Статья:

ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІНІҢ ЖАСӨСПІРІМДЕР АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №20(287)

Рубрика: Медицина и фармацевтика

Выходные данные
Жардембеккызы М., Сейсембек М. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІНІҢ ЖАСӨСПІРІМДЕР АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2024. № 20(287). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/287/149831 (дата обращения: 24.11.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІНІҢ ЖАСӨСПІРІМДЕР АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ

Жардембеккызы Мадина
магистранты, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақстан, Алматы
Сейсембек Мольдир
магистранты, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақстан, Алматы
Сабырахметова Валентина Махсатовна
научный руководитель, Ғылыми жетекші, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақстан, Алматы

 

Мақсаты: Жасөспірімдер арасында электронды темекі (вейпинг) тұтыну жиілігін анықтау және оған сипаттама беру

Міндеті:.

  • Зерттеу обьектісін анықтау және электронды темекінің (вейпинг) таралуы бойынша мәліметтер жинау;
  • Сауалнама жүргізу арқылы электронды темекі (вейпинг) тұтыну жиілігін анықтау;
  • Анықталған мәліметтерге сүйене отырып тұтынудың зиянын және ағзаға әсерін сипаттау;

Өзектілігі: Қазақстандағы балалардың 5,8% - ы Электронды темекі шегеді.Деректер ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының қазақстандық оқушылардың өмір салты туралы есебінен алынды. Темекі шегу деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 127 елдің ішінде 41-ші орында тұр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жастар арасында жаман әдеттердің қалыптасуына жол бермеу керек. Қазір көптеген жасөспірімдер, мектеп оқушылары кез-келген дүкеннен оңай сатып алуға болатын электронды темекіні қолдана бастады. Бұл өте қауіпті жағдай.» деп айтып өтті.

 

Электрондық темекінің құрамы:

Электрондық темекіге арналған дәстүрлі  "толтырғыштың" құрамында: 55-62%

пропиленгликоль; 30-35% глицерин; 0-3, 6%  никотин;2-4% хош иістендіргіштер;белгілі

бір концентрациядағы су.

Материалдар мен зерттеу әдісі:

1.2023 жылдың қараша айында ҚазНМУ мен Алматы қаласының оқушыларының арасында «Google * Forms» платформасында онлайн сауалнама жүргізілді. Сауалнама 24 ашық, жабық сұрақтардан құрастырылды. 80 адам салуалнамадан өтті, барлығы анонимді болды. Алынған нәтижелер өңделіп, статистикалық анализ жасалды.

2. Никотині бар заттардың жасөспірімдерге қолжетімділігін анықтау үшін электронды темекі сататын дүкендерде эксперимент жүргізілді.

3. Жастардың дәл тұтынып тұрған сәтінде, рұхсатымен ашық сұхбат алынды.

Қорытынды:

Респонденттерді жас тобы бойынша қарастырсақ 15 – 20 жас аралығындағы тұтынушылар 56,1 ℅ құраса, ал 42,1 ℅ көрсеткішпен 20- 25 жастағылар анықталып отыр. Тұтушылардың басым бөлігін 71,9 ℅  әйелдер құраса, ер адамдардың үлес салмағы 28,1 ℅  көрсетіп отыр. Вейпингті жасөспірімдердің 82,5 ℅  білетіндігін айтса, ал «жоқ» деп 17,5 ℅   көрсетіп отыр. Вейпинг жайлы қалай білдіңіз деген сұраққа 50,9 ℅  достарынан, 14 ℅  – таныстарынан білгендігін айтып өтсе, 24,6 ℅  жарнамадан танысқанын көрсетсе, қалғандары – көршілерінен, аға, акпелерінен білгендігін растады. Вейпингті  тұтынып көргендердің үлесі 66,7 ℅  құраса, ал 33,3 ℅  «жоқ» деп тұтынбағандығын растады. Вейпіңтікті қандай жиілікте тұтынғандығын анықтау мақсатындағы сауалымызға 33,3 ℅ белгілі бір жағдайларда тұтынса, 52,6  ℅ –өмірінде 1 рет тұтынғандығын көрсетті. Ал, тәулігіне 1 реттен тұтынатын жасөспірімдердің үлесі 7℅  құрап отыр. Ата аналары шегетінін білмейтіндігін 89,5 ℅ жасөспірімдер  көрсетсе, ал 10,5℅  біледі деп ашық айтты. Вейпіңкті шеккен кейін 24,6 ℅ тамағы жыбырласа, 13,3 ℅ басы айналғанын айтты. 10,5 ℅  жөтел байқалса, 40,4 ℅ басқа да өзгерістердің болғанын растап шықты.

