Статья:

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ АУТИСТІК СПЕКТРІ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЭМОЦИЯЛАРДЫ ТАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Конференция: CXIII Международная научно-практическая конференция «Научный форум: педагогика и психология»

Секция: Коррекционная педагогика

Выходные данные
Қуантқан Ф.Ж. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ АУТИСТІК СПЕКТРІ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЭМОЦИЯЛАРДЫ ТАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // Научный форум: Педагогика и психология: сб. ст. по материалам CXIII междунар. науч.-практ. конф. — № 10(113). — М., Изд. «МЦНО», 2026.
Конференция завершена
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ АУТИСТІК СПЕКТРІ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЭМОЦИЯЛАРДЫ ТАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қуантқан Фарида Жалғасбекқызы
магистрант, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Алматы, Қазақстан Республикасы
Оразаева Гульжан Сериковна
научный руководитель, Ғылыми жетекшісі, Педагогика ғылымдарының доценті, проф., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы

 

FEATURES OF BASIC EMOTION RECOGNITION IN PRESCHOOL CHILDREN WITH AUTISM SPECTRUM DISORDER

 

Kuantkan Farida Zhalgasbekkyzy

master's Student, Kazakh National Women's Teacher Training University, Almaty, Republic of Kazakhstan

Orazayeva Gulzhan Serikovna

Scientific supervisor, Associate Professor of Pedagogical Sciences, Professor, Kazakh National Women's Teacher Training University, Almaty, Republic of Kazakhstan

 

Аңдатпа. Мақалада аутистік спектрі бұзылысы (АСБ) бар мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі эмоцияларды (қуаныш,ашу,қорқыныш,таңдану) тану ерекшеліктері отандық және шетелдік зерттеулер негізінде қарастырылады. Мета-талдау нәтижелері көрсеткендей, АСБ бар балалар бет-әлпет арқылы эмоцияны тануда қиындыққа тап болады. Дегенмен бұл қиындықтар барлық балада бірдей емес. Ерте жаста мұндай балалар өз қуанышы мен көңіл-күйін басқа адаммен бөлісуге аз ұмтылады және өзгенің қиналғанына немесе қорыққанына көбіне назар аудармайды. Дегенмен, мұндай балалардың эмоциялық өмірі жоқ деуге болмайды: олар эмоциясын өзгеше білдіреді, ал қоршаған ортадағы адамдар оны әрдайым дұрыс түсіне бермейді. Мақалада көру зейінінің ерекшеліктері, алекситимияның(өз сезімін танумен сипаттаудағы қиындық) рөлі, сондай-ақ дене тілінің қолжетімді арна ретіндегі маңызы талданады. Мектеп жасына дейінгі балалар бойынша деректердің әлі аз екені атап өтіледі. Эмоцияны тануды педагогикалық бағалау қағидаттары, оған үйрету тәсілдері мен педагог-дефектологтарға, психологтарға және ата-аналарға арналған практикалық ұсыныстар берілген. Талдау 30-дан астам ғылыми дереккөзге сүйенеді. Жеке көзқарастың қажеттігі туралы қорытынды жасалған. Ұсыныстар күнделікті сабақ пен отбасындағы жұмысқа бағытталған.

Аннотация. В статье на основе отечественных и зарубежных исследований рассматриваются особенности распознавания базовых эмоций (радость, гнев, страх, удивление) детьми дошкольного возраста с расстройством аутистического спектра (РАС). Метаанализы показывают, что дети с РАС испытывают трудности при распознавании эмоций по выражению лица, однако выраженность этих трудностей у разных детей неодинакова. В раннем возрасте такие дети реже делятся с окружающими своей радостью и переживаниями и реже обращают внимание на огорчение или испуг другого человека. Вместе с тем нельзя сказать, что у таких детей нет эмоциональной жизни: они иначе выражают эмоции, и окружающие не всегда правильно их понимают. Рассмотрены особенности зрительного внимания, роль алекситимии (трудностей в распознавании и описании собственных чувств) и значение языка тела как более доступного канала информации. Отмечено, что данных о дошкольниках пока недостаточно. Предложены принципы педагогической оценки распознавания эмоций, подходы к обучению и практические рекомендации для педагогов-дефектологов, психологов и родителей. Анализ опирается на более чем 30 научных источников. Сделан вывод о необходимости индивидуального подхода.

