Статья:

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІН АЙҚЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН АСТАРЫ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №41(177)

Рубрика: Науки о Земле

Выходные данные
Қасымбекова А.С. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІН АЙҚЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН АСТАРЫ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2021. № 41(177). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/177/102486 (дата обращения: 26.12.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІН АЙҚЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН АСТАРЫ

Қасымбекова Айнамкөз Сырымқызы
студент, Астана халықаралық университеті ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы
Исалиева Аксамал Маратовна
научный руководитель, Ph.D, Астана Халықаралық университетінің доценті, ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы

 

Аннотация. Бұл мақалада Каспий теңізін бөлу жөніндегі қабылданған Конвенция туралы айтылады.Сонымен қатар, Каспий теңізінің мәртебесіне қатысты тарихи, дипломатиялық және саяси құжаттар мен деректер қарастырылып, осы мәселеге мүдделі мемлекеттер арасындағы пікір алмасудың негізгі бағыттары мен оларды шешу жолдары ашып көрсетіледі.

 

Түйінді сөздер:  экологиялық жағдай; конвенция; теңіз құқығы.

 

Каспий – еліміздің батыс өңіріндегі әлем шаруашылығында аса маңызды орын алатын ірі әрі тұйық су алабы. Сонымен қатар қойнауы қазынаға толы десек, ағат айқанымыз емес. Сұранысқа ие қымбат балықтарды да, жер-асты байлықтарын да, тіпті өсімдіктердің де, ең керемет шоғырланған жері осы Каспий. Осынша байлықты біле-тұра, заңнан аттайтын адамдардың да тыныш жатпасы бесенеден белгілі. Бүгінгі күнде теңіздің тартылып бара жатқаны, экологиялық нашар жағдайы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда бәрінің санасында бір ғана қорқыныш, “Каспий теңізі де Арал теңізінің күйін кешеме?” деген сауал туындайды. Жоқ әрине, әсте олай емес.

Каспий теңізі өсімдіктер мен жануарлар әлеміне асқан бай. Алайда өкінішке орай, қазіргі уақытта оның экологиялық жағдайы жақ­сарудың орнына керісінше болып барады. Оның себептеріне мұнай-газ өндіру жұмыстарын жатқыза аламыз. Бағасы көлемді балықтың түрлерін заңсыз аулау сияқты т.б қисапсыз әрекеттер екені, айтпаса да түсінікті. Осы үшін де Каспий теңізінің жағалауында орналасқан бес мемлекеттің бірінің астанасы Мәскеуде үлкен жиын өтті. Ондағы өзекті мәселе теңіздің қазіргі жағдайы, оны қорғау болып табылды [1].

Конвенция дегеніміз – барлық жағдайды қамтамасыз ететін басты құжат. Онда Каспий теңізіне байланысты әр жақты құқықтары мен негізгі міндет-мақсаттары анықталған. Конвенцияда сол аумақтың суынан бастап, аспан әлеміне дейін кіреді. Келісім шартта еліміздің аймағына байланысты шекаралар, тәуелсіздік билігі, жер қойнауындағы байлықтарды пайдалану сынды өзекті мәселелерде қарастырылған.

1994 жылы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы, Каспий теңізінің құқығы туралы міндеттемелерін айқындайтын Конвенция жобасын ұсынған. Ол жоба бойынша Қазақстанның ресми биліктері теңіздің келер уақыттағы болашақ мәртебесі туралы көзқарастарын білдіре отырып, оны теңіз ретінде қарастырды. Сонымен қатар табиғи ресурстарын: теңіз қойнауында жатқан байлықтарды пайдалану, жағалаудағы мемлекеттердің құзыретіне бағынды. Дәл осы тұста Қазақстан, Каспий теңізін жағалай орналасқан мемлекеттердің байлықтарды пайдалану жолындағы құқықтарын қорғаумен қатар экологияны бұзбауға шақырды. Бүгінгі күні Каспий теңізінің құқығын анықтау жолындағы құжаттарды дайындау туралы көптеген келісімшарттар жасалған. Айта кететін болсақ, келісімде теңіздің экологиялық жағдайы мен қауіп қатерден сақтауды қамти отырып, түрлі кемелер байланысын дамыту тәртібі қолға алынған [2].

Қазақстанның Каспийдің құқықтық мәртебесіне байланысты ұстанымы Каспийге Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы туралы айтылған 1982 жылдың міндеттеме құжаттарында, теңіздің көп бөліктері мен жан-жағына байланысты жеке ережелерді қолдану керек деп тапты. Каспийдің құқықтық атағын айқындауда тек теңіз жағалауындағы қоныстанған мемлекеттер үшін ғана емес, барша әлем бойынша географиялық саясат үшін де тарихи және саяси елеулілікке ие болды. 20- ғасырдың аяғы мен  21 ғасырдың бас жағында, Кеңес Үкіметі ыдырағаннан кейін ғана Каспий шекараларын және беделін анықтау тартысты, күнтізбедегі кезексіз қозғалатын әңгімеге айналды [3].

