Бөлімнің мүлкін жасырын жымқыру бойынша отандық және шетелдік тәжрибе
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №19(112)
Рубрика: Юриспруденция
Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №19(112)
Бөлімнің мүлкін жасырын жымқыру бойынша отандық және шетелдік тәжрибе
Түйін сөздер: Қылмыстық кодекс, ұрлық, меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Ключевые слова: Уголовный кодекс, кража, уголовные правонарушения против собственности.
Keywords: Criminal code, theft, criminal offenses against property.
Қoғaм әpқaшaн тәpтiпкe нeгiздeлiп, apқa cүйeп қaлыптacып, тipшiлiк eтeдi. Қoғaмдa тәpтiп бoлмaca, oл құлдыpaйды, яғни кeлeшeгi бoлмaйды. Дeгeнмeн дe, кepiciншe қoғaмдық тәpтiптi бұзуғa бeйiм aзaмaттapда аз емес. Кез-келген заң бұзушылық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп-қатер алып келеді. Ал, қылмыс дегеніміз - қоғам үшін өте қауіпті құбылыс болып табылады. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді, сoндықтaн дa қoғaмдa тәpтiп opнaтудың жoлдapы қapacтыpылған. Қазіргі уақытта елімізде ұрлық жасау меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жиі тіркеліп, жиі айтылатын болды. Алайда меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі біздің елдегі жазаның жеңілдігіне қатысты болып отыр.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді [1]. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабы бойынша меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болып табылады.
Ұрлық жасаудың басым бөлігі біздің елдегі жазаның жеңілдігіне қатысты, ал әлем елдерінде ұрылар қалай жазаланады? Иранда бірінші рет ұрлық жасаған ұрының оң қолының төрт саусағы кесіледі. Екінші рет қайталаса сол аяғының табанының жартысынан айырылады. Үшінші рет ұрлық жасаса түрмеге қамалады. Ал төртінші рет - соңғы, қаладағы орталық алаңға шығарып, көпшіліктің алдында дарға асылады. Айта кетейік, бұл елде ұрылар көпшіліктің алдында жазаланады, олар қылмыстың және жазаның деңгейіне қарамастан, яғни, ауыр немесе жеңіл қылмыс жасаса да халықтың алдында тиісті жазасын алады. Осының нәтижесінде, Иранда ұрлықтың қылмыстар арасындағы көрсеткіші төмендеген. Біріккен Араб Әмірліктерінде ұрлық жасаған адамның қолын кесу жазасы әлі де бар. Бұл елде бірінші ұрлығы үшін ұрының бір саусағының жартысы кесіледі. Екінші рет қайталаса бір саусағы, үшінші рет ұрлық жасаса қолы кесіледі. Бұл жаза Біріккен Араб Әмірліктерінe көршілес елдер де бар. Қытайда да ұрылардың саусағы мен қолын кесу жазасы болған. Алайда қазір ҚХР Қылмыстық Кодексіне сәйкес, ұрыларды жасаған қылмысының ауырлығына қарай 3-10 жылға бас бостандығынан айыру және айыппұл салу, өмір бойына түрмеге жабу, өлім жазасын беру, мүлкін тәркілеу сияқты жаза түрлері тағайындалады.
Солтүстік Кореяда қылмыстың бірқатар түрі үшін өлім жазасы беріледі, сол қылмыстардың арасында ұрлық бар. Ұры көпшіліктің алдында атылады. Ал, Нигерияда ұрлық жасаған адамның оң қолы кесіледі. Егер ол бір қолмен қалса да қылмысын қайталап, екінші мәрте ұрлық жасайтын болса, сол қолынан да айырылады. Ресей тарихында қылмыскерлерді ауыр жазалаудың бірқатар түрі болған. Әсіресе, ұрыларды жазалауда билікке келген әр патша өзінше өзгеріс енгізіп отырған. Шыбықпен сабау, мұрын, құлақ кесу, табанға шеге қағу, маңдайына «В» әрпін күйдіріп басу («вор» деген сөз). Ал қазір Ресей Федерациясының заңына сәйкес, қылмыстың ауырлығына қарай 5 жылға дейін мерзімге қоғамдық еңбекке жегу, айыппұл салу, бас бостандығын шектеу және 2-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазалары бар. Жапония елінде де ұрылардың қолы кесіледі. Бұл елде қол алысып амандасуға болмайды және кейбір деректерге сенсек, ұрлық үшін жазалау мен амандасудың арасында тығыз байланыс бар. Есесіне, ұзақ уақыттан бері күшін жоймай келе жатқан жазаның нәтижесі шексіз. Әлемде ұрлық үшін қатаң жаза қолданатын елдер жетерлік. Ал Қазақстанның Қылмыстық Кодексіне сәйкес, ұрлық жасаған адамға қылмысының ауырлығана қарай түрлі мөлшерде айыппұл салынады, бас бостандығы шектеледі немесе сотталады [2].
