ЖАНТАҚ (ALHAGI) БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ПАЙДАСЫ
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №40(176)
Рубрика: Биология
Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №40(176)
ЖАНТАҚ (ALHAGI) БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ПАЙДАСЫ
БИОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ И ПРЕИМУЩЕСТВА АЛЬХАГИ
Сагидулла Акмарал Жандилдакызы
студент Восточно-Казахстанского университета им. С. Аманжолова, Казахстан, г. Усть-Каменогорск
Сулейменова Назерке Маратовна
Магистр педагогических наук, Восточно-Казахстанский университет им. С. Аманжолова, Казахстан, г. Усть-Каменогорск
BIOLOGICAL FEATURES AND BENEFITS OF ALHAGA
Akmaral Sagidulla
Student, S. Amanzholov East Kazakhstan State University, Kazakhstan, Ust-Kamenogorsk
Suleimenova Nazerke Maratkyzy
Master of Pedagogical Sciences, S. Amanzholov East Kazakhstan State University, Kazakhstan, Ust-Kamenogorsk
Аннотация. Бұл мақалада Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген жантақ өсімдігінің биологиялық ерекшелігі және пайдасы туралы айтылған
Аннотация. В этой статье рассказывается о биологических особенностях и пользе полыни, занесенной в Красную книгу Казахстана.
Abstract. This article tells about the biological characteristics and benefits of wormwood, listed in the Red Book of Kazakhstan.
Түйін сөз: жантақ, климат, медицина, ботаника, флора
Ключевые слова: альхаги, климат, медицина, ботаника, флора
Keywords: alhagi, climate, medicine, botany, flora
Шөлейттік және шөл далалық зоналардың өсімдіктер әлемінің ботаникалық құрамы мен бейімделушілік ерекшеліктері өте ерекше болады. Мұндай қатаң және қолайсыз ареалдарда тек осы зоналарға эволюциялық даму кезеңдерінде сұрыпталы бейімделген өсімдіктер өсе алады. Мыңдаған жылдар ішіндегі мұндағы өсімдіктердің морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық қасиеттері өзіндік қайталанбас және таңқаларлық құрылымдық үйлесімге ие болған . Осындай өсімдіктердің көптеген түрлері Қазақстанның шөлдік және шөлейттік далаларында көптеп кездеседі. Кең даладағы қатаң климатқа және құмды ыстық климатты далаларда өсімдіктердің санаулы ғана түрлері мекендейді. Солардың ішіндегі аса маңызды өкілдерінің бірі кәдімгі жантақ өсімдігі. Жантақтың таралу ареалы айтарлықтай кең. Барлық ыстық климатты зоналарда кездеседі деуге болады. Өте ыстық құмды далалардан бастап қоңыржай зоналардың басталар шегіне дейін жантақ қалыпты өсіп тұқым түзуге бейімді. Бұл жай, жантақтың қалыпты реакциясының кең екенін көрсетеді. Дегенмен, жантақ өсімдігі анық ксерофиттік өсімдік болып саналады.
Жантақ далалық және шөлдік аймақтардағы климатқа және экологиялық жағдайға айтарлықтай әсер етеді. Біріншіден, жантақ шөлдік далалардағы жануарлардың азығы болып саналады, екіншіден сол жердегі топырақтың құнарлылығы мен эррозияға ұшырау дәрежесі жантақ өсімдігінің жамылғысынан тәуелді. Қоңыржай климаттық өсімдіктер сияқты жантақ тез уақыт ішінде қалың және тұрақты өсімдік жамылғысын түзе алмайды. Оған көптеген себептер бар. Солардың бірі, жергілікті климаттың тұқымнан өсіп шыққан жас өсімдіктердің барлығының бірдей ересек өсімдікке дейін дамуына кедергі болса, екіншіден жантақ тұқымы бірінші жылы бәрі бірдей өне бермейді.
Жантақтың тұқымының таралуына түйе себеп болады. Өйткені, тұқым түйенің ас қорыту жүйесінде қорытылмайды. Осылай жергілікті экожүйеде үйлесімді тіршілік орныққан. Шөлдік және шөлейттік зоналардың экожүйесі өте нәзік және қорғауды қажет ететін жүйе болып табылады.
