ЕУРООДАҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҚАРҚЫНЫ
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №42(178)
Рубрика: Политология
Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №42(178)
ЕУРООДАҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҚАРҚЫНЫ
Аңдатпа. Бұл мақалада Еуроодақ (бұдан әрі - ЕО) пен Қазақстан арасындағы саяси-дипломатиялық бағытта атқарылған жұмыс пен ашылған мүмкіндіктер зерттелген. Әріптестер арасындағы байланыс туралы ақпарат пен осы бағытта атқарыла алатын алдағы уақытқа арналған жоспарлар қарастырылған. ЕО пен Қазақстанның әріптес болу себептері мен бір-біріне әкелген пайдасы туралы айтылған. Осы саладағы бірнеше тұлғаның тақырыпқа байланысты ойы мен айтылған сөздері пайдаланылған. Мақаланың мақсаты серіктестер арасындағы саяси-дипломатиялық қатынастардың пайда болған сәтінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі олардың даму қарқыны, жеткен жетістіктері мен ұсынылған мүмкіндіктері туралы баяндау.
Тірек сөздер: ЕО, Қазақстан, Орталық Азия, саяси-дипломатиялық қарым-қатынас, серістестік, жобалар.
Еуропалық одақ - халықаралық ұйым мен федералды мемлекеттің ерекшеліктерін біріктіретін мемлекетаралық бірлестік; Еуропалық қоғамдастық негізінде пайда болды [1]. Еуропалық одақтың басты мақсаты-бейбітшілікке ықпал ету, ЕО құндылықтарын ұстану және халықтардың әл-ауқатын жақсарту[2]. Таза экономикалық одақ ретінде басталып, климат, қоршаған орта және денсаулық сақтау салаларынан бастап Сыртқы қатынастар мен қауіпсіздікке, әділеттілік пен көші-қонға дейінгі саясатты қамтитын ұйымға айналды. Бұл 1993 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастықтан (ЕЭК) Еуропалық Одаққа (ЕО) атаудың өзгеруінен көрінді. ЕО арғы тегі (предшественник) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылды[3]. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасында дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 2 ақпанда орнатылды [4]. Одақ туралы ақпарат сенімді дереккөздерден ғана алынды, Гюнтер Эттингер, Кестутис Янкаускас сияқты кісілердің айтқан сөздеріне негізделген тұжырымдамалар. Дәйексөздердің авторлары бірден көрсетілген. Мақаланың мақсаты Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы саяси-дипломатиялық қатынастарының пайда болуы, дамуы мен өрбуін көру. Мақалада серіктестер арасындағы саяси-дипломатиялық бағыттағы қатынастар мен сол бағытта жасалған жетістіктері туралы ақпарат қамтылған.
Жалпы Еуропалық одақтың Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасы тәуелсіздік жылдарынан бері нәтижелі дамып келеді. Eлдердің арасындағы сауда-экономикалық айналым айтарлықтай жоғарылады және халықаралық саясат, қауіпсіздік, қорғаныс салаларындағы ынтымақтастық биік деңгейге жетті. Қазақстан жер байлығының, ауыл шаруашылығының арқасында ЕО-ның Орталық Азиядағы негізгі және маңызды әріптесіне айналды. Еуроодақ елдерінде Қазақстан тұрақтылықтың белгісі сонымен бірге, Шығыс пен Батысты байланыстырушы көпір ретінде мойындалып отыр [5]. Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы осы қарым-қатынастардың іргесін қалаушы құжат - ол 1995 жылы қол қойылып, 1998 жылы күшіне енген ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық пен серіктестік жайындағы Келісім болып табылады [10] . Сенім грамоталарын тапсыру ресми рәсімі мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден кейін Елші Кестутис Янкаускас БАҚ өкілдеріне келесі сөз жолдады: “Қазақстан –Еуропалық Одақтың құнды серіктесі және маңызды жаһандық әрі аймақтық үдерістердің қатысушысы. ЕО-Қазақстанның ең ірі инвесторы және сауда әріптесі. ЕО-Қазақстан арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім өмірдің барлық аспектілерін қамтитын 29 салаларда біздің қарым-қатынасты одан әрі дамытуға негіз береді. ЕО Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды, оның демократияландыру үдерісі, сондай-ақ тұрақтылық, инклюзивті қоғамдарды, экономикалық өсімді және адами капиталға инвестицияларды қамтамасыз ету үшін құрылымдық реформаларды қолдауға міндеттенеді. Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегіден арылу міндетін құптай отырып, Еуроодақ Орталық Азияның басқа елдерін бірдей өршіл болуға ынталандыру жолдарын іздейді. Мен ЕО-Қазақстан қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға үлес қосуға міндеттенемін” [7].
