Статья:

ҚАЗАҚСТАН КОВИД 19 ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖАСАУ ҮРДІСІНІҢ МЕМЛЕКЕТ АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ӘСЕРІ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №42(178)

Рубрика: Медицина и фармацевтика

Выходные данные
Ербол Н. ҚАЗАҚСТАН КОВИД 19 ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖАСАУ ҮРДІСІНІҢ МЕМЛЕКЕТ АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ӘСЕРІ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2021. № 42(178). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/178/102595 (дата обращения: 26.12.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ҚАЗАҚСТАН КОВИД 19 ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖАСАУ ҮРДІСІНІҢ МЕМЛЕКЕТ АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ӘСЕРІ

Ербол Нұршуақ
студент, Astana International University ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы
Исалиева Аксамал Маратовна
научный руководитель,

 

Кіріспе. Вирусты жұқтырған адамдардың көпшілігі жеңіл және орташа ауырлықтағы респираторлық ауруды бастан кешіреді және арнайы емдеуді қажет етпестен сауығып кетеді. Дегенмен, кейбіреулері қатты ауырып, медициналық көмекке мұқтаж болады. Егде жастағы адамдарда және жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті, созылмалы респираторлық аурулар немесе қатерлі ісік сияқты негізгі медициналық жағдайы бар адамдарда ауыр ауруға шалдығу ықтималдығы жоғары. Кез келген адам COVID-19-мен ауырып, кез келген жаста ауыр науқастануы немесе өлуі мүмкін. Жұқтырудың алдын алудың және бәсеңдетудің ең жақсы жолы - ауру және вирустың таралуы туралы жақсы хабардар болу.

 

Кілтті терминдер: респитор,микробиология,вакцина,ЕҮАК, ТМД, ЕАЭО,паспорт,фармацевтика, эпидемиология.

 

1) Covid 19 індетінің шығу тарихы

2019 жылдың желтоқсан айының ортасында Қытайдың Ухань қаласында басталған өткір респираторлық синдромы коронавирусты-жұқтырудан туындаған ауру бүкіл елге және әлемнің көптеген елдеріне таралды [1].

Ал The Sun басылымы Қытайдағы вирус ең алдымен жергілікті деликатес - жарқанаттан жасалған сорпадан тараған болуы мүмкін деген мәлімет келтірген. Себебі Қытайдың ғылыми бюллетенінде келтірілген зерттеу бойынша, адамдардан анықталған вирус пен жарқанаттың ортақ белгісі көп болған деп болжам жасаған [2]. COVID-19 пандемиясының проблемасы қазіргі уақытта ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Мемлекеттер инфекцияның таралуын бақылау үшін түрлі шаралар қолдануда,бірақ көрініп тұрғанымыздай,оны толық тоқтату үшін халықаралық ынтымақтастық қажет [3].

2) Алғаш екпенің Қазақстанға әкелінуі

Коронавирусқа қарсы вакцинация 2021 жылғы 1 ақпанда басталды. Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені шығаратын ресейлік «Спутник V» вакцинациясы.

Sputnik V - коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған әлемде тіркелген алғашқы вакцина. Ол Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Николай Федорович Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығында жасалып шығарылған. Вакцина екі компонентті, ол адамның аденовирус векторы негізінде әзірленген. Қазақстанда ресейлік вакцина Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінде шығарылады. Жаппай вакцинация 2021 жылдың наурыз айында басталды [4].

Қазақстандық вакцина QazCovid-in деп аталады. Бұл инактивті вакцина, ол 2020 жылдың мамыр айында жасалған.

Қазақстан – «Спутник V» екпесін мақұлдаған 27-ел [5].   

Еуразиялық үкіметаралық (ЕҮАК) отырысы қорытындысы бойынша COVID-19 пандемиясы жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі ЕАЭО шараларын қоса алғанда, бірқатар шешімдер, тапсырмалар және өкімдер қабылданды. Құжат тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласында өкілетті органдардың өзара іс-қимылын күшейтуді, кедендік рәсімдерді жеңілдетуді, үшінші елдерге аса маңызды тауарлардың экспортына бірыңғай уақытша шектеулер енгізуді, сауданы және қолма-қол ақшасыз төлемдерді цифрландыруды ынталандыруды, вирусқа қарсы препараттар мен вакциналар жасау, олардың жаппай өндірісін жолға қою жөніндегі бірлескен іс-шараларды және басқа да шараларды қарастырады [6].

