БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №17(284)
Рубрика: Физико-математические науки
Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №17(284)
БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Аңдатпа. Мақалада білім беруде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың маңыздылығы, оларды оқу процесінде қолдану тиімділігілігі көрсетіледі. Жаңа технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың деңгейін көтеруге мысалдар мен зерттеу нәтижелері ұсынылды.
Abstract. The article reflects the importance of using new pedagogical technologies in education, the effectiveness of their use in the educational process. Examples and research results were presented to improve the level of students using new technologies.
Кілттік сөздер: білім берудегі цифрлық технологиялар, жаңа педагогикалық технологиялар, педагогикалық тиімділік.
Keywords: digital technologies in education, new pedagogical technologies, pedagogical efficiency.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деп елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай саналы, отан сүйгіш, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын жастарды даярлау ұстаздардың ең басты міндеті.
«…Отаншылдық рухы жоғары ел көздеген мақсатына қалайда жетеді. Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру. Бұл нені білдіреді?
Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды.
Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты…» деген болатын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурызыдағы жолдауыңда.
Қазіргі кезде білім беру жүйесіне де жаңашылдықтар еңгізілуде. Бұндай жаңашылдықтар келешек ұрпаққа сапалы білім беруге байланысты. Білім беру мазмұнына жаңа технологиялық-педагогикалық жетілдіру қажеттігі туындауда. Озық технологияларды қолданып білім беру деңгейін көтеру. Жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізіп, оқушылардың өздігінен ізденіске деген ынтасын, сындарлы ойлау қабілетін, ақпаратты терең талдауға үйрету. Білім беруде ең маңыздысы әр оқушының жеке қабілетіне сай дамуын, дарыны мен қабілетін шыңдау. Өйткені елімізді дамыған елдер қатарына қосатын, шығармашылықпен жұмыс жасайтын білікті мамандар қажет.
Сонымен қатар цифрланған заманда Қазақстанды әлемдік деңгейде дамыту керек. Барлық салада ақпараттық технологияларды, жаңа технологияларды қолдану қажет. Білім беру жүйесіне де жаңа технологияны жоспарлы түрде енгізіп, білім мен ғылымның сапасын, деңгейін көтеру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп жазылған [1]. Аталған міндеттерді орындау барысында оқытудың тиімділігі мен сапасын көтеру тұр.
Көптеген әдебиеттерде педагогикалық технология ұғымы түрліше түсіндіріледі. «Технология» деген сөз гректің түп тамыры techne - өнер, шеберлік, кәсіп және logos - ғылым білім деген сөздерінен шыққан.
Технология терминінің екі мағынасы бар:
⁃ біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;
⁃ екіншісі - бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы [2].
Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа қол жеткізу үшін барлық ілім амалдарды, әдіснамалық құралдармен жүйелі жиынтығы.
Жаңа технология түрлерін сабақта қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімін өмірде қолдана білуге әкеледі.
Қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген технологиялар: ойын технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту, модульдік оқыту, топтық, өзіндік дамыту және жаңа педагогикалық технология.
Бүгінгі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Жаңа технологиялардың бірі - ақпараттық технология. Білім беру саласына озық технологиялардың енуі мұғалімдердің ойлау стилін, оқыту әдістемесін өзгертіп, жаңашылдық қосады және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады. Олай болса, бізге дәл қазір осы педагогикалық технологияны дамытып, оны практикада қолдану қажет.
Еліміздің болашағы жастар десек, сол жастарды саналы тәрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық әлемдік елдер тәжірибесін үйрету ұстаздар қауымына жүкетеліп тұр.
«Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын өнер» - деп Ж. Аймауытов айтқандай ұстаз әрдайым ізденісте болып, біліктілігі мен білімін арттыруы қажет. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші заман талабына сай білімді жас ұрпақтарды ілім-білімге аянбай үйретейік.