Статья:

ЭКСПО-2020: АҚЫЛ ОЙДЫ БІРІКТІРУ, БОЛАШАҚТЫ ҚҰРУ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №42(178)

Рубрика: Экономика

Выходные данные
Төлегенова Г.А. ЭКСПО-2020: АҚЫЛ ОЙДЫ БІРІКТІРУ, БОЛАШАҚТЫ ҚҰРУ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2021. № 42(178). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/178/102598 (дата обращения: 26.12.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ЭКСПО-2020: АҚЫЛ ОЙДЫ БІРІКТІРУ, БОЛАШАҚТЫ ҚҰРУ

Төлегенова Гүлназ Азаматқызы
студент, Халықаралық университет Астана, ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы
Исалиева Аксамал Маратовна
научный руководитель,

 

Кіріспе. Әлемдік көрме адамзаттың жылдан жылға жеткен жетістігінің көрінісі. Әлемдік көрменің бастамасы 1851 жылдан басталып, оның өткізу қағидасы қазіргі дейін сақталып қалған. Қазіргі уақытта әлемдік көрме Дубайда өткізілуде. Көрменің атауы Экспо-2020 : Ақыл ойды біріктіру, болашақты құру.

ЭКСПО-2020 көрмесі - бұл араб елінде өткізіліп жатқаң ең үлкен оқиға. Инновациялар және көрнекті жетістіктер, қаныққан мәдени бағдарлама, 192 қатысушы елдер және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған миллиондаған келушілер. Көрменің мақсаттарының бірі адамзаттың жаһандық мәселесін шешу үшін әлемдік ақылдарды біріктіру.

Әлемдік көрме

Әлемдік көрме немесе Экспо  – прогреске жәрдемдесу және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жаһандық оқиға. Бұл интерактивті көрмелер, тірі қойылымдар, семинарлар және конференциялар арқылы елдерді,  азаматтық қоғамды және жалпы жұртшылықты біріктіретін әлемдегі ең үлкен кездесу орны. Бұл халықаралық индустрияландырудың символы және технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған ашық алаң.

1928 жылы халықаралық көрмелер туралы конвенцияға қол қойылған кезде Халықаралық көрмелер бюросы көрмелердің үш түрін: әмбебап, халықаралық және мамандандырылған өткізуді реттеуші орган ретінде әрекет етеді. Бұл көрмелер 3 айдан 6 айға дейін жалғасады. Жәнеде әлемдік көрмелер бес жылда бір рет өтеді.

Әлемдік көрменің тарихы

Әлемдік көрменің бастамасы 1851 жылдан басталды. Ол ХІХ ғасырдағы қарқынды дамудың көрінісі болатын.  Ең алғашқы көрме 1851 жылы Лондон қаласында болды. Осы әлемдік көрмені өткізу үшін арнайы павильон салынып, оған «Хрусталь сарайы» деген атау берілді.

Көрме салтанатты түрде 1 мамыр күні ашылды. Бес айға созылған көрмеге 25 мың адам келді. Экспонат саны 13937 болатын, оның 7381 ағылшын фирмаларынан, қалған жартысы шет елдерінің фирмаларынан болды.

Осы көрменің басты мақсаты ағылшын тауарларын әлемдік нарыққа шығару. Алайда көрмеге қатысушы елдерде өзінің тауарларын әлемдік нарыққа таныстыра алды.

Нәтижесінде, көрмені өткізу көптеген мәселелерді шешуге көмектесті. Әлемдегі өнеркәсіптік революцияның  одан әрі таралуына, шет елдерінің өндірісінің дамуына қатты үлес қосты. 

Сол уақыттан көптеген көрмелер өтті, жәнеде алғашқы көрмені өткізу қағидалары болашақта сақталды, дегенмен әр көрмеге жаңа нәрселер қосылып отырғаны сөзсіз. [1]

Әлемдік көрмеге үміткерлер

Экспо немесе әлемдік көрмені өткізу үшін алдын ала Халықаралық Көрмелер Бюросына (ХКБ) өтініш беру керек . Берген өтініштен кейін, қалған қалаларға өтініш беруге алты ай беріледі.

Экспо - 2020 өткізу үшін бастапқыда бес қала үміткер болды: Аюттхая (Таиланд); Измир (Түркия); Екатеринбург (Ресей); Сан-Паулу (Бразилия); Дубай (БАӘ). Аюттхая қаласы дауыс беру басталмай жатып шығып кетті. Сан-Паулу дауыс берудің бірінші кезеңінен кейін, ал Измир екінші кезеңде тізімнен шығарылды. Екатеринбург дауыс берудің үшінші және соңғы кезеңінде Дубайдан ұтылды. Сонымен «Экспо-2020» өткізу 2013 жылдың 27 қарашасы Париж қаласында өткен Халықаралық Көрмелер Бюросының Бас Ассамблеясында дауыс беру арқылы анықталды. Экспо - 2020 Дубай қаласында өткізіледі деп жарияланды.

