YOUTUBE ЖЕЛІСІНІҢ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚОНАҚ ҮЙ ТАҢДАУЫНА ӘСЕРІ
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №41(177)
Рубрика: Экономика
Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №41(177)
YOUTUBE ЖЕЛІСІНІҢ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚОНАҚ ҮЙ ТАҢДАУЫНА ӘСЕРІ
THE INFLUENCE OF THE SOCIAL NETWORK YOU TUBE ON CONSUMERS IN CHOOSING A HOTEL
Balzhan Ishmanova
Student, University of International Business, Kazakhstan, Almaty
Zhania Naurzbayeva
Student, University of International Business, Kazakhstan, Almaty
Nurzhan Abdrazakov
scientific director, Professor of the University of International Business, Almaty, Kazakhstan
Аннотация. Ғылыми мақала Youtube әлеуметтік желісінің тұтынушылардың қонақүй таңдаудағы шешіміне әсерін зерттеуге арналған. YouTube желісінің маркетинг құралы ретіндегі тиімділігіне, жарнаманың тұтынушыларға әсері мен платформаның қонақжайлылық индустриясына қолданылуына ерекше назар аударылды.
Abstract. The scientific article is devoted to the impact of the social network Youtube on the decision of consumers to choose a hotel. Particular attention was paid to the effectiveness of YouTube as a marketing tool, the impact of advertising on consumers and the application of the platform to the hospitality industry.
Түйін сөздер: интернет, YouTube, әлеуметтік желілер, жетілдіру, жарнама, қонақ үй, бейне шолу.
Keywords: internet, YouTube, social networks, promotion, advertising, hotel, video review.
Кіріспе. Зерттеудің ғылыми өзектілігі: Әлеуметтік медиа дәуіріне дейін тұтынушылар өнімдер туралы ақпарат жинау үшін шектеулі ресурстарға ие болды [7] және тұрғын үй жалға алу туралы ақпарат брошюралар арқылы таратылды [6]. Ал, қазір әлеуметтік медиа туризм мен қонақжайлылықта туристік өнімдер туралы ақпараттың негізгі көзі рөлін атқарады. YouTube-те күн сайын 100 миллионнан астам бейне таратылады. Орташа алғанда, бір адам YouTube-тан күніне кем дегенде 9 минут пайдаланады және адамдар әлемдегі 2,2 миллион басқа веб-сайттарға сілтеме жасайды [9]. YouTube желісі осындай керемет мүмкіндіктер ұсынатын маркетингтік құрал бола тұрып, қонақ үй индустриясында жеткілікті дәрежеде қолданылмайды. Жалпы, бұл уақытқа дейін YouTube желісінің маркетингтік құрал ретіндегі тиімділігі, оның тұтынушылардың сатып алу мінез-құлқына әсері туралы көптеген зерттеулер жүргізілген. Алайда, осындай тиімді әлеуметтік желіні қонақ үй индустриясын дамытуға әсері, желілердегі жарнаманың тұтынушы таңдауына әсері тақырыбы қарастырылмаған. Бұл зерттеу жұмысы осы ақаулықты толтыруға бағытталған.
Негізгі бөлім
Ең алдымен, YouTube желісінің маркетингтік құрал ретіндегі тиімділігін қарастырайық. Жалпы, YouTube 2005 жылы іске қосылды және содан бері өте танымал платформаға айналды. 2019 жылғы жағдай бойынша YouTube-тің ай сайынғы белсенді қолданушыларының саны 1 570 000 000 адамды құрады. Күн сайын YouTube қолданушылары 5 миллиардтан астам бейнені бөліседі, ал бейнелер саны 40% - ға артады. Әр минут сайын YouTube-ке 300 сағаттық бейне жүктеледі және күн сайын сайтқа 30 миллион көрермен кіреді. YouTube-те бейне жарнамаларды орналастыратын жарнама берушілердің саны жыл сайын 40% - дан асады, ал YouTube-тің 100 жетекші жарнама берушілері жыл сайын жарнамаға шығындарын 60% - ке көбейтеді [2]. Бұл статистикалық деректердің барлығы желінің маркетингтік әлеуеті жоғары екенінің дәлелі болып табылады.
Ендігі кезекте желіні қонақжайлылық индустриясына қолдану мүмкіндіктеріне тоқталайық. Forrester Research мәліметтері бойынша, қонақтардың 60% - дан астамы әлеуметтік саяхатшылар болып табылады, олар қонақүйлерді брондау бойынша ең жақсы ұсыныстарды іздеу үшін әртүрлі әлеуметтік медиа платформаларды бірнеше сағат бойы зерттейді. Олардың көпшілігі мазмұнды оқудан гөрі сайтта бейне көруді жөн көреді. Осылайша, қонақ үйлер ресми YouTube арнасында YouTube пайдаланушыларына қонақ үй нөмірлерін және басқа да ыңғайлылықтарды көрсетіп, оларды әлеуетті клиенттерге айналдыра алады. Ал, пайдаланушылар өз кезегінде әртүрлі әлеуметтік медиа платформаларында қызықты және ақпараттық бейнелерді бөлісе алады, бұл қонақ үйді кең аудитория арасында жылжытуға ықпал етуі мүмкін [1]. Сонымен қатар, YouTube-тің кең қол жетімділігі үлкен артықшылық болып табылады, халықаралық пайдаланушылар базасы қонақүйлерге әлдеқайда кең аудиторияға қол жеткізуге ерекше мүмкіндік береді. Егер қонақ үй көптеген халықаралық саяхатшыларды қабылдаса немесе көбірек тартқысы келсе, ола бейнелерінде өз хабарларын басқа тілдерге аудару үшін YouTube субтитрлерінің мүмкіндіктерін пайдалана алады [5]. Ал, егер қонақ үйдің мақсатты аудиториясы белгілі бір аймақ болса, олардың мәдени құндылықтарын зерттеу бейнені сол мақсатты сегментке тартымды етуге және кездейсоқ мәдени қателіктерден аулақ болуға көмектеседі. Және ең бастысы, адамдар мәтіндерге қарағанда, видео бейнелерді тез және оңай есте сақтап қалады [4]. YouTube желісінде видео-бейнелерді эстетикалық тұрғыдан әдемі түсіру және ондағы мәліметтерді қызықты жеткізу арқылы қонақ үй клиенттерді визуалды ынталандырады [3]. Егер ынталандыру сәтті болса, бұл сату, хабардарлық сияқты компания үшін көптеген қаржылық және қаржылық емес артықшылықтарға әкелуі мүмкін [5]. Дегенмен, Pikas and Sorrentino [8] тұтынушылардың қабылдауына негізделген, Facebook, Twitter және YouTube сияқты әлеуметтік медиа сайттардағы онлайн жарнамалардың тиімділігін талдаған болатын. Зерттеу көрсеткендей, адамдардың көпшілігі әлеуметтік медиа жарнамаларын дұрыс қабылдамайды және әлеуметтік медиадағы жарнамалар оларды ашуландырды. Зерттеушілердің жалпы тұжырымы бойынша осы әлеуметтік желілердегі жарнамалар тиімсіз болып шықты. Осылайша, зерттеушілердің көпшілігі Youtube желісіндегі жарнаманың тиімділігі туралы айтқанымен, кейбір зерттеушілер жұмыстарының нәтижесі желідегі жарнаманың тиімсіз екенін көрсетеді.