Қазақстан Республикасы Президентінің Брюссельге тоғыз сапары болып, (1993 ж. ақпан, 2000 ж. маусым, 2002 ж. қараша, 2006 ж. желтоқсан, 2010 ж. сәуір мен қазан, 2014 ж. қазан, 2016 ж. наурыз, 2018 ж. қазан) олардың барысында Еуропалық Одақ басшылығымен келіссөздер өткізілді . 2014 ж. 8-9 қазанда Елбасының Брюссельге жұмыс сапары жасалып, оның барысында ЕК Президенті Ж.М.Баррозумен кездесу өткізіліп, ҚР-ЕО кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы бойынша келіссөздердің аяқталуы жөніндегі және ҚР мен ЕО арасындағы Қазақстанның ДСҰ-на кіруі туралы келіссөздердің аяқталуы жөніндегі құжаттарға қол қойылды . 2011 ж. маусымда Брюссельде ҚР-ЕО Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісім (КСЫК) бойынша келіссөздер ресми басталды. 2011 ж. қазаннан 2014 ж. қыркүйек аралығында сегіз ресми келіссөздер раунды өтті. Келіссөздер үрдісінің аяқталғаны туралы саяси мәлімдемеге 2014 жылғы 9 қазанда Елбасының жұмыс сапары барысында Брюссельде қол қойылды [4] .
2015 ж. 21 желтоқсанда ҚР-ЕО Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Ф.Могерини оның Қазақстанға сапары барысында қол қойды. Құжат халықаралық, аймақтық қауіпсіздік, сауда, инвестиция, инфрақұрылым дамуы, сондай-ақ инновация, мәдениет, спорт және туризм сияқты 29 саладағы ықпалдастық бағыттарын қамтиды [4].
2016 ж. 25 наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаев КӘЫК ратификациялау туралы заңға қол қойды [4] . Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметімен еуропалық сарапшыларды қазақстандық миграция және виза салаларындағы заңнамаларды ЕО-ның шарттарына бейімдеу жұмыстарына тарту мақсатында ЕО-ның «PartnershipInstrument» тетігін қолдану туралы келісімге қол жеткізілді [4] . Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап ЕО жалпы сомасы 180 млн.еуроға 350-ден астам жобаны қаржыландырды, олар саясат мәселелері бойынша кеңес беруге және ҚР әртүрлі мемлекеттік органдарына техникалық көмек көрсетуге бағытталған [8] . Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақпен байланысты 1993 жылғы ақпан айында дипломатиялық қатынас орнағаннан кейін кең ауқымды дами бастады. 1995 жылдың 23 қаңтар Президент Н.Назарбаев пен Еуроодақ кеңесінің төрағасы А.Жюппе қол қойған «Әріптестік және ынтымақтастық туралы» келісім жасалып, ол 1999 жылғы 1 шілдесінде күшіне енді. Біздің аймақтың орналасқан жері Шығыс пен Батысты байланыстыру үшін өте қолайлы. Осы себептен ЕуроОдақ бұл өңірден экономикалық прагматизм тұрғысынан сенімді әріптестерге мүдделі [10].
Еуроодақпен серіктестік Қазақстанға жаңа сауда жолдар мен инвестициялар, экономикалық және экологиялық жобалар, еуропалық басқару жүйесіне көшу және Еуропа елдеріне баруға жеңілдетілген талаптар секілді көптеген мүмкіндітер ұсына алады. Бірақ осындай мүмкіндіктер мен өзгерістер Қазақстанның ішкі саясатына араласу, қазақ жастарының жаппай Еуропаға қоныс аударуы, геосаяси қауіп, мәдениеттердің араласуы секілді проблемаларға әкеліп соғуы әбден мүмкін. Еуроодақ Қазақстанға жоғарыда айтып кеткен мүмкіндіктер ұсынса, Қазақстанға басқа да ұйымдар мүмкіндітер ұсынуда. Мысалы, Қазақстанда БҰҰ-ның әралуан агенттіктері елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуы саласында көмек көрсете отырып, жұмыс істеуде. Олар демократиялық басқару идеяларын ілгері апара отырып, техникалық қолдауды, жергілікті әлеуетті дамытуды және тұрақты даму жолына өтуді қамтамасыз етеді [12].
ҚР премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді: “Экономикалық ынтымақтастықтан бөлек, халықаралық аренадағы өзара әрекеттестік, адам құқықтары мәселелерін де талқыладық. Ковидтен кейінгі ынтымақтастық жайын сөз етіп, Qazvac ұлттық вакцинасын шығарғанымыз туралы, қазір оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тіркеу үстінде екенімізді айттым. Бұл еуропалық серіктестеріміздің қызығушылығын туғызды”,- деген пікір айтты. Аугушту Сантуш Силва, Еуропалық одаққа төрағалық етуші португалияның сыртқы істер министрі: “Біз Қазақстанды азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасын ратификациялауымен құттықтаймыз. Еуропалық Одақ Қазақстандағы реформаларды, модернизация үдерістерін толық қолдайды және бұл реформаларлардың сәтті жүзеге асырылатынына сенім білдіреді”,- деген пікірін мәлімдеді [11].
