Статья:

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №21(288)

Рубрика: Педагогика

Выходные данные
Ештаева А.Қ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2024. № 21(288). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/288/150652 (дата обращения: 28.12.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Ештаева Айжан Құрақбайқызы
Атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Ө.Жәнібеков, Қазақстан Республикасы, Şımkent

 

СПОСОБЫ ПОВЫШЕНИЯ ПОЗНАВАТЕЛЬНОГО ИНТЕРЕСА МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ

 

Эштаева Айжан Куракбековна

Южно-Казахстанский педагогический университет имени О. Жанибекова,

Республика Казахстан, г. Шымкент

 

WAYS TO INCREASE THE COGNITIVE INTEREST OF YOUNGER STUDENTS

 

Aizhan Eshtaeva

South Kazakhstan Pedagogical University named after O. Zhanibekov, Republic of Kazakhstan, Shymkent

 

Аннотация. Қазіргі дидактика, педагогика мен психологиядағы жаңа жетістіктерге сүйене отырып, қызығушылықтың оқушыға білім берудегі, дамытудағы және оның жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға үлкен мүмкіншілік ашып отыр. Оқытудағы қызығушылықтың ерекше түрі – танымдық қызығушылық. Оның саласы танымдық іс - әрекет оқушының оқу пәндерінің мазмұнын және қажетті амалдар мен біліктерді, дағдыларды меңгеруі, осылардың көмегімен оқушы білім алады. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру жолдары көрсетіліп, мотивтері қарастырылады.

Аннотация. Опираясь на новые достижения в современной дидактике, педагогике и психологии, интерес открывает перед учеником большие возможности в образовании, развитии и формировании его личностных качеств. Особый вид интереса в обучении-познавательный интерес. Его область познавательная деятельность заключается в усвоении учащимся содержания учебных предметов и необходимых приемов и умений, навыков, с помощью которых обучается учащийся. В статье освещаются пути и рассматриваются мотивы повышения познавательного интереса младших школьников.

Abstract. Based on new achievements in modern didactics, pedagogy and psychology, interest opens up great opportunities for the student in education, development and formation of his personal qualities. A special kind of interest in learning is cognitive interest. His field of cognitive activity consists in the assimilation by students of the content of educational subjects and the necessary techniques and skills, skills with which the student learns. The article highlights the ways and considers the motives for increasing the cognitive interest of younger schoolchildren.

 

Кілт сөздер: бастауыш сынып, оқушы, таным, қызығушылық, мотив, әдіс.

Ключевые слова: начальный класс, ученик, познание, интерес, мотив, метод.

Keywords: elementary class, textbook, cognition, interest, motive, method.

 

Балалар әрекетінің мотивтері - қызығушылықтар. Негізгі қызығушылықтың тікелей қызығушылыққа айналуын А.Н Леонтьев мотивтің мақсатқа жақындауы деді.

Танымдық қызығушылық оқушыға білім берудің Интерактивтілігі мен дербестігінің даму факторы. Оқытудағы қызығушылық мәселелері, оның маңызы жөнінде көптеген дидакт- педагогтар жазып кетті.

Я.А. Коменский жаңа мектепті білімнің қуаныштың, жарықтың қайнар бұлағы деп қарастырса, қызығушылықты осы жағдайды жасаудың басты жолдарының бірі деп есептеді.

Ж.Ж. Руссо тәрбиеленушінің оны қоршаған заттар мен құбылыстарға тікелей қызығушылығына сүйене отырып, балаға оңтайлы және жағымды оқуды құруға тырысты.

Белгілі ғалымдар М.Беляев, Н.Морозова, С.Рубинштейннің пікірлері бойынша: қызығу әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір обьектіні ұғынып, білуге ұмтылған іс- әрекетін қуаттандыратын психологиялық ерекшелік. Қызығу жаңаны танып –білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге әкеледі. Танымдық әрекет қажеттілік арқылы жүзеге асады. Олай болса, оқушы оқу пәніне қызығады, кейіннен ол пән оқушының іс - әрекеттің мақсатқа қозғағыш күш – мотивіне айналуы мүмкін. Бұл жөнінде Н.Морозова “Іс- әрекет көздеген мақсатқа жетуге түрткі болады” дейді.

