Статья:

АСҚАЗАН АУРУЛАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАТТЫ КАПСУЛАЛАРДЫ ШЫҒАРАТЫН ӨНДІРІСТІ ЖОБАЛАУ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №15(282)

Рубрика: Медицина и фармацевтика

Выходные данные
Чапай Н.Қ. АСҚАЗАН АУРУЛАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАТТЫ КАПСУЛАЛАРДЫ ШЫҒАРАТЫН ӨНДІРІСТІ ЖОБАЛАУ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2024. № 15(282). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/282/147433 (дата обращения: 24.12.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

АСҚАЗАН АУРУЛАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАТТЫ КАПСУЛАЛАРДЫ ШЫҒАРАТЫН ӨНДІРІСТІ ЖОБАЛАУ

Чапай Нұршат Қазыбекұлы
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы студенті, ҚР, Шымкент
Арыстанбаев Құттыбек Есенгелдіұлы
научный руководитель, Ғылыми жетекшісі ФӨТ каф. меңгерушісі, т.ғ.к., қау-н профессор, Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, ҚР, Шымкент

 

Аннотация. Мақалада асқазан ауруларна қарсы қолданылатын қатты капсулаларды шығаратын өндіріс туралы жазылған. Қазіргі таңда адамдардың тұрмыс салты өзгеруінің әсерінен олардың күнделікті тұтынатын тамақ рационы да өзгеріп жатыр. Көбінесе құнарлы тағамдардың орнына жылдам дайындалатын көше тағамдарын тұтынуға тура келеді немесе күнделікті тамақ тұтыну мерзімі бұзылады. Осының әсерінен асқазан жарасы, гастрит, он екі елі ішектің жаралары қазіргі таңда өршіп тұр. Одан бөлек отандық өндірісте асқазан ауруларына қарсы ДДТ өндірісі отандық фармацевтикалық индустрияны толық қамтымағандықтан шетелдік өнімдерді тұтынамыз. Бұл жоба  осы мәселелерді шешудің бір жолы деп есептеуге болады. Жоба тақырыбы қазіргі таңда өзектілікке ие. Құрамында әсер етуші зат омепразол болатын, қатты капсула өндірісінің тиімді жолы және технологиялық сызбасы көрсетілген.

 

Кілт сөздер: Омепразол, түйіршіктер, пленкалы қабықша, асқазан жарасы.

 

Кіріспе. Асқазан ауруларын емдеу қолданылып жатқан әдістерді үнемі жетілдіру талап ететін күрделі медициналық проблема болып табылады.  Соңғы онжылдықтарда қатты капсулалар дәрілік заттарды асқазан-ішек жолына жеткізудің маңызды әдістерінің біріне айналды. Дәл дозалауды, қолданудың қарапайымдылығын және белсенді ингредиенттердің жоғары биожетімділігін қамтамасыз етеді.  Бұл мақалада қатты капсула өндірісін жобалаудың негізгі аспектілері, сондай-ақ оларды асқазан ауруларында қолдану қарастырылады. Осыған байланысты ҚР фармацевтикалық нарығын зерттеу, талдау қатты капсулалар  бойынша біз ҚР ДЗ мемлекеттік тізілімі бойынша қатты капсулалар нарығына шолу жасауды мақсат етіп қойдық.

Негізгі бөлім. Қатты капсулалар екі цилиндрлі бөліктен тұрады: жартылай сфералы негіздегі денеден және дәл сол өлшемдегі бірақ қысқа қақпақшадаг тұрады. Қабықшаның ішкі диаметрі негізгі дененің сыртқы диаметрімен шамалас. Қаттылыққа ие болу және қалыптау технолргиялық циклінен кейін екі бөлікті дәнекерлегенде толтыруға арналған стандартты контейнер пайда болады. [1]

Өндірісте омепразол, маннитол, натрий гидрофосфаты, кальций карбонаты, натрий лаурил сульфаты, лактоза қант шырынымен араластыру арқылы түйіршіктер алынады. Технологиялық процестер кезінде түзілген түйіршіктерді пленкалы қабықшамен қаптауға арналған суспензиялы ерітінді дайыындалады. Метаакрил қышқылы мен этил акрилат 1:1 сополимері, гипромеллоза, диэтилфталат, пропиленгликоль, цетил спирті, натрий гидроксиді, тальк, титан диоксиді қоспасын 1:3 қатынасында 90% этанолда еріту арқылы пленкалы қабықша түзетін суспензиялы ерітінді дайындалады. Дайын болған түйіршіктерді пленкалы қабықпен қаптап, артық этанолдан аластатамыз. Төменде 1-суретте өндірістің технологиялық сызбасы көрсетілген.[2]

 

Сурет 1. Өндірістің технологиялық сызбасы

 

Әсер етуші заты омепразол болатын қатты капсулалар негізінен пленкалы қабықшамен оралған пеллеттермен толтырылатын. Бұл өндіріс пеллет дайындаудың орнына ұнтақты массадан түйіршіктер жасау арқылы дайындалады. Түйіршіктер дайындау технологиясы пеллеттер дайындау технологиясынан технологиялық жағынан тиімді болып келеді. [3]

Қорытынды. Қорыта келе бұл өндіріс Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығына асақазан ауруларына қарсы қолданылатын қатты капсула өндірісінің тиімді жобасы болып есептеледі. Және болашақта шет нарықтан емес, отандық нарықта дайындалған қатты капсулалармен қамтамасыз етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық
2. Электронный ресурс https://ppt-online.org/906560
3. Электронный ресурс https://present5.com/kapsulalar-1-%D3%99r-t%D2%AFrlim%D3%A9lsherdegi-d%D3%99rilik-zattardy-salu%D2%93a/