Статья:

ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЛІМ-ЖІТІМНІҢ АЙМАҚТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ: СТАТИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №9(318)

Рубрика: Медицина и фармацевтика

Выходные данные
Өнерқызы Т. ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЛІМ-ЖІТІМНІҢ АЙМАҚТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ: СТАТИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2025. № 9(318). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/318/159831 (дата обращения: 17.05.2025).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЛІМ-ЖІТІМНІҢ АЙМАҚТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ: СТАТИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Өнерқызы Талшын
студенті, Астана медицина университеті, КеАҚ, Қазақстан, Астана
Байгенжеева Раушан Кужатовна
научный руководитель, Ғылыми жетекші, магистрі, клиникалық эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы, денсаулық сақтау, Астана медицина университеті, Қазақстан, Астана

 

Тақырыбы: Жаңа туған нәрестелер арасындағы өлім-жітімнің аймақтық көрсеткіштері: статистикалық талдау және алдын алу жолдары

Кіріспе: Нәрестелер өлім-жітімі – елдегі денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін және әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейін сипаттайтын маңызды көрсеткіш. Оның деңгейі жоғары болуы босану мен жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін ауруханаішілік көмектің сапасына, медициналық инфрақұрылымның дамуына және тұрғындардың жалпы өмір сүру жағдайына тікелей байланысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, перинаталдық және неонаталдық өлім-жітімді азайту үшін жоғары деңгейде ұйымдастырылған медициналық іс-шаралар ,тиімді скрининг бағдарламалары және шұғыл акушерлік көмекті жетілдіру керек.Қазақстанда нәрестелер өлім-жітімі бойынша аймақтық айырмашылықтардың болуы бұл мәселені кеңінен зерттеуді қажет етеді. Зерттеудің мақсаты – 2022-2023 жылдар аралығындағы Қазақстандағы нәрестелер өлім-жітімінің статистикалық көрсеткіштерін өңірлік деңгейде салыстыру және осы мәселенің алдын алу бойынша тиімді шараларды ұсыну.

Өзектілігі: Қазіргі таңда нәрестелер өлім-жітімі – тек медициналық тұрғыдан ғана емес,ол демографиялық және әлеуметтік маңызды мәселенің біріне айналып отыр.БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарына сәйкес, әрбір елде 1000 тірі туған нәрестеге шаққандағы өлім-жітім 12-ден аспауы тиіс. Қазақстанда бұл көрсеткіш 2023 жылы 6,9‰ болғанымен, кейбір аймақтарда анағұрлым жоғары деңгей тіркелген.Дереккөздерге сүйенсек ,жаңа туған нәрестелердің шетінеу себептерінің арасында шала туылу, туа біткен даму ақаулары, асфиксия, перинаталдық инфекциялар және босану кезіндегі асқынулар жиі кездеседі.Сонымен қатар, нәрестелердің өмір сүру мүмкіндігі босану жағдайларына, реанимациялық көмектің сапасына және мамандардың біліктілігіне тәуелді. Дамыған елдерде нәрестелерді күту стандарттарын енгізу өлім-жітім көрсеткішін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берген. Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі көрсеткіштердің айырмашылығы денсаулық сақтау саласындағы теңсіздіктермен, кадр тапшылығымен, медициналық қызмет сапасының әртүрлі деңгейімен және әлеуметтік жағдайлармен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан нәрестелер өлім-жітімін азайту үшін нақты аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жан-жақты шаралар қабылдау қажет.

Материалдар мен әдістер:Зерттеу материалы ретінде Қазақстанның 2022-2023 жылдардағы ресми статистикалық деректері пайдаланылды.Талдау барысында әр облыстағы өлім-жітім деңгейі талданып, көрсеткіштердің өзгеру динамикасы анықталды.

Зерттеу нәтижелері мен оларды талдау: Қазақстанда 2022-2023 жылдары нәресте өлім-жітімі 1000 тірі және өлі туған нәрестеге шаққанда 7.5‰ деңгейінде өзгеріссіз қалды. Алайда, өңірлер арасында айырмашылықтар байқалды.Өлі туған нәрестелер саны кейбір аймақтарда төмендеді. Мысалы, Ұлытау облысында 2022 жылы 13.8‰ болса, 2023 жылы 11.8‰-ке азайды. Жетісу (9.2‰ → 7.5‰) және Түркістан (9.8‰ → 8.5‰) облыстарында да оң өзгеріс болды. Керісінше, Қостанайда көрсеткіш 7.4‰-тен 10.0‰-ке дейін өсіп, өлі туған нәрестелер саны артты.0-6 тәулікте қайтыс болған нәрестелер саны бойынша Қостанайда 2022 жылы 10.0‰ болса, 2023 жылы 13.0‰-ке дейін жоғарылады. Жетісуда керісінше, 12.6‰-ден 10.5‰-ке төмендеді. Ең жоғары көрсеткіш Ұлытау облысында тіркеліп, екі жыл қатарынан 17.8‰ деңгейінде қалды.1000 тірі туған нәрестеге шаққандағы ерте неонаталдық өлім-жітім Қостанай және Қызылорда облыстарында 3.0‰-ден 3.2‰-ке дейін өсті, ал Павлодарда 3.6‰ деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Қорытынды: Зерттеу нәтижелері Қазақстанда нәрестелер өлім-жітімінің өңірлер арасында біркелкі таралмағанын көрсетті. Көрсеткіштердің жоғары болуы босану қызметтерін ұйымдастырудағы айырмашылықтарға, жаңа туған нәрестелерге жасалатын күтім сапасына, медициналық инфрақұрылым деңгейіне ,кадр тапшылығына және әлеуметтік факторларға тәуелді.Сондықтан нәрестелер өлім-жітімін азайту үшін нақты аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жан-жақты шаралар қабылдау қажет.Мысалы,жүкті әйелдерді бақылауды күшейту:қауіп топтарын ерте анықтап, арнайы бақылауға алу.Жаңа туған нәрестелерге арналған күтім сапасын жақсарту: Акушерлік және неонатологиялық бөлімшелерді заманауи құралдармен жабдықтау.Шалғай аймақтарда медициналық қызмет сапасын арттыру: Ауылдық жерлерде телемедицина мүмкіндіктерін кеңейту, тәжірибелі мамандарды тарту.Алдын алу бағдарламаларын жетілдіру: Перинаталдық инфекциялардың алдын алу, ана мен бала денсаулығына бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын күшейту.Кадр тапшылығын жою: Акушер-гинекологтар мен неонатологтарды даярлау және олардың өңірлерде тең бөлінуін қамтамасыз ету. Зерттеу нәтижелері Қазақстанда нәрестелер өлім-жітімін төмендету үшін өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, кешенді шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді.

 

Әдебиеттер тізімі:
1. Электрондық ресурс https://translated.turbopages.org/proxy_u/en-kk.ru.296b81fa-67d05119-5bd89582-74722d776562/https/en.wikipedia.org/wiki/Infant_mortality