Гүлденуі: маусым, қыркүйек айларына дейін гүлдейді. Гүлдері қызыл және ашық қызыл түсті, 3-8 тікенекке бір гүлден келеді. Гүлдері бір-біріне қарап иіліңкіреген және өткір емес. Бір гүлі күніне 2 мгм-ға дейін таза қант бөледі. Бал жинағыштығы 1 гектарға 150 кг-ға келеді. Оның балы ашық түсті исі нәзік және өзіне тән дәмі болады. Кристалдану кезінде майда бөліктерге бөлінеді. Тұқымы боб немесе ішінде көптеген дәндері болады. Шілде айында тұқымын жинайды. Өсімдіктің төменгі жағы мен кейде тамыры дәрі-дәрмек ретінде қолданады. Өсімдікті күн түстін алаңда кептіреді. Қапта бір жыл сақтауға болады. Өсімдікте эфир майы стериоидтар, алколоидтар, С және К витаминдері, В тобындағы витаминдер коротин, кумарин, катехиндер, флавоноидтар, органикалық қышқылдар және лейноантоциандар, эфир майы бояғыш заттар, смолалар болады.
Химиялық құрамы- өсімдіктің химиялық құрамы аз зерттелген оның құрамынан санионилар, эфир майлары, срериодтар, органикалық қышқылдар, лейкоантоцандар, кумариндер, С, К, В витаминдері фитоноцидтер табылған. Жас өсімдіктің құрамында С витамині көптеп кездеседі.
Фармонологиялық қасиеті- жантақ өсімдіктері көптеген ауруларға ем, қанды тазартады, тоқтатады, өтті айдайды.
Медицинада қолданылуы- өсімдіктің төменгі жағын кейде ұрығы мен тамырын қолданады. Халық медицинасында несеп жолдарын емдеуге өсімдіктің тұнбасын пайдаланады. Кейде жөтелді басуда және суықтағанда ішеді. Жаңадан істелінген тұнбаны асқазан, ішек ауруларына, созылмалы іш өтуде және дезинтерияда қолданылады. Жантақтың төменгі жағы микроптарға қарсы қолданылады. Тұнбаны ангина кезінде тамақты шаюға көп қолданады. Клиникалық жағдайда колидпен ауырғандарды дезинтерияны жазу үшін сәтті қолданады.
Халық медицинасында гемориоға, эгземаға кезінде іріңдеген жараларға және язваға қарсы қолданылады. Ауыз қуысындағы ауруларға, ангинаға және жатыр ауруларына қарсы және бүйрек ауырғанда да қолданылады. Дезинтерия профилактикасында гастридте асқазанның язвалық ауруларында, өт ауруында, суық тигенде, ангинада, жөтелде қолданылады. Іріңдеген жараларда терінің іріңдерінде эгземада кейде құлаққа тамызып та қолданады.
Жантақтың жылдан жылға құрып кетуіне байланысты қызыл кітапқа енгізілген. Жантақтың құрып кетуін жергілікті елді мекендер байқай бермейді. Көпшіліктің көз қарасы бойынша жантақ көп ол қазір жойыла қоймайды деген пікірлер өте көп. Бірақ олай емес, жантақты зерттеп білгенде ғана оның құрып бара жатқанын байқаймыз. Зерттеу нәтижесінде жантақ биылғы берген өнімінен өніп шыға алмайды, себебі біріншіден, жантақтың дәнінің сыртқы мықты беріктік қабатпен қапталған ол жер өніп шығуы үшін кем дегенде 3-4 жыл жатуы керек. Екіншіден, жантақтың өнімін яғни дәндерін жергілікті халық, медицина дәрілері жинап емдікке қолданады. Осындай факторлардың әсерінен жантақтың жер бетіне таралуы азайып бара жатыр. Барлық жер бетіне таралған өсімдікті біз аялап сақтауға міндеттіміз. Жантақтың жойылуы салдарынан қызыл кітапқа енгізілген.
Қазақстандағы химиктердің жантақты зерттеуі:Шөлді далалардағы жануарлардың ең дәмді азығы бұл –жантақ. Ол жануарлардың тек қана шөлін қандырып қана қоймай оның өте дәрілік қасиеттері де бар. Бұл өсімдіктің қасиеттері бұрыннан белгілі. Жантақтан жасалынған дәрілік шөптерді алғаш рет ұлы Авицена ашқан. Жантақтың дәрілік қасиеттерін Қазақстан химиктері бірнеше жылда анықтаған. Осы зерттеулер жақсы нәтиже беріп жоғарғы дәрежеде көрсетіле білді, бірақ фармоцевтика саласына енгізілмеді. Қазақстандағы жантақтардың ішіндегі ең қымбаты қырғыз жантағы. Ол С витаминіне, ақуызға және полифенолға бай. Жалпы жантақты ежелде дәрігерлер жақсы пайдаланған . Б.з.IV ғасырында Мухаммед Гусейн жантақтың тұнбасын және оның тамырын геморой мен дензинтерияға және денедегі жараларға қарсы пайдаланған деп тарихта айтылған. Халық медицинасында жантақтың тұнбасын көптеген ішек ауруларына пайдаланады және несеп жолдарын, қанның құрамын тазалауға, суыққа және жараларды емдеуге қарсы пайдаланған. Қазақ халық университетінің органикалық химия кафедра меңгерушісі Гаухар Бурашова 30 жыл бұрын жантақты зерттеді.