Танымдық қызығушылық болмаса оқуға деген шығармашылық қабілетті дамыту мүмкін емес.

Бірінші сыныпта оқитын оқушылардың танымдық қызығушылығының даму деңгейлері әр түрлі болуы мүмкін. Танымдық қызығушылықтың ең қарапайым деңгейі оқушылардың сабақта естіген жаңа деректерге, қызғылықты құбылыстарға тікелей қызығуы.

Кейбір балаларда танымдық қызығушылық жақсы дамыса, ал кейбірінде нашар көрінеді. Әр сыныпта сабақ үстінде сұрақ қойып, үй тапсырмасын даярлағанда қосымша әдебиеттер оқып, сөздіктер мен анықтамаларды пайдаланып, өте жоғары баға алуға тырысатын балалар болады. Керісінше, ешқашан қолын көтермейтін, енжар, селқос, ғылыми көпшілік көркем әдебиеттерді оқымайтын балалар да болады.

Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті ағартушы, ғалым Ж.Аймауытовтың “Псиқалоғия” атты, ана тілінде жазылған тұңғыш психологиялық, педагогикалық құнарлы еңбегінде: ”Білімге деген ынталанушылық, - деп жазды ол,- адам бойындағы ой еңбегі күшінің қайнар көзі, сондай көздерді көбірек алу, өркендету - мұғалімнің бойына біткен қасиет болуы керек”.

Психолог С.Д.Смирновтың пайымдауынша «Танымның қандай болмасын нақты аспектілері танымдық іс-әрекет барысында басталады, мысалы дүние туралы негізгі көзқарас, оны бейнелеуден кейін тиянақтау, толықтыру, түзетуден тұрады». Психологтар оқыту процесі адамның іс-әрекеті мен танымдық процестерінің бірлігінде қарастырылып, оны негізге ала отырып, оқыту процесінің негізгі белгілері танымдық іс-әрекеттің маңызды формаларының бірі болса, онда мектептегі оқытуды әлеуметтік мағнасы жағынан тиянақты іске асыруды, үш түрлі қажеттіліктерге бөлген:

Бірінші-танымдық қажеттіліктер, мәселені шешу тәсілі немесе оқыту процесінде жаңа мағлұматтар алуды қанағаттандыру.

Екінші-әлеуметтік қажеттіліктер, «Мұғалім-оқушы» және «Оқушы-оқушы» қарым-қатынастары негізінде оқыту іс-әрекетінің барысы немесе қатынасын және қатынасын және оқыту іс-әрекетіне байланысты оның шешімін қанағаттандыру.

Үшінші-оқушының өзінің «Мен»-ге байланысты қажеттілік, жетістікке жету қажеттілігі, оқу тапсырмаларының негізгі деңгейін арттыру. Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, оқыту процесінің түрлі мазмұны мен компоненттеріне бағыттау негізінде төмендегідей танымдық іс-әрекет деңгейлерін талдап көрсеткен.

І. Жаңа білімдерді игеруге бағытталумен сипатталатын ауқымдық танымдық іс-әрекет;

ІІ. Білімдерге қол жеткізу тәсілдерін игеруге бағытталумен сипатталатын танымдық іс-әрекет.

IІІ. Білімге қол жеткізу тәсілдерін ұдайы жеткізуге бағытталумен ерекшеленетін өз бетінше білім алу процесі.

Белгілі психолог С.М.Джакуповтың пікірінше: «Оқыту процесіндегі субьектілердің қарым-қатынасында мағналардың өзгеруі біріккен іс-әрекеттің мотивтері мен мақсаттарының заңды құрылуына мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру, біріккен танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайды», - деп тұжырымдайды.

Қажеттіліктен кейін қызығушылық тудыру десек ол туралы психологиялық сөздікте: “қызығушылық дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстарды Интерактивтілікпен танып білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі”,– деп көрсетілген.

