Статья:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №42(178)

Рубрика: Политология

Выходные данные
Тұмабайұлы Е. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2021. № 42(178). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/178/102685 (дата обращения: 23.11.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ

Тұмабайұлы Ерсін
студент, Astana International University, ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы
Исалиева Аксамал Маратовна
научный руководитель, Жетекшісі, Astana International University, ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы

 

Кіріспе. Мақалада Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы дипломатиялы қатынас орнатқан 1991 жылдан бергі екі елдің достық ынтымақтастық қарым-қатынастардың қарқынды дамуы пайымдавлып, екіжақты мәдени саладағы байланысьтарының дамуына талдау жасалады. Екі елді өтіп келген мәдени жылдар мен апталық іс-шаралары екі ел халқының өзара танымы мен түсінігін тереңдетіп, екі мемлекеттің достық ынтымақтастық қатынастардың дамуына белсенді рөл атқарғаны дәйектеледі. Казақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің басымдылықтарымыз өзгермейді – көршіміз – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ АҚШ-пен, Еуроодақпен, Азия елдерімен  серіктестікті дамыту мәселесі болып табылады» - деп атап көрсеткен болатын. Бұдан Қазақстанның сыртқы саясатында ҚХР-дың маңызды орнын алатынын аңғаруға болады. Қазақстанның геосаяси орны Ресей мен Қытай мемлекеттеріне ерекше саясат ұстануды қажет етеді. Ал көршілес ұлы мемлекеттер де Қазақстанға да үлкен маңыз беретіні заңдылық.

 

Түйін сөздер: Инновация, экспорт, нвестиция, Қытай Жібек жолы, Нұрлы жол, Индустрияландыру, Инфрақұрылым, Меморандум 

 