Жантақ сиропы- жараның жазылуына, күйгенге және асқынды ауруларға қарсы қасиеті бар. Зерттеу жолында жантақ сиропының эффектілігін қызыл май фитопрепараты мен салыстырады. Бұл зерттеу 100 адамдарынан өтті, олар сірке қышқылын қолданғандар мен уланғандар және алькогель мен сілтімен уланғандарға қарсы пайдаланылып жақсы нәтиже берді.
Гаухар тұмбасы- тағы бір тәжірибе Гаухар тұмбасының эффектілігін қарастырады. Оны гортан ангинасы бар, тонзиллит ауруымен ауырғандарда тәжірибе жүргізілді. Бұл препарат атақты фурацилиннен де жақсы ем болды. Бүгінгі күнде туберкулезге қарсы препараттар белсенді түрде жасалуда көптеген дәрілер туберкулезге емдеу қақынды дамуда екені белгілі. Фарм дәрілерінің ойы бойынша алхидин организмдегі токсиндердің төмендеуіне қатысады. Қазіргі кезде осы жантақтан жасалынған дәрілер мен кордиология институтында да қызығуда. Онда жүрек тамыр ауруларына, қант диабетіне т.б ауруларға қарсы мүмкіндіктерді қарастыруда. Ісік ауруларын емдеу үшін дәрілік формаларды шығаруға, алхидиннің морфилизир формасы қажет. Химфарм мен бірігуінен технологиялық процестің қарастырылуы және жантақтан дәрілердің бірінші партиясы алынды. Жантақ сиропының 9 мың қорапшасы дәлелдеу тәжірибесіне және жас балалар клиникасына сый ретінде берілді.
Тамыр тұмбасы- тамырдың 20грамына 1 стакан қайнаған суды эмальды ыдысқа құяды. Аз отта 25-30 минут қайнатып 0,5 сағат тұндырады. Онда майда бөлшектер қалмауы үшін сүзеді. Күніне тамақтанар алдында 0,5 сағат бұрын 4-5 ас қасықпен 3 рет ішу керек. Маннаны (тамыры) несеп ағарда, ыстықты түсіруге және құрғақ жөтелге қарсы қолданылады.
Ұнтақ тұнбасы- 1 кішкене қасық ұнтаққа 1 стакан қайнаған су құйып 20 минут қоямыз. Одан кейін тұнбаны сүзіп салқын жерге қоямыз. Қатты ыстық күнде шөлді басуға ішеді, тамақ ауырғанда шаяды. Кейде компрес ретінде және ванна ретінде қолданады. Ревматизмге қарсы 1 шелек суға 60 грамм ұнтақты қосып 1 сағат көлемінде булап қояды. Одан кейін 30-40 минут ауырған жерді буландырамыз. Тамыр тұнбасы мен ұнтақ тұнбасының адам организміне пайдасы өте зор.
Қолданылуы-жантақтың тұнбасын (дат чайы) ретінде шөлді басуға және терлеуді төмендетуге қарсы қолданылады.
Өнімділігі- метерологиялық жағдайларға байланысты оның өнімділігі әрқашан өзгеріп отырады. 100 кг өсімдікте 25,3 жеуге жарамды өнім болады. Оның құрамында С витамині коротин болады. Құрамында протеин 40 проценттен төмен, ал май 40-50 процентке жетеді.
Жантақ – өте сирек кездесетін, қазіргі кезде түрі жағынан саны азайып бара жатқан өсімдік. Оның құмды өлкелер мен шөлді аймақтарда өсірілетіндігін бірі білсе, бірі біле бермесі хақ. Қызыл кітапқа енген ерекше құндылығы мен емдік қасиеті жоғары бағаға ие болған жантақ өсімдігінің қасиеттері туралы келешек жас ұрпаққа насихаттамақпын.