Статья:

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ASSISTIVE TECHNOLOGY ҚОЛДАНУ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №21(330)

Рубрика: Педагогика

Выходные данные
Жатқанбаева А.Ж. АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ASSISTIVE TECHNOLOGY ҚОЛДАНУ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2025. № 21(330). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/330/174674 (дата обращения: 14.06.2025).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ASSISTIVE TECHNOLOGY ҚОЛДАНУ

Жатқанбаева Ақмарал Жасұланқызы
студенті, Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, ҚР, Қарағанды қ.
Аманбекова Акнур Балтабайкызы
научный руководитель, Ғылыми жетекшісі, Арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының оқытушысы, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, ҚР, Қарағанды қ.

 

Аңдатпа. Мақалада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда assistive technology (қолдаушы технологиялар) қолданудың маңыздылығы қарастырылады. Бұл құралдар оқушылардың танымдық, сөйлеу, эмоциялық және әлеуметтік дамуын қолдап, оқу процесіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. AAC жүйелері, визуалды және аудиалды қолдау құралдары, адаптивті қосымшалар балалардың дербестігін, мотивациясын арттырып, құрдастарымен өзара әрекеттесуін жеңілдетеді. Сонымен қатар, ата-аналар мен мұғалімдердің бұл технологияларды қабылдауы да маңызды рөл атқарады. Қазақстан жағдайында assistive құралдарды тиімді енгізу үшін тілдік бейімдеу, техникалық база және педагогтардың даярлығы бағытында жүйелі жұмыс қажет.

 

Қазіргі қоғамда ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) балалардың сапалы білімге қол жеткізуі – әлеуметтік әділеттіліктің және инклюзивті дамудың басты көрсеткіші. Инклюзивті білім беру идеясын іске асыруда технологиялық прогрестің рөлі артып келеді[1]. Әсіресе, assistive technology (асистивті технологиялар) – ерекше қажеттілігі бар балалардың оқуға, қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортамен өзара әрекеттесуге мүмкіндігін кеңейтіп, олардың әлеуетін іске асыруға жағдай жасайтын маңызды құрал ретінде танылуда.

Assistive Technology ұғымы — арнайы педагогикада оқыту, түзету, коммуникация және тәуелсіздікке жетелеу мақсатында қолданылатын бағдарламалық, аппараттық немесе цифрлық шешімдердің жиынтығын білдіреді. Бұл құралдар балалардың мүмкіндіктерін шектеуден арылтып, олардың әлеуметтік интеграциясын жеңілдетеді[2].

Зерттеулер көрсеткендей, assistive технологиялар тек педагогикалық үдерісті жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар оқушының өзіндік бағасын, мотивациясын және әлеуметтік бейімделуін арттырады. Алайда Қазақстан жағдайында бұл құралдарды енгізу мен бейімдеу процесі көптеген факторларға тәуелді — оның ішінде тілдік және мәдени контекст, педагогтардың даярлығы, техникалық база және нормативтік реттеу мәселелері ерекше орын алады[3].

Assistive Technology (қазақша – қолдаушы технологиялар) ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысында арнайы білім беру, оңалту және әлеуметтік интеграция салаларында қолданысқа енді. Бұл термин алғашында дене немесе интеллектуалдық шектеулері бар адамдарға арналған арнайы техникалық құрылғыларды білдірсе, бүгінде ол оқыту мен дамытудың кең ауқымды технологиялық жүйелерін қамтиды.

Assistive Technology деп ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру, өзара қарым-қатынас орнату, өзін-өзі күту және қоршаған ортамен әрекеттесу үдерістерінде көмектесетін барлық техникалық, бағдарламалық және әдістемелік құралдардың жиынтығын айтады. АҚШ-тың Техникалық көмек туралы заңы (Tech Act, 1998) бойынша бұл ұғым: "мүмкіндігі шектеулі тұлғаның жұмыс өнімділігін, функционалдық қабілетін арттыратын немесе сақтап қалуға мүмкіндік беретін кез келген құрал немесе жүйе" ретінде анықталған.

Assistive Technology құралдарының негізгі қызметін: ақпаратты визуалды, тактильді немесе дыбыстық жолмен беру, сөйлеу немесе тіл дамыту жұмысын жүргізу т.б. дамыту жұмысын жүргізуде қолданылады.

Халықаралық тәжірибеде assistive технологиялар білім берудің инклюзивті моделінің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Финляндия, Канада, АҚШ, Ұлыбритания сияқты елдерде бұл құралдар ерте жастан бастап қолданылады және оларды қолдану педагогикалық стандарттарға интеграцияланған.

Осылайша, assistive technology ұғымының теориялық негіздері оны арнайы білім берудің ажырамас компоненті ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Бұл технологиялар тек оқыту құралы емес, инклюзивті орта мен тең мүмкіндіктердің негізі ретінде қарастырылуы қажет.