Психологтар саналы әрекеттің бірі қызығу, - деп санайды. Адам алдына мақсат қойып, өздерінің ерік-жігерін жұмсап, кейін заттармен үнемі шұғылданып отырады. Мысалы, оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру үшін, оларға оқулықтың мазмұнын, ондағы тапсырмаларды түсіндіріп отыруы қажет. Егер оқушының оқуға деген түсінігі болмаса, оның қызығушылығы да болмайды. Егер қызығушылығы қалыптаспаса оқушының шығармашылығы да қалыптаспайды. Қызығуды төмендегідей шартты түрде үшке бөліп қарастыруға болады:

а) мақсатты қызығу. Адам алдында бір мақсат қойса, сол мақсатқа жетуді қызық көреді;

ә) әрекеттік қызығу. Мұнда адам алдында бір үлкен міндет қоймай, істейтін ісінің нәтижесі қандай болатынына қызықпай, тек атқаратын еңбегінің ағымына қызығады. Мысалы, оқушы көркем сөз үйірмесіне қатысуға қызығады. Одан керемет пайда келтіретін немесе бір нәтижеге жетейін деп алдына мақсат қоймаса да уақыт өткізу үшін жаңағы айтылған әрекеттердің ағымына қызығуы мүмкін;

б) қорытындыға қызығу. Мұнда адам істейтін еңбегінің нәтижесіне қызығады. Бір нәтижеге жетуді көзден, әрекет етеді, барлық күшін соған жұмсайды [1].

Бастауыш сыныптарда оқушылардың қызығушылығы тұрақтала бастайды. Бұл кезеңде балалар әр нәрсеге әуес болады, көп заттарды білгісі келіп, ол заттардың қайдан пайда болғанын, неге олай екенін түсінгісі келеді. Сыныпта оқушылар өз қызығуларын іс жүзінде тәжірибемен байланыстырып, оны орындай алатынын не алмайтыннын белгілеп отырады.Бастауыш сыныптарда оқушылардың қызығуы тұрақты келеді.Оқушылардың қызығуларын дамытуда психолог Т.Тәжібаев мынадай жайттарды ескертеді.Олар:

1) Балаларда танымдық қызығулар дами түсу үшін оқу сапасын жақсарту

керек.Оқу мазмұнды, идеялы,тартымды болып келгені жөн.

2) Балалардың көркем әдебиетті көбірек оқу жағын қарастыру керек.Себебі, осы

арқылы оқушылар көп нәрсемен танысады,көп білім алады,сөйтіп олардың оқуға деген қызығуы артады.

3) Балалардың өз бетімен дербес жұмыс істеу жағын үйретіп, олардың оқуының,

еңбегінің мәдени түрде жүзеге асу жағын қарастырып отыру қажет.Түрлі шараларды қолданып, мұғалім балалардың сабағынан артта қалмауын қарастырған жөн.

4) Балалардың білімі әр уақытта жүйелі түрде бағаланып отырылуы тиіс. Бағаның нәтижесін өздеріне айтып, талапты зерек балаларды мадақтап отырғаны дұрыс.

5) Мұғалім балалардың оқуын, тәртібін бағалау мәселесіне жауапты қарағаны жөн. Мұғалімнің оқушыға қойған қате бағасы оларға өте қатты әсер етеді, олардың көңілін қалдырады. Мұндай жағдайда бала сабағын дайындамайтын, мұғалімге сенбейтін болады.

Балалар әрекетінің мотивтері – қызығушылықтар. Тікелей және жанама қызығушылық-бұл іс-әрекетке деген қызығушылық. Негізгі пәнге деген қызығушылық аралық қызығушылық (мақсаттар) туғызады. Аралық қызығушылықтардың тікелей қызығушылыққа айналуын А.Н.Леонтьев мотивтің мақсатқа жақындауы деді.

Психологтардың жинақтаған деректеріне қарағанда танымдық қажеттілікті қанағаттандыру – адамның дұрыс дамуының алғы шарты. Осындай деректерге сүйене отырып бастауыш сынып оқушысының қызығушылығын арттыруда «Интерактивті» әдістерді пайдалану мәселесін қарастырайық.

