Статья:

Білім берудегі құзыреттілік

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №3(312)

Рубрика: Педагогика

Выходные данные
Алпыспаева А.Г. Білім берудегі құзыреттілік // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2025. № 3(312). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/311/157766 (дата обращения: 21.02.2025).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

Білім берудегі құзыреттілік

Алпыспаева Айгерим Габиденқызы
магистранты, Aкaдемик Е.A.Бөкетов aтындaғы Қaрaғaнды университеті, Қaзaқстaн, Қaрaғaнды
Шаяхметова Маржан Накипбековна
научный руководитель, ғылыми жетекшісі, Aкaдемик Е.A.Бөкетов aтындaғы Қaрaғaнды университеті, Қaзaқстaн, Қaрaғaнды

 

«Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді қолданудың ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үрдісінде «құзыреттілік» ұғымы білім алушыларлдың  білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы болып табылады. Жалпы құзыретілік ұғымының білім беру саласына ену турасында дерекнамалар негізінде шашыраңқы мәліметтер кездеседі. Мысалы, «Құзыреттілік» түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. «Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік» ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, «кәсіптілік», «біліктілік», «кәсіби мүмкіндіктер» және т.б. түсініктерді біріктіреді.

«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалым Н. Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді.

«Құзырлық» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың (латын тілінде «competens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандайда бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді.

Құзырет - нақты әлеуметтік қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қалыптастырады. Айталық, құзыреттілік – оқу нәтижесінде меңгерген білім мен дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше алу, яғни оқушы дайындығының сапасын сипаттайтын жаңа сапалық белгісі. Құзыреттілік – болашақ педагогтардың (студенттердің) іс-әрекетін меңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Зерттеуші ғалым С.М. Вешнякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Құзыреттілік (латын сөзі) competenens – қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген болса, А.В. Баранниковтің айтуынша: «Құзыреттілік дегеніміз - өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол студенттің алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді».

Келесі авторлар топтамасы да осы ұғымға өзіндік анықтамалар берген: «Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандайда бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі» немесе Н. Хомский «Құзыреттілік дегеніміз- жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі. Автор А. Нұрмашқызы «Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады» немесе «Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандайда бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі».  Ал, М.Б. Нәжім «Құзыреттілік – шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздерінің бірі» немесе «Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Құзіреттілік - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандайда бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі» деп түсіндіреді, ал Ш. Таубаева өз еңбектерінде «Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның қасиеті», - деп сипаттайды.

Г.Ж. Ниязова зерттеу жұмысында «құзыреттілік» ұғымына «Құзыреттілік» – сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс-әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғалық қасиет (немесе тұлғаның өзара байланысқан қасиеттерінің жиынтығы), - деп анықтама береді.

Ғылыми әдебиеттерді зерттей келе, «құзыреттілік» түсінігінің әртүрлі мазмұны бар екендігіне көзіміз жетеді. И.С. Сергеев пен В.И. Блинов өздерінің жұмыстарында әдістің құзыреттілігіне арнаған болатын, онда олар құзыреттілікті білімнің ерекше нәтижесі ретінде қарастырды, ол белгісіздік жағдайындағы қызметтің тиімділігіне арналған ішкі және сыртқы ресурстардың мобильділігіне көрсетеді. Құзыреттілік олармен білімділіктің және/немесе тәжірибеліктің деңгейі ретінде түсіндіріледі, ол әлеуметтік немесе кәсіби қандайда бір қызметті табысты орындау үшін жеткілікті.

Э.Ф. Зеер, Н.Н. Абакумова және И.Ю. Малкова құзыреттілікті білімдердің, қабілеттердің интегративті толықтығы ретінде анықтайды, олар кем дегенде адамның тәжірибеде өзінің құзыреттілігін жүзеге асыра алу қабілеті ретінде қарастырады. Құзыреттілікке оқытудың нәтижелерімен бірге, құндылықтық бағыттардың және т.б. нәтижелері енгізілген. Ал, А.В. Виневская былай дейді: «Құзыреттілік – бұл жүйелік түсінік, ол құзыреттіліктің көлемін, міндеттемелердің шеңберін анықтайды. Тар мағынасында бұл субъект танымға ие болатын сұрақтардың шеңбері ретінде қарастырылады…».

