Статья:

Педагогтың мәртебесі

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №12(105)

Рубрика: Педагогика

Выходные данные
Төкен А.Н. Педагогтың мәртебесі // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2020. № 12(105). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/105/68389 (дата обращения: 20.04.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

Педагогтың мәртебесі

Төкен Абзал Нұрлатұлы
магистрант, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет, Қазақстан, Семей

 

31 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына қол қойды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мәлімдеді. Заң жобасы жалпылай 21 баптан тұрады және Қазақстандағы жарты миллионнан астам ұстаздың жұмысына тікелей қатысты. Ұстаздың жұмысына байланысты қабылданған заңдар қаншалықты тиімді және қоғам өзгерістерді қалай қабылдайды.

Мұғалім мамандығы – әлемде ең көп таралған мамандықтардың бірі. Себебі, бүкіл жер жүзінде өзінің азаматтарының біліміне көңіл аудармайтын мемлекет жоқ. Сонымен қатар, білім жүйесі де әр мемлекетте әр түрлі болғандықтан ұстаздардың қызметінде де көптеген айырмашылықтар бар. Мысалға, ең үлкен жүктеме Бразилияда, әрбір мұғалімге 32 оқушыдан, ал ең азы Португалия мемлекетінде, бір ұстазға 7 оқушыдан келеді екен. Ұстаздың беделі де әрбір мемлекетте бірдей қабылданбайды. Ең беделді ұстаздар аспан асты елінде, яғни Қытайда[1].

Жалпы педагог мәртебесін анықтайтын төрт бағыт қарастырылған. Бірінші, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту, екінші, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту, үшінші, материалды емес стимул тетіктері, төртінші, материалдық ыңталандыру. Заңда орта білім ұйымдарының мұғалімдері үшін көзделген мақсаттар бар. Аталмыш төрт бағыт Білім Министірлігінің көзқарасы бойынша мемлекетіміздегі ұстаздардың жұмысына оң әсер тигізді деп санайды. Алайда, бұл қабылданған жаңартулар расыменде әсерін бере аладыма?

Информбюроның 2019 жылғы жай айында жарияланған мәліметіне сүйенсек Қазақстанда қазіргі таңда 7500 мектеп жұмыс жасауда[2]. Ал ресми мәлімет бойынша 304 мың ұстаз қызмет атқарады екен[3].

Заң қабылданғанымен де көптеген мектептер әліге дейін негізгі нұсқаулықтарды орындамай отырғаны анық. Яғни шешімді қабылдайтын мектеп басшысы – директордың қаншалықты әділ жұмыс жасайтынына байланысты. Педагогикалық оқу орнына басшылық етіп, жоспар түзу ең әуелі оның ерекшелігі мен нақты бағдарын айқындаудан басталады. Әрине, педагогикалық бағыттағы оқу орнының Қазақстандағы өзге 130-дан астам жоғары оқу орнымен салыстырғанда өзіндік ерекшелік сипаты болатыны белгілі. Мұнда болашақ педагогтар дайындалады. Олар мұнда ұрпақ тәрбиесімен айналысуға нақты шешім қабылдап келеді. Ұрпақ тәрбиесінің артында тұтас мемлекетке қызмет ету тұрғандықтан студентке ә дегеннен өзі таңдаған мамандыққа артылған мол жауапкершілік жүгін сезіндіру маңызды.

Одан соң біздегі студенттер контингентінің 80 пайызы қыз балалар. Үшіншіден, біз оңтүстік өңірде орналасқан жоғары оқу орнымыз. Ал оңтүстік халқының өзгелерден ерекше психологиясы, таным-түсінігі бар. Сайып келгенде мұның барлығы да оқу орнының маман дайындаудағы саясатын анықтауға ықпал етіп отыр.       

Қазіргі таңда еңбек нарығында педагог мамандарға сұраныс өте жоғары. Әсіресе ауылдық жерлердегі мектептер кадр тапшылығын сезініп отыр. Жасыратыны жоқ, мектепті бітіріп, қалада білім алған жастар сонда қызмет жасап қалып қойғысы да келеді. Әрі қазір әлемде урбанизация үрдісі өте қарқынды жүріп жатыр. Бұны статистикалық мәліметтер де растайды. Елбасы да өз Жолдауларында бұл үрдістен Қазақстанның шет қалмайтынын айтты.