Abstract. Based on domestic and international research, the article examines how preschool children with autism spectrum disorder (ASD) recognise basic emotions (happiness, anger, fear, surprise). Meta-analyses show that children with ASD have difficulty recognising emotions from facial expressions, although these difficulties vary between children. In early childhood, such children are less likely to share their joy and feelings with others and less likely to notice another person's distress or fear. However, this does not mean that they lack emotional lives: they express emotions differently, and others do not always read these signals correctly. The article discusses features of visual attention, the role of alexithymia (difficulty identifying and describing one's own feelings), and the value of body language as a more accessible source of information. It is noted that data on preschool-aged children remain scarce. Principles of assessment, teaching approaches and practical recommendations for special educators, psychologists and parents are presented. The analysis draws on more than 30 sources.

 

Түйін сөздер: аутистік спектрі бұзылысы; мектеп жасына дейінгі балалар; негізгі эмоциялар; эмоцияны тану; алекситимия; түзету-педагогикалық көмек.

Ключевые слова: расстройство аутистического спектра; дошкольный возраст; базовые эмоции; распознавание эмоций; алекситимия; коррекционно-педагогическая помощь.

Keywords: autism spectrum disorder; preschool age; basic emotions; emotion recognition; alexithymia; correctional and pedagogical support.

 

 Баланың бет-әлпет, дауыс ырғағы, дене қалпы және жағдаят мазмұны арқылы эмоцияларды тани білуі оның әлеуметтік өзара әрекетінің негізінде жатыр. Дәл осы қабілет басқа адамның не сезінетінін түсініп, оған сәйкес жауап қайтаруға мүмкіндік береді. DSM-5 жіктемесінде берілген аутистік спектрі бұзылысының (АСБ) диагностикалық өлшемдерінде әлеуметтік коммуникация мен өзара әрекеттің тұрақты тапшылығы, соның ішінде әлеуметтік-эмоциялық өзара қарым-қатынастың және вербалды емес қарым-қатынас құралдарын пайдаланудың бұзылуы басты белгілер ретінде атылған [5]. Қазіргі жіктемелер пайда болмай тұрып-ақ Л.Каннер балаларда тілді ғылыми дәстүрде аффективті саланың бұзылуы ерте балалық аутизм синдромының орталық буыны ретінде қарастырады[3,4].

Тақырыптың өзектілігі бірнеше жағдайға байланысты. Біріншіден, мектеп жасына дейінгі кезең – эмоциялық сөздіктің, эмоциялардың себептерін түсінудің және оларды білдіру тәсілдерінің қарқынды қалыптасу кезеңі. Екіншіден, эмпирикалық деректердің едәуір бөлігі интеллектісі сақталған жасөспірімдер мен ересектерде алынған: мета-талдау деректері бойынша оған енгізілген зерттеулердің үштен бірінен азы ғана 12 жасқа дейінгі балаларды қамтыған[30].Үшіншіден, аутистік спектрі бұзылысы (АСБ) кезіндегі эмоцияны тану бойынша жұмыстардың нәтижелері қарама-қайшы болып қалуында.

Эмоциялар психологиясында негізгі эмоциялар деп туа біткен негізі бар және әртүрлі мәдениеттерде бет-әлпеттегі ұқсас көріністермен сипатталатын эмоцияларды айтады. П. Экман мен В. Фризеннің классикалық мәдениетаралық зерттеулері әртүрлі мәдениеттің өкілдері бет-әлпет көріністерін эмоциялармен ұқсас түрде сәйкестендіретінін көрсетті [16]. Кейінірек, П. Экман негізгі эмоциялардың шектеулі жиынтығы – қуаныш, қайғы, ашу, қорқыныш, таңдану және жиіркеніш – туралы көзқарасты негіздеді [15]. К. Изард дифференциалдық эмоциялар теориясында да іргелі эмоцияларды бөліп көрсетеді. Олардың әрқайсысының өз нейрофизиологиялық негізі, көрінісі бар [2]. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесінде, әдетте, бес-алты эмоция қолданылады: қуаныш, қайғы, ашу, қорқыныш, таңдану және (сирек) жиіркеніш.

