олардың зерттелуінің арасындағы мезгілдік алшақтықтар, дәуірлерге бөлу туралы ой-пікірлер өз алдына мәселе. Көне түркі жазулары жеткізген құралдар әр түрлі формадағы тастар, үңгір қаьбырғалары, ағаш қабықтары, үй бұйымдары, әшекнй заттар, тақтайшалар, саздан жасалған ыдыс-аяқтар, құмыралар т.б. екенін олардың әр түрлі кең аймақтан  табылғандығын білудің де тарихи мәні бар.

Таңбалы жазу текстері, жеке үлгілері тек қана Қазақстан не Орта Азия жерлерінен ғана емес, басқа шет аймақтарыннан да табылуының сыры тереңде жатыр. Тіпті Қиыр Шығыс, Венгрия, Сібір, Оңтүстік аймақтар аралығын былай қойғанда, Франция, Австралия, Америка (Индеецтері) жерлерінен табылуыныңсыры неде?

Осы сұраққа жауап беруде, кең аймаққа жайылған руникалық (таңбалы) жазу алфавитінің пайда болуы жөнінде көзқарасьар алуан түрлі.

Бұл әр ғасырлардағы жазудың жай-күйінен, табвылымдары мен алфавиттердің пайда болу тарихынан хабар беретін ой-пікірлердің иелерімен (Ю.Немет, В.Томсен, Н.Аристов, А.Дж.Эмре, Я.Батманов,Ю.Клапорт, И.Мелиоранский, С.Е.Малов, А.Наджив т.б. қазақ түркологтарының еңбектерімен), алда тұрған міндеттер туралы әр жылдары ұйымдастырылған түркологиялық конференция материалдарымен (шешімдермен) нақты танысуды қажет етеді.

Қорыта келгенде, тілдік қазына мен сөздік қор біздің жыл санауымызға дейін көп жылдар бұрын пайда болған, әр ру-тайпа, әр тілде сөйлейтін халықтар өз қажетіне лайықтап қолданғанын білудің мәні зор.

В.В.Радлов (1911ж.) айтқандай, түркі тілдерінің (XIII-XYIғ.ғ.) даму дәрежесін танытатын материалдар өте көп, бірақ оны тілдік тұрғыдан жан-жақты зерттеу қажырлылықты талап етеді. Бұл тұрғыда 1976 жылы Алматыда өткізілген Түркологиялық конференция материалдары да зерттеушілердің тілдік фактілерді қайталайтындықтарын, санаулы ғана есімдер мен етістіктерді, морфологиялық формаларды (көрсеткіштерді), сөз тіркестерін бір-бірінен көшіріп келгендігін айтқаны болатын.

 

Әдебиеттер тізімі:
1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы : Ана тілі, 1998. - 304б. 
2. Жанпейісова С. Е. Қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасы (қазақ ақын- жазушыларының шығармалары бойынша) //Канд. дисс. автореф. – Алматы. 1996. – 48 бет. 
3. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. –Москва: Наука, 1966. – 180 стр. 
4. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –Алматы: Сөздік-Словарь, 1998. -304 б.