Статья:

ҚР сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша жиынтық аналитикалық талдауы

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №22(158)

Рубрика: Экономика

Выходные данные
Ысқақова А.Б., Абдрахманова Ә.Б. ҚР сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша жиынтық аналитикалық талдауы // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2021. № 22(158). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/157/95003 (дата обращения: 23.12.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ҚР сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша жиынтық аналитикалық талдауы

Ысқақова Аружан Бақытжанқызы
студент, Нархоз университеті, КЗ, Алматы қаласы
Абдрахманова Әсель Бақытжанқызы
студент, Нархоз университеті, КЗ, Алматы қаласы
Баян Куанышбековна Купешова
научный руководитель, Экономикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы, Нархоз университеті, КЗ, Алматы қаласы

 

Аннотация. Бұл аналитикалық 2019-2021 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы сақтандыру көрсеткіштерін талдап, аналитикалық талдауды қамтиды. Мақалада соңғы 3 жылдағы барша өзгерістер талданып, болжаулар жасалған. Сақтандыру дегеніміз — сақтандыру ұйымдары немесе сақтандырушылар мен жеке және заңды тұлғалар aрасындағы, сонымен қатар сaқтaндыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүдделік  мүдделерің қорғау жөніндегі құқықтық қaтынaстары болып тaбылaды.

 

Кілт сөздер: сақтандыру, активтер, міндеттемелер, қор, капитал.

 

Кіріспе

Біздің аналитикалық талдауымыздың мақсаты соңғы үш жылдағы яғни, 2019-2021 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы сақтандыру көрсеткіштерін талдап, аналитикалық талдау жасау.

ҚР Үкіметінің көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру қажеттілігі туралы Қаулысы 1996 жылы 31 қазанда қабылданған болатын. Міндетті сақтандыруы жолдағы көлік оқиғасы мен апатты жағдайлар болған кезде сіздің басқа автокөлікке немесе оның құралына залал тигізгендегі тәуекелдеріңізді өтейді.

Кесте 1.

2019 жыл бойынша ҚР сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша жиынтық аналитикалық талдауы.

(мың)

Баптың атауы

Жалпы сақтандыру бойыша

Активтердің жиынтығы

1 189 110 634

Міндеттемелердің жиынтығы

636 272 907

Капиталдың жиынтығы

552 837 727

 

Сурет 1. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары бойынша жиынтық талдауы. 2019 жыл бойынша

 

Сурет бойыша активтердің жиынтығы 1 189 110 634 мың теңгені құрап тұр. Ол қалған екі жиынтыққа қарағанда көбірек. Біздің ойымызша оның себебі, сол жылы пандемия жағдайы енді басталып келе жатты. Сондықтан ол сақтандыруға қатты әсер ете қойған жоқ. Бұл статистика 2020 және 2021 жылдарға қарағанда жоғары.

Кесте  2.

2020 жыл бойынша ҚР сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша жиынтық аналитикалық талдауы.

(мың)

Баптың атауы

Барлығы

Өмірді сақтандыру бойынша

Жалпы сақтандыру бойыша

Активтердің жиынтығы

1 469 780 502

581 072 639

888 707 863

Міндеттемелердің жиынтығы

815 495 767

474 355 993

341 139 774

Капиталдың жиынтығы

654 284 735

106 716 646

547 568 089

 

Сурет 2. Қазақстан Республикасының сақтандыру өмірді сақтандыру бойынша жиынтық талдауы. 2020 жыл бойынша

 

Бұл суретте 2020 жылғы өмірді сақтандыру бойынша статистикалық сурет көрсетілген. Қарап отырғанымыздай, 2020 жылғы көрсеткіштер 2019 жылға қарағанда төмен екенін байқауға болады. Біздің ойымызша, мұның негізгі себебі Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы. Осы жылы осындай құбылыстың куәгерлері болған Қазақстандық тұрғындар өмірді сақтандыруға көп көңіл бөлді.

 

Сурет 3. Қазақстан Республикасының жалпы сақтандыру бойынша жиынтық талдауы. 2020 жыл бойынша

 

Ал бұл суретке келетін болсақ, адамдардың жалпы сақтандыруындағы  активтердің жиынтығы 888 707 863 теңгені құраған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмен көрсеткіш. Ал тіпті 2020 жылғы  міндеттемелердің көрсеткіші 2019 жылға қарағанда 3 есеге төмендеп кеткен. Мұны біз Қазақстанда осы 2 жылда орын алған пандемиялық жағдаймен байланыстырамыз.

