Статья:

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ РӨЛІ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №41(177)

Рубрика: Экономика

Выходные данные
Кенес Р. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ РӨЛІ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2021. № 41(177). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/177/102561 (дата обращения: 22.11.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ РӨЛІ

Кенес Рауан
Студент Астана халықаралық университеті. халықаралық қатынастар және дипломатия, ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы
Исалиева Аксамал Маратовна
научный руководитель,

 

Кіріспе. Халықаралық сауда бұл-мемлекеттер және шекаралар арқылы яғни капиталды түрде тауарларды және қызменттерді айырбастау немесе басқаша айтқанда импорт және экспорт процессі.Халықаралық сауда осы уақытқа дейін және бүгінгі күнде де маңызы зор.

Көптеген елдерде ХҚС-жалпы ішкі өнімнің көп үлесін құрайды.Жаһанданудың даму үшінде ХҚС ұлғайту өте маңызды, себебі ХҚС сауда болмаса мемлекеттер өз шекарасында өндірілетін тауарлармен және қызметтермен шектеліп қалатын еді Әрине ХҚС-мен айналысатын ұйымдар бар солардың бірі Дүниежүзілік Сауда Ұйымы. Осы эссені жазудағы мақсатым ДСҰ-ға зерттеу жасау нақтылап айтатын болсақ ұйымның мақсаты не, қандай жетістікке жетті деген секілді сұрақтарға жауап беремін

Негізгі ой:

ДСҰ деген не? Дүниежүзілік Сауда Ұйымы-бұл мемлекеттер арасындағы сауда ережелерімен айналысатын жаһандық және халықаралық ұйым.Оның арқасында әлемдік көпшілік сауда елдері келіссөздер жүргізіп қол қойған және олардың парламенттерінде ратификацияланған ДСҰ келісімдері бар. Жалпы ұйым қашан құрылды және қайда құрылды? Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң,сауда және келіссөздер мәселесін шешу мақсатында 1948 жылы ГАТТ ұйымы құрылған болатын.Ұйым 1994 жылға дейін тек сауда мәселесімен айналысып келді.1994 жылдың 15-ші сәуірінде 123 мемлекет қол қойған Марракеш келісімі нәтижесінде ГАТТ ұйымының орнына ДСҰ алмастырылды[1]. Осылайша 1995жылдың 1қаңтарында Швейцарияның Женева қаласында ДСҰ ресми түрде құрылды.Қазіргі кезде 164 тәуелсіз мемелекеттен тұрады. Ұйымның басты органы-ДСҰ министрлер конференциясы ол кем дегенде екі жылда бір рет шақырылады.ДСҰ-ның қазіргі директоры Нигериялық Нгози Оконджо-Ивеала[7]. Ұйымың мақсаты не? ДСҰ-ның жалпы мақсаты оған мүше елдердің өмір сүру жағдайын көтеру,жұмыс орындарын көбейту. ДСҰ сауда ережелерінің әлемдік жүйесін басқарады және сауда әлеуетін арттыруға көмектеседі. Сондай –ақ өз мүшелеріне сауда келісімдері бойынша келіссөздер жүргізіге көмектеседі және компаниялар арасындағы даулы мәселелерді әділ және бейбіт жолмен шешуді жөн көреді, ДСҰ-бұл тек қана сауда құқықтарын қорғау ғана емес, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын ұйым. Бүгінгі таңда ДСҰ хатшылығында 600-дан астам қызметкер жұмыс істейді. Ұйымның жеке:заңгерлері, экономистері, сарапшылары бар, олар күн сайын ДСҰ мүшелеріне келіссөздер кедергісіз жүргізілуін және халықаралық сауда ережелерінің дұрыс қолданылуын мен орныдалуын қамтамасыз етеді,ДСҰ-дүниежүзілік сауданың 95%-ын бақылайды. [9]. Статистиктердің мәліметіне сүйенсек осы жылғы сауда құлдырауы 2020 жылмен салыстырғанда 30%-ға төмендеген, оған басты себеп Ковид-19 пандемиясының кең таралуы. Ковид-19 вирусы әлемдік сайда процессінде көптеген шектеулерге алып келді.Сондай-ақ қызметтер саудасы және жеткізу қызметіне шектеу қойылды. Соңғы екі жылда яғни пандемия кезінде дәрілік заттардың импорты мен экпорты 20%-ға артып 2343 млрд АҚШ долларын қурады. Ал бет маскаларының импорты 80,9%-ға өсіп 141,4 млрд АҚШ долларды құрады. 2021 жылдың наурыз айындағы жиын барысында ұйым басшылары өзара көмек көрсету идеяларын ұсынды және гендерлік ғылыми жобасы туралы талқылады[7]. Ұйым және іскерлік белсенділіктің арқасында 1995жылдан бастап әлемдік сауданың нақты көлемі 2,7 есеге артты

Артықшылықтарға тоқталатын болсақ

а)Көптеген халықаралық компанияларға шығындарын азайтуға септігін тигізеді

б)Еркін сауда-саттық елдер арасында бәсекелестік тудырады

в)Мемлекеттер арасында сыртқы өнімді арзан бағада алуға мүмкіндік береді[1].

