Статья:

ҚР-дағы депозит нарығының бүгінгі жағдайы

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №9(145)

Рубрика: Экономика

Выходные данные
Қалиева Ж.М., Долдаева Д.Д. ҚР-дағы депозит нарығының бүгінгі жағдайы // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2021. № 9(145). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/145/88072 (дата обращения: 27.12.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ҚР-дағы депозит нарығының бүгінгі жағдайы

Қалиева Жазира Мажитқызы
студент, Нархоз Университеті, ҚР, Алматы қ.
Долдаева Диана Дәулетовна
студент, Нархоз Университеті, ҚР, Алматы қ.
Купешова Баян Қуанышбековна
научный руководитель, ғылыми жетекші, оқытушы, Нархоз Университеті, ҚР, Алматы қ.

 

Қаржы нарығы ақшалай қаражаттардың және бағалы қағаздардың әртүрлі нысандарға байланысты қозғалып отыратын орны. Ақша қаражаттары әртүрлі мақсатта қолданылады, сол мақсаттарға қарай қаржы нарығы бірнеше жеке нарықтарға бөлінеді. Бұл оның құрылымы. Депозит нарығы осы құрылымның ішіне кіреді. Депозит дегеніміз белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаның банкке өсімге берген ақша қаражаттары. Ол ақшаны сол тұлғаның өзі де және берілген банк та қолдана алады. Енді депозит нарығын түсіндіріп өтетін болсақ, бұл – мемлекеттегі барлық депозиттік оперциялар жүріп өтетін орын. Депозит нарығын жалпы банктегі ақша салымдары құрайды. Депозитке ақшаны ұлттық валюта түрінде де немесе шетел валютасымен де салсаң болады.

Депозит нарығы Қазақстанда біртіндеп дамып нығайып келе жатыр. Бұрын соңды көп адам депозитке ақша салмайтын, ал қазір кәмелет жасқа толған кез келген азамат қалауынша депозит аша алады.

Енді Қазақстан Республикасының депозит нарығының соңғы үш жылдағы жағдайына аналитикалық шолу жасап талдап өтейік.  

Кесте  1.

2018-2020 жыл аралығындағы ҚР-ындағы депозит нарығындағы жалпы салымдар көлемі. Ұлттық және шетел валютасында салынған депозиттер көлемі.

Мерзім

2018

18-19 ж-ң айырмашылығы

2019

19-20 ж-ң айырмашылығы

2020

 

 

%-бен

Млн тг

 

%-бен

Млн тг

 

Жалпы

53 375 518

8,5%-ға өскен

4 547 762 тг-ға өскен

57 923 280

11,8%-ға өскен

6 872 500

Тг-ға өскен

64 795 780

Ұлттық валюта

28 475 821

9,7%-ға өсті

2 782 306 тг-ға өскен

31 258 127

17,4%-ға өсті

5 450 293 тг-ға өскен

36 708 420

Шетел валютасы

24 899 697

7,1%-ға өсті

1 765 456 тг-ға өскен

26 665 153

5,33%-ға өсті

1 422 207 тг-ға өскен

28 087 360

Ескерту: Авторлармен құрастырылған

 

Бірінші кестеде соңғы 3 жылдағы Қазақстан Республикасындағы халықтың Ұлттық Банк мәліметтері бойынша депозитке салған ақшаларының көлемін бақылай аламыз. Жоғарыда айтып өткеніміздей депозитке кез келген валютада ақша салуға болады. 1-кестеде ұлттық валютада қанша қаражат салынған және шетел валютасында қанша қаражат салынғанын көрсетілген. Елімізде депозитке шетел валютасынан қарағанда ұлттық валютада ақшаны 1,3 есе көбірек салады екен.

 

Гистограмма 1. 1-ші кесте бойынша құрылған гистограмма

Ескерту: Авторлармен құрастырылған

 

Берілген гитограммада біз 3 жылдың ішінде банктердегі депозит салымы қалай өзгергені көрсетілген. 2018 жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 2019 жылдың көрсеткіштері 8,5%-ға өскен. Ал 2019 жыл мен 2020 жылды салыстыратын болсақ, 2020 жылда салым 11,8%-ға  өскен. Өсім алдыңғы жалдан қарағанда 3,3 пайызға көп.

 

Диаграмма 1. ҚР-ның депозит нарығындағы ұлттық және шетел валютасында салған депозиттердің көлеміне диаграмма

Ескерту: Авторлармен құрастырылған

 

Бірінші диаграммада көрсетілгендей Қазақстанда депозитке ақшаны шетелдік валютадан қарағанда, өзіміздің ұлттық валютамызбен көбірек салады.  Өйткені доллардың депозиттегі пайыздық мөлшерлемесі өте төмен. Мәселен, Kaspi банкте доллардың мөлшерлемесң 1%, Halyk банкте де 1% , ал Forte банкте 1%-ға жетпейді де (0,80%). Ұлттық волютаның пайыздық мөлшерлемелері олардың жанында әлде қайда жоғары. Kaspi банкте 8,65%,  Halyk банкте 8,50%, Forte банкте 8,40%.

Кесте.  2.