Ауылдан білім қуып келген жастардың маман болып ауылға қайтуы қиын. Және бір айта кетерлік жайт, орыс тілін білетін мамандарға деген сұраныс та күн санап арта түсуде. Қазір педагогика саласында орыс тілін жетік білетін мамандар жоғары бағаланады. Алыс ауылдарды былай қойғанда облыс орталығының өзінде орыс тілін білетін мамандар ауадай қажет. Нәтижесінде орысшаға жетік жастар жұмысты да қаладан тауып, осында қалып қойып жатыр.

Ал педагогтар қауымы, жалпы қоғам бұл заңнан не күтеді? Қазіргі таңда педагог мәртебесін заңды тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да бекіту қажеттілігі туындап отыр. Жасыратыны жоқ, педагог мамандардың басқа сала қызметкерлеріне қарағанда еңбекақысы әлдеқайда төмен. Ал бұл фактормен білімді жастарды осы салаға тарту қиындау. Демек, бізге қазір бірден-бір педагогтың қоғамдағы мәртебесін айқындау қажет. Оның өзіндік беделін қалыптастыруға көңіл бөлгеніміз жөн.

Алайда ұстаз мәртебесін заңмен бекіткенімізбен оған деген күнделікті көзқарастың өзгермеуі мүмкін ғой. Жоқ, біз осы заң арқылы бәрін тайға таңба басқандай етіп айқындап алуымыз керек. Ата-ана бекерден келіп, мұғалімнің бетін жыртып, оған доқ көрсетіп, абыройын төмендетіп жатса ұстаздың қадір-қасиеті қайда қалады? Әрі-беріден соң отбасындағы баланың тәрбиесін педагогтарға артып қою дұрыс емес. Оған ата-ана да жауапты. Баланың қалыптасуында бағыт-бағдар беруші тұлға ата-ана. Ал, қазір бізде баласы нашар оқыса да, бұзықшылық жасаса да ата-ана ұстазды кінәлайды. Міне, біз педагог мәртебесін анықтасақ, ұстаз ісіне қол сұғушылар әрекетінің заң жүзінде алдын алар едік.

Одан кейін «Педагог мәртебесі туралы» Заңның аясында ұстаздардың статусы белгіленуі қажет. Ол статус мектеп ұстаздарынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелерін және жоғары оқу орнының оқытушыларын да қамтуы тиіс.

Әрине, қазір мұғалімдерге ең әуелі қаржылай қолдау керек. Неге десеңіз, ұстаз еңсесін тік ұстай алатын әрі сонысымен шәкірті алдында беделді мамандық иесі болуы шарт. Қалтасы жұқа, әлеуметтік жағдайы төмен ұстаз ұрпақ тәрбиесіне де жіті көңіл бөле алмайтыны белгілі жайт. Сондықтан да ұстаздарды қаржылай қолдау мәселесі мұқият зерделенеді. Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарында мұғалім туралы жағымсыз ақпараттар көп. Алайда әлгі сынға ұшыраған жайтқа шындап келгенде ұстаздар кінәлі бола бермейді. Ұсынылған заң жобасында педагогтарды журналистер тарапынан, халық тарапынан жөнді-жөнсіз айыптау мәселесін реттеуге басымдық беріледі. Үшіншіден, педагогқа әлеуметтік пакет берілуі керек. Ол еңбек демалысын қалай дұрыс ұйымдастыру, апталық жүктемеден тыс тапсырмалардың берілмеуі сынды мәселелерді қамтиды. Сәйкесінше, біз ұсынған заң жобасында осы жайттарға жіті көңіл бөлінді.

 

Әдебиеттер тізімі:
1. Әлемдік тәжірибедегі ұстаздардың қызметі/ https://www.segodnya.ua/
2. Мектептердің маңызы/ https://informburo.kz/ 
3. Қазақстандағы мұғалімдерідң ресми саны /https://www.azattyq.org/a