COVID-19 пандемиясына байланысты көрме 2021 жылдың 1 қазанына ауыстырылды. Көрме 2021 жылы өтетініне қарамастан, ұйымдастырушылар атауын өзгертпеуді шешті, себебі, көрмені өткізуден бас тартпай, кейінге қалдырылды.

Дубайдағы көрме

«ЭКСПО-2020» - Ақыл ойды біріктіру,  болашақты құру.

Көрме Дубайда 2021 жылы 1 қазан мен 2022 жылы 31 наурыз аралығында болады.

Көрменің міндетті – әлемнің әр түрлі елдерінің өкілдерін жинау ғана емес, сонымен қатар алға жылжу стратегиясын әзірлеу, және мұны жалғыз жасау мүмкін емес. Бірлесе отырып, әрқайсысы жеке және ұжымдық жауапкершілікті өз мойынына алады.

Бес негізгі бағыт – Біздің арамыздағы көпірлер; Ешкімді артта қалдырмау; Үйлесімді өмір сүру; Бірлескен даму және Vision – UAE 2071 – адамзаттың ең өзекті мәселелеріне мәдениет, қоғам, экология және экономика призмасы арқылы қарауға мүмкіндік береді.

Бұл көрме әлемнің түпкір – түпкірінен келген 200- ден астам ұйымдардың өкілдері мен миллиондаған келушілерді біріктіреді, жаңа мүмкіндіктерді ашады, бұл талқылау мен проблемаларды шешу жолдарын іздеу арқылы жақсы болашақ қалыптастыруға көмектеседі.[2]

Көрмеге 192 ел қатысып бірегей сәулеті, мәдениеті мен жаңалықтарын ұсынады. Алғаш рет әлемдік көрмеде әр елде жеке павильондары болады. Әр павильон көрменің сәтті өтуіне үлкен үлес қосады. Оларда инновация арқылы болашақ, әлемдік деңгейдегі тәжірибе мен білім туралы айтылады. Павильон саны көп болғаны көрме өткізуші ел мен тығыз байланыста екенін көрсетеді. [3]

Осы Экспо - 2020 көрмесін Экспо -2017 көрмесімен салыстырғанда кең көлемде өткізіліп жатқаның көруге болады. Себебі, Экспо-2017 Қазақстанның елордасы Астана қаласында өткізілген көрмеге, 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысып, 3 млн адам келді.

Көрмедегі Қазақстанның павильоны

Экспо - 2020 көрмесінде Қазақстан павильонның салу үшін 8 миллиард теңге кеткен. Басқа елдерде өз павильонының құрылысына қыруар ақша кетірді.[4]

Қазақстан павильонына келушілер елдің қарқынды дамуы, оның мәдени әртүрлілігі, адам мен табиғи ресурстардың байлығы, сонымен қатар туризм, технологиялық және инвестициялық мүмкіндіктер туралы білетін болады.[5]

Кіре берістен Қазақстан павильонына дейін автобуспен жету керек, дегенмен басты павильонға бару бес минутта.

Қазақстан павильоны шығыс стилінде жасалған, жәнеде заманауи техникалық шешімдермен толықтырылған. Қабырғалары жеңіл конструкциядан тұрғызылған, ал үшкір арка Түркістанның киелі жерлерін еске салады.

Кіре берісте кезекте тұратындар үшін көлеңкесі бар шатырлар бар. Сондай-ақ павильон жанында шағын фонтандар орналасқан. Сыртқы дизайны петроглифтермен және скиф-сақ мәдениетінің элементтерімен безендірілген. Павильон алдындағы ашық алаңда қонақтарды этникалық, ұлттың композициялармен қарсы алады. Павильон ішіндегі қабырғалардың орнына айналар мен экрандар бар. Басты зал Ұлы дала аймағы деп аталады. Қазақстан павильоны АҚШ павильонына іргелес және Қытай, Италия, Үндістан павильондары жақын орналасқан.

Экспо-2020 аясында Қазақстан павильонында Қазақстан шенеуніктерінің, мемлекеттік органдардың қатысуымен 25 іскерлік іс-шара жоспарланған. Қазақстан делегациясы инвесторларға елдің инвестициялық және туристік әлеуеті, ғылыми және білім беру жобалары, шығармашылық шешімдер туралы презентациялар ұсынады, сондай-ақ перспективалы жобалар мен елдің қазіргі заманғы дамуын көрсетеді. [6]

Көрмеге 192 мемлекет қатысады, шамамен 25 миллион адам келеді деп күтілуде.

