Статья:

МӘДЕНИ-ТАРИХИ ДӘСТҮРЛЕР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №40(263)

Рубрика: Педагогика

Выходные данные
Ахамбаева Ж.Т. МӘДЕНИ-ТАРИХИ ДӘСТҮРЛЕР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2023. № 40(263). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/263/132687 (дата обращения: 21.12.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

МӘДЕНИ-ТАРИХИ ДӘСТҮРЛЕР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Ахамбаева Жадра Тлеугабылкызы
«Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының магистранты Академик Е.Ә.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды
Шаушекова Баян Кырыкбаевна
научный руководитель, Ph.D. пед. ғылымдар, Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Академик Е.Ә.Бөкетов атындағы Қарағандыуниверситеті, Қазақстан, Қарағанды

 

ПУТИ ФОРМИРОВАНИЯ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ ГРАМОТНОСТИ УЧАЩИХСЯ НАЧАЛЬНЫХ ШКОЛЬНИКОВ НА ОСНОВЕ КУЛЬТУРНО-ИСТОРИЧЕСКИХ ТРАДИЦИЙ

 

Ахамбаева Жадра Тлеугабылкызы

магистрант кафедры педагогики и методики начального обучения Карагандинского университета имени Академика Е.А.Бөкетов, Казахстан, г. Караганда

Шаушекова Баян Кырыкбаевна

канд. пед. наук, ассоциированный профессор кафедры педагогики и методики начального обучения Карагандинского университета имени Академика Е.А.Бөкетов, Казахстан, г. Караганда

 

Аннотация. Мақала мәдени-тарихи дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларының экологиялық сауаттылығын дамыту мәселесіне арналған. Мақалада оқушылардың қоршаған ортаға деген оң көзқарасын қалыптастыруға және экологиялық жауапты мінез-құлықты ынталандыруға мүмкіндік беретін негізгі жолдар мен әдістер қарастырылады.

Аннотация. Статья посвящена вопросу формирования экологической грамотности учащихся начальных классов на основе культурно-исторических традиций. В работе рассматриваются основные пути и методы, которые позволяют сформировать у учащихся позитивное отношение к окружающей среде и стимулируют экологически ответственное поведение.

 

Кілт сөздер: экологиялық сауаттылық, бастауыш сыныптар, мәдени-тарихи дәстүрлер, сабақтар, материалдар, тапсырмалар, экологиялық бағыт, экологиялық проблемаларды шешу, экологиялық жағдайлар

Ключевые слова: экологическая грамотность, начальные классы, культурно-исторические традиции, уроки, материалы, задания, экологическое направление, экологическое решение задач, экоситуации.

 

Қазіргі уақытта Жоғары оқу орындарындағы эндаумент-қорлар білім берудің экожүйесін дамытудың негізгі буынына айналуға тиіс екендігі 2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жолдауында көрсетілген.[1]

Сол себепті жоғары оқу орнынан бұрын алдыңғы бастауыш буындарды табиғатты қорғау және көркейту шараларын үйретумен қатар, табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, яғни оларға экологиялық білім бере отырып, экологиялық мәдениетін орнықтырудың мүмкіндіктерін арттыратын экожүйесін дамыту қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының сабақтарда экологиялық сауаттылығын қалыптастыру жалпы білім берудің бір бөлігі ретінде оқушының жан-жақты дамуына, оның экологиялық мәдениетінің дамуына, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге септігін тигізеді. Қазіргі кезде адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықтарды шешіп, жол табу және жастарға экологиялық тәрбие беру педагогика мен мектептің басты борышына айналуда.

Алдымен, терминдерге анықтама беріп кетсек, «мәдени» сөзіне келетін болсақ, «мәдениет» сөзінен шыққан, ХХ ғасырдың белгілі ойшылы З.Фрейдтің анықтамасы бойынша, мәдениет бұл адамның табиғатпен және басқа адамдармен қарым қатынасын ретке келтіретін норма, талап, тілек болып табылады. Басқа бір анықтамаларда мәдениет негізінен құндылықтар жүйесі деп анықталады, яғни адамға не нәрсе пайдалы, игі, құнды болса соның бәрін «мәдени» деп айта аламыз. [2]

«Тарихи» дегеніміз – бұл өткен уақыт туралы әлеуметтік көзқарастар жиынтығы, адамзаттың даму тарихын тану мен бағалауға бағытталған сыни көзқарас болып табылады.[3]

«Дәстүр» дегеніміз – бірінші ұрпақтан келесі ұрпаққа қалдырылған, тәжірибе, құндылықтар жүйесі. Дәстүр ұғымына қарым-қатынаста қалыптасқан тәртіп, салт деген анықтама береді екен. Алайда салт дегеніміз – адамның күнделікті өмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілікке байланысты мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері, жол-жорасының рәсімдерінің жиынтығы. Ал дәстүр дегеніміз – тарихи тұрақтанған, қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның бірыңғай көзқарасын, әдет, заңын марапаттайтын рәсім. [4]