ҚР мен ҚХР дипломатиялық қатынастары дамуының бірінші кезеңі - 1992-1998 жылдары. Бұл жылдардағы екі ел қарым-қатынастарының басты ерекшелігі  - жоғары дәрежелі өзара сапарлар, әртүрлі деңгейдегі келіссөздер, екі ел қатынастарын дамытудың құқықтық негіздерін қалыптастыру және түйткілді мәселелерді шешумен сипатталады. 1993 жылы қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-ға жасаған алғашқы сапарында қытайлық әріптестері мемлекеттік шекараның даулы бөліктерін анықтау мәселесін көтерді. Елбасы Шекара мәселесі бойынша келіссөз жүргізуге бірден келісті. Өйткені Президент мемлекеттік шекараны делимитациялау – тәуелсіздікті нығайтудың маңызды факторы деп санады. Сонымен тараптар мемлекеттік шекараның талас бөліктерін анықтаудың принциптеріне келісіп, келіссөзді бастады. Қытай Халық Республикасының Премьері Ли Пэн 1997 жылдың қыркүйек айында Қазақстанға жасаған ресми сапарында «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы мемлекеттік шекарасы туралы қосымша Шартқа» қол қойды. Сонымен бірге «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үкіметтері Мұнай-газ саласында ынтымақтастық келісімшартына» және бірқатар серіктестік келісімдерге де қол қойды. Бұл келісімшарттарды Елбасы: «Ғасыр келісімі», - деп бағалады. 1998 жылдың шілде айында ҚХР төрағасы Цзян Цзэмин Қазақстанға қызмет сапарымен келді. Екі ел басшылары «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы мемлекеттік шекара туралы екінші қосымша Шартқа» қол қойып, Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара мәселесін түбегейлі шешті. Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның делимитациялануы тарихи оқиға болып табылады[1]. ҚР мен ҚХР қатынастары дамуының екінші кезеңі – 1998 -2005 жылдары.  Екі жақтылы қатынастар дамуының ең басты мысалдары 2004 жылдың сәуір айында Қытайдың мұнай-химия корпорациясы (Sinоpеc Group) Каспий теңізінің Солтүстік кен орнында бірнеше блокты иеленетін америкалық Fioc (Farst International Oil Company) компаниясын өз меншігіне алды. 2005 жылы Қытайдың ұлттық компаниясы CNPC Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен Құмкөл кен орындарына иелік ететін канадалық Petro-kazakhsnan компаниясын сатып алды. Демек, бұл мезгілде Қазақстан мен Қытай арасында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығы тез қарқынмен дамыды. Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай арасында көпжақтылы ынтымақтастық, яғни Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясындағы байланыстары да айтарлықтай алға басты. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тажикстан сынды бес мемлекет басшылары қол қойған «Шекара аудандарында әскери салада өзара сенімділік шарты» - «Шанхай бестік» механизмінін қалыптастырды. Бұл ұйым қауіпсіздікті негіз еткен, бейбітшілік, достық және ынтымақтастықты дамту мақсатында іс-қимылдар өрістетуді көздейді. Шанхай Ынтымқтастық Ұйымын Қытай ғалымдары: «Ол алдымен көпжақтылы қатынастардығы бейбітшілік, қауіпсіздік, теңдік, сенімділікті көздей отырып, сауда-эконмика, ғылыми-техника, мәдениет салаларында достық пен ынтымақтастық орнатып, ортақ даму мен көреюді мақсат етеді» [2], - деп сипаттайды. ҚР мен ҚХР қатынастары дамуының үшінші кезеңі – 2005-2015 жылдар. Бұл кезеңдегі екі ел қатынастары дамуының басты көріністерін, энергетикалық саладағы екіжақтылы және көп жақтылы ынтымақтастықтың терең дамуы мен Қазақстан - Қытай арасындағы сауда айналымының 10 млрд доллардан асуынан байқауға болады. Сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» аясындағы ынтымақтастықтардың өрістеуімен де сипатталады. 2013 жылы қыркүйек айында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға жасаған алғашқы сапарында, Назарбеав университетінде «Халықтар достығын нығайтып, көркем болашақты бірге құрайық» деген тақырыпта жасаған баяндамасында, Қытайдың Орталық Азия мемлекеттеріне ұстанған тату көршілік 3ынтымақтастық саясатын пайымдай келіп, жаңа инновациялық ынтымақтастық моделінде «Жібек жолы экономикалық белдеуін бірге құрайық» деген бастама көтерді. Сондай-ақ ол сол жылы қазан айында Индонезияға жасаған сапарында «Теңіз Жібек жолын ортақ құрайық» деген ұсыныс жасады. Сонымен Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» мега жобасы қалыптасты. Бұл ісжүзінде ҚХР-дың жаңа стратегиялық дипломатиялық саясатының басталуы еді. ҚХР-дың «Бір белдеу-бір жол» бастамасына Қазақстан алдымен қолдау білдірді. 2014 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауында: «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын жариялады. Бұл  Қазақстанның экономикалық саясаты Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» жобасымен үндесіп, екіжақты ынтымақтастық байланыстардың дамуына кең жол ашты. 2014 жылдың соңында ҚХР премьер-министрі Ли Кэциян Қазақстанға келген сапарында «Бір белдеу - бір жол» жобасы аясында тараптар жалпы құны 20 млрд доллар тұратын ынтымақтастық құжатқа қол қойды[3]. ҚР мен ҚХР қатынастары дамуының төртінші кезеңі – 2015 жылдан қазіргі дейінгі мезгіл. 2015 жылы 31 тамызда Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-ға ресми сапармен барып, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді. Екі ел басшылары «ҚР мен ҚХР жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастың жаңа кезеңі туралы бірлескен Декларация» жариялады. Жаңа кезеңдегі екі елдің өндіріс қуаты ынтымақтастығының дамуы. 2015 жылы науырызда Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қытайға жасаған сапарында, екі ел өндіріс қуаты және инвестиция ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар жалпы құнды 23,6 млрд доллар тұратын өндіріс қуаты ынтымақтастық келісімшартына қол қойды. Осы келісімшарттардың жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін, Қытай сала-аралық қызмет механизмін, өндіріс қуаты ынтымақтастық Қорын құрды. Оның аясында 51 жобаны іске асыру қарастырылды. Сондай-ақ 23 млрд доллар тұратын 25 келісімшарт жасалды. 2016 жылы 2 қырыкүйекте екі тарап «ҚР мен ҚХР үкіметтері «Жібек жолы экономикалық белдеуі» құрылысы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатты ұштастыру жоспары» атты құжатқа қол қойды. 2017 жылы мамырда Пекинде өткен «Бір белдеу-бір жол» саммитінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Жібек жолы жобасын іске асыру тұтас бір өңірлерді, соның ішінде Орталық Азияны жаһандық контекстке жаңа тұрпатта таныстыруға мүмкіндік береді», - деп сипаттады[4]. Екіжақты өндіріс қуаты ынтымақтастығының болашғы.

