ӨНДІРІСТІК ХИМИЯ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ
Конференция: LXXXIII Международная научно-практическая конференция «Научный форум: инновационная наука»
Секция: Химия

LXXXIII Международная научно-практическая конференция «Научный форум: инновационная наука»
ӨНДІРІСТІК ХИМИЯ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ
ПРОИЗВОДСТВЕННАЯ ХИМИЯ И ТЕХНИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
Сейтов Нурсултан
студент, Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Казахстан, г. Алматы
Серикбаев Айдын
студент, Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Казахстан, г. Алматы
INDUSTRIAL CHEMISTRY AND TECHNICAL EDUCATION
Nursultan Seitov
Student, Abai Kazakh National Pedagogical University, Almaty, Kazakhstan
Aydın Serikbayev
Student, Abai Kazakh National Pedagogical University, Almaty, Kazakhstan
Аңдатпа. Бұл ғылыми жобада өндірістік химияның негізгі бағыттары мен техникалық білімнің рөлі қарастырылады. Мұнай-химия саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, мұнайды өңдеу әдістері және экологиялық тұрғыда тиімді баламалы отын – биоэтанол өндіру тәсілдері талданды. Жоба тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) байланыстырылып, өнеркәсіптің орнықты дамуындағы химия мен техникалық білімнің маңызын ашуға бағытталған.
Аннотация. В данном исследовательском проекте рассматриваются основные направления промышленной химии и роль технических знаний. Анализируется современное состояние и перспективы развития нефтехимической отрасли, методы переработки нефти и подходы к производству экологически эффективного альтернативного топлива — биоэтанола. Проект связан с Целями устойчивого развития (ЦУР) и подчеркивает важность химических и технических знаний для устойчивого развития промышленности.
Аbtract. This research project explores the main directions of industrial chemistry and the role of technical knowledge. It analyzes the current state and development prospects of the petrochemical industry, oil refining methods, and approaches to the production of environmentally efficient alternative fuel — bioethanol. The project is connected with the Sustainable Development Goals (SDGs) and highlights the importance of chemical and technical knowledge for sustainable industrial development.
Кілт сөздер: мұнай өңдеу; биожанармай; этанол; трансэтерификация; экологиялық отын; энергия ресурстары; қайта өңдеу технологиясы.
Ключевые слова: переработка нефти; биотопливо; этанол; трансэтерификация; экологическое топливо; энергетические ресурсы; технологии переработки.
Keywords: oil refining; biofuel; ethanol; transesterification; eco-friendly fuel; energy resources; recycling technologies.
Кіріспе. Химия өнеркәсібі — қазіргі экономиканың негізгі тіректерінің бірі. Ал өндірістік химия — сол саланың өндірістік процестерін зерттейтін және өнім алуға бағытталған бағыты. Техникалық білім осы салаларда жұмыс істейтін білікті мамандарды даярлауға септігін тигізеді. Жұмыстың өзектілігі – заманауи индустриядағы химияның, әсіресе мұнай-химияның маңызы мен экология, энергия тапшылығы мәселелеріне шешім ұсынуында.
Зерттеу нысаны:
- Қазақстандағы мұнай-химия өнеркәсібі мен оның даму көрсеткіштері.
- Мұнай өңдеу технологияларының химиялық негіздері.
- Қалдықтардан биоэтанол (баламалы отын) өндіру әдісі.
Өндірістік химияның маңызы:
- Химиялық заттарды көп көлемде синтездеу.
- Материалдар мен өнімдердің өндірістік деңгейде алынуы.
- Инновациялық технологияларды жетілдіру арқылы өндірістің тиімділігін арттыру.
- Қазақстанда химиялық өнім өндіру көлемінің жыл сайын артуы
Техникалық білімнің рөлі:
- Орта буын мамандарды дайындау.
- Жаңа технологияларды игеру және енгізу.
- Экологиялық қауіпсіздікке үлес қосу.
- Жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуына ықпал ету.
Мұнай өңдеу әдістері:
- Атмосфералық айдау – мұнайды фракцияларға бөлу.
- Вакуумдық айдау – мазут қалдықтарын бөлшектеу.
- Крекинг – ауыр молекулаларды жеңіл өнімдерге ыдырату.
- Риформинг және изомеризация – октан санын арттыру.
- Гидротазарту – күкірт, азот сияқты зиянды қоспаларды жою.
Биоотын алу әдісі:
- Шикізат ретінде: тамақ қалдықтары, қант, ашытқы, лимон қышқылы, т.б.
- Ашытқы мен ферменттер көмегімен ашыту (этанол түзілуі).
- Айдау арқылы этанолды бөліп алу.
- Биоэтанолдың жану қасиетін және тазалығын тексеру.
Зерттеу нәтижесі: Тамақ қалдықтарынан биоэтанол өндірудің қарапайым әрі экологиялық әдісі ұсынылды. Алынған өнімнің жанғыштығы мен тазалығы тәжірибе жүзінде дәлелденді. Бұл әдіс отын ретінде биоэтанол қолданудың болашағы бар екенін көрсетті.
17 ТДМ
Бұл зерттеу жұмысы қалдық өсімдік майларын трансэтерификация әдісі арқылы қайта өңдеп, экологиялық таза биожанармай өндірудің ғылыми негіздерін көрсетті. Зерттеу нәтижелері биожанармайдың тиімді, экологиялық қауіпсіз және экономикалық тұрғыдан тиімді баламалы отын көзі екенін дәлелдеді.
Сурет 1. салу үлгісі
Ұсыныстар:
1. Қазақстанда тұрмыстық және өндірістік қалдық майларды жинау және қайта өңдеу жүйесін қалыптастыру.
2. Отандық ғылыми-зерттеу институттарында және оқу орындарында биожанармай өндіру технологияларын зерттеуге арналған бағдарламалар ашу.
3. Мемлекет тарапынан баламалы отын өндірісін субсидиялау және шағын кәсіпорындарды қолдау.
4. Ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын органикалық қалдықтарды отын көзі ретінде пайдалану арқылы жаңа жұмыс орындарын құру.
Бұл ұсыныстар келесі Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тығыз байланысты: ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу – баламалы отын өндірісі арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу және жасыл экономиканы дамыту.
ТДМ 9: Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым – өңдеу технологияларын жетілдіру арқылы индустриялық әлеуетті арттыру.
ТДМ 12: Жауапты тұтыну мен өндіріс – қалдықтарды тиімді қайта өңдеу және ресурстарды ұтымды пайдалану;
Қорытынды : Жоба барысында өндірістік химия мен техникалық білімнің ел экономикасына, экологиялық тұрақтылыққа және еңбек нарығына тигізер оң ықпалы жан-жақты қарастырылды. Мұнай-химия саласын дамыту және баламалы энергия көздерін қолдану – Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы бар бағыттар.