Осыдан келе, «Мәдени-тарихи дәстүрлер» дегеніміз – халықтың мәдениеті мен тарихының ұрпақтан-ұрпаққа жинақталып, жалғасып келе жатқан мұрасы. Ол  белгілі бір халықтың тілі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, дәстүрі, өнері, сәулеті, музыкасы, әдебиеті және мәдениеті мен тарихының басқа да көріністері сияқты элементтерді қамтиды. Мәдени-тарихи дәстүрлер ұжымдық бірегейлікті қалыптастыру және қолдау үшін, сондай-ақ алдыңғы ұрпақтардың құндылықтарын, білімі мен тәжірибесін сақтау және жеткізу үшін үлкен маңызға ие.

Өркениетіміз өсіп, дамып отырған кезеңде,  елімізде экологиялық мәселені шешпеу мүмкін емес. Осы орайда жас ұрпақтың табиғатты қорғауға қабілеттілігін арттыру мектеп табалдырығын аттағаннан бастап үйрету көзделіп отыр. Табиғат ресурстарының азаюы, ауаның, судың ластануы, биосфера тепе-теңдігінің бұзылуы, адам өмір сүруінің жағдайына кері әсерін тигізуде. Бәрімізге белгілі қазақтың мәдени-тарихи дәстүрлердегі табиғатты қорғауға бағытталған ырымдар, нанымдар арқылы оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру тиімді түсер еді.  Сол себепті жас ұрпақтың табиғатты қорғау және көркейту шараларын көздейтін, табиғи қорларды тиімді пайдаланатын, экологиялық білімін орнықтыратын педагогикалық іс-әрекеттер қажет.

Әр халықтың осы уақытқа дейін қалыптасқан тарихи дәстүрлері бар. Бұл ретте ғасырлар бойы сұрыпталып, әр түрлі сыннан өткен тарихи-дәстүрлерімізді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде пайдаланамыз. Мысалға, мақал-мәтел, жаңылтпаштар, наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар арқылы оқушылардың табиғатқа деген зор сүйіспеншілігін, оны аялау қажеттілігін ескерткен болатынбыз.

Халқымыздың ұлы ағартушыларының экологиялық көзқарастарына келетін болсақ, сонау шығыстың шамшырағы, Әл-Фараби, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев мұралары мен А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, т.б. еңбектері орасан мол қазына. Абай 38 қара сөзінде табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын керемет шеберлікпен баяндайды. Дала данышпаны табиғатқа қамқорлықпен қарауға үндеп, табиғат туындыларына қиянат жасауға болмайтынын ескертеді, қиянатшыл адам мұсылман адам емес дейді.[5] 

«Ұлы дидактика» кітабында Я.А.Коменский табиғат заңдарына негізделген тәрбие мен оқытудың заңдарын шығарды. Ол білімге ең үлкен пайданы ерте жаста беретінін атап өтті. Содан кейін ақпаратты жақсы қабылдау орын алады. Яғни кіші жаста кемшіліктер тегістеліп кетеді, ал жаңа идеялар жақсы жолмен қабылданады. Я.А.Коменский, табиғат пен адам бір-біріне тәуелді, қазірдің өзінде адамзат қоғамында болып жатқан процестер табиғи процестер негізіне ұқсас екені туралы мәлімдеме жасады. [7]

ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысында эколог-ғалымдар: А.Н.Захлебный, А.Ю.Либеров Н.Н.Моисеев, Н.В.Мамедов, Л.П.Симонова, И.Н. Пономарева және т.б. жалпы экологиялық білім берудің тұжырымдамалық негіздерін қайта қарады.

Оқушылар табиғатты тануды 2 сыныптан бастайды. Бірақ 1 сыныпта балалар экскурсияларда қоршаған табиғи құбылыстармен танысады, табиғаттың жекелеген объектілерін бақылайды, өз бақылауларын «бақылау күнделігіне» жазады. Табиғатпен танысу оқу және сөйлеуді дамыту сабақтарында жалғасады, онда оқушылар табиғаттану мазмұнындағы шағын әңгімелер мен мақалаларды оқиды. Оқушылармен қоршаған табиғатты зерттей отырып, оларға деген сүйіспеншілік пен оны қорғауға деген ұмтылысты оята отырып, мұғалім бастауыш сынып оқушыларында Отанға, оның өлкесіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді. Табиғаттың ерекшеліктерімен танысу Кеңес Одағының әртүрлі аудандарындағы пайда болу айырмашылығымен мектеп оқушылары бұл айырмашылықтардың себептерін анықтайды.[6]

Яғни, бұл ретте оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыруды қалай бастау керек екені жайлы ой түюге болады. Әр зат бірден басталып кетпейді, алдымен ең қарапайымнан бастау керек деп айтылған, және де бастауыш сыныптан өз бетімен бақылау жасау арқылы олардың табиғатты қорғауға деген қызығушылықтары молая түсетіні туралы қорытынды жасалған.

