Статья:

Абай Құнанбаев шығармаларын орыс тіліне аударылуының рухани жаңғыруы

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №42(93)

Рубрика: Филология

Выходные данные
Абай Құнанбаев шығармаларын орыс тіліне аударылуының рухани жаңғыруы // Студенческий форум: электрон. научн. журн. Абилханова М.Н. [и др.]. 2019. № 42(93). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/93/64396 (дата обращения: 25.11.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

Абай Құнанбаев шығармаларын орыс тіліне аударылуының рухани жаңғыруы

Абилханова Мадина Нурлановна
студенті, Тұран университетінің ҚР,Алматы қ.
Ибатолла Карина Ермекқызы
студенті, Тұран университетінің ҚР,Алматы қ.
Абдибалиқызы Аружан
студенті, Тұран университетінің ҚР,Алматы қ.
Тулекова Гульжан Хажмуратовна
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Тұран университеті ҚР,Алматы қ.

 

Аңдатпа. Мақалада Абай Құнанбаевтың орыс тіліне аударылған шығармаларының аударылу деңгейі мен тәсілдері туралы тақырып қозғалған. Шығармаларды қарастыру барысында, олардың  орыс тіліне аударылу кезінде жіберілген кемшіліктер мен қателіктер қарастырылған. Сонымен қатар түпнұсқа мен аудармалар арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарға талдау жүргізілген. Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, қара сөздерін аудару өте маңызды болып табылады. Өйткені Абай Құнанбаевтың қара сөздері оның өлеңдері өзімен үлкен мағына, ой әкеледі. Абай Құнанбаевтың шығармалары барша әлемге таныс әрі оны әлемнің көптеген елдері өз тілдеріне аударып оқиды. Сондықтан да  Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы ойды, рухты, мағынаны, негізгі мәселені жеткізе білу әр аудармашының қолынан келе бермейтін күрделі іс болып табылады. Аудару барысындағы Абай Құнанбаев шығармаларын кім және қалай аударғандығы, аудару кезінде  қандай тәсілдер қолданғандығы, қандай қателіктер мен кемшіліктер жіберілгендігі жайлы мақалада жалпылай айтылып өтеді. Аудару барысындағы қателіктерді саралай келе, Абай шығармаларының орыс тіліне аударылу дұрыстығын зерттеу негізге алынған.

Аннотация. В статье рассматривается уровень и метод перевода произведений Абая Кунанбаева. Также рассматриваются ошибки и недостатки переведённых произвдений. Проведен сравнительный анализ оригинала произведения и переведённой версий. Задача перевода произведений и слов назидания Абая очень важна. Так как его слова назидания и стихотворения имеют большую роль и значение в современности. Произведения Абая Кунанбаева знает весь мир, его произведения были переведены на многие мировые языки. Поэтому, не каждый переводчик может передать основную мысль и смысл. Также рассматриваются методы перевода произведений Абая и их недочёты при переводе.

Annotation. The article discusses the level and method of translation of the works of Abay Kunanbayev. Errors and shortcomings of the translated works are also considered. A comparative analysis of the original work and translated versions. The task of translating the works and words of edification of Abay is very important. Since his words of edification and poem have a large role and significance in modern times. The works of Abay Kunanbayev are known to the whole world; his works have been translated into many world languages. Therefore, not every translator can convey the main idea and meaning. It also discusses the methods of translation of Abay's works and their shortcomings in the translation.

 

Кілт сөздер: Аударма, шығарма, түпнұсқа, ұқсастық, айырмашылық.

Ключевые слова: Перевод, произведение, оригинал, схожесть, отличие.

Keywords: Translation, work, original, similarity, difference.