Осы негізінде, эмоциялық құзыреттіліктің бірнеше деңгейін ажырату маңызды: көріністі қабылдау (эмоциялық белгілерді ажырату), эмоцияны атау (эмоциялық сөздіктің болуы), эмоциялардың себебі мен салдарын түсіну және күрделі, әлеуметтік жағынан шартталған эмоцияларды – мақтаныш, ұялу, кінә сезімін – түсіну [9, 12]. Бұзылыс осы деңгейлердің кез келгеніне қатысты болуы мүмкін, сондықтан практикалық жұмыста баланың нақты қай деңгейде қиналатынын түсіну қажет.

Ғылыми әдебиетте аутизмдегі эмоциялық сала қиындықтарына қатысты әртүрлі түсіндірмелер бар. С. Роджерс пен Б. Пеннингтон эмоцияларды бөлісудің бұзылуын еліктеумен және «психикалық күй теориясымен» қатар ерте жаста пайда болатын алғашқы тапшылық деп санайды [26]. С. Барон-Коэн және авторлас серіктестері әлеуметтік қиындықтарды «психикалық күй теориясының» бұзылуымен, яғни басқа адамдарға ой-сезім күйлерін жатқыза білу қабілетімен байланыстырады [7]. Р. Хобсон аффективті байланыстың бұзылуының алғашқы екенін атап көрсетеді: аутизмі бар бала эмоциялық көріністерді басқа адамдардың маңызды сигналы ретінде нашар қабылдайды [20]. О.С. Никольская және оның серіктестері эмоциялық бұзылыстарды аффективті бейімделмеушіліктің көрінісі ретінде сипаттайды: мұнда бала әлеммен және адамдармен өзара әрекетті ұйымдастыруда айқын қиындықтарға тап болады, ал эмоциялық реттеу топқа қарай әртүрлі деңгейде қалыптасады [3, 4].

Эмоцияларды зерттеуде ең көп зерттелген бағыт – бет-әлпет көрінісі бойынша эмоцияны тану.  Аутизмі бар 980-нен астам қатысушының деректерін біріктірген М. Ульяревич пен А. Гамильтонның ресми мета-талдауы эмоцияны тану қиындықтарының бар екенін растады: эффекттің орташа өлшемі 0,80 болды және түзету енгізілгеннен кейін 0,41-ге дейін төмендеді [30]. Қуаныш бақылау топтарымен салыстырғанда тек болмашы деңгейде нашар танылды, ал қорқыныш – қуанышқа қарағанда біршама нашар танылды [30]. Ұқсас қорытындылар Л. Лозье және әріптестері мета-талдауында да бар: онда да АСБ кезінде бет-әлпет көріністерін тану дәлдігінің төмендегені тіркелген, ал айырмашылықтардың байқалу дәрежесі іріктеме сипаттамалары мен әдістемелерге байланысты өзгеріп отырған [24].

Баланың өз эмоциясын көрсетуінде де белгілі қиындықтар бар. Н. Ирмия және әріптестері аутизмі бар балалардың аффективті көріністері ақыл-ой кемістігі бар балалармен салыстырғанда бейтарап болғанын және басқа топтарда болмаған екіұшты көріністерді қамтығанын анықтады. Авторлар мұны аффектіні бөлісудегі қиындықтармен және айналасындағыларға мұндай сигналдарды «оқу» қиын болуымен байланыстырады [31]. Сонымен қатар Л. Каппс және әріптестері зерттеуінің нәтижелері аутизм кезінде «эмоциялық реакциялардың болмауы» туралы түсінікті жоққа шығарады. Ата-аналар аутизмі бар балаларды бақылау топтарындағы балалармен салыстырғанда теріс эмоцияны көбірек, оң эмоцияны азырақ көрсетеді деп бағалады [11]. Басқаша айтқанда, АСБ бар баланың эмоциялық өмірі бар және бай, бірақ оның сыртқы көріністері мен өзгелердің эмоциясына реакциялары қоршаған ортаға үйреншікті көріністен өзгеше болып көрінеді.

Деректердің біркелкі еместігін түсіндірудің ең көп талқыланатын нұсқаларының бірі – алекситимия гипотезасы. Г. Бёрд пен Р. Кук аутизмі бар адамдар арасындағы эмоциялық құзыреттіліктің кең ауқымын байқалған эмоциялық қиындықтардың аутизммен емес, оған жиі қосарлана жүретін алекситимиямен (өз эмоцияларын тану мен сипаттау қабілетінің төмендеуімен) байланысты екенімен түсіндіруге болатынын көрсетті. Бұл эмпатия мен өзгелердің эмоциясын тану қабілетіне әсер етеді [10]. Р. Кук және әріптестерінің эксперименттері бет-әлпет көрінісі бойынша эмоцияны жатқызу дәлдігі аутизмнің ауырлығымен емес, алекситимияның айқындығымен байланысты болғанын көрсетті [13].

