ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №21(330)
Рубрика: Педагогика

Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №21(330)
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Аңдатпа. Бұл мақалада инклюзивті білім беру, оның тарихы және де инклюзивті білім берудің мақсатымен танысуға болады. Дамуында ауытқулары бар балалар үшін инклюзивті білім берудің маңызын негізге ала отырып сабақ барысында қолдануға ұсынылатын тиімді әдістер, басқа европа елдерінде ерекше білімді қажет ететін балалардың өмір сүруі мен білім алуы жайлы, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін тек дәрігерлер жұмыс жасап қана қоймай сонымен қатар тәрбие мен білім ата-ана және ұстаздардың қарамағында екендігі туралы баяндалған.
Кілт сөздер: инклюзивті білім беру, ерекше білімді қажет ететін балалар, тұлғалық ерекшеліктер, оқытушы, ата-ана.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. «Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді. Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер».
(В.А. Сухомлинский)
Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреу даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз де тегін айтылмаса керек. Адам өмірінің мәні – өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген уақыттан бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата- анасынан артық тәрбиеші жоқ.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Бұл оқыту түрі балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады және мүгедек баланың адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттікті дамытуға мүмкіндік береді.
ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА БЕЙІМДЕУ
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу – әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына ерекше білімді қажет ететін балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы-әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі-дәрмектермен, протездермен, протездіортопедиялық бұйымдармен, жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ, кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар.
Ерекше бaлaғa қaтысты педaгогикaлық қaмқорлық сaқтық тәртіпті ұйымдaстыру технологиясы. Ортaлық жүйке жүйесінің жетілуі мен қызмет етуінің өзгешелігі және сомaтикaлық әлсіздігі сaлдaрынaн, ЕБҚ оқушылaрдың дене қызметі мен ойлaу жүйесі тез шaршaп, әлсірейді. Ол – бaлaның денсaулығы мен оқу әрекетінің нәтижесіне кері әсер етеді.
Мектеп пен отбaсы әрекеттестігін жетілдіру технологиясы. Атa-aнaлaр мен педaгогтaр ынтымaқтaстығы келесі қaғидaлaрғa негізделуі керек: серіктесті мойындaу және құрметтеу; aқпaрaттaрмен және іскерліктермен бөлісу; шешімдерді қaбылдaуғa қaтысу; бaлaның ерекшелігін, дaрaлығын мойындaу. Өзaрa әрекеттестікті жүзеге aсыру үшін білім беру ұйымынa aтa-aнaлaрмен жұмыстың келесі формaлaры ұсынылaды:
- жеке сұхбaт құру, әңгімелесу және кеңес беру;
- aтa-aнaлaрғa aрнaлғaн дәріс сaғaттaры;
- «aшық есік» күндері;
- тaқырыптық семинaрлaр және өзге де іс-шaрaлaр.
Қорыта келе, ерекше білімді қажет ететін балалармен түзету жұмыстарын неғұрлым ерте бастасақ, соғұрлым қайтарымы үлкен болады. Өз уақытында бұл заңдылықты Ян Амос Коменский айтқан болатын «Барлық тіршілік иесінің табиғаты сондай,-олар икемді болып табылады және нәзік жас кезінде олар тәсілдерді жеңіл қабылдайды, қатайып кеткен соң, оларға қалыптасу қиын болады. Жұмсақ балауызды оларға түрлі пішін беріп сомдауға болады, ал егер қатып қалса, оны сындырап тастау оңайырақ»,-деп жазды.