 

Биыл қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың туғанына   175 жыл. Осы орайда, Абай Құнанбаевтың еңбектерін шет тілдерге сапалы аударуды жүзеге асыру  жөнінде қажетті шаралар жүзеге асырылды [1].  XIX ғасырдағы қазақ жазба әдебиетінің атасы-Абай Құнанбаевтың шығармалары әлем жұртшылығына танымал. Абай Құнанбаевтың шығармалары қайталанбас мұра. Әлемде 6000 астам тіл болса, Абай Құнанбаевтың  шығармалары 60 тан астам тілге аударылған [2]. Абай Құнанбаевтың шығармалары әлемдік деңгейде маңызды орынды иеленеді. Мұхтар Әуезов Абай Құнанбаев туралы: «Бұдан соңғы бір үлкен қызметі – қырдағы қалың қазаққа Европа мәдениетінің есігін ашқан. Орыстың Пушкин, Лермонтов, Крыловтарын қазаққа танытушы – Абай.»деп оның орыс халқының поэзиясымен жақындығын атап өтеді[3].

Зерттеу фактілеріне сүйене отырып, Абайдың орыс тіліне ең алғашқы аударылған туындысы  –«Жаз» өлеңі екенін атап өткіміз келіп отыр. Ол 1889 жылы «Дала уәләяты» газетінде  жарияланды[4]. Түпнұсқада өлең  былай басталса:

«Жаздыгүн шілде болғанда, 

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда ».

Аудармашы  Анар Лизаридың аудармасында өлең былай аударылады:

«День июля летний пришёл.

Где подснежник рос одиноко

Снова стебли травы большой

Всё покрыли. В пыли дорога.

На кибитке аул, гремя

Переехал к реке повыше»[5].

Жасалған аудармаға көңіл аудара келе, түпнұсада берілеген «Ұзарып өсіп толғанда» деп уақытты көркем суреттеген  Абай атамыздың ойын, аудармашы А.Лизари «Снова стебли травы большой» деп біршама түпнұсқадағы ойға жақын аударғанын аңғарамыз. Сонымен қатар «Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда» деген жолдарды А.Лизари «Все покрыли, В пыли дорога. На Кибитке аул, гремя. Переехал к реке повыше» деп отырықшы халықтың өкілі бола тұра , көшпенді халықтың тұрмысындағы ауылдың көшуін толықтай қамтып, орыс тілінде дұрыс жеткізе білген деп ойлаймыз. Алайда осы жолдардан аңғаратын тағы бір жайт, аудармашының аударма барысында жай сөйлемдерді жиі қолдануы. Мысалға алатын болсақ, «көшіп ауыл қонғанда» деген өлең жолын «переехал к реке повыше» деп көшіп-қонуды жай ғана бір «переехал» деген сөзбен  жеткізген. Бұл тіркестің дұрыс аудармасы дәл осы өлеңді аударған,аулармашы  К.Досжанның аудармасында біршама әдеби түрде келтірілген:

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда;  

Осы өлең жолдары былай аударылған:

В июле знойном середине лета.

Когда трава покрывает всю землю,степь.

Вместе с ручьями и родниками, где-то видны маки,

Стебли удлиненные с созревающими метелочками семян;

Тогда к бурлящей реке перекочует аул[6]

деп аударма жасаған. К.Досжан аудармасындағы«ауыл» сөзінің «аул» деп аударуы ерекше. Бұл «аул» сөзін К.Досжанға дейін басқа шығармаларда да   кездестіруге болады.«Аул» сөзі С.И.Ожеговтың сөздігінде  қырым татарлары мен түркі халықтарындағы мекен, таулы қоныс деген мағынаны берсе[7], Ефремованың сөздігінде Орта Азия халықтары үшін «селение» яғни ауыл деп беріледі[8]. Мысалғы «Аул» сөзінің алғаш қолданылуы  М.Ю.Лермонтовтың «Қазіргі заманның кейіпкері» атты шығармасында көрініс тапқан. Лермонтов шығармасында: «При этом имени глаза Казбича засверкали, и он отправился в аул, где жил отец Азамата» деп, «аул» сөзін белгілі бір мекен ретінде қолданған болатын[9].Сол себепті де К.Досжан өз шығармасында  осы «аул» сөзін қолдану арқылы  орыс тіліне нақты «деревня», «селение» деп аударма жасағаннан гөрі, қазақ халқының көшу кезеңіндегі тынысын сақтап жеткізгісі келгендіктен аудармада осы сөзді қолданған деген ойдамыз.