Негізгі эмоцияларды тануда педагогикалық бағалау маңызды болып табылады. Жоғарыда сипатталған эмоциялық құзыреттілік деңгейлерін ескере отырып, бағалау керек:

а) сөйлеп жауап бермей эмоциялық көріністерді ажырату;

ә) эмоцияларды атау, яғни эмоциялық сөздік – зерттеулерде оқыту нәтижелері тануымен қатар дәл осы деңгейде де бағаланды [17];

б) қарапайым жағдаяттардағы эмоциялардың себептерін түсіну;

в) өз күйін, оның ішінде дене көріністерін [10, 13].

Эмоцияларды анықтаудағы эксперименттік жұмыстар эмоцияны танып білуге мақсатты түрде үйретуге болатынын көрсетеді. О. Голан мен С. Барон-Коэн интерактивті мультимедиялық оқыту Аспергер синдромы немесе жоғары функционалды аутизмі бар ересектерде күрделі эмоцияларды танудың жақсаруына ықпал ететінін көрсетті [18]. Дағдыны күнделікті жағдаяттарға көшіру мәселесін олар жеке талқылайды [18, 6]. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Транспортерлер» әзірленген. Оның сюжеті бойынша мультфильм кейіпкерлері – ойыншық машиналардың эмоцияларды білдіретін нағыз адам беттері бар. О. Голан және серіктестерінің зерттеуінде АСБ бар 4–7 жастағы 20 бала төрт апта бойы күн сайын осы транспортерлер сериясын көрді. АСБ бар балалар бақылау тобымен салыстырғанда олар жалпылаудың барлық деңгейінде нәтижелерін едәуір жақсартып, қалыпты дамыған балалардың көрсеткіштеріне жақындады [17]. Дегенмен авторлар функционалдық деңгейі төмен балалар үшін тәсілдің тиімділігін жеке зерттеу қажет екенін көрсетеді [17]. П. Лакава және әріптестерінің жұмысы АСБ бар ұлдарда эмоцияны тану мен әлеуметтік өзара әрекетті дамыту үшін бағдарламалық қамтамасыз ету мен тьютор жұмысын ұштастыру мүмкіндіктерін көрсетті [32]. Сонымен қатар,дамуында проблемалары бар балаларға арналған жалпы психотүзету технологиялары И.И. Мамайчук еңбегінде берілген [34]. Аталған дереккөздерді талдау негізінде мынадай практикалық ұсыныстарды тұжырымдауға болады.

1) Бастапқы деңгейді анықтау: бала көріністерді ажырата ма, белгілеу сөздерін біле ме, эмоциялардың себептерін түсіне ме- деген секілді сұрақтар негізіндегі бастапқы деңгей анықталады. Сөйлеу деңгейі нәтижені бұрмаламауы үшін жауаптың вербалды емес түрлерін (екі-төрт карточкадан таңдау, көрсету) пайдалану ұсынылады [9, 12].

2) Ең қарама-қайшы эмоциялардан – қуаныш пен қайғыдан бастау, кейін ашу, қорқыныш және таңдануды енгізу: мета-талдау деректері бойынша қуаныш басқаларына қарағанда оңай танылады [30].

3) Әртүрлі модальділіктегі материалды пайдалану: нағыз беттері бар фотосуреттер мен динамикалық бейнефрагменттерді жеңілдетілген пиктограммалармен қатар қолдану ұсынылды[25, 17].

4) Эмоцияны жағдаятпен және дене сезімдерімен байланыстыру («не болды – ол не сезінеді – мен не сезінемін»), әсіресе алекситимия белгілері болғанда қолдану керектігі көрсетілді [10].

5) Баланың қызығушылықтарына, оның ішінде заттарға және механизмдерге деген қызығушылығына сүйену бойынша жасау керектігі көрсетілді. Яғни, бұл  «Транспортерлер» бағдарламасындағыдай жасалу керек болып табылады [17].

6) Дағдыны табиғи ортаға көшіру: ойынға, режимдік сәттерге, ата-аналармен және құрдастармен қарым-қатынасқа көшіру қарастырылды[6].

