ELAEAGNUS ANGUSTIFOLIA ТҰНДЫРМАСЫ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ФЛАВОНОИДТЫҢ САНДЫҚ МӨЛШЕРІН ФОТОКОЛОРИМЕТРИЯ ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №17(326)
Рубрика: Медицина и фармацевтика

Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №17(326)
ELAEAGNUS ANGUSTIFOLIA ТҰНДЫРМАСЫ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ФЛАВОНОИДТЫҢ САНДЫҚ МӨЛШЕРІН ФОТОКОЛОРИМЕТРИЯ ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ
Elaeagnus тұқымдасына жататын өсімдіктер (Plantae > Rosales > Elaeagnaceae > Elaeagnus) өзен жағалауларында немесе су аймақтарының маңында өсетін ағаш түрлері болып табылады. Бұл өсімдіктер көбінесе Орталық Азияда, соның ішінде Иран, Өзбекстан, Қазақстан, Сирия және Қытайдың солтүстік-батысында кездеседі. Сонымен қатар, олар экзотикалық түрде Испанияның орталық бөлігіндегі өзен жағаларында, Канадада және Америка Құрама Штаттарының батысында да өседі. Elaeagnaceae тұқымдасы үш туыс пен 50-ге жуық түрден тұрады. Elaeagnus angustifolia (орыс зәйтүні немесе жіңішке жапырақты жиде) және E. pungens негізінен Орталық Азия аймағына бейімделген. Ал Shepherdia canadensis түрі АҚШ пен Канадаға тән өсімдік болып табылады [1]. Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер бұл өсімдіктің микробтарға қарсы, зиянкестерге қарсы, тотықтырғыштарға қарсы, артритке қарсы, жара жазғыш, жүрекке қорғаныштық, қандағы липидтерді төмендететін, ауырсынуды жеңілдететін, қабынуға қарсы, мутацияға қарсы, ісікке қарсы және асқазанның шырышты қабатын қорғайтын әсерлерді қамтитын емдік және фармакологиялық қасиеттерінің ауқымды спектріне ие екенін дәлелдейді [2]. Флавоноидтар — өсімдіктерде кездесетін екінші реттік метаболиттердің бірі болып табылады және олардың құрамында полифенол құрылымды қосылыстар болады. Бұл заттар көбінесе жемістердің, көкөністердің және кейбір сусындардың құрамынан табылады. Олар ағзада әртүрлі жағымды биохимиялық әсерлер көрсете отырып, қатерлі ісік, Альцгеймер ауруы, атеросклероз сияқты аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады [3]. Флавоноидтар адам денсаулығына пайдалы әсерлердің кең ауқымымен байланысты және олар көптеген нутрицевтикалық, фармацевтикалық, медициналық және косметикалық өнімдердің құрамында маңызды орын алады. Мұндай кең қолданылуы олардың антиоксиданттық, қабынуға қарсы, мутагендікке қарсы және ісікке қарсы қасиеттерімен, сондай-ақ жасушалардағы негізгі ферменттік үдерістерді реттей алу қабілетімен түсіндіріледі [4]. Соңғы жылдары Elaeagnus angustifolia жемістерінің флавоноидтық құрамы белсенді зерттеліп келеді. Ғылыми әдебиеттерде бұл өсімдік құрамында кверцетин мен кемпферол секілді флавонолдар, флавондар, катехиндер және айқын антиоксиданттық әрі радиопротекторлық қасиеттерге ие флавоноид туындылары бар екені атап өтілген [5,6]. Сонымен қатар, зерттеулер көрсеткендей, жеміс экстракттары микробтарға қарсы, бауырды қорғайтын және тіндерді қалпына келтіруге ықпал ететін әсерлерге ие [7]. Флавоноидтардың мөлшерін анықтауға арналған фотоколориметриялық әдіс олардың алюминий иондарымен (Al³⁺) қышқыл ортада әрекеттесіп, түрлі-түсті кешен түзуіне негізделген. Бұл кешеннің жарықты сіңіру максимумы 410–430 нм аралығында орналасқан, сондықтан талдауды кверцетин негізіндегі стандартты калибровкалық ерітінді арқылы жүргізуге болады [8].
Зерттеу материалы және әдісі. Зерттеу материалы: 2024 жылы күз айында Түркістан облысы, Абай ауылынан жиналған. Жемістер кептіріліп, ұнтақталды.
Экстрагент: 70 % этил спирті. Реактивтер: алюминий хлориді (AlCl₃), дистилденген су, кверцетин (стандартты үлгі, ≥95%). Тұндырма 1:5 қатынаста 70 % этил спиртімен перколяция әдісі арқылы алынған. Алынған тұндырма жарықтан қорғалған жерде, ОС маркалы шыны флаконда орамдалған.
Калибрлі графикті дайындау. Кверцетиннің 5, 10, 15, 20 және 25 мкг/мл концентрациядағы ерітінділері 70% этанолда дайындалды. Әрбір 1 мл стандартты ерітіндіге 1 мл 2%-дық AlCl₃ ерітіндісі қосылып, көлемі дистилденген сумен 10 мл-ге дейін жеткізілді. 30 минут өткен соң ерітінділердің оптикалық тығыздығы фотоколориметр арқылы 415 нм толқын ұзындығында өлшенді.
Тұндырма құрамындағы флавоноидтарды анықтау
1 мл тұндырма жоғарыда сипатталған стандартты әдіс бойынша өңделді (1 мл AlCl₃ ерітіндісі + көлемді 10 мл-ге дейін жеткізу). 30 минуттан кейін ерітіндінің оптикалық тығыздығы 415 нм-де өлшенді. Флавоноидтардың мөлшері калибрлік график бойынша есептеліп, кверцетинге қайта есептеу арқылы анықталды.
Нәтижелер мен талқылау Калибрлік график оптикалық тығыздықтың кверцетин концентрациясына тәуелділігіне қарай салынды.
Сурет 1. Жіңішке жапырақты жиде құрамындағы флавоноид мөлшері
Тұндырмадағы флавоноидтардың сандық мөлшері
AlCl₃ реакциясынан кейінгі тұндырмадағы орташа оптикалық тығыздығы A=0.394 болды. Калибрлік графикке сәйкес, бұл келесі флавоноидтар мөлшеріне сәйкес келеді:
C= =
=14,76 мкг/мл
Сұйылту мен бастапқы көлемді ескере отырып, тұндырмадағы флавоноидтардың жалпы мөлшері (кверцетинге шаққанда):
≈ 14,76 мг / 100 немесе 147 мг/л құрады.
Талқылау. Зерттеу нәтижелері жіңішке жапырақты жиденің жемістерінен дайындалған тұндырма флавоноидтарға бай өсімдік шикізаты екені дәлелденді. Бұл тұндырманың антиоксиданттық белсенділігі бар биологиялық белсенді заттардың көзі ретінде қолдануға ұсынуға болады..
Қорытынды. Қорытындылай келе, жіңішке жапырақты жиде жемісінің тұндырмасының құрамында 147 мг/л мөлшерінде флавоноидтың бар екендігі анықталды, Фотоколориметрия әдісі қарапайым әрі дәл әдіс болғандықтан фитопрепараттарды стандарттау оңай болып табылады. Алынған мәліметтер жіңішке жапырақты жиде жемісінен алынатын тұндырма өндірісін жобалауға қолданылады.