«Жаз» өлеңінің осы бір жолы  қазіргі таңдағы көп қолданысқа ие аудармашы Валентина Валуеваның аудармасы бар:

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Кұйрығымен шылпылдап,

Арасында кұлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап.[10]

Ал В.Валуеваның аудармасында  былай көрсетіледі:

«В воду с гиком загнал пастух;

Бьют хвостами они себя,

Отгоняют докучных мух.

Стаи уток и лебедей

Осеняют крыльями луг...»[11] деген шумақтарда кездеседі.                      

Көріп тұрғанымыздай,өлеңнің мағыналары бір-бірімен мүлдем сәйкес келмейді.Мысалы: «құйрығымен шылпылдап» тіркесі жаңа нұсқада «бьют хвостами они себя» деп көрсетілсе, ескі түпнұсқадағы «над рекой вверх взмывают птицы» тіркесі жаңа түпнұсқада «стаи уток и лебедей осеняют крыльями луг»деп алмастырылады.Сондықтан да, жаңа нұсқаны Абайдың өлеңінің аудармалары ішіндегі ең нақты нұсқа деп алсақ, қателеспейміз. Себебі,жаңа нұсқада бірізділік,нақтылық,шебер суреттеу сақталған.

Абай Құнанбаевтың орыс тіліне аударылған шығармалары жеке кітап  ретінде , жинақ болып бірнеше рет шығарылды. Ең алғашқы жинақ Мәскеу қаласында баспада басылып шығып [12,14], жоғары бағаланғандығы соншалық, 25 000 астам басылымы жарық көрді.Бұл томдық халық арасында ерекше ілтипатқа ие болуының себебі-Абай шығармаларының Абайдың дәрежесіндей аударылуы. Қазақстанның біртуар публицисті,проза аудармашысы Герольд Бельгер өз жазбасында , Абай шығармалары Абайдың дәрежесінде аударылатын болса, Абай әлемдік поэзиядан алдыңғы алтын орынды иеленетін  еді деп пайымдайды[13,3]. Бұл қазақтың , Абай деп жаны толқыған  азаматының ашынып айтқаны  болса керек. Бұл мәлімдемеге де себеп бар. Себебі,осы жинаққа дейін ешбір аударма Абай дәрежесіне жақындамақ тұрмақ, шаңына ілесе  алмаған еді. Ал енді осы жинақ жарық көріп, күллі қазақ жұртына бір үміт шуағын шашқан іспеттес.

Қазақ әдебиетінде Абай шығармаларының аудармасы саласында белең тудырған мәселе болды. Ол мәселе , 2002 жылы «Известия-Казахстан» газетінде жарияланған Ю.Числовтың мақаласындағы Абай Құнанбаевтың жиырма бесінші қара сөзінің аудармасына байланысты болды. Абай Құнанбаев жиырма бесінші қара сөзінде, орыс тілін оқу керек, хикмет, өнер бәрі сонда. Орыс тілін оқысаң, олармен бірдей дәрежеде болып, көкірек көзің ашылады деп айтады. Бұл түпнұсқаны Ю.Числов, менің саған ақылым,балаларыңды үйлендірмесеңде,оларға байлық қалдырмасаңда  орыс тілін міндетті түрде  үйрет. Бұл жол кез-келген құрбандықты қажет етеді деп , тікелей аударған еді. Бұл аудармаға қарап біз Абай Құнанбаевтың бізге орыс тілін қайткендеде үйрен дегендей әсер қалады. Негізінде, ұлы ақын, бізге орыс тілін меңгеру арқылы сауатың ашылады, ешкімнің қас-қабағына қарамай, олармен теңдей дәрежеде боласың. Орыс халқы әлемнің көптеген елдерімен қарым-қатынаста, олар сол арқылы әлем тілдерін игеруде, сенде орыс тілін үйрен, әлемдік тілдерді үйрен деп[14,161], тіл үйренудің маңыздылығын атап өткен еді. Әйтседе, қара сөздің қате аударылуы негізінде дұрыс емес пікір қалуы мүмкін. Осы мәселені негіздей келе, дұрыс аударманың маңызы өте зор екенін айтқымыз келіп отыр. Қате аударманың астында Абайдың шынайы берген ойын, оның шынайы болмысын, өсиетін, шаң басып қалғандай.

