Қазақстан Республикасының ақша нарығы
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №9(145)
Рубрика: Экономика
Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №9(145)
Қазақстан Республикасының ақша нарығы
Аннотация. Қазақстан Республикасының ақша нарығын зерттеуге бағытталған аналитикалық жазбаны құру барысында алдымен, ақша нарығының түсінігі мен оның экономикалық маңызы талданып, кейін ҚҰБ ұсынған ресми статистикалық мәлеметтерге арқа сүйеп, ақша базасы, кең ақша массасының агрегаттары, ҚҰБ ресми сыйақы ставкаларының көрсеткіштері зерттеліп, сәйкес сызықты графиктер және кестелер құрылды. Жалпы, зерттеу нышаны болып табылатын ақша нарығына әсер ету ашық нарықтағы күнделікті операцияларда қолданылатын мақсаттардың иерархиясын немесе айналыстағы ақша мөлшері сияқты параметрлерге ұзақ мерзімді әсерді білдіретіндігі анықталды. Резервтік норманы қайта қарау, есептік мөлшерлемені өзгерту және ашық нарықтағы операциялар сияқты қаражатқа ие бола отырып, Ұлттық Банк ақша ұсынысына, ал оның көмегімен нақты ұлттық өнімге, жұмыспен қамтуға және баға индексіне шешуші әсер етуі мүмкін. Бұл мақалада ақша нарығы негізгі объектілері бойынша толыққанды талданған.
Кілтті сөздер: ақша; ақша нарығы; қаржы; банк; ақша базасы; ақша массасы; агрегаттар; резервтік ақша; қолма-қол ақша; сыйақы ставкалар.
Мазмұны:
- Кіріспе бөлім. Ақша нарығы түсінігі.
- Негізгі бөлім. Статистикалық көрсеткіштер мен диаграммалар.
- Ақша базасы
- Кең ақша массасының агрегаттары
- ҚР Ұлттық Банкiнiң ресми сыйақы ставкалары
- Қорытынды бөлім.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
- Кіріспе бөлім:
Ақша нарығы – кәсіпорындар мен ұйымдардың айналым қаражатының, банктердің, мекемелердің, мемлекет пен халықтың қысқа мерзімді қаражатының қозғалысын негіздейтін қысқа мерзімді депозиттік-борыштық операциялар (бір жылға дейінгі мерзімге) жүзеге асырылатын борыштық капитал нарығының секторы немесе бір бөлігі.[1] Ақшаның экономикалық маңызы. Ақша тауарлар құнының өлшемі ретінде қызмет ететіндіктен, оларсыз бүкіл экономикалық ғылым мүмкін емес. Өйткені, олардың көмегімен біз әр түрлі тауарлар мен қызметтердің құнын сандық түрде салыстырамыз және өлшейміз. Ақша нарығы ақша айналымының маңызды, біртұтас компоненті болып табылады, ол экономика секторлары мен субъектілері арасында ақша қаражатын қайта бөлу тетігі ретінде әрекет етеді.
- Негізгі бөлім:
- Ақша базасы - негізгі міндеттемелердің элементі саналатын бастапқы ақша және резервтік ақшаны құрайды. ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы мыналардан тұрады: 1)ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан; 2)ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен; банктік емес қаржылық ұйымдардың аудармалы депозиттерінен; 3)ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі ағымдағы шоттарынан [1].
Кесте 1.
Ақша базасы бойынша қорытынды есеп
2018 |
2019 |
2020 |
2018-2019 жж өзгерістер |
2019-2020 жж өзгерістер |
|||
|
|
|
|
Млн тг |
% |
Млн тг |
% |
Ақша базасы (резервтiк ақша) |
6 650 873 |
6 893 176 |
9 777 551 |
242 303 |
3,64 |
2 884 375 |
41,8 |
Ақша базасы (тар мағынада) |
5 995 748 |
5 430 745 |
5 087 846 |
565 003 |
9,4 |
342 899 |
6,3 |
ҚР ақша базасындағы резервтік ақша 2018 және 2019 жылдары айқын өзгерісті көрсетпейді, ал 2020 жылғы көрсеткіш 2,8 трлн тг артып, 9,7 трлн тг құрайды. Тар мағынадағы ақша базасы, керісінше, 2018 жылы жоғарғы көрсеткішке ие болып – 5,9 трлн тг құраса, 2020 жылға дейін біршама төмендеп, 5 трлн тг құрайды.
Рисунок 1. Ақша базасы(резервтік ақша)
Ескерту: Авторлармен құрылған
ҚР ақша базасы бойынша екінші деңгейлі банктердің және басқа ұйымдардың ҚР Ұлттық банктегі депозиттерінің мөлшері соңғы 3 жылда 1,6 есе өссе, ҰБ-тен тыс қолма қол ақша көрсеткіші 1,2 есеге артқандығы байқалады. Жалпы, 2020 жылы 2018, 2019 жылдарға қарағанда екі сектор бойынша үлкен серпілісті байқауға болады. Себебі ретінде, инфлянцияның 2020 жылы 7,5%-ға өсуін және онлайн банкинг жүйесінің популиризациясын белгілеуге болады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің және басқа ұйымдардың ҰБ-тегі депозиттерінің мөлшері ҰБ-тан тыс қолма қол ақша мөлшерімен салыстырғанда жоғары екендігін ерекше атап өту керек.
