Статья:

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕГІНІҢ СЕМАТИКАСЫ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №2(269)

Рубрика: Искусствоведение

Выходные данные
Бақтай Ш.Н. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕГІНІҢ СЕМАТИКАСЫ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2024. № 2(269). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/270/143872 (дата обращения: 27.12.2024).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕГІНІҢ СЕМАТИКАСЫ

Бақтай Шынар Нұрлыбекқызы
магистранты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақстан, Алматы

 

СЕМАТИКА КАЗАХСКОГО НАЦИОНАЛЬНОГО ОРНАМЕНТА

 

Бақтай Шынар Нұрлыбекқызы

магистрант, КазНПУ им. Абая, Казахстан, г. Алматы

 

SEMANTICS OF THE KAZAKH NATIONAL ORNAMENT

 

Baktay Shynar

master's student of Kazakh National Pedagogical University named after Abai, Kazakhstan, Almaty

 

Аңдатпа. Мақалада Қазақ ою-өрнегінде тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ритмі, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні қарастырылады. Ою-өрнек сөздерінің мағынасы бір нәрсені ойып, кесіп, қиып алып немесе екі затты оя кесіп қиюластыры, біріктіре жасау, бір заттыңбетіне ойып бедер түсіру. Қазақ халқы ұлттық киімді әшекейлеуге барынша ықылас аударған. Бас киімде қолданатың ою-өрнектер басқаша екендігі, және оны басқа киім бөлшектеріне қолданылмайтыны  анықталды.  Қыз бала мен ер баланың киімдеріне қолданылатын өрнектердің  түсі, пішіні бойынша  бір-бірінге ұқсамайтындығы көрсетілді. Ою-өрнек жайлы жазған ғалымдардың ой-тұжырымдамалары айтылды.

Аннотация. В статье рассматривается тематическое значение, композиция, симметрия и ритм казахского орнамента, а также его философское значение. Значение слова орнамент состоит в том, чтобы вырезать, вырезать что-то или вырезать два предмета, создать соединение, выгравировать на поверхности одного предмета. Казахское население уделяло самое пристальное внимание украшению национальной одежды. Было обнаружено, что орнамент, который вы используете в шляпе, отличается, и его нельзя использовать для других деталей одежды. Показано, что узоры, применяемые к одежде девочек и мальчиков, отличаются друг от друга по цвету, форме. Высказывались идеи ученых, писавших об орнаменте.

Abstract. The article examines the thematic significance, composition, symmetry and rhythm of the Kazakh ornament, as well as its philosophical significance. The meaning of the word ornament is to carve, carve something or carve two objects, create a connection, engrave on the surface of one object. The Kazakh population paid the closest attention to the decoration of national clothes. It has been discovered that the ornament you use in the hat is different, and it cannot be used for other parts of clothing. It is shown that the patterns applied to the clothes of girls and boys differ from each other in color and shape. The ideas of scientists who wrote about the ornament were expressed.

 

Кілт сөздер: ою-өрнек, бұйымдар, қол өнер, киіз, кілем, дәстүрлі өнер.

Ключевые слова: орнамент, изделия, ручное искусство, войлок, ковер, традиционное искусство.

Keywords: ornament, products, handmade art, felt, carpet, traditional art.

      

КІРІСПЕ.

Ұлттық санамыз, саяси өй-өрісіміз сілкініп, өрлеу жолына түскен осы кезеңде ата-бабаларымыздың дәстүрлі өнерің, тағылымдық тәрбиесін, кең байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандыққа жету жолындағы күресі, терең тамырлы тарихымызды, ту ұстаған батырларымызбен, сөз бастаған шешендеріміздің үлгі өнегесін, бүгінгі ұрпаққа ұғындырып, келешекке мирас ету бізге жүктелген парыз.