Assistive технологиялар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тек техникалық көмек құралы ғана емес, сонымен қатар олардың тұлғалық дамуына, өзін-өзі қабылдауына және әлеуметтік ортада өз орнын табуына ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. Бұл құралдардың психологиялық және әлеуметтік әсері бірнеше негізгі бағытта көрініс табады:

Балалар үшін оқуда жетістікке жету – мотивацияның ең басты көзі. Қолдаушы технологиялар (мысалы, сөйлеу синтезі бар құрылғылар, адаптивті интерфейстер) баланың тапсырманы өз бетімен орындауына мүмкіндік беріп, оның дербестік сезімін күшейтеді. Бұндай құралдарды қолдану барысында балада: «Мен істей аламын» деген сенім қалыптасады; тапсырма орындаудағы үрей мен тәуелділік төмендейді; ішкі мотивация мен оқуға деген қызығушылық артады[4].

Зерттеулер көрсеткендей assistive технологияларды қолданатын балалар дәстүрлі әдістермен оқытылатын құрдастарына қарағанда оқу процесіне белсендірек қатысады және тапсырмаларды аяқтауда жоғары тұрақтылық көрсетеді.

Көптеген ЕББҚ балалар үшін қарым-қатынас — ең үлкен қиындықтардың бірі. AAC жүйелері, визуалды қолдау құралдары, ойын арқылы оқыту платформалары бұл кедергілерді азайтып, баланың құрдастарымен өзара әрекетке түсуін жеңілдетеді: қолданушы бала өз ойын нақты әрі уақытында жеткізе алады; ойын формасындағы технологиялар ортақ әрекетке итермелейді; бірлесе шешім қабылдау, топтық жұмыс тәжірибесі дамиды.

Мысалы, Proloquo2Go немесе Feelings Board сияқты құралдар баланың эмоциясын білдіруін жеңілдетіп, коммуникацияны жеңілдетеді. Мұндай жағдайлар инклюзивті ортада құрдастар арасындағы тең қатынасты қалыптастырады.

Көбіне ата-аналар мен мұғалімдердің оларға деген көзқарасына байланысты. Позитивті қабылдау төмендегі нәтижелерге жеткізеді:

  • Балаға деген сенім артады;
  • Үй мен мектеп арасындағы байланыс нығаяды;
  • Мұғалім мен ата-ананың ынтымақтастығы артады.

Алайда, кей жағдайларда:

  • Ата-аналар технологияны артық «тәуелділік тудырады» деп қабылдайды;
  • Мұғалімдер оны қолдану үшін қосымша дайындықты қажет ететінін айтып, бас тартады[5].

Сондықтан қолдаушы технологияны білім беру процесіне енгізбестен бұрын, ата-аналармен және педагогтармен түсіндіру, оқыту, қолдау көрсету жұмыстары қатар жүргізілуі тиіс.

Assistive Technology – арнайы білім берудің сапасын арттыратын маңызды құрал ғана емес, инклюзивті білім беру қағидаттарының нақты іске асуының бір тетігі. Бұл технологиялар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың танымдық, сөйлеу, моторлық, эмоционалдық және әлеуметтік дамуын қолдайды, олардың әлеуетін толық ашуға жағдай жасайды.

Ғылыми-теориялық негіздерге сүйенсек, assistive технологиялар баланың өзіндік бағасына, мотивациясына, дербестігіне және әлеуметтік өзара әрекеттесуіне оң ықпал етеді. Сонымен қатар, мұғалім мен ата-ананың қабылдауына, педагогикалық процестің құрылымына да жаңа талаптар қояды. Қазақстандық білім беру жүйесінде assistive құралдарды ендірудің алғашқы қадамдары жасалып жатыр. Дегенмен, оларды кең ауқымда және тиімді қолдану үшін кешенді тәсіл қажет.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Ахмерова, З. Н. Инклюзивті білім берудегі жаңа технологиялар / З. Н. Ахмерова // Педагогика және психология. – 2021. – №2. – Б. 84–89.
2. Florian, L., & Black-Hawkins, K. Exploring inclusive pedagogy. – Cambridge Journal of Education, 2011. – Vol. 41(4). – P. 413–430.
3. Assistive Technology in Education: Enhancing the Lives of Students with Disabilities / Ed. by D. Edyburn. – Eugene, OR: International Society for Technology in Education, 2013. – 258 p.
4. Ault, M. J., Bausch, M. E., & McLaren, E. M. Assistive technology implementation: What a child needs to succeed. – TEACHING Exceptional Children, 2013. – Vol. 45(5). – P. 38–45.
5. Құлманова, А. Ж. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған цифрлық ресурстар / А. Ж. Құлманова // Инновациялық педагогика. – 2022. – №4(40). – Б. 25–30.