3) Екпе түрлерін алмасудағы мемлекеттер арасындағы байланыс.

Қазір Pfizer/BioNTech (АҚШ/Германия), Moderna (АҚШ), Oxford/AstraZeneca (Ұлыбритания) және ресейлік "Спутник V" вакцинасы бірнеше елде ресми тіркелген. Төрт екпе де екі дозадан салынуы тиіс.

Pfizer/BioNTech екпесінің тиімділігі 95 пайыз деп хабарланды. Екінші дозаны 21 күннен соң салу керек. Вакцинаны -70 градуста сақтау керек. Бұл – екпенің ең үлкен минусы. Pfizer/BioNTech екпесін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.

Moderna вакцинасының тиімділігі 95 пайыз деп жарияланды. Екінші дозаны 28 күннен соң салу қажет. Екпені -20 градуста 6 апта сақтауға болады.

Oxford/AstraZeneca вакцинасының тиімділігі 62-90 пайыз деп жарияланды. Екінші дозаны 4-12 аптаның ішінде салу қажет. Екпені қолданыстағы тоңазытқышта, 2-8 градус салқында сақтау керек.

"Спутник V" вакцинасының тиімділігі 92 пайыз деп хабарланды. Екінші дозаны 21 күннен соң салу қажет. Екпені тоңазытқышта сақтауға болады [7].

"Күрделі кезеңде ТМД елдері бір-біріне қолдау білдіріп, ынтымақтастық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Бұл жерде Ресейдің рөлі ерекше.Біздің елдер коронавирусқа қарсы күресте жақсы тәжірибе жинақтады. Соның ішінде вакцина жасау ісінде ілгерлеу бар. Тек жалпыхалықтық иммундау ғана жағдайды тұрақтандырып, азаматтарымыздың денсаулығын қорғай алатыны анық", - деді Тоқаев ТМД елдері басшыларының онлайн кеңесінде [8].

Қазақстан 13 елдің вакцина паспортын мойындады. Олардың қатарында - Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Армения, Беларусь, Молдова, Сан-Марино, Қырғызстан, Монғолия, Таиланд, Түркия және Эстония бар.

Қазіргі таңда Қытай – Қазақстан арасындағы адам өтетін бекеттер толық жабылды. Сонымен қатар, Қытайдан келген және басқа елдер арқылы Қазақстанға келген қытайлық азаматтар міндетті түрде 14 күн карантиннен өтетін болды [9].

Жақында ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері ­Жандарбек Бекшин Қазақстан азаматтарына індет асқынған елдерге қазірше бармау жөнінде үндеу жасады. Атап айтқанда, әлемде коронавирусқа байланысты жағдай күнде өзгеріп тұрғанын алға тартқан ол қазір ҚХР-да жағдай тұрақтанғандай көрінгенмен, басқа елдердегі жағдайдың күрделеніп бара жатқанын жеткізді.

Юрий Ким молекулярлық вирусология саласын зерттеуші:

Қазақстан әуелде пандемияға уақытылы әрі тиімді реакция білдірді. Бірақ [әлеуметтік] жәрдемақы тым аз болды. Карантинді ұзағырақ уақытқа созуға болар еді. Одан бөлек, коронавирус туралы жалған ақпараттың тарауын тоқтату керек. Жеткілікті тест жасалып жатқан жоқ.

Мәселенің көбі адамдардың іс-әрекетімен, халықтың үкіметке сенбейтінімен және пандемияға жете мән беріп қарамауымен байланысты деп ойлаймын. Көбі коронавирус барына сенбеді, әлеуметтік қашықтық сақтамады, енді қазір осының зардабын тартып жатырмыз. Бұл мені таңғалдырды әрі көңілімді қалдырды: көпшілік үшін жасы 60-тан асқан адамдарды вирустан қорғау маңызды болар деп ойлаған едім.