Әрине мұндай кең ауқымды ұйымның кемшіліктері де бар.Экономист және Кембридж университетінің профессоры Ха Джун Чан бірнеше кемшіліктерді атап өтті

а) ДСҰ дамушы елдер үшін әлі де қолайсыз болып табылатын сауда ережелері үшін жиі сынға алынады. Көптеген дамыған елдер тарифтік қорғау кезеңінен өтті; бұл оларға жаңа дамып келе жатқан отандық өндірістерді қорғауға мүмкіндік берді. Ха Джун Чан ДСҰ -ның сауда ережелері «өздері көтерілген баспалдақты алып тастауға» ұқсайды деп түсінік білдірді[2].

в) Еркін сауда дамушы елдердің жаңадан пайда болған өнеркәсібінің дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы, егер дамушы экономика жаңа өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін өз экономикасын әртараптандыруға тырысса, олар тарифтік қорғаныссыз оны басқара алмайды.

ДСҰ бұл халықаралық сауда-саттық айналымында көптеген мүмкіндіктер жасайды. Саудада ешқандай кемсітушілік болмауы тиіс нақтырақ айтатын болсақ,кез-келген мемлекетке импорт және экспорт шектеуінің болмауы. Саудадағы кедергілерді жою немесе елдердің нарығына кедергі болатын проблемарды жою әдетте оларға импорттық квоталармен кедендік алымдар жатады.Егерде кез-келген мемлекеттер арасында түсініспеушілік пайда болса ұйым тез арада шешуге тырысады [8].

ДСҰ-ның ГАТТ-тан қандай айырмашылығы бар

1. Қатысушы елдер ГАТТ-та келісімге келуші тарап деп аталды ал ДСҰ-да олар мүше елдер аталды

2. ДСҰ-ның ГАТТ-қа қарағанда атқаратын қызметі көбірек Себебі ГАТТ тек қана тауарлармен сауда жасалғанда қолданылады

3.Ішкі заңнаманың жалғасуы ГАТТ-та рұқсат етілген болатын, ал ДСҰ-да бұл мүмкін емес[3]. Қазақстан 2015 жылдың 30 қарашасы күні ДСҰ-ға мүше болды  Қазақстанның ұйымға мүше болғаннан кейін 160 мемлекеттен тауар жеткізу нарығын ашты. «ДСҰ-ға кіруден бірінші болып қазақстандық тауарлардың ДСҰ-ға мүше елдердің нарықтарына шығуындағы кедергілерді жою арқылы экспортқа бағытталған отандық кәсіпорындар пайда көреді. Ал Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуының айқын бенефициары ауыл шаруашылығы болды. Отандық ауыл шаруашылығын қолдаудың рұқсат етілгені туралы қол жеткізілген келісімдер азық-түліктің негізгі түрлерінің нарығын айтарлықтай жоғары тарифтік қорғаумен бірге отандық агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту бағдарламаларын аяқтауға және экспортты дамытуға мүмкіндік берді[9].

Қорытынды: Қорытындылай келе мынандай тұжырымдар пайда болады:

Әлемдік сауда ұйымының қазіргі уақытта маңызды рөль атқаратынын түсінеміз.Егерде бұл орган болмайтын болса елдер арасында қақтығыстар немесе заңсыз тауар тасымалдау секілді даулар туындауы мүмкін мысалы:есірткі,рұқсатсыз жануарларды,ұрланған заттарды өткізуге тыйым салады[5]. ДСҰ-құрылған сәттен бастапқы 25 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетті.Әлемдік сауда жүйесі ережелері,заңдары,міндеттері құрметтеле бастады.Қазіргі кезде ұйым сауда мәселесімен тұрақты айналысып жатыр,алайда Ковид-19 пандемиясы ұйым жұмысын біршама бәсеңдетіп тастады[7]. Жалпы қазіргі уақытта ДСҰ көптеген халықаралық ұйымдарды басып озады,себебі халықаралық шарттарда бекітілген адам құқықтары,қоршаған ортаны қорғау,еңбек және экономика саласында қызмет атқарады.

 

Әдебиеттер:
1. Bernard Hoekman World Trade Organization (1997) 
2. Елена Васильевна Вавилова и Елена Дмитриевна Халевинская(2009)-Всемирная торговая организация и российские интересы
3. Rybalkin V.E International economic relations. 
4. WTO- Dispute Settlement Procedures (2001)
5. https://www. youtube. com/watch?v= Bealb04cUlU Мировая экономика. Лекция 4. Международная торговля
6. https://www.krugosvet.ru/enc/gumanitarnye
7. World Trade Organization-https://www.wto.org/
8. Introduction to International Trade-https://www.123helpme. /Introduction-to-International-Trade-355441
9. Successes of the World Trade Organization- http://www.legalservicesindia.com/article/1320/Successes-and-failures-of-the-World-Trade-Organisation.html
10. https://kapital.kz/economic/82219/chto-dalo-kazakhstanu-vstupleniye-v-vto.html