Статья:

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ЕРЛЕРДІҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ?

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №5(228)

Рубрика: Биология

Выходные данные
Абдымалик З.Н. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ЕРЛЕРДІҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ? // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2023. № 5(228). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/228/123619 (дата обращения: 27.12.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ЕРЛЕРДІҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ?

Абдымалик Зере Нуриддинқызы
атындағы медицина университеті С.Д. Асфендияров, Қазақстан, Алматы
Жанбырбаева А.К.
научный руководитель,

 

КАКОВЫ ПРОБЛЕМЫ РЕПРОДУКТИВНОГО ЗДОРОВЬЯ МУЖЧИН В 21 ВЕКЕ?

 

Абдымалик Зере Нуриддинқызы

Медицинский Университет по им. С.Д. Асфендиярова, Казахстан, г. Алматы 

 

Аннотация. Мақалада бедеулік, жыныстық гормондардың жеткіліксіз өндірілуі және оның немен байланысты екендігі сияқты өзекті мәселелер қарастырылады.

Аннотация. В статье рассматриваются такие актуальные темы как бесплодие, недостаточная выработка половых гормонов и с чем это связано.

Abstract. The article discusses such topical issues as infertility, insufficient production of sex hormones and what it is connected with.

 

ХХІ ғасыр зауыт-фабрикалардың, генетикалық тұрғыдан модификацияға ұшыраған азық-түліктің, электронды гаджеттер дамыған заман екені бәрімізге мәлім. Медициналық білімі шамалы Республикамыздың тұрғындары бұл заттардың зияндығы жайлы түсінігі жоқ. Әйелдер де, ерлер де күннен күнге өзінің басты байлығы - денсаулығынан арылуда. Ал қазақ халқы үшін ең бастысы - өзінің артынан ұрпақ қалдыра алмай отыр.

Ерлердің денесіндегі ең басты репродуктивті ағзаны аталық без деп атаймыз. Ол атабездің артқы бөлімінде қалыңдап көкірекшені құрайтын ақ қабықпен қапталған. Көкірекшенің өзінен атабездің ішкі бөліміне қарай қалқалар өтеді де, оны бөлікшелерге бөледі. Әр бөліктің ішінде 250-300 иректелген ұрық түтікшелері болады. Көкірекше аймағында түтікшелер бірігіп тік түтікшелерге жалғасады. Тік түтікшелер тор түзеді, ал олардан 10-12 шығарушы түтікшелер шығып, атабез қосалқысының өзегіне ұласады. Иректелген ұрық түтікшелерде сперматогенез процесі жүреді, ал қалған түтікшелер өткізгіщ шығарушы түтікшелер болып есептелінеді. Гистологиялық кесіндіде эпителиосперматогенді қабатта Сертоли жасушаларын ажыратамыз, дәл осы жасушаларда сперматогониялар дифференцияланауы жүреді. Лейдиг жасушалары түтікшелердің арасында орналасады, тестостерон өндіріледі. Атабездің осы құрылымдарының бір бөлімі патологияға ұшыраса гормон бөлуі төмендейді. Ал екінші реттік еркектік жыныс белгілерінің қалыптасуына (мұрт пен сақалдың өсуі) тестостерон жауапты.

Әр адамның физиологиясы әртүрлі болғандықтан, жыныстық жетілу уақыты да барлық адамдарда бір - бірінен өзгешелінеді. Бірақ, егер әкесінің жыныстық жетілуі кеш болса, баласының да жетілуі кеш болады.Яғни, бұл генетикалық факторға да тәуелді. Қазіргі заманда көп жастар 5-6 сыныптан бастап ұзын түтікті сулы қорқорға, электронды темекіге әуес келеді. Зерттеулер темекі шегудің аталық бездерге зиянды әсерін анық көрсетті. Темекідегі никотин мен кадмий сияқты заттар еркек гормонының бөлінуін азайтады. Соның салдарынан гормоналды теңгерімсіздік пайда болады да, простата тінің өсуіне ықпал етуі мүмкін. Қуық асты безігің бұл патологиялық жасушалық бөлінуі қастерсіз және қатерлі ісікке әкеледі. Салауатты өмір салтын ұстанбау іш бөлімінде майдың жиналуына алып келеді. Соның салдарынан тестостерон да бөлінуі төмен болады. Еркек гормоны қалыпты бөлінуі үшін денеңізге, әсіресе аяқтарыңызға физикалық жүктеме көп салыңыздар. Көп ата - аналар ұлдарының репродуктивті дамуын бақыламайды. Бала 15 жаста бола тұрып, денесінде, яғни шап аймағында, қолтық аймағында жүн шықпаса бұл бір мәселенің бар екенін анық көрсетеді. Сол сәтте эндокриноголтың, урологтың көмегіне жүгіну керек. Олар қандағы гормон мөлшерін көрсететін анализ тапсыруға, атабез УДЗ түсіруге кеңес береді. Егер ешкімнен кеңес алмай, өз бетіңізше емделуді бастасаңыз организміңізде гормоналды дисбаланс байқалады. Сол үшін мамандарға көрініңіз.

Барлық тұрғыдан деніңіз сау болуы үшін дұрыс тамақтануды, таза ауада физикалық жаттығулар жасауды, стресстен аулақ болуды және 7-8 сағат ұйықтауды әдет қылыңыз.Егер денеңізде "қоңыраулар" байқасаңыз, ауру ушықпайынша дәрігерге көрініңіз. Есіңізде болсын, "адамның басты байлығы денсаулық".

 

Қолданылған әдебиет:
1. Гистология, эмбриология, цитология  оқулық Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина, Е.Ф. Котовский және басқалар ; ...-М .: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 896б. : ил.