ҚАЗАҚСТАНДА 2022-2023 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЖРВИ-МЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫ ТАЛДАУ
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №8(317)
Рубрика: Медицина и фармацевтика

Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №8(317)
ҚАЗАҚСТАНДА 2022-2023 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЖРВИ-МЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫ ТАЛДАУ
Жұмыстың өзектілігі: Жедел респираторлық вирустық инфекциялар немесе қысқаша ЖРВИ-бұл ең жиі кездесетін инфекциялық аурулар. Олар негізінен жалпы тыныс алу жүйесіне, әсіресе төменгі тыныс алу жолдарына әсер етеді және жасына, тұрғылықты жеріне немесе жеке басына қарамастан кез келген адам оларды жұқтыруы мүмкін. Бұл инфекциялар оңай таралады, сондықтан олар бүкіл әлемдегі адамдар үшін үлкен мәселе болып табылады. ЖРВИ-дың этиологиялық қоздырғыштарының сан түрлі вариациялары бар, олардың ішінде респираторлы-синцитиальды вирус (RSV), адамның метапневмовирусы (HMPV), коронавирус, энтеровирус/риновирус, тұмау (Грипп) вирусы , парагрипп вирусы, аденовирус және адам бокавирусы жатады. RSV анағұрлым басым және оны RSA және RSB-B (BA-9, BA10 және BA-13) деп бөлуге болады. Грипп А (H1N1, H5N1, H3N2 және H1N1pdm09) және грипп В халық арасында жиі кездеседі [1].Респираторлық вирустар ауыр пневмонияның, соның ішінде ауруханадан тыс пневмония, ауруханаішілік пневмония және вентиляциямен ассоциацияланған пневмонияның жалпы себебі ретінде анықталған [2] Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) бүкіл әлемде аурушаңдық пен өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады, әсіресе балалар, жасөспірімдер мен қарттар арасында.
Жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында эпидкезенде жедел респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылыққа байланысты эпидемиологиялық жағдайға анализ жасау
Зерттеу материалдары мен әдістері: Қазақстандығы ЖРВИ-мен сырқаттанушылықты 2022-2023 жылдарға арналған “ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы” ұсынған статистикалық жинақтары болып табылады. Халық сырқаттанушылығының қарқынды көрсеткіштері 100 мың тұрғынға есептелген.
Зерттеу нәтижелері: Қазақстанда ЖРВИ-дің 5,676,829 жағдайы тіркелді, бұл халықтың 28.38% құрайды. Ауру деңгейі 2022 жылда 100000 тұрғынға шаққанда 20799.26 құрады, бұл 2023 жылға қарағанда 7736.66 көрсеткіштен 2.67 есе көп. 2023 жылы ЖРВИ абсолютты саны Астана (367 754) және Алматы (871 852) сияқты ірі қалаларда байқалған. Осындай жағдай денсаулық сақтау ұйымдары жүргізген вакцинация жұмыстарына қарамастан туындаған, оған себеп халық арасында вакцина алудан бас тарту және резидент емес имигранттардың көптігі. ЖРВИ мен сырқаттанушылық ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында (2679.96) тіркелген. Бұндай көрсеткіш облыстың демографиялық жағдайы төмен болуымен және жаңа құрылған облыс статусында жүргізілген халықтың өмір сапасын көтеру жұмыстарымен сипатталады. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша ЖРВИ-дің таралуы 2022 жылды 2023 пен салыстыра келе айтарлықтай өскені байқалады және ЖРВИ абсолютты саны 2.78 есе артқан, әсіресе Атырау облысында (26.5 есе), бұл ең жоғары өсім көрсеткіші болып табылады, ал Қостанайда ең төменгі өсім (1.28 есе) тіркелді. Халық көп шоғырланған қалаларда (Алматы, Астана) аурудың абсолютті саны жоғары болғанымен, 100 000 адамға шаққандағы көрсеткіштер бойынша Атырау, Павлодар, Ақмола сияқты облыстарында үлкен өсім байқалған.
Қорытынды: Зерттеу нәтижелері Қазақстанда ЖРВИ таралуының 2022 жылды 2023 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскенін көруге болады . Жалпы абсолютті саны 2.78 есе артқан ал кейбір аймақтарда ерекше жоғары өсу деңгейі байқалған. Атырау облысында ЖРВИ жағдайлары 26.5 есе көбейген, бұл ең жоғары көрсеткіші болып табылады, ал Қостанай облысында ең төменгі өсім (1.28 есе) тіркелген. Халық саны көп Алматы мен Астана қалаларында ЖРВИ жағдайларының саны жоғары болғанымен, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіштер бойынша Атырау, Павлодар, Ақмола облыстарында үлкен өсім байқалған. Көрсеткіштерге қарай отырып бұл аймақтардағы эпидемиологиялық ахуалдың ерекшеліктерін толық зерттеу керек, себебі халық тығыздығы, медициналық қызметтердің қолжетімділігі, ауа райы жағдайлары, әлеуметтік факторлар инфекцияның таралуына ықпал етуі мүмкін. ЖРВИ таралу динамикасын ескере отырып, алдын алу шараларын күшейту, ерте анықтау жүйесін жетілдіру, және иммунопрофилактиканы жақсарту керек . Бұл зерттеу аймақтық денсаулық сақтау стратегияларын жетілдіруге және эпидемиологиялық жағдайды бақылауға және алдын алуды жақсартуға ықпал етеді.