Қазақстан мен Қытай индустуриясы мен табиғи ресурсында бірін-бірі толықтайтын тұстары өте көп, әсіресе екі елдің негізгі имфрақұрылымдары мен өңдеу өнеркәсібі саласында өндіріс қуаты бойынша ынтымақтасудың кеңістігі кең. Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасында бес өткізу пункті тұрақты түрде жұмыс істеп тұр; бес мұнай-газ құбыры Қазақстан жері арқылы Қытайға өтіп жатыр; бір Халықаралық шекара ынтымақтастық орталығы - «Қорғас – Шығыс қақпа» экономикалық Құрғақ порты қызмет көрсетеді; «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жоғары қарқынды магистральді жол қолданысқа енген; алты теміржол (оның ішінде Қытай-Еуропа поездары да бар) қатынап жатыр; он бір автожол Қазақстанды көктеп өтеді; Қытай мен Қазақстанның Ланьюйнган логистика ынтымақтастық базасы – Қазақстанның тікелей Тынық мұхитқа шығатын портына айналды. Мамандардың есептеуінше, Қазақстанның әр жылы транзиттен табатын табысы 4 млрд долларға жетеді. 2020 жылдың алғашқы жарты жылында Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға жөнелтілген зат тасымалының саны өткен жылғы сол мезгілмен салыстырғанда 38%-ға өскен. Ал Еуропадан Қазақстан арқылы Қытайға жіберген зат тасымалының саны да өткен жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда 55 %-ға артқан[5]. ҚХР-дың ҚР-дағы елшісі Чжан Сяодың «Қазақстан мен Қытайдың болашағы» атты мақаласында («ANA NILI» №36-37 (1556-1557), 10-16 қыркүйек 2020 ж. жарияланған): 2019 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі 22,07 млрд АҚШ долларына жетті, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда 10,9%-ға өсті.

2020 жылдың қаңтарынан наурыз аралығында Қазақстан мен Қытайдың тауар айналымының көлемі 4,15 млрд АҚШ долларына өсті, яғни кемудің орнына 6 пайызға артты. 2021 жылы наурызда өткізілген ХІІІ кезекті Бүкіл қытайлық халық өкілдері жиналысының 4 отырысында жасалған Үкімет қызмет баяндамасында: «жоғары сапада «бір белдеу – бір жолды» бірлесіп құрамыз, бірге ақылдасу, бірге құру және бірге игіліктенуге табанды болып, нарықтық принциптер мен халықаралық қолданыстағы қағидаттар бойынша жұмыс жасаймыз» деп атап көрсетті. Ал ҚКП ХІХ кезекті Орталық комитетінің 5 пленумының мәлімдемесінде: «Бір белдеу – бір жолды» бірге құруды жоғары сапада ілгерлету» талап етілген. Осы негізде айтуға болады: пандемияға байланысты әлем экономикасы, соның ішінде қытай экономикасы құлдырағанымен «Бір белдеу – бір жол» жобасын Қытай әлі де жалғастырады, тіпті жоғары сапада жалғастырады. Өйткені ол Қытайдың жаһанды басқару (全球治理) стратегиялық саясатының маңызы құрамдас бөлігі. Сондықтан болашақта Қазақстан мен Қытай қатынастары да осы мега жоба аясында өрістейді деп санаймыз[6]. Алайда қазіргі таңда Қытайдың халықаралық ортасы соңғы қырық жылдан бері ең күрделі жағдайға тап болып отыр. «Бір белдеу – бір жол» жобасы да ауыр сын-қатерлерге дүп келіп тұр. Мұның әртүрлі себептері бар, әрине. Алып елдер арасындағы бәсекелестікті айтпағанда, «Бір белдеу – бір жол» жобасына қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік жағдайының жақсаруынан гөрі, қарызға белшесінен батуы және қауіпсіздік мәселелері оларды алаңдата бастағаны жасырын емес. Оның кейбір мысалдары Қазақстаннан да байқалады.