Инфекцияға қарсы тиімді күрес жүргізуде қай елдің үлгісін ерекше атап өтуге болады?

Юрий Ким: Маған технологиялық мүмкіндігі шектеулі Вьетнам ұнайды: билік елде екі-үш науқас тіркелген қаңтар айында бірден карантин жариялап, шектеу шаралары мамыр айының ортасына дейін жалғасты. Науқаспен қарым-қатынаста болғандарды мұқият қадағалауға алып, жалған ақпаратқа қарсы қатаң әрі тиімді күрес жүргізді.

Нәтижесінде елде коронавирус жұқтырған 400 науқас анықталды, бірақ бір де бір өлім тіркелген жоқ. Бұл 95 миллион халқы бар елдің жағдайы. Эпидемиологиялық қауіпке уақытылы әрі барынша агрессивті реакция білдіру осындай нәтиже берді [10].

Иммунолог-дәрігер Рафаиль Розенсонның айтуы бойынша:

Вакцинаның барлық түрі пайдалы, бірақ оған парасатпен қарау керек. Қазір бізде екі таңдау бар. Адам екпе алған кезде қауіп барын да жоққа шығаруға болмайды. "Спутник V" екпесін салдырғанда қауіп бары рас, бірақ ондай қатер 500 мың жағдайдың тек біреуінде кездесуі ықтимал. Ал екпе алмаған әр 30 адамның біреуі жансақтау бөліміне түсіп, қайтыс болуы да мүмкін [11].

Жалпы, вакциналарды бір­дей деуге болады. Екеуі де – инактивтелген вакцина. Олар­дың құрамында SARS-CoV-2 вирусының өлтірілген штамы бар. Құрамы да, адъю­вант­тарының, белсенді зат­та­рының болуы да бірдей. Жалғыз айыр­машылығы – қазақстандық вак­цинаның сақтау мерзімі 6 ай болса, қытай вакцинасын 12 ай сақтауға болады. Екі вакцинаның техникалық детальдарында да болмашы айырмашылық бар. Ал көрсетілімі, қарсы көр­сетілімі бірдей деуге болады. Тиімділігіне қатысты айтар бол­сақ, отандық ғалымдардың мә­лімдемелеріне сәйкес, қазақ­стандық вакцинаның тиімділігі 90 пайызды құрайды. Дегенмен қытайлық вакцинаның тиімділігі де осы шамада — деді медицина ғы­лымдарының докторы Ләззат Ералиева [12].

Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек:

Қазақстанда: егілген дозаның жалпы саны 16.7 млн

Вакцинаны толық алған адамдар саны:8.04 млн

Вакцинаны толық алғандар (%): 42.9%

Ал, Ресейде: егілген дозаның жалпы саны 125млн

Вакцинаны толық алған адам саны: 56 млн

Вакцинаны толық алғандар (%): 38.8%

Бұл індет әлемге түбегейлі өзгеріс әкелді. Ғылым жағынан болсын, медицина жағынан болсын. Әлемдегі халық тұрғындары жеке гигиенаны сақтауға, ара қашықтық сақтауға аса сақтықпен қарай бастады. Денсаулықтың қадірін түсініп, әр адам бағалай бастады. Басында сенбеген көпшілік адамдар бұл індетке шалдығып өмірден өтіп жатты. Уақыт өте келе бәрі жауапкершілікпен қарауға үйренді. Қашықтықтан жұмыс жасауға бейімделді. Білім алу, жиналыстар өткізу, шара ұйымдастыру қашықтықтан басқарылды. Әлем елдерінде қауіпсіздік ережелері қатаң түрде сақтала басталады. Алғаш вакцина пайда болып мемлекеттер арасына келісім шарттар жүргізілді. Көптеген зерттеулер нәтижесінде бұл вакцина оң шешімін тауып халық назарына ұсынылды. Кейін келе әр мемлекет жеке вакцина түрін ойлап тапты. Әрине бірінші кезекте оны анықтап тәжірибеден өткізу кейін барып халыққа пайдалануға, мемлекеттер арасына қарым—қатынас орнатуға бағытталды.

