№9 ХҚЕС (IFRS) ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КРЕДИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №17(196)
Рубрика: Экономика
Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №17(196)
№9 ХҚЕС (IFRS) ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КРЕДИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Аңдатпа. Мақалада күшіне енген, №9 “Қаржылық құралдар" халықаралық қаржылық есептілік стандартын (IFRS) кредиттік ұйымның қаржылық активтерін есепке алу бөлігінде іс жүзінде қолдану тәсілдері қаралды. Бұл мақала кәсіпорынның жаңа стандартты қолдануындағы пайда болатын тұжырымдары мен ұғымдарын анықтаудың теория деңгейінен талдау арқылы, қаржылық құрал анықтамасы мен оны басқару әдістерін сипаттауға бағытталған.
Түйін сөздер: Қаржылық құрал, үлестік құрал, ақша ағындары, SPPI-тесті, күтілетін несие шығындарының моделі, тиімді пайыздық мөлшерлеме, қаржылық көрсеткіштер, қаржылық актив.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап банктер №9 "Қаржы құралдары" Халықаралық қаржылық есептілік стандартының талаптарын (бұдан әрі - ХҚЕС (IFRS) 9) бухгалтерлік есептілік бойынша қолдануға міндетті. ҚЕХС (IFRS) 9 бухгалтерлік есеп ережелерін айтарлықтай өзгертті, атап айтқанда: қаржы құралдарының жаңа жіктемесі енгізілді, күтілетін несие шығындарының моделі пайда болды. 9 ҚЕХС (IFRS) 39 ҚЕХС (IAS) орнына келді, ол кредиттік ұйымдардың есептілігін жасауда бұдан былай қолданылмайды. Осы жұмыста қаржылық активтер үшін 9 ХҚЕС (IFRS) негізгі ережелері қаралатын болады.
Сонымен, халықаралық стандарттарға сәйкес, қаржылық актив - бұл:
- ақша қаражатымен;
- үлестік құралмен;
- ақша қаражатын алудың шарттық құқығымен;
- есеп айырысуды меншікті үлестік құралдарды беру жолымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін келісімшарт [1].
Қаржылық активтер, бизнес-модель және ақша ағындары тесті (SPPI-тест) негізінде үш санатқа бөлінеді. Қаржы активтерінің негізгі сипаттамалары 1-кестеде келтірілген.
1 кесте
Қаржылық активтерді жіктеу
Категория |
Бизнес-модельге тест |
SPPI тесті (ақша ағындары тесті) |
Мысал |
AMC (амортизацияланған құн бойынша) |
Шартта көзделген ақша қаражатын алу үшін қаржылық активтерді ұстау |
Төлемдер тек негізгі борыш пен пайыздың сомасы есебіндегі төлемдер болып табылады |
Кредиттер, дебиторлық берешек, борыштық бағалы қағаздар |
FVOCI (әділ құн бойынша, өзге жиынтық пайда арқылы) |
Шартта көзделген ақша қаражатын алу, қаржылық активтерді сату |
Төлемдер тек негізгі борыш пен пайыздың сомасы есебіндегі төлемдер болып табылады |
Басқа активтер |
FVTPL (әділ құн бойынша, пайда және зиян арқылы) |
Жоғарыда қарастырылмаған жағдайлар |
Туынды қаржылық активтер |
Алғашқыда барлық қаржылық активтер әділ құн бойынша бағаланады. Әрі қарай бағалау бизнес-модель тесті және SPPI тесті негізінде жасалады. Кестеден көріп отырғанымыздай, несиелер амортизацияланған құн бойынша бағаланады, сондықтан шартта қарастырылған ақша ағындары тек қарыз бен пайыздардың негізгі сомасын төлеуді білдіреді, ал шарттың жалғыз мақсаты-қарастырылған ақша ағындарын алу. Осыдан, қаржылық активтерді оның ішінде классикалық несиелерді есепке алудың негізгі үлгісі амортизацияланған шығындар есебінің моделі болып табылады деген қорытынды жасауға болады.
ҚЕХС (IFRS) 9-да күтілетін несиелік шығындардың моделі қарастырылған, ол өзінің мәні бойынша үш сатылы болып табылады. Осылайша, несие ұйымы бухгалтерлік есепте несиелер бойынша мүмкін болатын шығындар резервінен басқа, сондай-ақ тиісті қаржылық актив бойынша күтілетін несиелік шығындарды да мойындауы керек. 9-ХҚЕС (IFRS) А қосымшасында несиелік шығындар келесідей анықталған: несие беруші алуы күтілетін барлық ақша ағындары мен несие беруші алуын күтетін, тиімді пайыздық мөлшерлемемен дисконтталған (ТПМ) ақша ағындарының арасындағы айырмашылық (немесе несиелік тәуекелі үшін нақтыланған ТПМ) [1] .