- Кең ақша массасының агрегаттары (М0,М1,М2,М3)
Диаграмма 1. Кең ақша массасының агрегаттары
Ескерту: Авторлармен құрылған
Қазақстанда M0 ақша массасының көлемі 2019 жылы 2018 жылға қарағанда 1,2% өсіп, 2 300 505 KZT млн құрады. Ал 2020 жылы желтоқсанда 2 828 046 KZT млн. дейін өсті. M1 ақша массасының көлемі 2019 жылы 5,4% -ға өсіп, 5 928 085 KZT млн құрады, 2020 жылы желтоқсанда 7 186 951 KZT млн. көтерілді. M2 ақша массасының көлемі 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 9,8% өсіп, 16 054 341 KZT млн құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылы желтоқсанда 19 134 928 KZT млн. дейін өсті. M3 ақша массасының көлемі 2018 жылы 20 813 371 KZT млн құрап, 2019 жылы 2,3% артады. Ал 2020 жылы желтоқсанда 24 917 784 KZT млн. деген шаманы құрайды [2]. Ақша массасының өсуінің негізгі көзі банктердің экономиканың нақты секторына қарыз қаражатын беруіне байланысты несие арнасы болып табылады.
- ҚР Ұлттық Банкiнiң ресми сыйақы ставкалары.
Кесте 2.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сыйақы ставкаларының есебі
Кезеңдері |
2018 |
2019 |
2020 |
||||
Қайта қаржылан дыру |
Базалық мөлшер леме |
Қайта қаржылан дыру |
Базалық мөлшер леме |
Қайта қаржылан дыру |
Базалық мөлшер леме |
||
Қаңтар |
9,75 |
9,75 |
9,25 |
9,25 |
9,25 |
9,25 |
|
Ақпан |
9,75 |
9,75 |
9,25 |
9,25 |
9,25 |
9,25 |
|
Наурыз |
9,50 |
9,50 |
9,25 |
9,25 |
12,00 |
12,00 |
|
Сәуір |
9,25 |
9,25 |
9,00 |
9,00 |
9,50 |
9,50 |
|
Мамыр |
9,25 |
9,25 |
9,00 |
9,00 |
9,50 |
9,50 |
|
Маусым |
9,00 |
9,00 |
9,00 |
9,00 |
9,50 |
9,50 |
|
Шілде |
9,00 |
9,00 |
9,00 |
9,00 |
9,00 |
9,00 |
|
Тамыз |
9,00 |
9,00 |
9,00 |
9,00 |
9,00 |
9,00 |
|
Қыркүйек |
9,00 |
9,00 |
9,25 |
9,25 |
9,00 |
9,00 |
|
Қазан |
9,25 |
9,25 |
9,25 |
9,25 |
9,00 |
9,00 |
|
Қараша |
9,25 |
9,25 |
9,25 |
9,25 |
9,00 |
9,00 |
|
Желтоқсан |
9,25 |
9,25 |
9,25 |
9,25 |
9,00 |
9,00 |
Ескерту: Авторлармен құрылған
Жалпы, қайта қаржыландыру және базалық мөлшерлеме бойынша сыйақы ставкаларының пайыздық мөлшері бірдей артып, бірдей төмендегені нық көрсетіліп тұр. 2018 жылғы әр айдың соңындағы екі сектор 2019 жылдың сыйақы ставкаларымен шамалас пайызды көрсетеді. Толығырақ, жылдың басында қаңтар, ақпан, наурыз айларында 0,50% көлемінде айырмашылық жасаса, жылдың соңында қыркүйек айынан бастап бір 9,25% иеленуде. Бұл бөлім бойынша 2020 жылғы пайыздық мәліметтердің тұрақсыз екендігін көруге болады. Мәселен, наурыз айында 12,00% пайызға көтеріліп, сәуір, мамыр, маусым айларында 9,50% құрайды, ал шілде айынан бастап желтоқсан айында 9,00% дейінгі шамаға түседі. Сыйақы ставкалары қазіргі таңда тұрақты 9,00% көрсетеді.
- Қорытынды бөлім.
Қазақстан Республикасының ақша нарығын зерттеуге бағытталған мақалны жазу барысында алдымен, ақша нарығының түсінігі мен оның экономикалық маңызы талданып, кейін ҚҰБ ұсынған ресми статистикалық мәлеметтерге арқа сүйеп, ақша базасы, кең ақша массасының агрегаттары, ҚҰБ ресми сыйақы ставкаларының көрсеткіштері зерттеліп, сәйкес диаграммалар, сызықты график және кесте құрылды. Статистикалық мәліметтер бойынша, соңғы жылдардағы көрсеткіштердің жоғары өскендігі түсінікті, бірақ салыстырмалы түрде қазіргі жағдайды талдай келе, ақпараттық салада және сарапшылар қауымдастығының арасында ақша базасы мен ақша агрегаттарына аз көңіл бөлінетіндігі байқалады. Біздің ойымызша, бұл ақпаратты елемеуге болмайды, өйткені ақша агрегаттарының өзгеруіне сүйене отырып, ақша айналымымен не болып жатқанын, сондай-ақ ақша мен несие көбейткіштерін түсінуге болады, соның негізінде банктік несиелеу немесе экономиканың ақшамен қанықтылығы туралы біраз ой түйіндеуге болады. Біздің экономика үлкен қиындықтарды бастан кешіруде және бұл тұста шешімдер өте мұқият қабылдануы керек.