Бүгінгі таңда негізгі әдістемелік инновациялар оқытудың Интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» ағылшын тілінен аударғанда «бірлесе әрекет ету» ұғымын білдіреді.

«Интерактивті» деген сөз энциклопедиялық сөздікте көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал «интеракция» термині (ағылш. тілінен. Interaction - өзараәрекет) алғаш рет әлеуметтану және әлеуметтік психология саласында пайда болды. Ол жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма кезек өтуі дегенді білдіреді.

Интерактивтік оқыту – бұл білім беру үрдісін ұйымдастырудың арнайы формасы, оның мәні әрбір проблеманың жалпы, бірақ маңызды шешімін табатын оқу материалын меңгерудегі, білім, идея, іс-әрекет тәсілдерімен алмасудағы оқушылардың ортақ іс-әрекеттен тұрады.

Интерактивтік оқыту оқу үрдісін іс жүзінде барлық оқушылар таным үрдісіне қатысатындай ұйымдастыруды көздейді. Интерактивтік тәртіппен өткізілетін сабақ құрылымы 8 сатыдан тұрады. Олардың әрқайсысын ұйымдастыру ерекшелігіне тоқталайық [2].

Мотивация. Мотивация құру үшін проблемалық мәселелер және тапсырмалармен қатар сахналауды, сөздіктерді, газет материалдарынан үзінді оқуды, статистикалық мәліметтерді (мысалы, бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын дамытудың олардың одан әрі оқуына ықпалы туралы) тыңдауды, бір ұғымның саналуан анықтамаларын қолдануға болады.

 Осы сатыны ұйымдастыруда бір себептер оқушының белсенді әрекетін оятып, қызу реакциясын туғызуы мүмкін де, ал екінші бір оқушыға онша әсер етпеуі әбден мүмкін. Сондықтан әр сабақта мотивация тәсілдерін алмастырып, оларды түрлендіру қажет.

Мақсаттарды хабарлау. Интерактивтік оқыту сабақтарының мақсаты дәстүрлі оқыту сабақтарынан ерекшеленеді. Ең алғашқы орынға оқушылардың біліміне қатысты мақсаттар қойылады: функционалдық стилдердің белгілерін атау, қазақ графикасында орын алған өзгерістерді атау, орфография, орфограмма үғымдарына түсінік беру. Содан соң біліктілікті қалыптастыруға қатысты мақсаттар қойылады: қазақ орфографиясының әрбір принципіне бағынатын жазу үлгілерін айқындау, мәтіннің стилистикалық құрамын анықтау, топтық жұмыс нәтижесін көпшілік алдына ұсыну. Үшінші орында құндылықтарды атайтын мақсаттар тұрады: орфоэпия нормаларының бірлігін сақтау қажеттілігіне деген өзіндік көзқарасын білдіру, сауатты жазудың мәні туралы өз пікірін айу, алынған білімнің практикалық мәні туралы шешім қабылдау.

Жаңа ақпараттарды ұсыну. Біздің оқытып отырған түсініктеріміз қандай да бір мөлшерде оқушыларға таныс, сондықтан осы сатыны миға шабуылдан бастау ұсынылады: «Сауаттылық сөзі қандай ассоциация туғызады?», «Қандай үғымдар орфография сөзімен байланысты?». Негізгі ойды білдіретін сөздерді тақтаға бір бағанға жазылып, номірленеді. Жұмыстың осы түрі оқушыларға таныс, бірақ шындығында әлі де түсініксіз ұғымдарды іріктеуге көмектеседі. Осы жұмысты басқаша өткізуге болады: тақтаны арғы бетіне алдын-ала негізгі, яғни кілт сөздерді жазып қояды, мысалы, орфоэпия, оның жан-жағына сөздер орналастырылады: орфоэпиялық сөздіктер, сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу нормалары, сөз, сөздік қателіктер. Содан соң оқушыларға кілт сөзбен байланысты ұғымдарды таңдау ұсынылады. Оқушылардың оқытылып отырған ұғымдар туралы түсініктері жеткіліксіз болса, онда бұл нұсқа тиімді.