2020 - 2030 жылдарда Қазақстанның сыртқы саясат өкілдері тұшымдаған 4.6 – бабы бойынша әртүрлі пікір қалыптасып,  Каспийдің сыртқы саясатқа маңыздылардың бірі екені айқын суреттелді.  Бұдан бөлек, 2017 жылы 29 қыркүйекте қабылданған Қазақстан Республикасының Әскери жиналысында, Каспийдің құрлығындағы қайраң елдердің құқықтарын қорғауға көп көмегін 2017 жылы 29 қыркүйекте қабылданған Қазақстан Республикасының Әскери жиналысында, Каспийдің тигізетін себебін де атап өтті. Каспий теңізін қолдану мен бөліп тастау, түрлі байлықтарын бар жағдайын пайдалану проблемалары негізінде жасалатын келісімдер аумағында, теңіз жағалауындағы елдердің көзқарастарында көптеген әртүрлі пікірлер пайда болды. Сол себепті, Каспийдің барша халықтық құқығының лауазымы тұрғызысындағы сан алуан пікірлерді барынша біріктірудегі Каспий жағасындағы мемлекеттерінің дипломаттары, мықты мамандарының сараптамалық ізденістерін атап өтпеуге болмас [4].

Қабылданған конвенция бойынша Каспий теңізі бес елдің ішіне өзара бөлінген. Ал біздің еліміз соның жиырма тоғыз пайызына иелік етеді. Және айта кеткен бес мемлекет өз меншігіндегі аумақтарда шикізат барлап қана қоймай, өндіре де алады. Бірақ ол үшін барлық ортақтасқан мемлекеттердің бір ауыздан қолданған шешімі керек. Осы тұрғыдан экологиялық талаптарға да баса назар аударылатын болады. Теңіз аумағында басқа еш қатыссыз мемлекеттердің теңіз әскери шебінің тұруына қатаң тиым салынып, бұл шешімді Ресей үкіметі мықтап қолдады [5].

2018 жылдың 12 тамызында бес елдің – Әзірбайжан, Иран, Ресей, Қазақстан және Түркіменстанның басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды.

Ол конвенция тараптарында Каспий теңізінде егемендік, егемендік және айрықша құқықтарды жүзеге асыратыны туралы, сондай-ақ юрисдикцияны жүзеге асыратыны туралы  белгіленеді. Бұл құжатқа сәйкес, Каспий су бетінің негізгі ауданы тараптардың ортақ пайдалануында қалады, ал түбі мен қойнауын халықаралық құқық негізінде олардың арасындағы келісім бойынша көршілес мемлекеттер учаскелерге бөледі.

Конвенцияда оған қол қойған тараптар бойынша халықаралық терроризмге және оны қаржыландыруға, қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына, браконьерлікке қарсы іс-қимыл жасау, мигранттарды  теңіз арқылы заңсыз әкелінуіне, сондай-ақ Каспий теңізіндегі өзге де қылмыстардың алдын алуы мақсатында өзара іс-қимыл жасайтыны атап көрсетіледі [6].

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы шешім, сонау жиырмасыншы ғасырдың соңынан бері талқыланып, өз шешімін тауып келеді. Бес мемлекетке ортақ болған Каспий теңізі, заң жүзінде баршамызға ортақ. Осы тұрғыда оның Арал теңізі сияқты тартылып қалуының алдын алу, және заңсыз түрде теңіз тіршілік иелерін аулаушы алаяқтардан қорғау, экологиясын сақтап қалу, басты міндеттеріміздің бірі де бірігейі. “Тәртіпке бағынған – құл болмайды” деген Бауыржан Момышұлы атамыздың дана сөзі қазіргі жағдайдың шынайы дәлелі іспеттес.

Заңды темірдей тәртіп деп есептесек, бес мемлекетті соған бағынушы деп есептейміз. Соның арқасында еш ұрыс-даусыз, бейбіт түрде бір құдықтан су ішіп келеміз десем артық етпес, сірә...

 

Әдебиеттер тізімі:
1. Садыкова Дамежан Əділханқызы // Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары: Оқу құралы.– Алматы, 2020. – Б.27.
2. Каспий Конвенциясы – Қазақ дипломатиясының жеңісі https://www.elana.kz/kaspij-konvencziyasy-qazaq-diplomati/
3. Каспий конвенциясы. 20 жылға созылған келіссөз туралы https://abai.kz/post/85078
4. Халықаралық теңіз құқығы // Т.Қ.Ерджанов Халықаралық жария құқық: Оқу құралы.– Алматы, 2006. – Б.631.
5. Аманжолова З.А. Правовой статус Каспия: значение Актауской конвенции // https://e-cis.info/news/566/74047/
6. Конвенция о правовом статусе Каспийского моря https://ria.ru/20191001/1559318075.html