Қазақстанның соңғы 18 жыл ішіндегі даму прогресі халықаралық қоғамдастыққа жақсы мәлім. Осыдан 18 жыл бұрын бір адамға шаққандағы ЖІӨ 1425 АҚШ долларын құраса, 2007 жылдың аяғында ол $7000-ды құрады. Егер 18 жыл бұрын БҰҰ Даму Бағдарламасының адами даму индексі 0,709 немесе 93-ші орынды құрайтын болса, ал бүгінде ол 0,794 немесе 69-шы орынды иеленді. Өткен онжылдықтада Қазақстан Бүкіләлемдік Экономикалық Форумның бәсекенің Жаһандық индексінде аталмаса, енді бүгінде Қазақстан онда 50 орынды еншілейді [12].
Соңғы төрт жыл ішінде ЕО Ресей мен Қытайды басып озып, Қазақстанның экономикалық және инвестициялық салалардағы алғашқы серіктесі болып қала береді. Қазіргі таңда ЕО Қазақстанның әлемдегі сауда серіктесі болып табылады деп айтуға болады. Бүгінде серіктестер арасындағы тауар айналымы 30 млрд АҚШ доллары көлемінде. Қазақстан мен Еуропа Одағының арасында энергетикалық саладағы ынтымақтастықты тереңдетудің мәні зор болмақ [10]. Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы ЕО үлесі 40% - ды құрайды. Жаһандық дағдарысқа қарамастан, бұл сандар 2002 жылғы көрсеткіштен тоғыз есе және 2005 жылғы көрсеткіштен екі есе көп деп айтуға болады. Бұл саладағы Қазақстанмен әріптестік деңгейі Орталық Азияның басқа да жеті мемлекетімен әріптестікке тең. Мұндай жағдайда Қазақстан ЕО үшін Орталық Азияға шығатын "қақпа" болуға дайын. Бұл үшін Қазақстанда өңірлік технологиялық хаб құру және Ресей, Қытай және Орталық Азияға экспортқа шығарылатын өндірістерді дамыту үшін барлық жағдайлар, табиғи және жер ресурстары бар. Энергетика секторы ЕО-мен ынтымақтастықта Қазақстан үшін аса маңызды секторлардың бірі болып табылады. Бүгінде Қазақстан ОПЕК-ке кірмейтін елдерден Еуропаға энергия тасымалдаушылардың үшінші ірі жеткізушісі болып табылады. Мысалы, ЕО-ның кейбір елдерінде мұнай жеткізу үлесі өте жоғары. Мысалы, Румыния-30%, Австрия – 25%, Швейцарияда Қазақстаннан жеткізілім екінші орында. Қазақстан ЕО елдеріне энергия тасымалдаушылар импортының жалпы көлемінің 20% - на дейін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта ЕО Қазақстанды экономикалық дамудың көшбасшысы және өңірдегі тұрақтылықтың негізі, сондай-ақ баламалы энергия жеткізуші ретінде қарастыруда. Қазақстан Еуропамен ынтымақтастықтан ең маңыздысы – жаңа технологияларды, білім мен тәжірибені алуға тиіс.
Еуропаның инновациялық бағыты Қазақстанның мақсаттарымен сәйкес келеді. Сондықтан біз еуропалық білімнің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше назар аударуымыз керек. 1993 жылы дәл осы күннен бастау алған серіктестік бүгінде достыққа ұласты. Еуропаның азулы елдерінің басын біріктіріп отырған ұйым Орталық Азияның ғана емес, әлемнің көшбасшы мемлекеттерінің біріне айналған Қазақстанмен ынтымақты арттыруға мүдделі [6]. 10 мамырда Еуропалық Комиссияның бұрынғы вице-президенті Гюнтер Эттингер еуропалық бизнеске Орталық Азия елінде өндірілетін қосымша құны бар өнімдерге көбірек инвестиция салуды ұсына отырып, ЕО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты "жаңа деңгейге" көтеруге шақырды [9]. Жаңа істердің уақыты келді. Қазақстанның негізгі мақсаты серіктестік қарым-қатынастарды іске асыру және нақты нәтижелерге қол жеткізу болып табылады.
Қазақстан мен ЕО арасындағы әр саладағы, оның ішінде саяси-дипломатиялық қатынастар өте қарқынды дамуда. Әріптес болу - екі жақ үшін де тиімді. ЕО Қазақстан үшін маңызды әріптестердің бірі. Осы байланыс арқасында Қазақстан Еуропа аумағында әріптестік үшін лайықты кандидат болып есептелінеді. Көптеген мемлекеттер, ұйымдар мен тұлғалар осы қатынастарды қолдауда. Бүгінгі күнге дейін жасалған барлық келіссөздер, жобалар, кездесулер мен келісімшарттар өз жемісін молынан беруде. Географиялық алшақтыққа қарамастан, Қазақстан және Еуропалық одақ көпжақты ынтымақтастық қарқынды дамуда. 30-ға жуық жыл ішінде Қазақстанда Еуроодақ компанияларының қатысуымен құны 9 миллиард долларға жуық 20-ға жуық ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды. ҚР ЕО-ны пайдалы қазбалармен, ал ЕО өз алдына Қазақстанның Еуропадағы жоғары дәрежемен қолдап, қамтамасыз етуде. Мемлекеттің орналасуы ұйымды өте қызықтырып отыр. Жылдар өте келе әріптестер арасында тек жақсы, жылы, тиімді қарым-қатынастар қалыптасып, дамып келе жатыр.