Тұжырым:

Алынған мәліметтерді қорытындылай келе, вейпинг тұтыну 15-25 аралығындағы жасөспірімдер мен студенттер  арасында кеңінен тарап жатқанын анықтадық, бұл сату орындарындағы заңмен бекітілген тәртіптердің сақталмауы болуы табылады. Жынысына қарай қарастыратын болсақ,  ұлдарға қарағанда тұтынушылардың басым бөлігі қыз балаларға тиеселі болып шықты, бұл көрініс қазіргі қоғамда қыз балалардың вейпингке қызығушылығының жоғары екендігін байқадық. Электрондық түтінді ингаляциялау ұсақ тыныс жолдарының үдемелі бітелуіне, ентігуге және кеудедегі ауырсынуға әкеледі, бронхтағы фиброзға байланысты конструктивті бронхиолит жиі кездеседі. Алматы қаласында ХОБЛ-мен әрбір і-ші адам ауыратыны өтірік емес. Экологияның бұзылғандығын біле тұра электронды шылымды тұтынатын жастардың қарасы көп, бұл аландататын жағдай. Сонымен қатар, электронды темекінің кеңінен таралуына жасөспірімдердің достары, араласатын ортасы, әртүрлі стресстік жағдайлар, жасөспірімдерге электронды темекіні алудың қолжетімділігі,  жарнамалар, өздеріне «Хайп» жасау түрткі болғандығына көзжеткіздік. Айтарлық бір жайт, балаларының вейпингті тұтынатынын ата аналарының басым бөлігі білмейтін болса, ал, ата аналардың аз бөлігі вейпинг жайнда мүлде хабары болмағанына көз жеткіздік. Жасөспірімдердің вейпингтен кейінгі байқалған өзгерістерге талдау жасасақ, сұхбаткерлердің басым көбінде тыныс жолдарында жөтел, тамағының жыбырлауы сияқты, сонымен қатар жасөспірімдердің мінез құлықтарында өрескел,  бейәдеби мінездердің пайда болып келе жатқанын аңғардық. Никотин есірткі ретінде электронды темекінің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Патологиялық тұрғыда тәуелділік алғашқы қолданудан бірнеше күн өткен соң пайда болуы мүмкін. Никотин мидағы холинергиялық рецепторларды ынталандырады, бұл допамин мен басқа нейротрансмиттерлердің босатылуымен бірге жүреді, олар белсеніп мидың ләззат орталығы көптеген басқа тәуелділік препараттары сияқты әсер көрсетеді. Допамин, глутамат және гамма-аминобутир қышқылы (GABA) никотинге тәуелділіктің маңызды медиаторлары болып табылады.

Психологиялық тәуелділік адамдар көңіл-күйді өзгерту үшін немесе тоқтату белгілерін болдырмау үшін темекі шегетін кезде пайда болады; ол темекі шегу басталғаннан кейін 2 апта ішінде дамуы мүмкін және темекі шегуге тырысатын жасөспірімдердің шамамен 25% -. байқалады. Физикалық тәуелділік (яғни, темекі шегуден бас тарту белгілерінің пайда болуы) 2 апта ішінде де дамиды. Адамдар никотинге тәуелділікті қанағаттандыру үшін электронды темекі шегеді, бірақ сонымен бірге мыңдаған басқа компоненттерді, соның ішінде канцерогендерді, зиянды газдарды және темекі түтінінің құрамына кіретін химиялық қоспаларды жұтады. Вейп шегуден денсаулықтың көптеген бұзылуларына никотинмен қатар, дәл осы улы компоненттер жауап береді. Вейп түтінінің жанама өнімдері бауырда метаболизденетін ферменттерді тудырады (ең алдымен CYP2A6), бұл кейбір дәрі-дәрмектердің метаболикалық клиренсінің жоғарылауына әкеледі.

 

Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1. Онкоурология: ұлттық нұсқаулық 
2. Кітап, ред. В. И. Чиссова, Б. я. Алексеева, И. г. Русакова 
3. Онкология. Ұлттық басшылық. Қысқаша басылым 
4. https://infourok.ru/proekt problema kureniya podrostka- 113385.htm 
5. https://tass.ru/obschestvo/5249215 
6. https://profilaktica.ru/for-population/profilaktika- zabolevaniy/profilaktika-zavisimostey/profilaktika- kureniya/sindrom-otmeny-nikotina/ 
7. ://www.gdp3podolsk.ru/blog/mozhno-li-rezko-brosat-kurit-kakie-posledstvija-u 8. Клиникалық онкология: [дәрігерлердің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне арналған оқу құралы] кітап, Вячеслав Григорьевич Черенков 
8. https://www.dgkb1.ru/index.php/k2/zdorovyj-obraz- zhizni/vred-kureniya-dlya-podrostkov 
9. http://www.mosmedic.com/podrostkovoe-kurenie-i- ego-prichiny.html
 

*По требованию Роскомнадзора информируем, что иностранное лицо, владеющее информационными ресурсами Google является нарушителем законодательства Российской Федерации – прим. ред.