Абай шығармаларын орыс тіліне аудару барысында көптеген аудармашылар Абайдың  жазып қалдырған ойына емес, дұрыс аударудың ережесіне көп көңіл бөледі. Бұл аударманың қате, әрі мағынасыз болып шығуына септігін тигізеді. Осы санаттағы Мария Петровыхтың 1886 жылы аударған өлеңдерінің бірі-«Ғылым таппай мақтанба»[15,71].

Абайдың осы өлеңіндегі мына жолдарын:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба

аудармашы былай аударған:

Пока не знаешь-молчи

Пока блуждаешь-молчи.

Бұл арада біз М.Петровыхтың Абай берген мағынасы терең «мақтанба», «баптанба» деген сөздеріне балама ретінде мүлдем келмейтін, орыстың тек бір ғана  «молчи(үндеме)» деген сөзімен алмастырғанын байқаймыз. Осындай жасалған аударма, ойды дұрыс емес жеткізіп қана қоймай, орыс тілінің сөздік қоры аз секілді көрсетеді. Сонымен қатар бұл іспеттес аудармада орыс тілінің грамматикасына,синтаксистік құрылымына баса көңіл бөлініп,өлеңнің мағынасына көңіл бөлінбей қалады.Осы аударма қате аударылғанына қарамастан, бұл аударманың айналысында ешқандай сын болмады. Сол себептен де, бұл өлеңнің дәл осы аудармасы қазіргі таңда да кең өріс алғанын байқадық. Бұл аударма 2012 жылы жарық көрген «Избранное» атты жинақта жарияланған болатын[15]. Сонымен қатар, мысал ретінде  қазіргі таңдағы  2018 жылғы мектеп бағдарламасындағы іс-шараларда қолданылуын алсақ болады. Іс-шарадан аталған өлең аудармасының оқулықтарда да қолданылатынын аңғаруға болады[16].

Абай Құнанбаевтың шығармашылығында оның қара сөздері өте жоғары орынды алады.Оның қара сөздері адам өміріне бағыт бағдар іспеттес. Қара сөдерді оқу арқылы, Абай өмірдің барлық жолдарын алдын-ала көріп, саралап оны барша адамға өсиет ретінде қалдырғандай әсер аласың. Тіпті, Абайдың қара сөзі оның барлық жан-дүниесінің айнасы секілді. Осы айна арқылы Абайдың жан дүниесін көре алмағандар, көре тұра жеткізе алмаған аудармашылар да бар.

Оған дәлелдеме ретінде Абайдың жиырма тоғызыншы және отыз бірінші қара сөздерінің аударылуын ала аламыз. Сөздің баламаларын негізге ала отырып,тұпнұсқамен салыстыруды мақаланың осы бөлігінде қарастырамыз. Жиырма тоғызыншы қара сөзде қазақтың мақалдарының мағынасы ,олардың қолданылуы және маңызы туралы айтылады[17]. Өмірдің түрлі жағдайларында мақалдың көмек болатынын,қандай  жағдай болмасын барлығының шешімін табуға болатыны жайлы сөз етеді. Абай Құнанбаев  берген  мақалдарды негізге ала отырып, орыс тілінің баламасында мақалдың мағынасын жоғалтпай жеткізуге тырысады. Алайда,мақалдар орыс тіліне  өзгеше аударылып, бұрмаланды. Мәселен, Абай Құнанбаевтың: «Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? деген жолдарды орыс тіліне : “Если безвестно имя твое, подожги поле”. Какая необходимость в дурной славе? деп аударады. Бұл аудармада байқағанымыздай Абай атамыздың негізгі ойындағы  «мұрат» деген сөз тіркесін  «дурная слава» деп аударған. «Мұрат» деген сөз орыс тілінде «цель» деп аударылса әдеби тілде аударылатын еді, ал аудармашы берген «дурная слава» сөзі қазақ тілінде ақымақтық танымал деп аударылады.Осы жасалған аудармадан сөздерге дұрыс баламаның жоқтығын аңғарамыз.Мақалдардың қате аудармасымен қатар,көңіл толарлықтай аудармаларда кездеседі. Мысалғы, «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» деген мақалды “При виде золота и ангел сходит с праведного пути”деп аударған. Бұл жерден біз мақалдың түп мағынасы сақталып, жақсы аударма жасағандығын байқаймыз [18].