Ғылыми әдебиеттер мен зерттеу нәтижелерін талдау мектеп жасына дейінгі аутистік спектрі бұзылысы (АСБ) бар балаларда негізгі эмоцияларды тану үдерісі күрделі, бірақ біркелкі емес сипатта болатынын көрсетеді. Мета-талдаулар бұл санаттағы балалардың бет-әлпет арқылы эмоцияны ажыратуда белгілі бір қиындықтарға тап болатынын растайды. Ерте жастағы балаларда бұл ерекшеліктер аффектіні өзгелермен бөлісу (аффективті байланыс) қабілетінің бұзылуымен және қоршаған адамдардың эмоциялық сигналдарына назар аударудың төмендігімен тығыз байланысты.

Бұл қиындықтардың туындауына негізгі себеп болатын факторлар:

1. Әлеуметтік маңызды нысандарға (мысалы, адамның көзіне немесе бет-әлпетіне) көру зейінін шоғырландырудың атипті ерекшеліктері.

2. Әртүрлі модальділіктегі сигналдарды (мимика, дауыс ырғағы, жағдаят) бір жүйеге біріктірудегі қиындықтар.

3. Балаларда қатар жүретін алекситимия белгілері (өз сезімдерін түсініп, сипаттай алмау).

Дегенмен, бұл жағдай АСБ бар балалардың эмоциялық әлемі жоқ дегенді білдірмейді. Керісінше, олардың бойында тиімді түзету жұмыстарына сүйенуге болатын маңызды ресурстар сақталған. Атап айтқанда, дене тілі арқылы берілетін ақпаратты қабылдау мүмкіндігі және құрылымдалған, арнайы ынталандырылатын оқыту әдістеріне оң реакция жасауы үлкен нәтиже береді.

 