Интерактивтік жаттығулар. Интерактивтік жаттығулар ретінде шағын топтардың жұмысын тәжірибелеуге болады. Осы сатыны өткізу көптеген қиындықтар туғызады. Ауысымдық құрамдағы топтарда осы мәселелер ротация көмегімен шешіледі: белсенді топтан пассивті топқа, пассивті топта белсенді топқа ауыстырамын. Топ құрамы 5-6 адамнан артық болмауы тиіс, өйткені құрамы көп топтарда кейде барлығының сөз сөйлеуіне уақыт жетпей қалады, өзгелердің артында «жасырынып қалуға» оңай болады, оқушылардың белсенділігі төмендейді, сабаққа деген қызығушылығы жойылады. Рефлексия. Бұл саты оқушылар іс-әрекетіне қорытынды жасауды көздейді. Рефлексияда келесі сұрақтар қойылады: - Ерекше не ұнады? Нені үйрендіңдер? Болашақта осы білімді қалай пайдалануға болады? Бүгінгі сабақтан қандай түйін жасауға болады? Осы сұрақтар оқушыларға сабақтан үйренген басты, жаңа деректерді білуіне, білім қалайша және қандай мақсатта қолданылуы мүмкін екендігін ажырата білуге көмектеседі.

Бағалау. Бұл интерактивтік тәртіппен жұмыс жасайтын мұғалім үшін ең күрделі мәселе болып табылады. Бағалау келесі сабақта оқушыларды ынталандыруы тиіс. Алғашында, егер барлығы да белсенді жұмыс жасап отырса, топтағы барлық қатысушылардың жоғары ұпайға лайықты екендігі атап өтіледі. Әрі қарай бағалауды топ жетекшісіне тапсыруға болады. Бағалауды ұйымдастырудың осы тәсілінің кәсіби бағыттылығы бар – оқушыларды өзгелердің жұмысын бағалауға үйретеді. Келесі тұрғыда да бағалауға болады: топтың әр мүшесі әрқайсысын бағалайды, яғни топтағы әрбір жолдастарының бағалау парағына белгі қояды. Мұғалім парақты жинап алып, орташа ұпайын шығарады. Нәтижесінде оқушылар жұмысының өзіндік бағалауын пайдалануға болады.

Үй тапсырмасы. Интерактивтік тәртіппен сабақ өткізген соң оқылған материалды шығармашылық тұрғыда түсінуді талап ететін тапсырмалар ұсынылады: тақырып бойынша шығарма жазу, мәселеге қатысты өз көзқарасын айту, стилистикалық эксперимент жүргізу. Осындай тапсырмалар интерактивті оқыту табиғатына сәйкес келеді.

Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім мен оқулық білімнің негізгі, әрі ең құзыретті қайнар көзі болды, ал жаңа парадигмада мұғалім оқушылардың өзіндік таным іс-әрекетін ұйымдастырушы, құзыретті кеңесші және көмекші ролін атқарады, ал оқушылар білімді өзінің белсенді танымдық іс-әрекетінің нәтижесінде алады. Интерактивті жұмыс барысында ынтымақтастыққа және өзараәрекеттестікке деген коммуникативтік дағдылар, қабілет қалыптасады, сыни ойлау дамиды.

Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:

Пассивті (енжар) әдіс – бұл оқушылар мен мен мұғалімнің өзараәрекетестік формасы, онда мұғалім басты әрекет етуші тұлға және сабақ барысын басқарушы, ал оқушылар мұғалімнің нұсқауына бағынатын пассивті, яғни енжар тыңдарман болады; оқушы оқытудың «обьектісі» (тыңдау және көру) ролін атқарады.

Белсенді (активті) әдіс – бұл оқушылдар мен мұғалімнің өзараәрекеттестік формасы, онда мұғалім мен оқушылар сабақ барысында бір-бірімен өзараәрекеттестеді, оқушы пассивті тыңдарман емес, сабаққа белсенді қатысушы болып табылады. Бұл жерде оқушы оқытудың «субьектісі» болып шығады (өзіндік жұмыстар, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс).