Кез келген халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің, арман-аңсарының жарқын көрінесі. Халықтың өнерге, мәдениетке жанасу, адамгершілік негіздері жайында толғану көптеген суретшілердің шығармашылық жұмыстарында бір ыңғайлылық ықпалын тигізді. Сонымен қатар, қазіргі кезде жас суретшілер дәстүрлі өнерді, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың ерекшеліктерің ұдайы да терең зерттеудің нәтижесінде өздерінің көптеген көркем шығармашылық жұмыстарының компазициялық шешімін ұлттық тұрмыс тіршілікті бейнелеуге арнап жатыр. Бүгінгі таңда қазақ халқының салт-дәстүрін, қол өнерін жинақтап, зерделеу және сол арқылы жастарды тәрбиелеудің қажеттілігі өсуде.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

Ою-өрнек (латынша ornament- әсемдеу, сәндеу)- геометриялық және бейнелеу элементтері жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын, әрі үйлесімділікке құрылған өрнек – нақыштар. ( Қазақ энциклопедиясы, А.,1976 ж.,8т.,627-б.).

Ою белгілі бір матадан, киізден, теріден, тастан, темірден, ағаштан ою, кесу, егелеу, тілу, күйдіру, т.б. тәсілдері аркылы жасалады. Ойылған, күйылған, тілінген. кесілген ою екінші бір баска затқа желімдеп жапсырылады. Мата, тері, киізден жасалған оюлар түрлі-түсті жіптермен көмкеріліп, жиектері біріктіріледі. Оюлар сырмақ пен түскиізде, құрақ көрпе мен текемсттс жиі ксздеседі. Халық оюды ойып, жапсырмалап әсемдеумен шүғылданатын адамдарды "оюшы" деп атаған. Казак халкының мақал-мәтелдеріндегі ою-өрнек шеберлері туралы айтылған пікірлердін тәрбиелік мәні зор.

Өрнек - өрмек тоқып, осы өрмекке өрнек салу. Оюды кестелеу, термелеу, тоқу, зерлеу, көмкеру арқылы бізбен әсемдеп, өрнектеген. Қазақ халқы өрнек өнерімен шүғылданған адамдарға да үлкен құрмет көрсеткен. "Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды"- деп те бекер айтпаған. Ою-өрнек өнері - ұлттық өнеріміздің көне түрінің бірі. Оны жаңа мазмұнмен байытып, халық мүддесіне жараға білу - сұлулыққа, әсемдікке деген іңкәрлікті, ізденісті дамыту. Қайталанбас асыл мұра, әлемдік сұлулыкпен ұштасып, сабақтасып, ұлттың өзіндік болмысынан, сана-сезімінен хабар беретін сұлулык көпірі, әсемдік сыры десек кателеспеспіз. Бұл – бабалар мұрасы, аналар өнері. Өрнек - белгілі бір үлгі бойынша қиып алып, басқа бұйымдарға орналастырып, оларды сызып алып, жиектерін әртүрлі жіптермен көмкеру.

Жалпы ою өнері дүние жүзіндегі көп халықтарына тәң. Соның ішінде қазақ халқының ою өнерінің өзіндік ерекшеліктерін атап өтпеуге, сірә болмас. Себебі, қазақтың өмірімен біте қайнасып, ежелгі замандардан пайдаланып келе жатқан киіз үйін алсақ, есігінен аттап кірмей жатып-ақ оюлар әлеміне саяхат басталады.

Киіз үйдің оюлап жасаған бедерлі есігі, еденіне төселген алашасы, сырмақ, киіз, кілем, құрақты көрпе, қабырғаға ілінген әр түрлі әдіспен жасалынған түрлі-түсті жүнмен оралып тоқылған шым-шиелер, жүк жинайтын бедерлі жүкаяқтар мен ағаш төсектер, ағаштан ойып жасалынған ыдыс-аяқтар, оюмен безендірілген қыз-келіншектер мен ерлер киімдері, қыз-келіншектердің мойына тағатын алқасы, белдіктер, ер-жігіттердің атқа салатын ер-тұрмандары, тағы да басқа – міне осы аталған бұйымдар мен заттардың барлығы ою-орнекпен безендіріліп отырған.