 Жалпы осы негізгі ұғымдар бойынша анықтамаларға тоқталды, енді жалпы осы материалдар төңірегіндегі деректерге тоқталып өтейік. Ең соңында қорытынды деректер келтіреміз. Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына – студенттердің жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деп қарастырсақ болады. Жалпы құзыреттіліктің келесі түрлерін ажыратуға болады – ол ақпараттық құзыреттілік: сыни тұрғыдан түсіндірілген ақпараттарға сүйене отырып саналы, дұрыс шешім қабылдау; өздігінен мақсат қою, сол деректі негіздеу, мақсатқа жету жолында танымдық қызметті жоспарлау және оны жүзеге асыруға талпыныс жасау; логикалық тұрғыда операцияларды қолдану, соның негізінде қажетті ақпараттарды өңдеу; қажетті ақпараттарды өздігінен іздеу, сол деректерді талдау, іріктеу, сақтау, қайта құру, түрлендіру және сонымен қатар тасымалдау.

Коммуникативтік құзыреттілік келесілерді қолдануға мүмкіндік береді: коммуникативті міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті стильді, жанрды таңдау және оны қолдану; белгілі нәтижеге қол жеткізу әр қилы көзқарасты адамдармен қарым-қатынас орнату; белгілі өмір жағдайы бойынша өзіндік міндеттерді шешуде ауызша және жазбаша әртүрлі коммуникация құралдарын пайдалану.

Қазіргі заманғы қоғам күн сайын өзгеріп, жаңа талаптар қояды. Бұрын тек теориялық білім жеткілікті деп есептелсе, бүгінде нақты жағдайларда сол білімді қолдана білу әлдеқайда маңызды. Осы тұста «құзыреттілік» ұғымы алдыңғы қатарға шығады.

Құзыреттілік – білім беру саласындағы заманауи талаптарға сай қалыптасқан маңызды ұғым. Ол адамның теориялық білімін өмірлік тәжірибеде қолдана білу қабілетін, түрлі мәселелерді тиімді шешу дағдысын және бейімделу икемділігін қамтиды. Құзыреттілікке бағытталған білім беру тек ақпарат берумен шектелмей, тұлғаның ойлау, әрекет ету, өзін-өзі дамыту қабілеттерін жетілдіруге негізделеді.

Бүгінгі күні қоғам жан-жақты, жауапкершілігі мол, сыни ойлай алатын, өз шешімін қорғай білетін тұлғаларды қажет етеді. Бұл мақсатқа жету үшін білім беру жүйесінде құзыреттілікке бағытталған тәсілдер белсенді түрде енгізілуі тиіс. Оқытуда жобалық, топтық және тәжірибеге негізделген әдістерді қолдану арқылы оқушылардың тек білім алып қана қоймай, өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруіне жол ашылады.

Құзыреттілікке негізделген білім беру жүйесі әрбір оқушының жеке қабілеттерін ашып, оның өзіне деген сенімін арттырады. Мұндай тәсіл тұлғаның тек кәсіби салада ғана емес, күнделікті өмірде де жауапты шешімдер қабылдауына ықпал етеді. Сонымен қатар, құзыреттілік білімнің өміршеңдігін қамтамасыз етіп, оқушыны үздіксіз өзін-өзі дамытуға бағыттайды. Сондықтан білім беру саласындағы әрбір маман құзыреттілікке бағытталған әдістерді жетілдіріп, оны тәжірибеде тиімді қолдануды басты міндет ретінде қарастыруы қажет. Тек осылай ғана біз келешек ұрпақтың заман талабына сай, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына қол жеткізе аламыз.

Мұғалімдер мен ата-аналар құзыреттілікті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мұғалім оқушының өз бетінше шешім қабылдауына мүмкіндік беріп, білім алуға ынталандыруы қажет. Ал ата-ана баланың дамуына қолдау көрсетіп, үйде де осы дағдылардың қалыптасуына жағдай жасауы тиіс.

Құзыреттілікке бағытталған білім беру – бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудың негізгі кепілі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Н. Хомский. Language and Mind. Cambridge University Press, 1968.
2. С.М. Вешнякова. Кәсіптік білім беру сөздігі. Мәскеу, 1999.
3. А.В. Баранников. Құзыреттілік туралы теориялық негіздер. Санкт-Петербург, 2005.
4. М.Б. Нәжім. Шығармашыл тұлға қалыптастырудағы құзыреттілік негіздері. Алматы, 2010.
5. Ш. Таубаева. Білім берудегі құзыреттілік тәсілдері. Астана, 2012.
6. Г.Ж. Ниязова. Құзыреттілік ұғымы: Педагогикалық және психологиялық аспектілер. Қарағанды, 2015.
7. И.С. Сергеев, В.И. Блинов. Құзыреттілік әдістері мен білім нәтижелері. Мәскеу, 2008.
8. Э.Ф. Зеер, Н.Н. Абакумова, И.Ю. Малкова. Құзыреттілікке бағытталған оқыту технологиялары. Екатеринбург, 2010.
9. А.В. Виневская. Құзыреттілік: Теориялық және практикалық негіздер. Санкт-Петербург, 2014.