ҚР-дағы әртүрлі банктердегі депозиттердің 2021 жылғы жылдық номиналды мөлшерлемелері

 

 

KZT

1000 тг

USD

1000$

KASPI BANK

8,65%

1086,5 тг

1%

1010 тг

HALYK BANK

8,50%

1085 тг

1%

1010 тг

FORTE BANK

8,40%

1084 тг

0,80%

1008 тг

Ескерту: Авторлармен құрастырылған

 

Halyk банкте депозитке салуға болатын минималды ақша қаражаты 1000 тг, ал доллармен салынатын болса 10 доллар. Kaspi банк депозитке салуға болатын минималды ақша қаражаты 1000 тг, ал доллармен салынатын болса 10 доллар. Forte банк депозитке салуға болатын минималды ақша қаражаты 15 000 тг, ал доллармен салынатын болса 100 доллар.

Кесте 3.

ҚР-дағы әртүрлі банктердегі депозиттердің жылдық номиналды және тиімді мөлшерлемелері.

 

Номиналды мөлшерлеме, KZT

Номиналды мөлшерлеме, USD

Тиімді мөлшерлеме, KZT

Тиімді мөлшерлеме, USD

Kaspi bank

8,65%

1%

9%

1%

Halyk bank

8,50%

1%

9%

1%

Forte bank

8,40%

0,80%

8,70%

0,80%

Ескерту: Авторлармен құрастырылған

 

Біз бірнеше банктердегі депозиттердің номиналды және тиімді мөлшерлемелерін салыстыру үшін Халық, Каспи және Форте банктерін аллдық. Барлық банкте теңгенің мөлшерлемесі доллардан қарағанда жоғары.

Кесте 4.

 2018-2020 жыл аралығындағы ҚР-ындағы депозит нарығындағы жалпы салымдар көлемі. Заңды және жеке тұлғалар салған депозиттер көлемі.

Млн, тг

Мерзім

2018

18-19 ж-ң айырмашылығы

2019

19-20 ж-ң айырмашылығы

2020

 

 

%-бен

Млн тг

 

%-бен

Млн тг

 

Жалпы

53 375 518

8,5%-ға өскен

4 547 762 тг-ға өскен

57 923 280

11,8%-ға өскен

6 872 500

Тг-ға өскен

64 795 780

Заңды  тұлғалар

43 325 468

5,6%-ға өсті

2 422 138 тг-ға өскен

45 747 606

6,2%-ға өсті

2 838 878 тг-ға өскен

48 586 484

Жеке тұлғалар

10 050 050

21,1%-ға өсті

2 125 624 тг-ға өскен

12 175 674

33,1%-ға өсті

4 033 621 тг-ға өскен

16 209 295

Ескерту: Авторлармен құрастырылған

 

Жоғарыда берілген кестеде соңғы 3 жылдың ішінде заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың депозитке салған қаражат көлемі көрсетілген. Жеке тұлғалардың депозит салым көлемдері тез өсіп жатыр. Оның себебі Қазақстан халқының айлық жалақы көлемінің өсіп жатқанында.  Мысалы, 2018 жылы орташа айлық көлемі 162 751 тг болды, 2019 жылы 191 000 тг, ал 2020 жылы 197 950 тг-ге дейін жетті. 2020 жылы жеке тұлғалардың депозит салым көлемі 33%-ға дейін өсуіне тек осы ғана әсер етті десек өтірік болар еді. Оған тағы бір әсер еткен жағдай COVID-19 пандемия кезінде көп орта және шағын кәсіпорын иелерінің бизнестері үлкен жылдамдықта банкротқа ұщырауы. Осыдан қалған шағын және орта кәсіпорын иелері тездетіп бизнестерін тоқтатып, ақша-қаражаттарын депозитке салған болатын.

 

Диаграмма 2. ҚР-ның депозит нарығындағы заңды және жеке тұлғалар салған депозиттердің көлемдеріне диаграмма

Ескерту: Авторлармен құрастырылған

 

Үшінші кесте бойынша жасалған диаграмманы қарайтын болсақ, заңды тұлғалар депозитке көбірек ақша салатынын көреміз. Жеке тұлғалардың салған салым көлемі 2018 жылы - 10 050 050 тг, 2019 жылы салған салым көлемі – 12 175 674 тг. Алдыңғы жылдан 21,1%-ға артық. 2020 жылы салған салым көлемі 16 209 295 тг. Алдыңғы жылдан 33,1%-ға артқан. Заңды тұлғалардың салым мөлшерлері одан 4 есеге көп болса да,

 

Гистограмма 2. ҚР-ның 2020 ж. аудандары бойынша депозит көлемінің кестесі

Ескерту: Авторлармен құрастырылған

 

Аудандар бойынша  депозит алу көлемдері

Келесі кезекте ҚР-ның аудандары бойынша қай қалада қанша депозиттік салым болатыннын қарастырып көрейік. Екінші гистограммада депозитке ақшаны ең көп салатын қала Алматы екені көрініп тұр, 2 969 512 млн тг. Өйткені Алматы еліміздің экономикалық орталығы және миллионер қала.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасында депозит нарығы өсіп келе жатқаны байқалады. 2018 жыл мен 2020 жылды салыстаратын болсақ депозитке салынған ақша қаражаттары айтарлықтай өскен. Өсімді пайызға келтіретін болсақ, 2020 жылы 21,4%-ға өскен. Әсіресе 2020 жылы өскенінің себебі өткен жылы халықты орташа жалақы көлемі өсті. Студенттердің стипендиялары мен зейнетақының да мөлшері жоғарылады. Яғни депозитке салым салушы халықтың бос ақша қаражаттары, жинақ ақшалары көбейді. Сәйкесінше депозитке салатын салымдары да көбейеді.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Ұлттық статистика бюросы: https://stat.gov.kz/
2. Ұлттық банк ресми сайты: https://nationalbank.kz/