Жалпы сабақтарда экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір аспектілері мен тақырыпты экологиялық бағыттау жолдарына мысалдар келтірсек:

  1. Экологиялық карточкалар қолдану (тақырыпқа байланысты: насихаттайтын, тыйым салатын).
  2. Экоситуациялар (жағдаяттар) тудыру, олардың себептерін ашқызуғ болдырмау жолдарын қарастырғызу.
  3. Тақырыпқа байланысты экологиялық әңгімелер, ертегілер құрастыру.
  4. Сабақта тақырыпқа байланысты экологиялық сөздіктер пайдалану.
  5. Сабақта экологиялық басылымдарды пайдалану.
  6. Экологиялық карта сызу.
  7. Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету.
  8. Халықтық педагогика элементтерін енгізу арқылы тақырыпқа экологиялық бағыт беру (Мысалға, «Құстар» тақырыбында келесі тыйым сөздерді қолдануға болады: «Құс ұясын бұзба!», «Құс жұмыртқасын шақпа!» «Егер құс ұясын бұзсаң, үйің өртенеді, құс жұмыртқасын шақсаң бетіне секпіл түседі, қолың жараланады, құс қатты қайғырады»)
  9. Тақырыпқа байланысты экологиялық есептер шығару.[8]

Осындай жұмыстар оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастырып қана қоймай, оның одан әрі дамуына ықпал ететініне күмән жоқ.

Экологиялық білім мазмұнына мәдени-тарихи көзқарас

Мәдени-тарихи көзқарасқа сәйкес, білім беру мазмұнының қайнар көзі адамзаттың барлық толық құрылымында, соның ішінде әлеуметтік тәжірибесі болып табылатындары:

  • танымдық іс-әрекет тәжірибесі, оның нәтижелерінің формасы – білім негізінде бекітілген.
  • қызметтің белгілі тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі – үлгі бойынша әрекет ету қабілеті.
  • шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі – проблемалық жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті.
  • эмоционалды-құнды қатынастарын жүзеге асыру тәжірибесі – жеке бағдарлар түрінде (В.В. Краевский, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин).

Мәдени-тарихи көзқарас негізінде құрылған білім беру мазмұны:

  • білім алушылардың оқу-танымдық қызметінің маңызды шарты.
  • осы қызметтің тақырыбы,
  • жеке тұлғаның жеке қажеттіліктерің қанағаттандыру құралы
  • тұлға мәдениетін дамыту және базалық қалыптастыру құралы (П.И. Пидкасистый).

Мәдени-тарихи негізде мазмұнды іріктеудің мұндай тәсілі білім берудің жалпы мәдени бағытын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.[9]

Қорыта келгенде, мәдени-тарихи көзқарас экологиялық білім беру мазмұны адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін пайдалануды көздейді. Яғни, оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыру тек білімді меңгерумен ғана шектелмей, сонымен қатар практикалық дағдыларды дамыту, шығармашылық ойлау және құндылық бағдарларын қалыптастыруды қамтиды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауы – 2023 ж.
2. Ғабитов Т.Х., Альджанова Н.Қ., Әбікенов Ж.О. Мәдениеттану негіздері – Алматы: Лантар Трейд, 2022.
3. Барг, М. А. Эпохи и идеи : Становление историзма / М. А. Барг. — М., 1987
4. https://massaget.kz/mangilik_el/shanyirak/salt-dastur/35697/?ysclid=loosjvq07q941919801
5. Белгібаева Г.Қ. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру теориясы мен әдістемесі. – Қарағанды: Қарму баспасы, 2017. – 188 бет.
6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподавания природоведения. Учеб. Пособие для учащихся пед. Училищ по специальности №2001. М., «Просвещение», 1977.
7. Я.А. Коменский, Педагогическое наследие [Текст] / Я.А.Коменский, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталоцци. – М., 1989 – 468 с.
8. Түменбаева Н. Қоршаған ортаны бақылау: Практикум/ 3-басылым, толықт., өңделген. – Н. Түменбаева. – Астана: Фолиант, 2017. – 240 бет.
9. Дзятковская Е.Н. Экологическое развивающее образование. Учебное пособие для постдипломного образования и самообразования педагогов. – М.: Образование и экология, 2010. - 140 с.