ДӘРІЛІК ҚЫРМЫЗЫГҮЛДІҢ (Calendula officinalis L.) БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДАСЫ
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №39(175)
Рубрика: Биология
Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №39(175)
ДӘРІЛІК ҚЫРМЫЗЫГҮЛДІҢ (Calendula officinalis L.) БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДАСЫ
BIOLOGICAL FEATURES OF CALENDULA (Calendula officinalis L.) AND ITS BENEFITS
Albina Ismailova
Student, S. Amanzholov East Kazakhstan State University, Kazakhstan, Ust-Kamenogorsk
Sadykova Gulim Kuandykovna
Student, S. Amanzholov East Kazakhstan State University, Kazakhstan, Ust-Kamenogorsk
Nazerke Suleimenova
Master of Pedagogical Sciences, S. Amanzholov East Kazakhstan State University, Kazakhstan, Ust-Kamenogorsk
Аннотация. Бұл мақалада астралылар тұқымдасына жататын дәрілік қырмызыгүлдің биологиялық ерекшеліктері мен адамға пайдасы туралы айтылған. Маригольд орталық жүйке жүйесін тыныштандыратын бірқатар қоздырғыштарға, әсіресе стафилококктар мен стрептококктарға қарсы бактериоцидтік қасиетке ие.
Abstract. This article discusses the biological properties of calendula and its benefits for humans. Marigolds have bactericidal properties against a number of pathogens that calm the central nervous system, especially staphylococci and streptococci.
Кілт сөздер: маригольд, астралылар, календула сығындысы, дәрі
Keywords: marigold, astral, calendula extract, medicine
Астралылар (Asteraceae) - қос жарнақты өсімдіктердің класына жататын, гүлді өсімдіктердің ең үлкен тұқымдасы. Негізінен шөптесін, көпжылдық, өрмелегіш және суккулентті, кейбір түрі ағаш түрінде өсетін өсімдік түрі. Құрылымына қарай гүлдері түтікшелі, лигулярлы, воронка және жалған лигалы болып бөлінеді. Астыралылардың жер жүзінде, Антарктика мен Арктика мұздықтарының таралу аймағында 1300 ге жуық туысы, 27 мыңға жуық түрі , ал Қазақстанның қоңыржай және тропиктік аймақтарында 140 туыс, 700 ге жуық түрі кездеседі. Ең көп кездесетін түрлеріне- түймедақ, жусан, дәрілік қырмызыгүл, пияз, хризантема, астера және тағы басқалары. Осының ішінде қарастырылатын гүлді өсімдік түрі- дәрілік қырмызыгүл [4].
Дәрілік қырмызыгүл өсімдігінің биологиялық ерекшеліктерін қарастыру мақсатында оның адам өміріндегі пайдасы мен маңызын анықтап зерттеу.
Дәрілік қырмызыгүл (Calendula officinalis L.) - емдік қасиеті бар, хош иісті және ащы дәмді, сарғыш түсті шөптесін өсімдік. Бұл түрдің екінші атауы «маригольдтар» немесе ағылшын маригольдтары деп аталады. Қырмызыгүлдердің сабағы жуандау, ақшыл-жасыл түсті, жабысқақ түктерден тұрады, ал жапырақтары ұзынша қандауыр пішіндес, кезектесіп орналасқан, бір қатарлы бүтін жиекті жай жапырақ. Тұқымы таға пішіндес болып келетін біржылдық, тік сабақты биіктігі 50 см дейін жететін дәрілік өсімдік. Дәрілік қырмызыгүл орталық жүйке жүйесін тыныштандыратын бірқатар қоздырғыштарға, әсіресе стафилококктар мен стрептококктарға қарсы бактериоцидтік қасиетке ие [1].
Сурет 1. Дәрілік қырмызыгүл (Calendula officinalis L.)
Құрамында 3% каратиноидтар, 0,02 % эфир майы, 3,4% шайыр және 6-8% алма қышқылы, органикалық қышқылдар, С витамині және басқада қосылыстар бар. Өсімдіктің жерүсті бөлігінде - сапониндер, жерасты бөлігінде - фитонциттер, тамырында - инулин, ал тұқымдарында майлар мен алкалоидтер кездеседі.
Дәрілік қырмызыгүл күн шуақты жерлерде, құнарлы, ылғалды жерлерде жақсы өседі. Ерте көктемде, мамырда немесе қыстың алдында тұрақты жерге тұқым себу арқылы өсіріледі. Маусым-шілде айларында 30-40 күнге дейін гүлдейді. Бұл біржылдық өсімдік болғандықтан жыл сайын тұқымнан көбейтіліп өсіріліп отырады. Календула гүлдері толық ашылған кезден бастап, яғни күздің басында жиналады.
Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Дәрілік қырмызыгүл гүлінен жасалған календула сығындысы мен кремдер барлық дәріханаларда, сондай-ақ Өскемен қаласындағы бүкіл дәріханаларында кездестіре аламыз. Жабайы түрде дәрілік қырмызыгүл Оңтүстік Америкада, Қиыр Шығыста және Жерота теңізінде көп кездеседі. Сонымен қатар Франция, Армения және Ресей елдерінде де көп мөлшерде өсіріле бастаған.
Ғалымдар қырмызыгүлдің емдік қасиеттері туралы XII ғасырдан бастап зерттеп келген. Алғаш рет бұл өсімдікті грек философы Диоскорид зерттеген. Ол ішкі аурулардың спазмдарын жою құралы ретінде бауыр ауруларына арналған календула инфузиясын ашқан. Кейіннен Абу Али Ибн Сина ( Авиценна) «Медицина каноны» аты еңбегінде дәрілік қырмызыгүлдің қасиеттерін анықтап жазған. XIX ғасырда Ресей ғалымдары А.Т. Болотов, О.В. Петровская, Н. И. Анненков және т.б өз мақалаларында календула гүлінің емдік қасиеттерін жазып қалдырған. Владимер Даль «Тірі орыс тілінің түсіндірме сөздігі» атты еңбегінде календулаға екі атау берген. Әрине қазақ ғалымдарыныңда қосқа үлестері көп. Қазақстан Республикасының көрнекті ғалымдарынан А.А.Феодоров, Н.В. Павлов, И.О. Байтулин және М.К. Кукенов өз еңбектерінде аталған өсімдік қорларын жан-жақты зерттеп, тиімді пайдалану жолдары мен маңызын қарастырған.
Дәрілік қырмызыгүл ( Calendula officinalis L.) өсімдігінің адам өміріне пайдасы өте көп. Құрғақ теріні ылғалдандырып, безеу және көз айналасындағы шеңберлер мен көгерулерді кетіреді. Гүлдерінен косметикалық кремдер мен лосьондар жасалынады. Ол терідегі қабыну мен ауруды басады. Календула гүлінің сығындысы тері тесігін тарылтады, майдың бөлінуін азайтады, сонымен қатар беттегі әжімдерді кетіруге және бас терісіндегі қайызғақты түсіруге көмектеседі. Майлы терінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі, қабынуды азайтады, тері тесігін тарылтады және бактерияға қарсы әсер етеді [6].
Сонымен қатар ұзақ уақыт дәстүрлі медицинада қолданылған. Календуладан көптеген дәрі-дәрмектер алынады, бауыр ауруына арналған календула шайы жасалынған. Календула гүлі бұлшықет спазмасының алдын алу, етеккір кезенің бастау және температураны төмендету үшін қолданылады. Тағы да ауырған тамақ, қатерлі ісік, асқазан мен ішектің жараларын және варикозды тамырларды емдеуге көмектеседі. Сонымен қоса қырмызыгүлді түрлі тағамдарда, салаттарда, кептірілгендері дәмдеуіш ретінде қолданылады. Қазіргі кезде жастардың бетіне безеулер көп шығады. Безеулерді кетіру үшін химиялық қосылыстары бар кремдерді жағып терімізді құрғатамыз. Осы дәрілік қырмызыгүлден жасалынған табиғи қосылыстардан тұратын календула сығындысы беттегі безеулерді кетіруге көмектеседі.
Үй жағдайында қырмызыгүл өсімдігінің гүлінен алкоголь сығындысы мен жақпа дайындауымызға болады. Календула сығындысының жасалынуы мен қолданылуы: алдымен екі қасық кептірілген емдік календула гүлдері спирті бар ыдысқа құйылады. 10 күннен кейін сүзгіден өткізіліп, жабық ыдыста сақталады. Қолданар кезінде бір стакан суға бір қасық сығынтыны алып араластырамызда, мақтамен ерітіндіні сулап, таза бетке 15-20 минутқа қалдырамыз. Біткеннен кейін бетті таза құрғақ мақтамен сүртеміз.
Қорыта айтқанда, жер бетінде кездесетін кез келген өсімдік адам өмірінде маңызды орын алады. Әрбір өсімдік пайдасы мен зияны жағынан ерекшеленеді. Әрине, өсімдіктің ерекшеліктерін түсіну үшін оған зерттеу жүргізу керек. Дәрілік қырмызыгүлді зерттеу нәтижесі бойынша мынадай қорытынды айтуға болады. Мариголдтың биологиялық ерекшеліктері зерттеле отырып адам өміріне тигізетін пайдасы анықталды. Календуланың гүлінен жасалған крем мен ласьондар қазіргі кезде жиі қолданыста. Қолдану әдісі осы дәрілік формасы тағайындалған патологияға байланысты. Календуланы қабынуға қарсы және антиоксидантты агент ретінде қолдануды ескере отырып, клиникалық жағдайда көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.