Әдебиеттер тізімі:
1. Баенская Е.Р. Помощь в воспитании детей с особенностями эмоционального развития (ранний возраст). – М.: Полиграф сервис, 2000.
2. Изард К. Психология эмоций. – СПб.: Питер, 2007.
3. Лебединская К.С., Никольская О.С. Диагностика раннего детского аутизма: начальные проявления. – М.: Просвещение, 1991.
4. Никольская О.С., Баенская Е.Р., Либлинг М.М. Аутичный ребёнок: пути помощи. – М.: Теревинф, 1997.
5. American Psychiatric Association. Diagnostic and Statistical Manual of Mental Disorders (DSM-5). – 5th ed. – Washington, DC: American Psychiatric Publishing. – 2013.
6. Baron-Cohen S., Golan O., Ashwin E. Can emotion recognition be taught to children with autism spectrum conditions? // Philosophical Transactions of the Royal Society B. – 2009. – Т. 364, № 1535. – P. 3567⁠–⁠3574.
7. Baron-Cohen S., Leslie A.M., Frith U. Does the autistic child have a «theory of mind»? // Cognition. – 1985. – Т. 21, № 1. – P. 37⁠–⁠46.
8. Baron-Cohen S., Wheelwright S., Jolliffe T. Is there a «language of the eyes»? Evidence from normal adults, and adults with autism or Asperger syndrome // Visual Cognition. – 1997. – Т. 4, № 3. – P. 311⁠–⁠331.
9. Begeer S., Koot H.M., Rieffe C., Meerum Terwogt M., Stegge H. Emotional competence in children with autism: diagnostic criteria and empirical evidence // Developmental Review. – 2008. – Т. 28, № 3. – P. 342⁠–⁠369.
10. Bird G., Cook R. Mixed emotions: the contribution of alexithymia to the emotional symptoms of autism // Translational Psychiatry. – 2013. – Т. 3, № 7.
11. Capps L., Kasari C., Yirmiya N., Sigman M. Parental perception of emotional expressiveness in children with autism // Journal of Consulting and Clinical Psychology. – 1993. – Т. 61, № 3. – P. 475⁠–⁠484.
12. Capps L., Yirmiya N., Sigman M. Understanding of simple and complex emotions in non-retarded children with autism // Journal of Child Psychology and Psychiatry. – 1992. – Т. 33, № 7. – P. 1169⁠–⁠1182.
13. Cook R., Brewer R., Shah P., Catmur C. Alexithymia, not autism, predicts poor recognition of emotional facial expressions // Psychological Science. – 2013. – Т. 24, № 5. – P. 723⁠–⁠732.
14. Dawson G., Webb S.J. McPartland J. Understanding the nature of face processing impairment in autism: insights from behavioral and electrophysiological studies // Developmental Neuropsychology. – 2005. – Т. 27, № 3. – P. 403⁠–⁠424.
15. Ekman P. An argument for basic emotions // Cognition and Emotion. – 1992. – Т. 6, № 3⁠–⁠4. – P. 169⁠–⁠200.
16. Ekman P., Friesen W.V. Constants across cultures in the face and emotion // Journal of Personality and Social Psychology. – 1971. – Т. 17, № 2. – P. 124⁠–⁠129.
17. Golan O., Ashwin E., Granader Y. McClintock S., Day K., Leggett V., Baron-Cohen S. Enhancing emotion recognition in children with autism spectrum conditions: an intervention using animated vehicles with real emotional faces // Journal of Autism and Developmental Disorders. – 2010. – Т. 40, № 3. – P. 269⁠–⁠279.
18. Golan O., Baron-Cohen S. Systemizing empathy: teaching adults with Asperger syndrome or high-functioning autism to recognize complex emotions using interactive multimedia // Development and Psychopathology. – 2006. – Т. 18, № 2. – P. 591⁠–⁠617.
19. Harms M.B., Martin A., Wallace G.L. Facial emotion recognition in autism spectrum disorders: a review of behavioral and neuroimaging studies // Neuropsychology Review. – 2010. – Т. 20, № 3. – P. 290⁠–⁠322.
20. Hobson R.P. The autistic child's appraisal of expressions of emotion // Journal of Child Psychology and Psychiatry. – 1986. – Т. 27, № 3. – P. 321⁠–⁠342.
21. Kanner L. Autistic disturbances of affective contact // Nervous Child. – 1943. – Т. 2. – P. 217⁠–⁠250.
22. Kasari C., Sigman M., Mundy P., Yirmiya N. Affective sharing in the context of joint attention interactions of normal, autistic, and mentally retarded children // Journal of Autism and Developmental Disorders. – 1990. – Т. 20, № 1. – P. 87⁠–⁠100.
23. Klin A., Jones W., Schultz R., Volkmar F., Cohen D. Visual fixation patterns during viewing of naturalistic social situations as predictors of social competence in individuals with autism // Archives of General Psychiatry. – 2002. – Т. 59, № 9. – P. 809⁠–⁠816.
24. Lozier L.M., Vanmeter J.W., Marsh A.A. Impairments in facial affect recognition associated with autism spectrum disorders: a meta-analysis // Development and Psychopathology. – 2014. – Т. 26, № 4. – P. 933⁠–⁠945.
25. Peterson C.C., Slaughter V., Brownell C. Children with autism spectrum disorder are skilled at reading emotion body language // Journal of Experimental Child Psychology. – 2015. – Т. 139. – P. 35⁠–⁠50.
26. Rogers S.J., Pennington B.F. A theoretical approach to the deficits in infantile autism // Development and Psychopathology. – 1991. – Т. 3, № 2. – P. 137⁠–⁠162.
27. Rump K.M., Giovannelli J.L., Minshew N.J., Strauss M.S. The development of emotion recognition in individuals with autism // Child Development. – 2009. – Т. 80, № 5. – P. 1434⁠–⁠1447.
28. Sigman M.D., Kasari C., Kwon J.H., Yirmiya N. Responses to the negative emotions of others by autistic, mentally retarded, and normal children // Child Development. – 1992. – Т. 63, № 4. – P. 796⁠–⁠807.
29. Trevisan D.A., Birmingham E. Are emotion recognition abilities related to everyday social functioning in ASD? A meta-analysis // Research in Autism Spectrum Disorders. – 2016. – Т. 32. – P. 24⁠–⁠42.
30. Uljarevic M., Hamilton A. Recognition of emotions in autism: a formal meta-analysis // Journal of Autism and Developmental Disorders. – 2013. – Т. 43, № 7. – P. 1517⁠–⁠1526.
31. Yirmiya N., Kasari C., Sigman M., Mundy P. Facial expressions of affect in autistic, mentally retarded and normal children // Journal of Child Psychology and Psychiatry. – 1989. – Т. 30, № 5. – P. 725⁠–⁠735.