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Мынадай: адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық – мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Мынадай: ірi мөлшерде; бірнеше рет; тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық – мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Мынадай: қылмыстық топ жасаған; мұнай-газ құбырынан; аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық – мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады [3,188б.]. Сонымен қатар қазіргі қолданыстағы ҚР ҚК-не 188-1 мал ұрлығы жеке бап болып енгізілді.
ҚР ҚК-не 188-1 мал ұрлығы жеке бап болып енгізілді, мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Мынадай: алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; ірi мөлшерде жасалған мал ұрлау – мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Мынадай: бірнеше рет; тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлау – мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Мынадай: қылмыстық топ жасаған; аса iрi мөлшерде жасалған мал ұрлау – мүлкi тәркiленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады [3,188-1б.].
Елімізде қасақана қылмыстың бірнеше түріне берілетін жаза қатаңдатылып отыр. Ол қылмыстар тізіміне мал ұрлығы да енген. Бас прокурордың орынбасары М. Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде аталмыш бап туралы толыққанды түсініктеме берді. «Әлемдік практикада көптеген елдер қоғам мен экономика үшін маңызды нысандарға қол сұғу қылмысына арнайы баптар арнаған. Ол баптар неғұрлым қатаң жазаларды көздейді. Германияда электр тасымалдау тапшылығы мен қымбаттығына байланысты электр қуатын ұрлағаны үшін жеке жауапкершілік қарастырылған. Қытайда тарихи жәдігерлерді ұрлау мен сыртқа шығару қатаң жазаланады. Ал ет өндірісі маңызды сала болып саналатын Аргентинада мал ұрлығына жеке әрі ауыр жаза қаралған. Біздің халқымыз үшін де төрт түліктің орны ерекше», – деген Бас прокуратура өкілі мұндай қадам мал ұрлығының кәсіпке айналуынан туындап отырғанын атады. Мал ұрлығына арналған баптың бірінші бөлігінде мал ұрлығының жазасы 7,5 млн теңгеден басталып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталады. «Егер мал ұрлығы топпен және ірі көлемде жасалса, жаза 7 жылға дейін барады. Яғни, ауыр қылмысқа жатады. Бұл жерде екі тараптың татуласуына жол берілмейді. Бұрын келген шығынды өтеп берсе, татуласу мүмкін болатын. Енді ауыр қылмыс санатындағы мал ұрлығы татуласуға жатпайды. Мұндағы санкциялар да өте қатал. Ал мал ұрлығын бірнеше рет жасаса немесе қоражайға кіру арқылы жасаса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Мал ұрлығы қылмыстық топ арқылы және аса ірі көлемде жасалса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Жалпы ұрлықтың ауыр қылмыс санатына енгізілген түрлері көбейгенін де айтты. Қандай да бір қоймаға, көліктің ішіне, үйге кіру арқылы жасалған ұрлық пен тонау ауыр қылмыс санатына ауыстырылады. Өйкені мұндай қылмысқа адамдар арнайы дайындалады, сәйкес кілт жасайды. Сол арқылы қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді. Мұнда да татуласуға жол жоқ. Заңды қатаңдата түсу үшін ұрлық бойынша қайталап татуласуға тыйым қойылады. Мұндай тыйым бұрын қылмыс жасап, татуласқанымен, түзелудің орнына саналы түрде қайтадан қылмыс жасағандарға қатысты. Бұл жерде ол екінші рет шағын және орта санаттағы саналы қымыс жасаса да екінші мәрте татуласа алмайды. Мемлекет оған түзелуге мүмкіндік берсе де ол дұрыс жолға түспеген деген сөз», – дейді М.Ахметжанов.
