Грибные заболевания хлопковой культуры
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №14(107)
Рубрика: Биология
Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №14(107)
Грибные заболевания хлопковой культуры
Аннотация. В статье рассматриваются наиболее распространенные в хлопковых культурах виды грибковых заболеваний, их вред и организация профилактических мероприятий.
Ключевые слова: хлопок; препарат; грибы; растение.
Мaқтa дақылы өте көне өсімдік болып табылады.Хaлық шaрaуaшылығының әр сaлaсындa алуан түрлі мaқсaттa пaйдaлaнылaды. Ең бaстысы мaқтa тоқымa өнеркәсібі үшін негізгі шикізaт көзі.Мақта дүние жүзінің 60-тан астам елдерінде, 35 млн гектар шамасындай жерде өсіріледі. Бірақ өндірілетін шитті мақтаның жалпы көлемі өте аз. Оңтүстік Қазақстанда суармалы егіншілік ерте заманда дамыған. [1].
Қазіргі таңда мақта шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының алдына қойған негізгі мақсаттарының бірі, мақта қозасынан мол өнім алу және мақта талшығының сапасын арттыру болып саналады. Мақта қозасынан мол өнім алуға бір қатар кері әсерін тигізетін жәйіттерде кездеседі, яғни бұл көптеп кездесетін мақта аурулары. Орташа талшықты мақта қозасының кеңінен тараған түрлерінің бірі бұл вертициллездік солма,тамыр шірігі және гоммоз аурулары [2].
Мақта вилті (солма).Вилттің қоздырушысы – топырақта тіршілік ететін Verticillium dahliae Kleb саңырауқұлағы.Саңырауқұлақ бактериялары шит жарғағы ашылуынан бастап өсіп – жетіліу кезеңінің аяғына дейін зақымдай береді. Вилт әсіресе ересек өсімдіктерде гүлдеу, түйнектеу кезінде алдымен төменгі содан соң үстінгі жапырақтарда ашық жасыл, кейінірек сары дақтар түрінде анық байқалады. Дақтар дөңгеленген немесе бұрыштылау түрінде болып жапырақтардың шетінде және оның талшық жіптерінің арасында орналасады және бір- біріне жете жайылып, жапырақтың бүкіл бетін жауып кететін кезіде аз болмайды. Жапырақтар құрғап төменнен жоғарыға қарай біртіндеп түсіп, өсімдік сабақтары жалаңаштанып қалады. Ауырған өсімдік дамудың бастапқы кезеңінде-ақ жапырақтарынан айрылады, өсуін тоқтатып, кеуіп қалады. Кейбір сабақтары қайтадан жапырақтайды, алайда бұл өсімдікті бұрынғысынанда нашарлатып жібереді. Бұл түрі әдетте тамыз- қыркүйек аралығында белең алады.Ауырған өсімдіктер 3 күннің ішінде солады, жапырақтары қурап қалады [3-4].
Сурет 1.Виртициллезды вилт, Verticillium dahliae Kleb
Солма белгісі – ауруға шалдыққан қозаның өзегі қарайып кетеді, бұл оны ұзынынан және көлденеңінен кесіп көргенде байқалады.Мақта қозасы бұл ауруға негізінен тамыр жүйесі арқылы шалдығады. Бұған тамырдың кез – келген жерінің зақымдануы себеп болады. Өсімдіктің бойына еніп алған саңырауқұлақ бактериясы, сабақтардың, бұтақтардың, сабақшалардың, жапырақтардың су жүретін жолдары арқылы тарайды. Алқаптағы немесе топырақтағы өсімдік қалдықтарында сақталып қалған уақ саңырауқұлақтары ауру таратудың тұрақты көзі болып табылады.Саңырауқұлақ бактериясының дамуына қажетті ең төменгі температура 5-7 , оңтайлысы- 23-26 , жоғары шегі- 31-32 градус. Бұл ауру мақта өнімін төмендетіп қана қоймай, оның сапасын және мақта талшықтарының технологиялық қасиетін жоғалтуына әкеліп соғады.Қазіргі таңда мақта шаруашылығымен айналысатын елдердің ғылыми-зерттеу мекемелері, вертициллездық солма ауруына қарсы күрес шаралары ғылыми негізінде жетілдіріп, оны кеңінен қолдану бағытын қарастыруда [5-6].
Көптеген химиялық және биологиялық препараттарын осы ауруларға сынақталып, мақта қозасының солма ауруына қарсы тұратын, жаңа отандық төзімді сорттар шығаруда, және агротехникалық тәсілдерді тиімді қолдану барысында үлкен ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.Соңғы жылдарда жүргізілген ғылыми – зерттеулердің нәтижелерін сараптай келіп, солма (вилт) ауруына қарсы бір қатар агротехникалық іс шаралар өндіріске ендірілді.Егістікті күзде сүдігер жыртқан кезде, ауырған өсімдік топырақ астынна түседі де барлық инфекция сонда қарқынды түрде көбейеді.Солма ауруының көбейуіне жол бермеу үшін, күзде сүдігер жыртудан алдын егістікті қозапаядан тазалап, егістіктен тыс жерге шығарып өртеп жойып отыру олармен күресудің бірден-бір шарасы.Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егісінің алғы дақыл ретінде жоңышқа мен қатар жүгері, арпа және бұршақ тұқымдас дақылдардың айрықша маңызы бар. Мақта қозасының солма ауруымен залалдануына суару жиілігі мен мерзімдері белгілі дәрежеде әсер ететіндігі анықталды.Суару мөлшері барлық нұсқаларда бірдей-1300 м3/га [7].
Кесте 1.
Мақта қозасының солма ауруына, суару ережесінің әсері
№ |
Нұсқалар |
Суару ережесі |
Суару мөлшері |
Өсімдіктің ауруы. % |
1 |
«Бақылау» М-4005 |
1-1-1 |
1300 |
3,8 |
2 |
М-40053-жылдық жоңышқадан кейін 1-жылғы мақта |
0-1-0 |
1300 |
– |
3 |
Сорт М-4005 3-жылдық жоңышқадан кейін 2-жылғы мақта |
0-1-0 |
1300 |
1,3 |
4 |
Сорт М-4005 3-жылдық жоңышқадан кейін 5-жылғы мақта |
0-1-1 |
1300 |
1,5 |
1-ші кестеден байқағанымыздай 0-1-0 суару кестесінде солмамен тек 1,3% залалданса, 4-ші нұсқада 0-1-1 суару кестесінде солмамен залалданған өсімдіктердің мөлшері 1,5%, бақылау нұсқасында 1-1-1 суару ережесінде 3,8%-ға көтеріледі, мақта қозасының вертициллездік солмамен ауру дәрежесі суару жиілігі, және суару мерзімдері сияқты факторларға да байланысты екені ғылыми тұрғыда айқындалды.Мақта қозасы қанша көп суарылса, сонша көп өсімдік солмамен залалданғандығы байқалды [8].
Қорытындылай келе жүргізілген ғылыми–зерттеу нәтижесіне сүйене отырып агротехникалық іс шаралардың солма ауруына қарсы күресуде, ең әсерлі және тиімді факторлардың бірі болып саналатыны анықталды. Сонымен агротехникалық іс шараларды дер кезінде, сапалы және тек дұрыс қолданылған жағдайда ғана, мақта қозасының, солма ауруымен залалдануын, төмендете отырып шитті- мақтаның өнімділігімен талшық сапасын көтеруге және жыл сайынғы өнім шығындылығын азайтуымызға болатындығы анықталды.