Алдағы уақытта бұл індетті жеңіп шығып баяғыша тыныш өмірге орамаламыз деп сенемін.

 

Қолданылған әдебиеттер мен ақпараттар тізімі: 
1. Jiatong She, Lanqin Liu, Wenjun Liu COVID‐19 epidemic: disease characteristics in children
https://scholar.google.ru/scholar?hl=ru&as_sdt=0%2C5&q=History+of+the+Covid+19+epidemic&btnG=#d=gs_qabs&u=қорытындысынk0X1nAQJ
2. "Жарқанат сорпасы немесе жылан". Мамандар коронавирустың неден жұғатынын атады https://www.google.com/amp/s/tengrinews.kz/world_news/jarkanat-sorpasyi-nemese-jyilan-mamandar-koronavirustyin- 
3. Дарья Сергеевна Жеребятьева, Галина Сергеевна Сабельникова МЕЖДУНАРОДНОЕ СОТРУДНИЧЕСТВО ГОСУДАРСТВ В УСЛОВИЯХ ПАНДЕМИИ COVID-19 https://scholar.google.ru/scholar?hl=ru&as_sdt=0%2C5&q=%D0%92%D0%B7%D0%B0%D0%B8%D0%BC%D0%BE%D1%81%D0%B2%D1%8F%D0%B7%D1%8C+%D0%BC%D0%B5%D0%B6%D0%B4%D1%83+%D0%B2%D0%B0%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D0%BC%D0%B8+%D0%BF%D1%80%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%B2+%D0%BA%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D1%80%D1%83%D1%81%D0%B0+%D0%BC%D0%B5%D0%B6%D0%B4%D1%83+%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BC%D0%B8&btnG=#d=gs_qabs&u=%23p%3DZh7A0u2RsOYJ
4. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация /egov.kz/cms/kk/articles/health_care/Vakcinaciya-protiv-koronavirusnoy-infekcii-
5. КРИСТИНА ФОЛТЫНОВА «Спутник V»: Ресейдің қайшылыққа толы Covid вакцинасы https://www.azattyq.org/a/sputnik-v-vaccine/31145713.html
6. Пандемия кезіндегі Еуразиялық одақ елдерінің экономикасы — бейнеконференция байланысы режиміндегі ЕҮАК алғашқы отырысы қалай өтті
https://primeminister.kz/kz/news/reviews/pandemiya-kezindegi-euraziyalyk-odak-elderinin-ekonomikasy-beynekonferenciya-baylanysy-rezhimindegi-eak-algashky-otyrysy-kalay-otti-103523 
7. Айнара Байжан COVID-19: Вакцинациялауға қатысты өзекті сұрақтар мен оларға жауап
https://strategy2050.kz/news/covid-19-vaktsinatsiyalau-a-atysty-zekti-s-ra-tar-men-olar-a-zhauap/
8. Тоқаев вакциналау паспортын өзара мойындау мәселесін екінші мәрте көтерді
mp/s/sputnik.kz/amp/politics/20211015/18422371/Tokaev-TMD-vaktsina-pasporty.html
9. Қалиакбар Үсемханұлы Коронавируселімізге және әлемге қалай әсер етуде?
https://www.astana-akshamy.kz/koronavirus/
10. "Мәнсіз көзбояушылыққа ұқсайды". Қазақстандағы пандемияға АҚШ-тан көзқарас https://www.google.com/amp/s/www.azattyq.org/amp/virusologist-from-kazakhstan-yuri-kim-interview-about-pandemia-covid-19/30697746.html 
11. "Екпе алмаса, қауіп көп. Басқа амалымыз жоқ". Иммунолог вакцинаның пайдасы мен "чиптеу" жайлы не айтты? https://www.google.com/amp/s/www.azattyq.org/amp/kazakhstan-about-the-inevitability-and-benefits-of-vaccination-interview-with-rozenson/31336592.html 
12. Hayat-Vax қандай вакцина?https://egemen.kz/article/274291-hayat-vax-qanday-vaktsina 
13. Coronavirus disease (COVID-19) https://www.who.int/health-topics/coronavirus#tab=tab_1