Абай шығармаларын аударуда кездесетін біршама өрескел қателіктердің көбісі шығыстың бай әрі мазмұны кең әдебиетіне, дінге байланысты тақырыптарда жіберілгені рас. Алайда біз, дәл осы  рухани көзқарас пен діни сауаттылық арқылы, оны оқып байыбына жету арқылы, өзіміз білетін сол Абайдан ғибрат алатын едік. Осы негізде жіберілетін қателіктермен  қатар,Абай дәрежесіне жақын аудармаларда баршылық. Оларға XX ғасырдағы таңдамалы ақын-жазушыларды, аудармашыларды жатқызамыз: Герольд Белгер, Давид Бродский, Всеволод Рождественский, Ауэзхан Кодар, Бауыржан Момышулы. Бұл аталған тұлғалар Абайды шынайы болмысынан көруге септігін тигізгендердің ішіндегі біразы ғана[19].

Осы аудармашылардың арасында ерекше атап өткіміз келетіні,талантты аудармашы Герольд Бельгер болмақ. Ол Абай Құнанбаевтың «Көк тұман –алдыңдағы келер заман» атты өлеңіне аударма жасаған болатын:

Саяз жүзер сайқалдар ғапыл қалар,

Хақиқат та, дін-дағы тереңінде[20].

Осы өлең жолының мағынасын ашу үшін Г.Бельгер оны былай деп аударады:

Греховодникам на мелководье введут в смятение,

И истина, и вера обитают в глубине[21].

Г.Бельгермен қатар осы өлеңге сауатты жасалған аудармалардың бірі В.Звягинцевтың аудармаса болса керек:

Пройдохи с невеждами сядут на мель,

Лишь вера и правда – на гребне волны.

Міне Герольд Бельгер аудармасынан өлеңнің негізгі мағынасына жақын аударманы көрсек, Звягинцевтің аудармасынан  «Хақиқат пен дін-тағы тереңінде» деген өлең жолындағы, «тереңінде» деген сөзді на «гребне волны» деп «толқын сағасында» деп балама жасайды. Бұл аудармада өлеңнің мағынасы дұрыс ашылмағандығының дәлелі. Екі аударманы салыстыру арқылы Герольд Бельгердің жасаған аудармаларынан Абайдың өлеңді жеткізу тәсілі мен болмысын сақтап қалғандығын аңғарамыз[22].