«Халықтың 42%-ы ауылды жерде тұратындықтан, мал ұрлау мәселесіне ерекше көңіл аударылды. Көп адамның негізгі табыс көзі – қорасындағы малы. Сол себепті, егер қылмыскер қора-жайға, фермаға, базаға ұрлыққа түссе, үлкен мөлшерде шығын әкелсе немесе ұрылар топтасып әрекет етсе, бұл ауыр қылмыс санатына өтеді. Яғни, екі жақтың ымыраға келуі арқылы бұндай қылмыстық істер тоқтатылмайтын болады. Бізде ұрланған малдың орнына басқа мал әкеліп, екі жақтың келісімі арқылы қылмыстық істі тоқтату мүмкіндігі бар. Сол себепті мал ұрлау қылмысын толық зерттеуге мүмкіндік бола бермейді. Өкінішке қарай, қазіргі кезде мал ұрлау біртіндеп қатардағы қылмыстан қылмыстық кәсіпшілікке айналып барады. Біреуі ұрлайды, біреуі сатады, енді бірі жалған құжаттар жасайды, ұрланған малды тасымалдайтындар бар. Осындай қылмыстар жемқорлық тәрізді басқа да қылмыстарға ұласып жатады», – деді құқық қорғау өкілі М. Ахметжанов [4].
Ұрылардың жазасы қатаңдатылады Елімізде жыл басынан бері 36 мың адам ұрлық жасаған. ІІМ-нің бірінші орынбасары Ж. Сүлейменовтің айтуынша, елімізде 2019 жылдың басынан бері ұрлық жасаған 36 мың адам ұсталды. Оның 1705-і мал ұрлаған. «Ұрылардың шамамен 40 пайызы бұрын да осы қылмыс бойынша ұсталған адамдар. Яғни, 17 мыңға тарта адам бұған дейін ұрлық бабымен сотталғандар. Ал мал ұрлығы бойынша полицияның есебінде 2,8 мың адам тұр. Жыл басынан бері 3,5 мың ұры қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның 648-і мал ұрлығына байланысты сотталды», – деді бірінші вице-министр сенатта өткен «дөңгелек үстелде». «Мәселен, іргедегі Өзбекстанда қайталанған ұрлық ауыр қылмыстардың санатына жатады. Тіпті ол елде қайта ұрлық жасағандар 8 жылдан 15 жылға дейін сотталып кетуі мүмкін», – дейді ІІМ-нің бірінші орынбасары. Сенат төрағасының орынбасары Б. Бекназаровтың айтуынша, ауыл тұрғындары мал ұрлығы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері қауқарсыз екенін, ал мал ұрлаушылар еркіндікте тайраңдап жүргенін айтып шағымдануда. «Мал ұрлығы бойынша қылмыстық істердің 90 пайызы заңнамалық тұрғыда ауырлығы орташа қылмыстардың санатына жатады. Ақыры, тараптар татуласады да, айыпкер жазадан құтылып кетеді. Статистика бойынша, қылмыстық істердің 25 пайызы тараптардың татуласуымен аяқталып, тек 14 пайызы ғана сотта қаралады. Өзіміз білетіндей, егер адам қылмысына қарай лайықты жазасын алмаса, әлбетте, жазаланбайтынын біліп, одан да ауыр қылмысқа баруы мүмкін», – дейді Б. Бекназаров. Сенат төрағасы орынбасарының айтуына қарағанда, мал ұрлығына айыптылар татуласу арқылы жазадан құтылып кетеді. «Әсіресе, шекаралас аудандардағы жағдай ушығып тұр. Ол жерлерде мал табынымен көрші елдерге айдалып кетуі мүмкін. Мал иелері мен шаруашылық иелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен аудан әкімдіктерінің есепке тіркеу, табын шығармау, құжатқа тіркемеу секілді құқықтық базамен санаспауының ақыры амалсыз мал ұрлығының көбеюіне әкеледі», – дейді ол. Ал ЖС-тың судьясы Е. Әріпов мал ұрлығы қай өңірлерде көп кездесетінін айтып берді, «статистика көрсетіп отырғандай, жыл басынан бергі 9 айдың қорытындысы бойынша сотта 251 қылмыстық іс қаралып, 464 адам қылмыстық жауапкершіліке тартылған. 251 істің ішінде тараптардың татуласуымен 226 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. 203 адам сотталып, бір адам ақталған. Сот үкімімен аталған істерде 70 адам бас бостандығынан айырылды». Оның айтуынша, мал ұрлығына көп жағдайда жұмыссыздық, ақшаның жетіспеуі мен иелерінің малды қараусыз қалдыруы себеп болып жатады. «Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, мал ұрлығы бойынша қылмыстық істердің көбі Түркістан (71 адам), Алматы (57 адам), Қызылорда (91), Шығыс Қазақстан (49) облыстарының соттарында тіркелген. Маңғыстау облысында мал ұрлығының ең төменгі көрсеткіші байқалған (бар жоғы екі адамға қатысты бір қылмыс). Шымкент қаласында (5 адамға қатысты 2 іс) және Ақмола облысында (6 адамға қатысты 3 іс), Қарағанды облысында (12 адамға қатысты 4 іс) да мал ұрлығы аса көп емес» [4].