Сондай-ақ ою-өрнек элементтері арқылы халықтың арман – мүддесі, дүниетанымы берілетін мынадан көруге болады. Пазырақ қорғанынан табылған Сақ дәуіріндегі кілем үлесінде Ел, Байлық, Қорғаныс ұғымдары шартты түрде Таңба, Марал, Салт атты сарбаз бейнесі ретінде берілген. (Әлмұхамбетов Б, Ой өрісі ою, 2021 ж.,13-б)

Ою-өрнектер көркемдік, сәндік үшін қолданғанымен, шартты бейнелер арқылы шындық елесін туындатып, халықтың өмірге деген талпыныстарын танытады. Мәселен, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркілдеуі, қардың, жаңбырдың не себептен болатының  түсінбеген қазақ халқы күнді, айды, жұлдызды, аспанды; т.с.с. керемет күштерге табынудан қалған. Xалық шеберлерінің айтуы бойынша күннің символы ретінде құлақ бейнеленеді. Ортасында күннің нұр шашуы, жұлдыз, ай белгілері жапырақтармен өрнектелген “шұғыла” оюы “өмір сүрудің қайнар көзі” - деген ұғымды меңзейді. (Ө.Жәнібеков).

Өнертанушы ғалым В.Чепелелов: “Қазақтар – тек  ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты” деп текке айтпаса керек. Өйткені, халық мұрасындағы ұлттық ұлттық өрнектердің үйлесімді реңдері ата-бабаларымыздың тұрмыс-салт дәстүрін бейнелегендей. Анықтап айтқанда, халқымыздың тарихын, шежіресін, жағрапиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнектей құдіретті өнер жоқтың қасы. Бұл өнер әрбір халықтың болмысымен бірге туып, біте қайнасып келеді. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихи дәстүріндегі сұлулық пен әсемдікте көре білетін, байқай алатын зерделі азамат тәрбиелеуге айрықша ықпал ететіні анық.

Тағы бір айта кететін нәрсе, қазақ халқы ұлттық киімді әшекейлеуге барынша ықылас аударған. Әр өрнекке өзіне лайық затын таңдаған. Мәселен, бас киімде кездесетін ою-өрнектер сырт киімге немесе бұт киімге қолданылмаған. Мұның өзіндік себептері де бар. «Ит құйрық» деп аталатын өрнек ешқашан бас киімдерге қолданылмаған. Мұның астарында «дұшпанның кеудеңнен жоғарлы өрлемесін» деген ырым жатыр. Бұл өрнек «дұшпанның төмен болсын» деген ниетпен көбінесе ер адамдар шалбарының жырық балағына өрнектелген.

Қыз балалардың бешпетіне, көйлегіне гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілід өрнектер бейнеленген. Ал, ер баланың киіміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқар мүйіз секілді өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданылатын болған.

Ою-өрнек сөздерінің мағынасы бір нәрсені ойып, кесіп, қиып алып немесе екі затты оя кесіп қиюластыры, біріктіре жасау, бір заттыңбетіне ойып бедер түсіру. Қазақтар бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, мүйіз тектес ою-өрнекке  қосылатын барлық қошқар мүйіз өрнектерді де ою дейді. Ал «өрнек» дегеніміз – әртүрлі ою, бедер бейне, күйдіріп, жалатып, бояп, қылаптап, үлгімен істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы. Сондықтан ою-өрнек деп қосарланып айта береді. Ою-өрнектер тігу, құрау, құрал-саймандарды, зергерлік бұйымдарды, киіз үйдің сүйегін, ағаш керует, сандық, кебеже, кілем сырмақ алаша, қоржын, ши, түрлі басқұрлар, ыдыс-аяқ, бесік, текемет, көрпеше, жүкаяқ беттерін, киім-кешектерді, қабырғаларды әшекейлеп безендіру үшін жиі қолданылып отырған. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген екі сөзі бірге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. (Әлмұхамбетов Б, Ой өрісі ою, 2021 ж.,26-б)