 

Сурет 4. Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша жиынтық талдауы. 2020  жыл бойынша

 

Екі көрсеткіш бойынша, яғни өмірді сақтандыру мен жалпы сақтандыруды бірге қарастырғанда 2020 жылғы көрсеткіш 2019 жылға қарағанда жоғары болып отыр.

 

Кесте  3.

2021 жыл бойынша ҚР сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша жиынтық аналитикалық талдауы.

(мың)

Баптың атауы

Барлығы

Өмірді сақтандыру бойынша

Жалпы сақтандыру бойыша

Активтердің жиынтығы

1 486 344 016

603 963 451

882 380 565

Міндеттемелердің жиынтығы

820 911 507

493 243 811

327 667 696

Капиталдың жиынтығы

665 432 509

110 719 640

554 712 869

 

Сурет 5. Қазақстан Республикасының сақтандыру өмірді сақтандыру бойынша жиынтық талдауы. 2021 жыл бойынша

 

Диаграммада өмірді сақтандыру бойынша активтердің, міндеттемелердің, капиталдың жиынтық мәнін 2019-2020 жылдармен салыстыра келе, неғұрлым төмендеп кеткендігін байқа аламыз. Біздің зерттеуіміз бойынша алғашқы яғни, 2019 жылғы көрсеткіш бойынша жиынтық мәндері төмен көрсеткішті көрсетіп тұр. Мұның себебі, соңғы 2 жылда орын алып жатқан әлемдк алпауыт өзгерістер. Әлемдік кризистің орын алып алуы.

 

Сурет 6. 2020-2021 жылдардың өмірді сақтандыру бойынша салыстырмалы диаграммасы

 

Негізінен 2020 жыл мен 2021 жылдардағы өмірді сақтандыру қаражттары шамалас болып келеді. Мысалы, активтер жиынтығы 2020 жылы 581 072 639 мың тг болса, 2021 жылы 603 963 451 мың тг құрап отыр. Ал міндеттемелер бойынша 2020 жылы 493 243 811 мың тг 2021 жылы 474 355 993 мың тг. Осы ақпаратты ескере отырып, екі жыл бойынша өмірді сақтандыру көрсеткішінің қатты көбеймегенін байқаймыз.

 

Сурет 7. Қазақстан Республикасының жалпы сақтандыру бойынша жиынтық талдауы. 2021 жыл бойынша

 

Бұл диаграммада да дәл сондай жағдайлар орын алып тұрған секілді. Біздің алғашқы зерттеп көрсеткен жылымызда 2019 жылғы жалпы сақтандыру бойынша активтердің жиынтығы 1 189 110 634 мың теңгені, міндеттемелердің жиынтығы 636 272 907 мың теңгені, ал капиталдың жиынтығы 552 837 727 мың теңгені құраған. Ал 2021 жылғы көрсеткіштер төмендеген. Тек капиталдың жиынтығы 1 875 142 мың теңгеге өскен екен. Себебі,  жалпы капитал ол алғашқы салым болып табылады, яғни пайда табу мақсатындағы қолданылатын алғашқы резерв. Егер де табыс пен пайда деңгейі көбейсе капитал деңгейі көтеріледі. Демек, елде мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақыларын көбейткендерінің нәтижесі байқалуда. Сондай – ақ пайда деңгейі көтерілген.

 

Сурет 8. Қазақстан Республикасының сақтандыру өмірді сақтандыру бойынша жиынтық талдауы. 2021 жыл бойынша

 

2021 жылғы жалпы екі көрсеткішті қорытындылай келе, 2021 жылдың басы болса да, жақсы көрсеткіш көрсетуде. Мысалы, 2019 жылы барлық активтердің жиынтығына қарағанда 2021 жылғы активтердің жиынтығы 16 563 514 теңгеге өсіп отыр. Бұл жақсы көрсеткіштердің бірі деп санаймыз. Алайда бұл жылдың басы болғандықтан прогноздар өзгеруі мүмкін. Бұл көрсеткіштің өсуі біздің ойымызша, табыс пен пайданың көбейгендігінде.

 

Сурет  9. Салыстырмалы график

 

Қорытындылай келе, біз жыл сайын сақтандыру қорының қаржы көлемі салыстырмалы түрде әлде қайда өскенін байқадық. 2019 жылмен салыстырмалы түрде 2020-2021 жылдары активтер жиынтығының өскенін байқаймыз. Қорытындылай келе алдағы уақытта қазақстандықтар сақтандыру қорына көптеп назар аударады деп сенеміз. Өзіңді және өзгелерді сақтап жүр!

Ескерту: барлық графиктер мен кестелер авторлармен құрастырылған!

Барлық ақпарат: ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтынан алынды https://nationalbank.kz/kz