Статья:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕГІ АБОРТ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ АСҚЫНУ САЛДАРЫ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №9(318)

Рубрика: Медицина и фармацевтика

Выходные данные
Ибайдуллаева А.Р., Қанатқызы Г. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕГІ АБОРТ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ АСҚЫНУ САЛДАРЫ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2025. № 9(318). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/318/159835 (дата обращения: 13.04.2025).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕГІ АБОРТ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ АСҚЫНУ САЛДАРЫ

Ибайдуллаева Ақбөбек Рүстембекқызы
студенті Астана медицина университеті, Қазақстан, Астана
Қанатқызы Гүлімжан
студенті Астана медицина университеті, Қазақстан, Астана
Байгенжеева Раушан Кужатовна
научный руководитель, Ғылыми жетекші, магистрі, клиникалық эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы, денсаулық сақтау Астана медицина университеті, Қазақстан, Астана

 

Кіріспе. Аборт мәселесі құқықтық, медициналық және әлеуметтік тұрғыдан маңызды. Заңнама бойынша, аборт 12 аптаға дейін жасалатын болса, ерекше жағдайларда 22 аптаға дейін рұқсат етіледі.  Алайда, жүктілік процессіне жасанды араласу әйелдің денсаулығына, сондай-ақ эмоционалдық және психологиялық жағдайына ауыр зардаптар тигізуі мүмкін.

Жұмыстың өзектілігі. Аборт(жасанды түсік)- бұл жүктілікті жасанды түрде тоқтату. Ол медициналық(дәрілік), хирургиялық немесе басқа да әдістер көмегімен жүзеге асырылады. Жоспарланбаған жүктіліктер мен контрацепцияның қолжетімділігі мәселесі аборт санының артуына ықпал етті. Әлем бойынша 14 млн бала дүниеге келмей өледі. Аборт жасаушы әйелдердің 70000-ға жуығы соның салдарынан дүниеден өтеді. 2023 жылы Қазақстан Республикасында тіркелген аборт саны -71819, оның  53138-і өздігінен болған, 11920 әйел медициналық түсік жасатқан, қалғаны медициналық көрсетілімдер бойынша. Қазақстанда 15-19 жастағы 100 жасөспірім қыздың 3-еуі жүкті болып, оның 15%-ы аборт жасайды. Елімізде аборт саны бойынша көш бастап тұрған облыс-Алматы. 2023 жылғы деректер бойынша жалпы аборт саны – 5620. Оның әлеуметтік айғақтар жүзінде ашылғаны -18, ал криминалдық көрсеткіш-6, аборттан кейінгі өлім саны-1. Соңғы жылғы деректер бойынша еліміз антилидерлік статистикада Россия мен Вьетнамнан кейін 3-нші орынға ие болып келген. Ең ауыр зардаптар аборттан кейінгі асқынулар қан кету, инфекция(эндометрит, таза жұқпалы процестер), толық емес аборт және матка қабыршағының жарақаттары жатады.  

Жұмыстың негізгі мақсаты. Алматы облысындағы  аборт өсім саны және оның медициналық асқынулары мен алдын алу шаралары.

Зерттеу материалдары мен әдістері. 2023 жылғы Қазақстандағы жалпы аборт саны және Алматы облысындағы көрсеткіш «Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау статистикалық жинағынан» алынған. 1000 шаққанда

Зерттеу нәтижелері мен оларды талдау.

Зерттеу нәтижелері Алматы облысында аборт санының жыл сайынғы өсуін және оның медициналық асқынуларын көрсетеді. 2023 жылғы көрсеткіш бойынша Қазақстандағы аборт саны 2,5 есе төмендеген. Алматы облысында 2022 жылғы аборт саны-5147 болса, 2023 жылы- 5620 болған. Бұл өсімнің басты бір себебі жоспарланбаған жүктілік деңгейінің жоғары болуы, яғни контрацепция құралдары туралы ақпараттың жеткіліксіздігі мен олардың қолжетімділігінің шектеулі болуына байланысты. Жылдық өсім-1,09 құрайды. Жалпы босанулармен және аборттардың санымен салыстырғанда 17,4%, 1000 ұрпақты болу жасындағы әйелдерге шаққанда 2023 жылы-16,2%, 100 тірі және өлі туған нәрестелерге шаққанда-21%. Аборттың асқыну көрсеткіштері-14, қан кету-5, жұқпалар-2, өзгелер-7%. Бұл көрсеткіштер медициналық процедуралардың сапасын арттыру және қауіпсіздікті күшейту қажеттілігін көрсетеді. Алматы облысында аборт санының артуы әйелдердің репродуктивті денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің күрделене түсуіне ықпал етеді.

Қорытынды.

Қауіпсіз әрі заңды аборт процедураларын жүзеге асыру әйел денсаулығын қорғау және асқынулардың алдын алу үшін маңызды болып саналады. Дегенмен, дұрыс медициналық бақылау мен заманауи технологиялардың болмауы қан кету, инфекция және психологиялық қиындықтар сияқты асқынуларға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, алдын алу шаралары мен контрацепцияның тиімді қолданылуы аборт көрсеткіштерін төмендетуге және оның асқыну қаупін азайтуға септігін тигізеді.

 

Әдебиеттер тізімі:
1. Электрондық ресурс https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%BE%D1%80%D1%82%D1%8B_%D0%B2_%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B5