Қазақ ою-өрнектерінің жасалу принциптері бар. Жалпы қазақ қолөнер шеберлері өлшеп-пішпей-ақ екі заттың тең пропорциясын жасай білген. Қазақ ою орнегінің басты ерекшеліктері композиция, ритм симметриялық принциптерінің берік сақталып келуі. Кейбір ғалымдар барлық ою-өрнек түрлерін физкоморфтық және биоморфтық деп екі топқа бөліп қарастырады. Бүгінгі күнге дейін өнертанушы ғалымдар қазақтың ою-өрнегінің 230-дан астам түрін тауып, 7 топқа жіктеп, ғылыми тұрғыдан анықтама берген. Ою-өрнектің үлгілерін жасап, оларды ою, жапсырмалау, сыру түрлерімен шұғылданатын шеберді  халық оюшы дейді.  Ә. Марғұлан ою-өрнектерді төрт топқа бөлді. Олар: космогонияляқ, зоомарфтық, өсімдік тәрәзді, геометриялық өрнектер. Бұл өрнек түрлерін Ө.Жәнібеков мақұлық атты, ғарыш атты, тіке сызықты десе, Т.Басенов космогониялық өрнекті «магиялық» өрнектер деп атайды. Космоногиялық өрнектер – күн көзі, күн сәулесі, шыққан күн, айгул, ашық гүл, ағаш өңдеу өнерінде ер-тұрман жабдықтарына жиі қолданылған. Олар туралы Марғұлан: «Жұлдыз гүл, жұлдыз өрнек, топ жұлдызөрнектерімен халқымыз сырт киімдерің әшекейлеген», дейді. Көшпелі өмір сүрген, көбіне мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыз күнге табынған. (К. Райымханова). Қазақ ою-өрнегінде зер салған адам ою-өрнектің өз бойында еншіленген тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ритмі, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні бар екенін байқап түсінуге болады. Мысалы, қызыл, жасыл, ашық және анық, жарқын түсті ою-өрнектердің жасырын құпия тілдерінтүсіну қиын емес. Бояу үндестігі, бояу шешімі ою-өрнек өнерінде адамға идеялық және эмоциялық жағынан әсер ететін негізгі арқау болып саналуда. Қазақ ою-өрнегінде ақ бояу түрі көбірек қолданылады, оны ағарған дейміз.

Ою-өрнектің біздің кең байтақ территориямызға қарай, стильдері де, атаулары да әртүрлі болып келеді. Оңтүстік Қазақстанда, негізінен, стильденген  қошқар мүйіз оюы мен геометриялық фигуралар араласа қолданылса, Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда стильденген зооморфты оюлар өсімдік тектес өрнектермен жаңа үйлесім тапқан және ол киім-кешек сәндеу мен өрнектеуде көрініс тапқан.    Ата-бабамыздың қалдырған бай мәдени мұрасының тарихын байыпты зерттемей, жаңа өмірдің талабына лайық жауап беретін туынды жасау мүмкін емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбіп өскен жапырақтары да жаңа заманның  рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани жағдайына лайықты мазмұн мен мағына берілуі тиіс. Демек, әр өнер шеберінің шыққан туынды ата-бабадан қалған мәдени мол мұрадан нәр алып, жаңа өмірдің жаңа талабына сай жаңаша жырлауы тиіс. Қай мамандықтың зерттеушісі болмасын, ескі тарихи мұралардың негізіне сүйенбесе, оның еңбегі де, туындылары да іргетасысыз салынған үймен тең, ондай туындының  өмірі ұзақ болуы мүмкін емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бермей қойылатын қатаң да заңды талап, Бұл талапты айна қатесіз орындау – мамандарымыздың баршасының қасиетті борышы болса керек.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ энциклопедиясы, А.,1976 ж.,8т.,627-б.
2. Әлмұхамбетов Б, Ой өрісі ою, 2021 ж.,13-б
3. Тілеубекұлы- Т.-Қазақтың ою-өрнектері мен зергерлік бұйымдары, 9-10 б
4. Ө.Жәнібеков
5. Әлмұхамбетов Б, Ой өрісі ою, 2021 ж.,26-б
6. К. Райымханова