Статья:

ИНЬЕКЦИЯҒА АРНАЛҒАН 10%-ТІК НОВОКАИНАМИД ЕРІТІНДІСІ ӨНДІРІСІН ЖОБАЛАУ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №9(276)

Рубрика: Медицина и фармацевтика

Выходные данные
Тасқұл А.Ә. ИНЬЕКЦИЯҒА АРНАЛҒАН 10%-ТІК НОВОКАИНАМИД ЕРІТІНДІСІ ӨНДІРІСІН ЖОБАЛАУ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2024. № 9(276). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/276/145677 (дата обращения: 27.11.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ИНЬЕКЦИЯҒА АРНАЛҒАН 10%-ТІК НОВОКАИНАМИД ЕРІТІНДІСІ ӨНДІРІСІН ЖОБАЛАУ

Тасқұл Аяжан Әзімханқызы
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының студенті, ҚР, Шымкент қ
Бахтиярова Балжан Алмаханбетовна
научный руководитель, Мед.ғ.магистрі, аға оқытушы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, ҚР, Шымкент қ

 

Аннотация. Статьяда инъекцияға арналған 10% тік новокаинамидті шығаратын өндірісі туралы жазылған.Қазіргі таңда өмірге өте қауіпті жүректің соғу жиілігінің бұзылуы қатары артқан. Жүрек бұлшықетінің қозғыштығы мен өткізгіштігі әлемдік проблема болып табылады. Жүрек бөлімдері жиырылу жиілігі, ырғағы және кезектілігінің бұзылуын ырғақсыздық деп атайды. Осындай аурулар кезінде нъекцияға арналған новокаинамидтің 10% ерітіндісі қолданылады. Сондықтан жобаның тақырыбы аса өзекті болып табылады. Инъекцияға арналған 10% тік новокаинамидті шығаратын өндірісі жайлы, яғни технологиялық регламенті көрсетілген.

 

Кілт сөздер: Иньекция, новокаинамид, жүрек бұлшықеттері, технологиялық регламент.

 

Кіріспе:

Жүрек ырғағының бұзылуы – жүрек бұлшықетінің – миокардтың қозуы мен жиырылу жиілігінің, ырғағының және реттілігінің бұзылуына әкелетін патологиялық жағдай. Жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы жүрек-қантамыр ауруларының арасында алдыңғы орындардың бірін алады және тәуелсіз нозологиялық формалар немесе бірқатар аурулардың асқынуы ретінде көрінуі мүмкін. Аритмия кардиологиялық клиникада дерлік әрбір үшінші науқаста анықталады. Ал скрининг кезінде зерттелгендердің 25% -ында әртүрлі аритмиялар тіркеледі, олардың көпшілігі жүректің ауырсынуына немесе жүрек соғуына ешқашан шағымданбаған. Бұл жағдайдағы ең қиын нәрсе - кенеттен қайтыс болу жиі жүрек ырғағының бұзылуының алғашқы және соңғы симптомы болып табылады [1].

Ал осындай жағдайда алғаш көмек ретінде және ауруды емдеу барысында қолданылатын дәрілік түр ретінде ең қолайлысы ампулалы инъекциялық ерітінді. Себебі ес түссіз жатқан науқасқа инъекциялық дәрілік түрді салу парентеральді енгізуге қарағанда тиімді.

Новокаинамид-қазіргі уақытта қол жетімді ең ұзақ қолданылған және тиімді антиаритмиялық препараттардың бірі. Прокаинамидтің әсер ету механизмі натрий иондарының жылдам ток кірісінің тежелуімен, 0 фазадағы деполяризация жылдамдығының төмендеуімен байланысты. Сондай-ақ, ол өткізгіштікті тежейді және реполяризация фазасын баяулатады, жүрекшелер мен қарыншалардың миокардының қозғыштығын төмендетеді. [2].

Инъeкциялық epітінділepді дәpілік затпeн біpгe eнгізгeндe ағзаның жepгілікті нeмeсe жалпы инфeкциясын тудыpатын микpооpганизмдep түсуі мүмкін. Сондықтан инъeкцияға аpналған epітінділepді стepильдeйді жәнe олаpды асeптика epeжeлepін мінсіз оpындау жағдайында дайындайды.

Epітіндімeн біpгe ағзаға мeханикалық бөлшeктep түсуі мүмкін. Дайын өнімгe мeханикалық қоспалаpдың түсуінің нeгізгі көздepі: өндіpістік үй-жайлаpды ауыстыpу, қосалқы матepиалдаp, қолданылатын жабдықтаp, ампулалаp, пepсонал болып табылады. Осыған байланысты аса жауапты опepациялаp 1-сыныптың таза үй-жайлаpында жүpгізілeді.Epітіндімeн толтыpылған ампулалаpды шығаpаp алдында олаpды 100% көзгe көpінeтін мeханикалық қоспалаpдың жоқтығын тeксepeді.

Ампулалық шынының сапасы өтe маңызды pөл атқаpады. Өйткeні ол көп жағдайда инъeкциялық epітіндінің тұpақтылығын анықтайды. Ол мөлдіp, химиялық жәнe тepмиялық төзімді, оңай балқытылуы кepeк [3].

10 % новокаинамид ерітіндісін жобалу барысында технологиялық схемасы құрастырылды(сурет 1).

 

Сурет 1. Инъекцилық новокаинамид ерітіндісінің  технологиялық схемасы

 

Қорытынды: Инъекцияға арналған 10% тік новокаинамидті шығаратын өндірісінің технологиялық алыну жолы тиімді  болып табылады. Келесі негізгі саты аппаратуралық схемасының тиімді әдісін анықтау болып табылады. Жұмыс жалғасуда. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. https://el-klinika.ru/aritmiya-serdcza-prichiny-simptomy-lechenie/
2. https://helix.ru/kb/item/15-040
3. Сағындықова , Б. А. Дәрілердің өндірістік технологиясы, 272 б