2015-2020 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮЙДІРГІНІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА АНАЛИЗ ЖАСАУ
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №13(322)
Рубрика: Медицина и фармацевтика

Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №13(322)
2015-2020 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮЙДІРГІНІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА АНАЛИЗ ЖАСАУ
Кіріспе. Қазақстан Республикасының эпидемиологиялық картасында Түркістан облысы эндемиялық аймақтардың бірі болып табылады. Өңірде мал шаруашылығының қарқынды дамуы, күйдіргіге қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар және жергілікті жерлерде инфекцияның спораларының ұзақ жылдар бойы сақталуы аурудың таралу қаупін арттырады. 2015-2020 жылдар аралығында өңірде бірнеше ауру ошақтары тіркеліп, оның алдын алу шаралары өзекті мәселеге айналды
Зерттеудің мақсаты: 2015-2020 жылдар аралығында Түркістан облысында күйдіргінің таралу ерекшеліктерін зерттеу, эпидемиологиялық жағдайды бағалау және аурудың алдын алу бойынша тиімді шараларды анықтау.
Материал мен әдістер: Ретроспективті эпидемиологиялық талдау 2015-2020 жылдары тіркелген ауру жағдайларының жиілігі, таралу аймақтары және эпидемиологиялық ошақтарын зерттеу.
Нәтижиелер: Бұл зерттеуде 2015-2020 жылдар арасындағы Түркістан облысындағы ауырған адамдар саның есептеді. Ауруға шалдыққан адамдар саны: 14. Ауру ошақтары анықталған негізгі аудандар: Түлкібас-35.7% ; Қазығұрт-14.2% ;Ордабасы-14.2% ; Байдібек-21.4% ; Сарыағаш-7.1% ; Созақ-7.1%. Жалпы ауырғандардан қайтыс болған адам саны:14.2%.
Бұл деректер нәтижиесінде Түркістан облысында 6 ауданыңда күйдіргінің эпидемиологиялық ошақ бар екенің көре аламыз.
Осылайша, жүргізілген эпидемиологиялық талдау нәтижесінде қазіргі уақытта Қазақстандағы күйдіргінің ерекшеліктері анықталды:
Адамдар мен жануарлар арасында аурудың спорадиялық деңгейде болуы; негізінен ауыл тұрғындарының ауруға шалдығуы; жануарлардың көбіне жазғы жайылымдарда жұқтыруына байланысты адамдар мен жануарлардың аурушаңдығының айқын жаз-күз маусымдылығы; күйдіргінің таралуында негізгі рөлді мал шаруашылығы өнімдері арқылы жұқтыру ойнайды; негізінен, күйдіргімен ауырған жануарларды союға қатысқан жеке мал иелері ауырады; жануарлардың жұқтыруы алиментарлық жолмен, ал адамдардың жұқтыруы көбінесе контакт арқылы жүреді; адамдар арасындағы аурудың негізгі себептері – ауыл шаруашылығы жануарларын сою және сату кезінде қарапайым санитарлық ережелердің сақталмауы; ауыл шаруашылығы жануарларының ауруының негізгі себептері – күйдіргі қоздырғышымен ластанған топырақтың, су айдындарының және қоршаған ортаның болуы, ауыл шаруашылығы жануарларын белгіленген мерзімде уақтылы вакциналаудың жүргізілмеуі, вакциналаудың толық қамтылмауы және вакцинаның сапасының төмендігі.
Қорытынды:2015-2020 жылдары Түркістан облысында күйдіргі бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз күйде қалды. Аурудың алдын алу үшін кешенді эпидемиологиялық және ветеринариялық шараларды күшейту қажет. Санитарлық бақылауды жақсарту, мал сою мен ет өнімдерін сатуға қатаң бақылау орнату, вакцинацияны кеңейту және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу инфекцияның алдын алуға ықпал етеді.