Қылмыстық құқықта қылмыс заты ретінде құнды заттар, ақша мен құнды қағаздар түсініледі. Қылмыстық құқық меншікке қарсы қылмыс затының міндетті белгісі ретінде оның физикалық, экономикалық және заңдық қасиеттерін айтады. Зат ретінде тек материалды әлемнің заттары танылады. Мүліктік қылмыстың құралы ретінде адамның көзқарасы мен идеялары, оның намысы мен адамгершілігі танылмайды.
Қаралған қылмыстардың заттары болып тек белгілі бір экономикалық құндылығы бар, яғни адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыратын (тұтыну бағасы), және белгілі бір дәрежеде адам еңбегінің затқа айналған (айырбас бағасы) заттар табылады. Адамға қажет болмағаннан кейінгі оның қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетсіз зат қылмыстық озбырлықтың құралы болып табылмайды. Ереже бойынша, адам еңбегі сіңбеген табиғат объектілері меншікке қарсы қылмыстың заты болып табылмайды [5,23-24б.].
ҚР ҚК-тің 188 бабына сәйкес, ұрлық деп бөтеннің мүлкін жасырын жымқыруды айтады. Жасырындылығын анықтау кезінде субъективті те, объективті де критерийлерді ескеру қажет болып табылады. Ұрлық мүлікті иеленген оны билік ету мүмкіндігін алған сәттен бастап аяқталған қылмыс болып саналады. Ұрлықтың субъектісі жасы 14-ке толған есі дұрыс тұлғаның меншігіне мүлікті алуы. Ұрлық объектісі - меншік болып табылады. Бұл қылмыстың заты - материалдық әлемнің заты түріндегі, нақты құндылығы бар (заттар, тауарлар, бұйымдар, ақша, т.б) өндіру үшін адам еңбегі жұмсалған, сондықтан да ақшамен бағалана алатын бөтен мүлік.
Ұрлыққа тән белгі – оның жасырын тәсілімен жасалуы. Ұрлықтың жасырындық сипатын анықтағанда айыптың ниетіне, яғни оның ұрлықты субъективтік қабылдауына баса назар аудару қажет. Ұрлық болады деп санау үшін айыпты жасырын ұрлық жасауға ұмтылуы, бөтен мүлікті жасырын түрде иеленуге оның ниеті болуы тиіс. Егер айыпты, өзінің мүлікті заңсыз иеленуін ұғынған бөгде адамның араласуына мүмкіндік бермей, қалыптасқан жағдайға байланысты әрекет жасаса да ұрлауда жасырындық сипат болады.
Жасырын ұрлауды саралау үшін мүліктің алынуы тек меншік иесіне ғана емес, оны күзетушіге де, үшінші адамға да білінбеуі тиіс. Олар ұрлық жасалған кезде, не сол жерда болмайды, не болған кезде де ұрлықтын жасалғандығын сезбейді. Егер айыпты өз, әрекетінің қылмыстық сипатының белгілі болғандығын ұғынбай, қылмысының құпиялығына өзі күмән келтірмей әрекетін әрі қарай жалғастырса, ол ұрлық болып саналады. Егер айыпты, әрекетінің белгілі болғандығын ұғынып ұрлығын доғарса, егер ол еш нәрсе алып үлгермесе, онда оның әрекеті не ұрлыққа оқталғандық саналады, егер ол қандай да бір құндылықты алып үлгерсе аяқталған ұрлық болып саналады. Ұрлау арқылы мүлікті алғанда айыпты оны өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке өз меншігіндей билік жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі болып табылмайды. Меншікке құқықты қылмыстық жолмен алу мүмкін емес. Сондықтан да жәбірлеушінің ұрланған затқа деген меншіктік құқығын ұрлық жоғалта алмайды. Меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасын қорғалады. Меншікке қарсы қылмыстың аса қауіпті өсу тенденциясы құқық қорғау органдарының, олармен терең және нақты күресуін қажет етеді.