Статья:

Медициналық ұйымдарды басқарудың Lean-хронологиясы арқылы шығындарды оңтайландыру және шығындарды төмендету (үнемді өндіріс)

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №21(114)

Рубрика: Медицина и фармацевтика

Выходные данные
Мұратқанов Н.Н. Медициналық ұйымдарды басқарудың Lean-хронологиясы арқылы шығындарды оңтайландыру және шығындарды төмендету (үнемді өндіріс) // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2020. № 21(114). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/114/73141 (дата обращения: 22.11.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

Медициналық ұйымдарды басқарудың Lean-хронологиясы арқылы шығындарды оңтайландыру және шығындарды төмендету (үнемді өндіріс)

Мұратқанов Нұрдәулет Нұрланұлы
Семей қаласының медициналық университетінің студенті, Қазақстан Республикасы, Семей қ

 

Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік 2016-2019 жылдарға арналған" Денсаулық" бағдарламасына сәйкес ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу арқылы  көшбасшылықты және қазіргі заманғы менеджментті дамыту жөніндегі жоспар - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі тұжырымы бойынша Жоғары бәсекелестік орта жағдайында МӘМС шеңберінде «Денсаулық сақтау, шығындарды оңтайландыру және рентабельділікті жақсарту» саласы – медициналық ұйымдар менеджментінің негізгі бағыттарының бірі.

Денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологиялар әлемдік нарықта өзінің тиімділігін дәлелдеген басқару процестерін енгізуді талап етеді.

Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында жаңа басқару «үнемді өндіріс» құралының принциптері болашақта көптеген стационар мен емханаларға да енгізіледі. Осы Әдістемелік ұсынымдар Lean методологиясының негізгі қағидаттарды сәтті қолданатын клиникалардың мысалдарымен сипатталады.

Жұмыстың мақсаты: « Медициналық ұйымдарды басқарудың Lean-хронологиясы арқылы шығындарды оңтайландыру және шығындарды төмендету (үнемді өндіріс) деңгейін сипаттау әдісін тексеру.

Мәліметтер мен зерттеу әдістері: Cochrane Library, PubMed и Medline мәліметтер негізінде жинақталған ақпараттарды сипаттамалық зерттеу.

Зерттеу нәтижесі: Денсаулық сақтау ұйымы пациентке құнды қызмет көрсету мақсаты бойынша жүйелер мен үдерістер кешенінен тұрады. Негізгі Lean идеясы-процестер мен ағындарға назар аудару бойынша тұжырымдалады. Төменде Денсаулық сақтаудың Чикаго университеті анықтаған жеті ағыны көрсетілген. Олар:

1) пациенттердің ағыны;

2) персоналдың ағыны;

3) дәрілік заттардың ағыны;

4) медициналық мақсаттағы бұйымдар ағыны;

5) медициналық техника ағыны;

6) ақпарат ағыны;

7) процестердің өз ағыны

Бұл ағындарда медициналық ұйымдарды төмендете алатын негізгі шығындар өнімділігі жатыр. Үнемді әдістеме ұйымның маңызды процесін анықтайды және оны

негізделген және негізделмеген кезеңдерден жояды, сондай-ақ процестердегі өндіріс шығындарын жояды.

Ұқыпты өндіpіc нeгіздeлeтін бacқa қaғидaлapдың ішіндe мынaлapды aтaп өтy кepeк: 

1. Тaмaшa  caпaғa қoл жeткізy - aлғaшқы тaныcтыpылымнaн бacтaп тayapлapдың, яғни дәрілердің жeткізy, «нөлдік aқayлap» cxeмacын қoлдaнy, пpoблeмaлapды oлapдың пaйдa бoлyының aлғaшқы кeзeңдepіндe aнықтay жәнe шeшy.

2. Ақпapaт, шығындap мeн тәyeкeлдepді бөлy apқылы тұтынyшымeн ұзaқ мepзімді өзapa әpeкeттecyді қaлыптacтыpy.

3.  Икeмділік.

Қорытынды: Тиімді басқару технологияларын енгізу қажеттілігі – шығындарды оңтайландыру жолымен медициналық  ұйымдардың нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік беретін, қажетсіз процестерден құтылу және жақсарту жұмыстарына Денсаулық сақтау саласындағы өндірістің негізгі мақсаты.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымдарында «Lean» үнемді өндіріс қағидаларын көптеген стационарлар мен емханаларға болашақта енгізу міндеттері тұр. Осы әдістемелік ұсынымдарда сипатталған «Lean» үнемді өндірістің негізгі қағидаттарымен медициналық ұйымдарға енгізу кезеңдеріне шетелдік клиникалардың ұсынылған мысалдарымен технология тиімді жұмыс істейді.

Бүгінгі күні медицина қызметкерлері уақытының жартысына жуығы пациентке арнамайды. Бұл емдеу тиімділігін төмендетуге және пациенттердің қанағаттанбауына әкеледі. Бұл өз кезегінде «Lean» әдістерін енгізумен шығындарды азайту немесе жою арқылы тиімділігі екі жақты, яғни пациенттердің де, қызметкерлердің де қанағаттанушылығын арттырып, шығындарды төмендетіп, пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға тиімді әрі таптырмас әдіс.