Статья:

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕГІ СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖИІЛІГІ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №9(318)

Рубрика: Медицина и фармацевтика

Выходные данные
Сенбі А.А., Шарипбаева А.П. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕГІ СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖИІЛІГІ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2025. № 9(318). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/325/159836 (дата обращения: 13.04.2025).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕГІ СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖИІЛІГІ

Сенбі Аружан Абайқызы
студенті, Астана медицина университеті, Қазақстан, Астана
Шарипбаева Азиза Полатовна
студенті, Астана медицина университеті, Қазақстан, Астана
Байгенжеева Раушан Кужатовна
научный руководитель, Ғылыми жетекші, магистрі, клиникалық эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы, денсаулық сақтау, Астана медицина университеті, Қазақстан, Астана

 

Тақырыбы: Батыс Қазақстан өңіріндегі сүт безі обырының таралу жиілігі.

 

Кіріспе: Елімізде сүт безінің қатерлі ісігі әйелдер арасында ең жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі болып саналады. Жыл сайын елімізде шамамен 4000-нан~5000-ға дейін жаңа жағдайлар тіркеледі.Сүт безі қатерлі ісігінің даму себептері өте көп. Сүт безі қатерлі ісігінің даму қәупін арттыратын факторларға жүктілік пен босану тарихының болмауы,темекі шегу, баланы емізбеу,ерте етеккірдің басталуы, кеш менопауза,және отбасылық онкологиялық аурулардың болуы жатады.

Жұмыстың өзектілігі:

Әлемдік статистика бойынша, әрбір сегіз әйелдің біреуі сүт безі қатерлі ісігіне шалдығуы ықтимал. Қазақстанда да сүт безі қатерлі ісігінің таралу деңгейі белең алып тұр, жыл сайын мыңдаған әйелдер осы диагнозбен елімізде тіркеледі. Бұл мәселе денсаулық сақтау саласына зор жүктеме салуда.Сүт безі қатерлі ісігінен жоғарғы көрсеткішті көрсетіп тұрған елдер де бар.Мысалы, АҚШ-та сүт безі қатерлі ісігінің таралуы - 100 мың әйелге шаққанда 91 жағдайды құрайды. Ал, Қазақстанда 2014—жылғы ақпараттарға сәйкес,бұл ауру барлық қатерлі ісіктердің - 21%-ын құраған. Зерттеудің өзектілігі, сүт безі қатерлі ісігінің ерте кезеңде анықталуындағы қиындықтар мен оның  уақытылы емделмеген жағдайында аурудың асқыну қәуіптерін төмендетуге бағытталады. Қазіргі таңда сүт безі қатерлі ісігін ерте кезеңде анықтайтын заманауи диагностикалық әдістер жеткілікті деңгейде енгізілмеген, бұл аурудың кеш анықталуына әкеліп соғады. Ерте диагностика мен алдын-алу шараларының арқасында науқастардың өмір сүру деңгейі айтарлықтай жақсарады.

Жұмыстың негізгі мақсаты:

Батыс Қазақстан өңіріндегі сүт безі қатерлі ісігінен зардап шегетін әйелдердің жалпы саны және аурудың алдын алу іс-шаралары бойынша сараптама жүргізу.

Зерттеу материалдары мен әдістері:

Батыс Қазақстан өңірі әйелдері тұрғындары арасында сүт безі қатерлі ісігінің таралу жиілігіне арналған скрининг көрсеткіштерінің статистикалық жинақтары. Бұл көрсеткіштер 100 - мың тұрғынға есептелген.

Зерттеу нәтижелері мен оларды талдау: Скрининг нәтижелеріне орай, Батыс Қазақстан өңірінде сүт безі қатерлі ісігінің 100 - мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіштер жыл сайын өзгеріп отырады.Мысалы, Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан өңірінде 2022—жылы 100 - мың адамға шаққандағы сүт безі қатерлі ісігінен өлім-жітім деңгейі - 5,7% құраса, ал 2023—жылғы өлім-жітім көрсеткіші - 6,2% құрап отыр. Яғни бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда, сүт безі қатерлі ісігінің - 0,5%-ға өскенін көрсетеді.Халық санына осы шамаларды жуықтайтын болсақ, 2022—ші жылы - 5 700 әйел,ал 2023—жылы - 6 200 әйел, сүт безі қатерлі ісігінен зардап шеккенін айқын байқаймыз.

Қорытынды:

Еліміздегі сүт безі қатерлі ісігін зерттеу мен оның алдын-алу бойынша жүргізілген статистикалық мәліметтер көрсеткендей, бұл ауру елімізде кең таралған онкологиялық аурудың бірегейі болып тұр. Әр жыл сайын мыңдаған әйел осы аурумен күресіп, соның салдарынан қаза болып жатыр. Ал сүт безі қатерлі ісігіне уақытында диагностика жасау мен ерте анықтаудың маңызы ерекше. Скринингтік бағдарламалар мен мамография сияқты әдістердің тиімділігін көрсеткен көптеген зерттеулер, сүт безі қатерлі ісігін ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде емдеудің нәтижелілігін арттырып,өлім-жітім көрсеткіштерін айтарлықтай төмендетуге ықпал етеді. Дегенмен, сүт безі қатерлі ісігінің таралуы мен өлім-жітім деңгейінің жоғары болуы, скринингтік тексерулердің толық көлемде жүргізілу мен халықты ақпараттандыру жұмыстарының жеткіліксіздігін көрсетеді. Сондықтан, елімізде осы бағыттағы жұмыстарды күшейту, адамдарды аурудың алдын алу мақсатында ерте кезеңде тексерулерге жігерлендіру өте маңызды. Егер біз сүт безі қатерлі ісігін анықтауды уақытылы бастап, тиімді емдеу шараларын енгізсек,бұл аурудың зардаптарын мейлінше азайтып,әйелдердің денсаулығын едәуір сақтау мүмкіндігіне ие боламыз.

 

Әдебиеттер тізімі:
1. Электрондық ресурс https://translated.turbopages.org/proxy_u/ru-kk.ru.40bc54d7-67d05408-626a2faf-74722d776562/https/ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B0%D0%BA_%D0%BC%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D1%87%D0%BD%D0%BE%D0%B9_%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%B7%D1%8B