Күтілетін несиелік шығынды есептеу кезінде енді банктер макроэкономикалық компоненттерді, ағымдағы жағдайды, төлемеу ықтималдығын, сондай-ақ дефолт жағдайындағы шығындардың үлесін ескеруі керек [2] . Жалпы алғанда, күтілетін несиелік шығындарды анықтау формуласы келесідей:
ECL = LGD * PD * EAD
мұндағы ECL - несиенің белгілі бір кезеңіндегі дефолт туындағанына байланысты болатын ақша қаражаты тапшылғының келтірілген құны (бұл көрсеткішті қаржылық активтің бүткіл мерзіміне де, келесі 12 айға да есептеуге болады);
EAD - есепті күнге қарыз сомасы;
РD - дефолт ықтималдығы;
LGD - дефолт кезіндегі шығын деңгейі.
Стандартқа сәйкес амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер 3 санатқа бөлінеді:жұмыс істейтіндер (1 кезең); кредиттік тәуекел деңгейі жоғары активтер (2-кезең); кредиттік-құнсызданған активтер (3-кезең). Бірінші кезеңде қаржылық активтің кредиттік тәуекелі бастапқы танылған сәттен бастап елеулі ұлғайған жоқ. Екінші кезеңге, есепті жылдағы кредиттік сапасы едәуір нашарлаған активтер жатады. 3-кезеңде қаржылық актив құнсызданған. Осы кезеңдегі активтер үшін кредиттік үйымдар есептіліктегі таза пайыздық табысты көрсету мақсатында, пайыздық табысты, шығындарға арналған бағалау резервіне түзету қажет. Несиелік ұйым несиелік шығындарды жеке және портфельдік негізде бағалай алады. Сондай-ақ қаржылық активтерді жеке бағалау үшін қажетті ақпарат жеткіліксіз болған кезде ұжымдық негізде бағалануы мүмкін.
Қаржылық активтерді біріктіру әр түрлі өлшемдерге негізделуі мүмкін. 9 ХҚЕС-ының B.5.5.5-тармағына сәйкес несиелік тәуекелдің айтарлықтай өсуі уақтылы анықталуы үшін, ұйым талдауды жеңілдету мақсатында несиелік тәуекелдің жалпы сипаттамаларына негізделген қаржы құралдарын топтастыра алады. Несиелік тәуекелдің жалпы сипаттамаларының мысалдары мыналарды қамтуы мүмкін:
- құрал түрі;
- кредиттік тәуекел рейтингі;
- қамтамасыз ету түрі;
- бастапқы тану күні;
- өтелгенге дейінгі қалған мерзім;
- саласы;
- қарыз алушының географиялық орналасқан жері;
- қаржылық активке қатысты қамтамасыз ету құны, егер ол дефолттың туындау ықтималдығына әсер етсе.
9 ХҚЕС (ІFRS) көшу кезіндегі кредиттік ұйымдарда туындайтын негізгі проблема - бағалау резервтерін есептеудің қажетті әдістемесін таңдау, өйткені стандарт оны есептеудің нақты әдістерін анықтамайды. Сонымен, несие ұйымдарының көпшілігі дефолт деңгейін есептеу үшін қажетті ақпаратты жинамайды. Сондай-ақ, банктер күтілетін несие шығындарын есептеу үшін жаңа модельдер әзірлеуге мәжбүр болады. Бұл тұжырымдар Манчестер қалалық Университеті Бизнес мектебінің директоры Г. Холтттың: ХҚЕС (ІFRS) 9 қолдану кредиттік ұйымдар үшін елеулі қиындықтар туғызады, - деген сөзімен айқындалады [3].
ХҚЕС қолдану жөніндегі Бесінші Халықаралық Зерттеуге сәйкес, көптеген банктер несие тәуекелдері бойынша 9 ХҚЕС (IFRS) жаңа ережелерін енгізу нәтижесінде несиелік резервтің мөлшері барлық актив сыныптары үшін 50% -ға дейін артады деп санайды. Осылайша, 9 ХҚЕС (IFRS) күшіне енуі несиелік ұйымдарға айтарлықтай өзгерістер әкелді. Күтілетін несиелік шығындарды бағалау үшін банктер тек ағымдағы деректерді ғана емес, макроэкономикалық факторларды ескере отырып болжамды деректерді де бағалауы керек болғандықтан, несиелік ұйымның барлық бөлімшелерінің өзара тығыз байланысы қажет.