Осы технологияны қолдану артықшылығы. Дәстүрлі жүйеде мұғалім әдетте мықты оқушыға сүйенеді, өйткені ол материалды тез «қағып алады», оны тез еске сақтайды, ал әлсіз оқушы сабақта «отырып қалады». Интерактивтік режимде өткізілген сабақтар барлық оқушыларды белсенді жұмысқа тартуға мүмкіндік береді, әр оқушының проблеманы шешуге бірлесе қатысуына мүмкіндік береді, нәтижесінде әлсіз оқушылардың өз күшіне деген сенімі ұялайды, мықты оқушылар жолдастарының материалды түсінуіне көмектесе отырып, өзінің көмегі, пайдасы болғанын сезінеді.

«Интерактивтi» - (ағылшынның «inter» - бұл «аралық», «өзара», «act»- әрекет ету деген сөзінен шыққан) – бір-біріне әсер ету немесе сөйлесу тәртібінде болу, бір нәрсемен (компьютермен) немесе біреумен (адаммен) диалогта болу дегендi бiлдiредi. Оқыту үрдісі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субьектісі болып табылады.Демек, интерактивті оқыту дегеніміз мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынасты қалыптастыратын диалогты оқыту.

Оқу үдерісін Интерактивті әдістер негізінде ұйымдастыру, төмендегідей құрылымдарға негізделеді [3].

- білім алушылардың қызығушылығын ынталандырады;

- әркімнің оқу үдерісіне Интерактивті қатысуын қолдайды;

- әрбір білім алушының сезіміне жүгінеді;

оқу материалын тиімді меңгеруіне ықпал етеді;

- білім алушыларға көп жақты әсер етеді;

- кері байланысты жүзеге асырады

- білім алушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

- өмірлік дағдыларды қалыптастырады;

- мінез-құлықтың өзгеруіне ықпал етеді.

Интерактивті оқытуды ұйымдастырудың негізгі қағидаларына:

- терең ойлану, сырттан пайда болған түрткілерге, өздігінен әрекет арқылы жауап беруі;

- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларды бағалау;

 - берілген ақпаратты өздігінен түсініп, негізгі идеясын табу, түсіну, таразылау;

- шығармашылық әрекет арқылы жаңа түсінік пен білім құрастыру;

- білім алу барысында өзінің тұлғалық құндылықтары мен сенімділігін қалыптастыру, нәтижелі іс-әрекетке болжам жасау;

- пікірталасқа негізделген сабақ түрлеріне қатысу, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

- шиеленіскен жағдаяттарра шешім қабылдауға үйрену;

- топтық жұмыстарда, басқа қатысушылардың ойы мен пікірін тыңдау, ортақ шешімге келу;

- оқу үдерісіне қатысушылардың барлығы белгілі бір дәрежеде жұмысқа тартылуы керек. Осы мақсатта барлық қатысушыларды талқылау кезеңіне қосуға мүмкіндік беретін Интерактивті әдістерді қолдану тиімді;

- оқытылатын пән материалдары арқылы оқушыларда түрткілер мен қажеттіліктерді тудыру;

- білім алушылардың әрекет Интерактивтілігін және еркіндігінің болуын қамтамасыз ету;

- берілген тапсырманың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыратындай болуы;

 - өзін-өзі дамытуда танымдық күштерін қалыптастыру мақсатында материалдардың игерудегі әрекеттік мақсаттың айқын болуы.

- оқушылардың психологиялық дайындығы назарда болуы тиіс. Оқушылардың үйлерінен сабаққа әртүрлі көңіл – күйде келетінін ескерсек, сабаққа келгендердің барлығы бірдей психологиялық тұрғыдан белгілі бір жұмыс түрлеріне тікелей қатысуға дайын емес болуы да мүмкін. Осындай жағдайда оқушылардың көңіл – күйлерін бірқалыпты жағдайға келтіру үшін, психологиялық дайындық кезеңін қажет етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мирсейтова М., Іргебаева Ә. Әрекеттегі RWST философиясы мен әдістері. Алматы, 2006
2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. – Алматы, 1993. – 235 б.
3. Әлімов А. ИнтерИнтерактивті әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – алматы, 2009- 328 б