Жаһандық мәселелерді ұжым мен шешу:

Экспо-2020 көрмесінен кейін біздің келушілердің әрқайсысы климаттың өзгеруі, жауапты өндіріс, айнымалы экономика және этникалық сән сияқты маңызды мәселелерді шеше отырып, инновация мен ынтымақтастықтың шынында жаһандық мәселелерді шешу дің ұжымдық шешімдерін іздестіруді жалғастырады деп сенеді.

Тұрақты дамудың көзқарасы Әлем жасыл, қауіпсіз және тұрақты болашақты қалыптастыруға ұмтылғандықтан, Экспо-2020 өзінің барлық инфрақұрылымы мен, инновациясымен және ынтымақтастығымен тұрақты көрсеткіштер құрып, болашақ ұрпаққа мұра қалдыру.

Экспо-2020 ауданы: Болашақ үшін үлгі болатын жаһандық қоғамдастық көрме аяқталғаннан кейін де өмір сүреді. Тұрақты, халыққа бағдарланған бұл ақылды қала ЭКСПО-да салынған инфрақұрылымның кем дегенде 80% -ын, соның ішінде LEED Gold және Platinum сертификатталған ғимараттарды қайта пайдаланады. Біріктірілген аралас қауымдастық ретінде ол Экспо-ның өзара әрекет етуге, шығармашылық пен инновацияға экожүйе ретінде негізін қалады.

ЭКСПО-2020 мәңгілік мұра: Ақыл ойды біріктіру, болашақты құру.

Көрменің байланыстары, үміттері, ұмтылыстары және қатысушы 192-ден астам елдің инновациялары, идеялары, мәдениеті мен дәстүрі туралы білу мүмкіндігі адамзаттың бақытты болашағын құруға көмектеседі.[7]

ЭКСПО Әлемдік көрмесі - қатысушы елдердің әділ және ашық бәсекелестігі үшін ең беделді жаһандық алаң. Маңызды ерекшелігі - ЭКСПО-ға келушілері - барлық мамандықтарды, халықтың барлық жастары мен әлеуметтік топтарын қамтитын әмбебап аудитория. Әмбебап көрмеге келушілердің саны бірнеше ондаған миллион адамға жетеді.

Дүниежүзілік көрменің тиімділігін талдай отырып, оның тек қабылдаушы қаланың ғана емес, жалпы елдің экономикасының жандануына тигізетін орасан зор әсерін ескермеуге болмайды. Бұл бірінші кезекте құрылыс пен көлік секторына, сондай -ақ коммуналдық шаруашылыққа қатысты.

Бірінші Әлемдік көрменің ашылуы кезінде және 2021 жылға дейін көптеген әлемдік көрмелер өтті. Олардың әрқайсысы сол кездегі визит картасы болды, өйткені ол әр түрлі елдердегі өз заманының мәдениеті, ғылымы мен техникасының жетістіктерін көрсетті және осы салалардағы әлемдік мемлекеттің жалпы көрінісін берді. Лондондағы бірінші Бүкіләлемдік көрмеден 2021 жылға дейін Дубайдағы (БАӘ) өткен ЭКСПО -ға дейінгі жол адамзаттың көптеген қызмет саласындағы жетістіктерін көрсетеді.

 

Әдебиеттер тізімі: 
1. Иноземцева И.Е./Дүниежүзілік көрмелер,олардың рөлі мен маңызы https://cyberleninka.ru/article/n/vsemirnye-vystavki-ih-rol-i-znachenie
2. Адамдар мен планетаны күту бағдарламасы https://www.expo2020dubai.com/ru/understanding-expo/programme-for-people-and-planet
3. ЭКСПО ресми сайты https://www.expo2020dubai.com/ru
4. Дубайдағы ЭКСПО-дағы павильон Қазақстанға қаншаға түсті https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/vo-skolko-oboshelsya-kazahstanu-pavilon-na-expo-v-dubae-450134/
5. Қазақстан павильоны https://www.expo2020dubai.com/ru/understanding-expo/participants/country-pavilions/kazakhstan
6. Қазақстан павильонынан дала иісі аңқып тұр: Дубайдағы ЭКСПО 2020 көрмесінен фото https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/v-pavilone-kazahstana-pahnet-stepyu-foto-s-expo-2020-v-dubae-450092/
7. Expo 2020 көрмесінен кейін https://www.expo2020dubai.com/ru/understanding-expo/after-expo2020