Мақаланы қорыта келе, Абай Құнанбаевтың шығармаларының,қара сөздерінің орыс тіліне аударылуы оның орыс халықтары арасында ерекше танылуының белгісі екендгін атап өткіміз келеді. Алайда сол танымалдылықтың шаңында ондағы қателіктер қалып қоятынын осы мақала арқылы айтқымыз келіп отыр. Шығарманы аудару барысында жіберілетін қателіктер оны мазмұны жағынан ғана өзгертіп қоймай, оқырмандарды жалған ақпараттармен,жалған болмыспен таныстырады десек қателеспеспіз. Сондықтан аударма жасау барысында Абайдың барлық адамға «қараңғы түнекте жарық бола білген», пайымдауларымен дұрыс таныстырған жөн.Мақаланы саралай келе, аудармашылардың Абай шығармаларын аудару барысында жіберетін қателіктері, Абай шығармаларын, оның аудармаларын одан әрі зерттеудің маңыздылығын тудырады. Бұны болашақта әлі де болса зерттелу қажет мәселелер қатарына жатқызамыз. Ол үшін ең алдымен, аудармашылардың тілді, оның тілдік құрылымдарын, синтаксистік, морфологиялық ерекшеліктерін жоғары деңгейде білуі ескерілу қажет. Екіншідіен, аударма жасайтын мәтінді, шығармаға, оның мән-мағынасына дұрыс назар аударылуы тиіс. Ең соңғысы, аударманы  аудару барысында қиыншылық туғызған сөздер не сөз тіркестерін автордың өзінен, не болмаса сөздіктердің көмегімен саралап, оның сол тілдегі дұрыс баламасын табуы шарт болып табылады. Міне,осы аталған ережелерді ескеру арқылы, сапалы әрі мазмұны жоғары деңгейде жазылған аударма шығатынына сенімдіміз. Бұл аталған дұрыс аудармаларың жолы Абай Құнанбаевтың шығармаларын аудару барысында ескеріледі дегн ойдамыз. Қазіргі таңда Абай Құнанбаевтың барша поэзия әлемінде алатын орны ерекше, оның аудармалары да осындай ілтипатқа ие болады деген ойдамыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. URL: http://www.akorda.kz/kz/legal_acts/decrees/abai-kunanbaiulynyn-175-zhyldyk-mereitoiyn-merekeleu-turaly 
2. Faktiler.kz.-URL: http://faktiler.kz/abaj-kunanbaev-turaly-malimet/ 
3. Әдебиет порталы.- URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/muhtar_auezov_o_poezii__2882 
4. Республиканская общественно - политическая газета "ЛИТЕР"/ Екатерина Гуляев.-URL: https://old.liter.kz/mobile/ru/articles/show/8680-proizvedeniya_abaya_na_tr_h_desyatkah_yazykov_mira_prozvuchali_na_festivale_druzhby_v_semee
5. Стихи.ру.-URL: https://www.stihi.ru/2011/03/19/8196 
6. URL: http://abai.kaznu.kz/wp-content/uploads/%D0%BE%D1%80%D1%8B%D1%81%D1%88%D0%B0-%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%83.pdf 
7. Толковый словарь русского языка:80 000 слов и фразеологических выражений/Российская академия наук.Институт русского языка им. В.Виноградова.-4-е изд,.дополненное.-М.:ООО «ИТИ Технологии»,2003.-850 с.ISBN 5-89285-003-X
8. Ефремова Т. Ф. Новый словарь русского языка. Толково-словообразовательный. – М.: Русский язык, 2000
9. URL: https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%83%D0%BB 
10. URL: https://www.zharar.com/kz/olen/1158-jaz.html 
11. URL:https://walentina66.ucoz.ru/news/stikh_abaja_kunanbaeva_leto_abaj_nanbaj_ly_zhaz/2012-06-01-17 
12. Аманжолов Қ.Абай шығармаларының аудармасы/Қасым Аманжолов//Азия транзит-2001,тамыз,№8(17)
13. Г.Д.Абай/Г.Д//Азия-2004,маусым,№ 22(228 )
14. Қойтай Б.Абай шығармалары өзге тілде сөйлегенде/Бұлғын Қойтай//Жұлдыз-2007,мамыр,№5
15. Н. И. Куприянова.Пока не знаешь-молчи/ Куприянова Н. И. // Стихи поэтов народов дореволюционной России-1987-б.296-297
16. Informatik.kz.-URL: https://informatik.kz/urok-1-chelovek-trudoljubivoj-dushi/    
17. Ақпараттық портал:Abai.kz-2009 .-URL: https://abai.kz/post/6
18. Қазақстандағы алғашқы білім беру және информациялық сайт.-URL:  https://www.zharar.com/rus/10725-kunanbaev_black_word_20.html 
19. Sputnik.-URL: https://sputniknews.kz/spravka/20190603/10368713/Abai-qara-sozder-31-45.html
20. Институт Абая при Казахском национальном университете им.аль-Фараби: научно-информационный и литературный сайт-2011.-URL: http://abai.kaznu.kz/rus/?p=113 
21. Новое поколение-1998.-URL: http://np.kz/old/2006/30/rcultura2.html 
22. Бакирова З.К. Переводческая интерпретация 20 стихов Абая/Бакирова З.К.//Вестник КазНУ-2015