Статья:

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ-ҚОҒАМ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №21(330)

Рубрика: Педагогика

Выходные данные
Рашидова Д.С. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ-ҚОҒАМ ҚАЖЕТТІЛІГІ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2025. № 21(330). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/330/174617 (дата обращения: 23.06.2025).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ-ҚОҒАМ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Рашидова Диара Сарсенбайқызы
студент, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті, ҚР, Қарағанды қ.
Аманбекова Ақнұр Балтабайқызы
научный руководитель, Ғылыми жетекші, Педагогика ғылымдарының магистрі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті ҚР, Қарағанды қ.

 

Аңдатпа. Бұл мақалада инклюзивті білім берудің қазіргі қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы қарастырылады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне тарту, олардың құқықтарын сақтау, тең мүмкіндік жасау жолдары жан-жақты сипатталады. Сонымен қатар, инклюзивті білім беруді жүзеге асырудағы қиындықтар, педагог кадрларды даярлау, оқу бағдарламаларын бейімдеу, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын дамыту мәселелері де қозғалады. Автор инклюзивті білім беруді қоғамның қажеттілігі ретінде қарастырып, бұл бағытта кешенді қолдау тетіктерін ұсынуды көздейді.

Мақаланың мақсаты: Инклюзивті білім берудің маңыздылығын айқындау, мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту жолдарын талдау және инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар ұсыну.

 

Кілт сөздер: Инклюзивті білім, ерекше білім беру қажеттілігі, қоғамға бейімделу, әлеуметтік интеграция, педагог дайындығы, білім беру саясаты, арнайы білім, Қазақстан-2050 стратегиясы.

 

Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе – инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік білім мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру системасының өзі инклюзивтік қоғамның дамуының тиімді механизмі болып табылады. Инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша, мектеп, институт, мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді. Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халқына Жолдауында білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып танылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалықфизиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары). Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады.

Инклюзивті оқытуды даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі ретінде бағалайды. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқушының өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әртүрлі. Мұны 63 кез-келген педагог дәл ажырата аларлықтай біліммен қаруланған ба? Дәл қазіргі жағдайда педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген студент мектеп қабырғасында түрлі ауытқуы бар балалармен жұмыс жасауға қабілетті ме? деген сауалдар көкейде қордаланып тұр. Мектепке дейінгі ұйымдар мен орта мектепте қалыпты білім алушылармен жұмыс жасауға бейімделеді. Бірақ бұл ұстаздар түрлі ауытқуы бар балармен жұмыс жасауға машықтанбаған, қарым-қатынас типтерін меңгермеген. Сондықтан болашақ кәсіби маманның мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс жасай алуына мүмкіндік беретіндей инклюзивті білім берудің қарапайым түсініктерін қалыптастыру мақсатында барлық мамандық даярлау бағыттарындағы оқу жоспарларына «Инклюзивті білім» курсы енгізілуде.Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы ретінде арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формалармен сабақтасады. Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының инклюзивті білім берудегі дайындық деңгейі қаншалықты? Мұндай қадамға біз дайынбыз ба? Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың педагогикалық проблемаларын зерттеп, оларды шешуде әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту, бірлесе жұмыс жасау – бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Оқу орындарында педагогикалық-психологиялық кеңес беретін орталықтар ашып, дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог және т.б. мамандарды тартып, бірлесе жұмыс жасау қажет. Профессороқытушылар құрамының біліктілігін жоғарылату мақсатында қайта даярлық курстарынан өткізген жөн. Инклюзивті білім саласына қатысты мәліметтерде жоғары оқу орындарында инклюзивті білім мазмұны үш түрлі бағдарлама бойынша жалпы жоғары оқу орындарына арналған типік оқу бағдарламалары, мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары, мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-физикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы бойынша реттелетіндігі сөз болады. Демек, оқу бағдарламаларын да қайта қарау қажеттілігі туындайды. Инклюзивті білім беруге дайындық жасау барысында туындайтын екінші бір мәселе оқу орнының талапқа сай жабдықталуы. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы дамуы және бұзылысын түзету мақсатында жаңа компьютерлік технологияны, бала бойындағы кемістіктерді түзетуге бағытталған құрылғыларды қолдану қажеттілігін де ретін тауып шешкен жөн. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Балалардың оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым ісәрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім — барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймын.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – 2007 жыл. – 3-бап.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы. – 2012 жыл.
3. Инклюзивтік білім беруді дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы. – ҚР Білім және ғылым министрлігі.
4. Аванесова Н. Р. Инклюзивное образование: теория и практика. – Алматы: Қазақ университеті, 2020.
5. Әмірова А.Ж. Дефектология негіздері. – Астана: Фолиант, 2018.
6. Холмогорова А. Б., Семенова Е. А. Психолого-педагогическое сопровождение детей с ограниченными возможностями здоровья. – Москва: Академия, 2020.