Статья:

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН КЕМШІЛІГІ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №18(197)

Рубрика: Педагогика

Выходные данные
Құмаш Ә.Қ. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН КЕМШІЛІГІ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2022. № 18(197). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/197/112029 (дата обращения: 26.12.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН КЕМШІЛІГІ

Құмаш Әсел Қайратқызы
магистрант, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақстан, Қызылорда қаласы
Досжанов Баянали Амантаевич
научный руководитель, ғылыми жетекші, п.ғ.к., доцент, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақстан, Қызылорда қаласы

 

Аңдатпа. Қашықтықтан оқыту- жалпы адам баласының білім алуын  және ақпарат алмасуын жүзеге асыратын, оқытушы мен білім алушы арасындағы белгілі бір ара қашықтықта ғаламтор көмегімен  білім алуды айтамыз. Қашықтықтан оқыту технологиясының үш түрлі формасы бар. Олар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) және де кең таралған үшінші түрі – вебинар. Осы мақалада біз қашықтықтан оқытудағы онлайн (синхрондық) білім берудің артықшылығы мен кемшілігіне тоқталамыз.

 

Кілт сөздер: қашықтықтан оқыту технологиясы, онлайн білім беру.

 

Қазіргі таңда білім берудің оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі-қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы жүзеге асырылуда. Олай болса, қашықтықтан оқыту технологиясын түсіну үшін оның кейбір ерекшеліктерін түсінуіміз қажет. Қашықтықтан білім беруді кейде онлайн-білім беру деп те атайды.

Қашықтықтан оқыту технологиясының үш түрлі формасы бар. Олар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) және де кең таралған үшінші түрі – вебинар.

Онлайн (синхрондық) оқыту дегеніміз – бұл интернет желісінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқытушыны экранан көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Мұнда оқытушы түсіндірмесін, көрсетілімдерін көру арқылы оқып үйренеді.

Оффлайн (асинхрондық) оқыту дегеніміз – интернет ресурстарын пайдалану арқылы электрондық пошта немесе т.с.с платформалардың көмегімен оқытушы мен білім алушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Мұнда оқушылар, студенттер, тыңдаушылар өздерінің ізденіс, ақпарат жинақтау, тапсырмаларын желі арқылы оқытушыларына жолдап отырады. Ал, оқытушы тарапынан кері байланыс жасалып жүргізіледі.

Вебинар дегеніміз – бұл интернет желісі арқылы семинарлар мен тренингтер өткізу формасы. ҚО семинарлары оқу сабақтарының белсенді жүргізілген түрі болып табылады. Ол семинарлар бейне конференциялардың көмегімен жүргізіледі.

Қашықтықтан білім беру технологиялары соңғы жылдары эпидемиялық ахуалға байланысты қоғамымызға енгені рас. Олар жоғары оқу орындарында және орта кәсіптік білім беру жүйесінде кеңінен қолданыла бастады және де орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдарына да енгізілді.

Онлайн білім берудің артықшылықтары:

  • Онлайн білім беру жоғары сапалы бағдарламаларды ұсынады, және де сол үшін арзандау болып келеді. Күндізгі оқу шет елдерде әлқайда қымбат, себебі жүріп тұруыңызға, барып келу жол ақысына, жалдамалы пәтер жалдау үшін көптеген қаражатыңыз кетеді. Ал онлайн оқитын болсаңыз тек оқу бағдарламасына сәйкес қаражатты төлесеңіз болғаны.
  • Онлайн білім беру бағдарламаларында білім алушыға арналған бірегей материалдарды жасау үшін ең заманауи құралдар мен әдістер қолданылады.
  • Онлайн оқыту икемді және ыңғайлы.Оны кез-келген уақытта, өз қалауыңыз бойынша және кез-келген жерде оқуға мүмкіндік бар.
  • Онлайн білім алу арқылы сіз мансаптық болашағыңызды жақсарта аласыз.
  • Қашықтықтан оқыту сіздің техникалық дағдыларыңызды жақсарта алады. Онлайн курстардан өту үшін сіз әртүрлі білім беру платформалары мен басқа бағдарламаларды үйренуіңіз керек. Онлайн курстан өту арқылы сіз алатын компьютерлік дағдылар болашақ бастамаларыңызға көмектеседі.

Онлайн білім берудің кемшіліктері:

  • Кейбір курстарда студенттермен өзара әрекеттесу нақты уақыт режимінде жүзеге асырылмайды.
  • Онлайн оқыту үлкен жұмыс жүктемесімен байланысты. Интернеттегі курстарды ұсынатын оқу орындары көп қиындықтар туғызады, өйткені олар студенттерді тиімді басқара алмайтындығын біледі. Бұл күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін үлкен проблема болуы мүмкін.
  • Интернеттегі білім өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді.
  • Жан-жақты материалдар мен қолдауға қол жеткізу қиын болуы мүмкін. Интернеттегі курстар әсіресе тұрақты болған кезде, барлық материалдар нақты адамдармен араласпай-ақ, студенттердің қол жетімділігі үшін бір серверге жүктеледі. Бұл нақты уақыт режимінде түсіндіруді, техникалық қолдауды немесе нақты уақыт режимінде үйлестіруді қажет ететін адамдар үшін қиындық тудыруы мүмкін.

Қорытынды

Білім алу – жалпы адамзат баласына ең қажетті құндылықтардың бірі. Осы құндылықты лайықты дәрежеде меңгеру қай кезеңде де болмасын өз маңызын жоғалпақ емес. Аталып өткендей, қазіргі таңдағы білім берудің синхронды және асинхронды түрлерінің негізгі ерекшеліктері мен кемшіліктерін толықтыра түсейін. Синхронды оқытудың тиімділігі біріншіден, уақыт үнемдеуге тамаша мүмкіндік. Екіншіден кезкелген жерде отырып тапсырма орындай алуға болады. Білім алушы өзін өзі дамытуға көп жағдай жасай алады. Уақытты үнемдеп, қашықтықтан білім беру үдерісі тиімді дегенмен оның да тигізер кері әсері бар екенін ұмытпау қажет. Мәселен, көру жүйесінің бұзылуы, мүсіннің бұзылуы, жүйкеге түсірер жүгі тағы бар. Осы айтылған дүниелердің бәрі адамның өмір сүру дағдыларын бұзады. Еліміздің барлық өңірінде ғаламтор желісі жақсы дамығанмен техникалық ақаудың да бар екенін жоққа шығармаймыз. Яғни, қолымыздағы ресурс кез келген уақытта істен шығуы мүмкін. Демек дәстүрлі білім жүйесі не десек те өз маңызынан айнымайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т.// Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.
2. Гайда М.Г. //Электронное и дистанционное обучение//Мир педагогики и психологии: международный практический журнал. –2017–№7.
3. Демкин В.П., Можаева Г.В.//Технологии дистанционного обучения. - Томск, 2002.
4. Е.С. Полат.// Дистанционное обучение: Учебное пособие для вузов.– М., 2008
5. Плюсы и минусы онлайн-обучения. [Электронный ресурсы] https://www.educationindex.ru/articles/how-to-choose-the-right-course/distantcionnye-onlayn-zaochnye-programmy/plyusy-i-minusy-onlayn-obucheniya/