Статья:

ӨТ ЖОЛДАРЫ АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙТІН ЖЕЛАТИНДІ ЖҰМСАҚ КАПСУЛАЛАР ӨНДІРІСІ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №9(276)

Рубрика: Медицина и фармацевтика

Выходные данные
Бақтыгереева М.Р. ӨТ ЖОЛДАРЫ АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙТІН ЖЕЛАТИНДІ ЖҰМСАҚ КАПСУЛАЛАР ӨНДІРІСІ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2024. № 9(276). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/276/145674 (дата обращения: 27.11.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ӨТ ЖОЛДАРЫ АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙТІН ЖЕЛАТИНДІ ЖҰМСАҚ КАПСУЛАЛАР ӨНДІРІСІ

Бақтыгереева Мәдина Русланқызы
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының студенті, ҚР, Шымкент қ
Мусабекова Лейла Мухамеджановна
научный руководитель, Техникалық ғылымдар докторы, и.о профессор Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, ҚР, Шымкент қ

 

Аннотация. Бұл мақалада өт жолдары ауруларын емдеуге арналған жұмсақ желатинді капсулалар өндірісі көрсетілген. Кейінгі кезде өт ауруына шалдыққан науқастар қатары көбейуде. Жалпы, өттің, бауыр қызметінің бұзылуы – әлемде ең кең таралған проблемалардың бірі болып табылады. Ағзаның саулығы үшін тамақтану режиміне пайдалы майларды қосу маңызды. Адамдар зәйтүн, зығыр, қолдың сары майы сынды майларды жиі пайдаланған жөн, себебі май өтті айдауға көмектеседі. Менің дайындайтын дәрім де осы өт жолдары ауруларын емдеуге арналған. Құрамында жалбыз майы, тазартылған терпентин майы, эфир майы, зәйтүн майы, ұнтақталған күкірт және қосымша заттар ретінде желатин, глицерин, нипагин, тазартылған суы бар жұмсақ желатинді капсула . Бұл жерде жұмсақ желатинді капсуланың алыну жолы яғни технологиялық регламент көрсетілген.

 

Кілт сөздер: капсула, өт жолдары, зәйтүн, зығыр, эфир, какос майлары, қосымша заттар, технологиялық регламент.

 

Кіріспе: Желатинді капсулалар түрлі формадағы және сыйымдылығы қатты немесе жұмсақ қабығы бар қатты дәрілік заттар. Бұл қабыққа салынған дәрілік және қосымша заттардан (ішкі заттан немесе толтырғыштан) тұратын мөлшерленген дәрілік түрі.

Өт қабындағы өттің құрамында холестерин, билирубин немесе өт тұзы қалыптыдан көп болу салдарынан түзілетін қатты конкременттер. [3]

Негізгі бөлім: Жұмсақ желатинді капсулалар - сопақша, шар тәрізді немесе цилиндрлі формалы созылғыш құты, оған салмағы 0,1-1,5 г дейін майлы ерітінділер, қатты немесе паста тәріздес заттар салуға болады.[1]

Өт — сарғыш-қоңыр, дәмі ашқылтым, қою сұйықтық. Өт бауырда түзіліп, одан кейін өт шығарғыш өзек арқылы өт қабына келіп құйылады. Өт қабынан ағза қажет етсе, ең негізгі өт шығарғыш өзек арқылы он екі елі ішекке келіп құйылады. Ас қорыту кезінде өттің атқаратын қызметі орасан зор. Ол қоректік заттардың құрамындағы майларды ыдыратады. Өттің әсерінен ферменттердің қатысуымен ас қорыту процесі жүреді. Тағамдарды ақуыз көмірсуына және майларды май қышқылдарына дейін ыдыратады.

Өт режим дұрыс болмағандықтан өт ұйып, қоюлана бастайды. Осылай құмға, тасқа айналып, адам өтін алдырып тастап жатады. Содан кейін түрлі торт, тәтті, қуырылған тағамдарды көп жегеннен бауырды май басады, холестерин көбейеді. Мысалы, маргарині бар тамақтарды алайық. Оның құрамы пайдалы май емес, керісінше зиянды холестерин пайда болуына әкелетін маргариндер. Ол ағзамызға барған кезде дұрыс сіңбей, қорытылмай қалады. Қантамырларымызға барып қатып, тоңмай сияқты ұйып қалады.

Өт қабының қабынуына келесі белгілер жатады.

  • Оң жақ қабырға астындағы аймақта науқас мезгіл-мезгіл өткір ауырсынуды және үнемі ауырлықты сезінеді.
  • Дене қызуы көтеріледі.
  • Құсу пайда болады, аузында ащы сезім пайда болады, асқазан ісінеді, тәбет төмендейді, тамақ аллергиясы пайда болуы мүмкін.[2]

Диетолог маман су нормасына да көңіл бөлу керектігін айтады. Сонымен қатар мейлінше пайдалы майларды тұтынған жөн.

Өт жолдарын емдеуге арналған жұмсақ желатинді капсулалар өндірісін жобалауға технологиялық схема құрастырылды (сурет – 1).

 

Сурет 1. Технологиялық схема

 

Қорытынды: Өт жолдары аураларын емдеуге арналған жұмсақ желатинді қапсулалар технологиясы тиімді болып табылады. Келесі орындайтын сатымыз осы өндірістің аппаратуралық схемасын құрау болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сағындықова Б.А «Дәрілердің өндірістік технологиясы»
2. https://diabetesentity.com/3418-symptoms-of-inflammation-of-the-gallbladder-and-panc.html
3. Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения невский диалект. Перевод с английского канд.мед.наук Т.Д.Власова.