Нақтылап айтқанда, 2018 жылы 5 қарашада ҚР Парламет мәжілісі Үкіметің Қытай-Қазақстан өндіріс қуаттары ынтымақтастық Қоры қытай инвесторлары кірісінің жекелеген түрлерін салық салудан босату туралы келісімге қол қою туралы №340 қаулысын бекітті. Бұған халық наразы болды, тіпті 51 (55) жобаға да күмәнмен қарайтындар көбейді. Өйткен бұл шешім Қытай үкіметі өзі белгілеген: «Бір белдеу – бір жол» жобасының басты мақсаты – Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің әлеуметтік эконмикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер жасау, олармен тең дәрежеде ынтымақтасып жеңіске бірге жету» принциптеріне қайшы келеді. Ендеше, ҚХР үкіметі «Бір белдеу - бір жол» жобасында бекітілген принциптер бойынша, ынтамақтастық байланыстарды реттеп, екіжақтың да ортақ пайда көруін қамтамасыз етулері керек. Өйткені олар жобаны ұсынушы және оған жетекші мемлекет. Қазіргі халықаралық жағдай да, Қазақстан мен Қытай арасында қалыптасқан қарым-қатынастарда оларды өзара сәйкестенуге мәжбүрлейді. Ең маңыздысы - Қазақстан мен Қытай арасында орнаған Стратегиялық әріптестік қатынас – мемлекеттер мүддесі негізінде қалыптасқан. Сондықтан оны жеке адамдардың еркі өзгерте алмайды. Ендігі жерде Қазақстан-Қытай қатынастары постпандемия дәуіріндегі халықаралық үдерістерге ілесі жалғасты дамып отарады.

Кесте

Құндылықтар

Тақырыбы

Артықшылығы

Кемшілігі

Қазақ қытай сауда қатынасың дамуы

Қазақстанның Қытайға экспорты жоғарылауы және сауда сапасының артуы

Қытай шекарасына өткізілетін тауардын           бағасы 70% артуы

Қазақстан мен Қытай халық республикасының инвестициясы

Қытай “Жібек жолы” және Қазақстан “Нұрлы жол” жобасынын байланысы

Қазақстандық өнімдерге сұраныстын төмендеуі

Қазақстан мен Қытай арасындағы білім алмасу

Қазақ жастарынын Қытайда жоғарғы білім алуы

Жастардын елге оралмай шет жақта қалып қоюы

Мәдениеттердің алмасуы

Мәдениеттердің алмасуы арқасында жастардын жанашылдыққа талпынысы

Осынын әсерінен елдегі әр түрлі құқық бұзушылықтардың артуы

  •  
  • Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының дипломатиялық қатынастары
  • Біріншіден: Қазақстан Қытай халық республикасының жабық саясатына қарамастан өзімізде өңдірілген тауарларды экспортқа шығарып отыр. Алайда сол жабық саясаттың әсерінен Қазақстандық өнімдер 70% қымбаттап шет елдегі сұраныс деңгейін өте жоғарғы деңгейде жояды
  • Екіншіден: Қазақстаннын “Нұрлы жол” саясатымен Қытайдың “Жібек жолы” атты жобасынын бір-бірімен тұспа-тұс келуі екі елдегі сауда байланысын одан әрі арттыра түседі. Cол арқылы Қазақстан Еуропаға жол ашады. Бірақ бұның жағымсыз тұсы Қытайдан келген арзан тауарлардын әсерінен отандық өнімге сұраныс азаяды.
  • Үшіншіден: Қазақстандық жастар Қытайдың сапалы білімін алып, жоғары деңгейде тәжірибе жинақтай отырып. Cол тәжірибемен білімін өз елін көркейту мақсатында қолдануы. Алайда бұныңда кемшілігі жоқ емес, өзге елдің салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігіне үйренген жастар өз еліне оралғысы келмей шет мемлекетте қалып қоюы қыңжылтады.
  • Төртіншіден: Екі ел арасындағы мәдениет алмасудың арқасында, жастар жаңа дүниелерге қанық бола отырып. Өз салт дәстүрлерінде бөлісуі қуантады. Бірақ өсіп жетілмеген жас бүлдіршіндердін бұл дүниелерді бұрыс түсінгенінін әсерінен қоғамда әр түрлі кикілжіндер туындап ел ішіндегі бейберектсіздіктің жайлауы көңіл қуантпайтындығы анық.

 

Пайдаланылған әдебиетьер тізімі:
1. ҚР мен ҚХР арасындағы бірлескен Декаларациялар // http://www.russin.peopledaily.com.cn. 05/06/2003.
2. Шу Ипин. Қытайдың қазіргі заман дипломатиялық тарихы (中国当代外交史/1949-2009/). - Бейжиң. -2009. - 423
3. Бір белдеу, бір жол // «Егемен Қазақстан» 22 Қаңтар, 2016
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 518 қаулысы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1600000518
5. Транзиттік тасымал табыс әкеледі // «Егемен Қазақстан» 2017 ж. 10 Наурыз.
6. «Қазақстан – Жаңа Жібек Жолы» жобасына артылған сенім мол. «Қазақстан – Жаңа Жібек Жолы». Келешекте бұл жоба халықаралық деңгейдегі көліктік-логистикалық жүйеге айналмақ /www.railways.kz/node/5821 [8.11.2013]